Катонқарағай ауданының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары



Дата23.02.2016
өлшемі60.11 Kb.
#4113
Катонқарағай ауданының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық

даму қорытындылары
Ауданның 2010 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық салаларының тұрақты өсуін көрсетті.

Ауыл шаруашылығы.

2011 жылдың 1 қаңтарға ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 8 794 млн. теңгені құрады, немесе 2009 жылмен салыстырғанда 96,2 пайызды құрады.

Өткен жылы 12 564,2 тонна ет (108,8%), 42 256,7 тонна сүт (103,1%), 8 635,5 мың дана жұмыртқа (101,6%), 183,9 тонна жүн (102,3%) өндірілді.

Ауданда ірі-қара мал басы – 35 769 немесе 2009 жылмен салыстырғанда 99,9%, жылқы - 20 508 бас (98,3%), қой мен ешкі – 81 192 бас (99,8%), шошқа – 3 614 бас (89,5%), құс – 78405 (106,4%), марал мен теңбіл бұғы 6280 басты құрады.

Мал шаруашылығының өнімділігін арттыру мақсатында 12 мал бордақылау алаңдары жұмыс істейді.

Ауданда 6 асыл тұқымды мал шаруашылығы мен 12 ірі-қараны қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істейді.

Қолданыстағы екі мал сою пунктіне аудан орталығында және Катонқарағайда қосымша 17 мал сою алаңдары құрылды. Аудан бюджетіне бөлінген 1,4 млн. теңге қаржыға мал өлекселерін көметін 7 орын жасалды.

Аудан бойынша 185 мың тонна шөп, 15,3 мың тонна сүрлем, 4,2 мың тонна пішендеме, 10,8 мың тонна сабан дайындалды.

Дәнді дақылдардың жалпы өнімі 23 231 тоннаны құрап, орташа өнімділігі әр гектарынан 13,9 центнерді құрады. Барлығы 15 560 тонна күнбағыс, 19 552 тонна картоп, 4 361 тонна көкөніс жиналды.

Ауданға есепті кезеңде «Казагрофинанс» АҚ арқылы жалпы құны 133,3 млн теңгені құрайтын 17 бірлік жаңа техника сатып алынды.

«Катонқарағай ауылдық несиелік серіктестігі» қорынан ауылшаруашылық тауар өндірушілерге 10,0 млн. теңге, «Мұзтау-несие» ЖШС қорынан – 11,8 млн. теңге несие берілді. Облыс әкімінің қолдауымен «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан 21,0 млн. теңге несие бөлінді.

Өнеркәсіп.

Өнеркәсіп өнімдерінің мөлшері 1 799,3 млн. теңгені құрады, немесе 2009 жылмен салыстырғанда 102,6 пайызды құрайды.



Бюджет.

Бюджетке түскен жалпы түсімдер 2 617,0 млн. теңгені құрады, немесе болжамның 100,3%. Ауданның бюджетіне салықтар мен басқа төлемдер 318,4 млн. теңге көлемінде түсті, немесе болжамның 102,7% құрады.

Бюджеттің шығыс бөлігі 2 611,5 млн. теңгеге орындалды, немесе қаржылардың игерілуі 100 пайызды құрады.

Шағын кәсіпкерлік.

Ауданда 2 304 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген (104,1%). Шағын бизнес саласында 4 686 адам жұмыспен қамтылған. 2011 жылдың 1-ші қаңтарына шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 69,1 млн. теңгенің түсімдері түсті, немесе өткен жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға өсті.



Құрылыс.

«100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасы бойынша Катонқарағай ауылында 75 орындық аурухана құрылысы, сонымен қатар Өрел ауылында 320 орындық мектеп құрылысы аяқталуда.

Аудан бойынша жалпы көлемі 2313 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді немесе 2009 жылмен салыстырғанда 102,8 пайызды құрады.

2010 жылы ауданға 1 783,9 млн. теңгенің инвестициясы тартылды, 2009 жылмен салыстырғанда 129,1 пайызды құрады.



Автомобиль жолдары және көлік

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстарына және оларды ұстап тұруға 2010 жылы 67 449 мың теңге бөлініп толық игерілді.

2011 жылдың 1 қаңтарға 144,6 мың тонна жүк тасымалданып, жүк айналымы 1569,6 тонна/км-ні құрады.

Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық

«Ауыз-су» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру барысында республикалық бюджет есебінен Малонарым және Новоберезовка ауылдарындағы су жүйелерін жаңартуға 130,7 млн. теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күні толық игерілді, сонымен қатар аудандық бюджеттен Үлкен Нарын ауылындағы су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыру үшін қосымша 17 361 мың теңге, қолданыстағы су жүйелерін күтіп ұстауға 4,5 млн. теңге, Өрел ауылының су қорының деңгейін анықтауға мониторинг жүргізуге 2 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді.



Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау.

2011 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздар саны 135 адамды құрады.

Өткен жылы ауданда 1119 жаңа жұмыс орны ашылып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 253 жұмыссыздар жіберілді.

Есептік кезеңде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 26 396 мың теңге көлемінде, тұрғын-үй көмегі – 5 184 мың теңге көлемінде, балалар жәрдемақысына 27 375 мың теңге көлемінде төленді.

2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес біздің ауданымыз үшін 234 591 мың теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 148 116 мың теңге аудандық бюджет есебінен – 76 518 мың теңге, облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер бойынша – 9 957 мың теңге қарастырылды. Катонқарағай ауданының коммуналдық меншігіне берілген, "иесіз қалған" электр жүйелерін ағымдағы жөндеу бойынша 18 100 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Жоспарға сәйкес 20 жұмыс орны ашылды, орташа айлық жалақылары 26,5 мың теңгені құрады.

Білім беру объектілері бойынша барлығы 57 552 мың теңге қаражат бөлініп, 57 546 мың теңгесі игерілді.

Барлығы 5 жоба бойынша 74 жұмыс орны жоспарға сәйкес ашылып, соның ішінде Солоновка орта мектебі – 35, Ақсу орта мектебі –12, Көктерек орта мектебі – 18, Бесүй орта мектебі – 7, ауылдық лицей – 2 жұмыс орны ашылды.

Білім беру саласы бойынша жұмысшылардың орташа айлық еңбекақысы 29,3 мың теңгені құрады, соның ішінде: Солоновка ортамектебі – 28, Ақсу орта мектебі – 31, Көктерек орта мектебі – 28, Бесүй орта мектебі - 36, ауылдық лицей – 30 мың теңгеден төленді.

Жолдарды жөндеу бойынша барлығы 53 397 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Үлкен Нарын ауылындағы Мир көшесі, Абылайхан көшесі, Катонқарағай ауылындағы Торайғыров көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 53 жұмыс орны ашылды. Олардың орташа айлық жалақылары 32 мың теңгені құрады.

Әлеуметтік жобалар бойынша барлығы 95 585 мың теңге қаражат бөлініп, игерілді. Малонарым, Печи, Белқарағай, Аққайнар ауылдарындағы клубтарды жөндеу жұмыстары, Үлкен Нарын, Катонқарағай ауылдарын абаттандыру жұмыстары басталып, 126 жұмыс орны ашылды. Жұмысшылардың орташа жалақылары 30 мың теңгені құрады.

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын кәсіптік лицейдегі жұмыстар аяқталып, 4 957 мың теңге игерілді. Жұмыстарды жүргізу барысында 5 жұмыс орны ашылып, олардың орташа жалақысы 30 мың теңгені құрады.

Үлкен Нарын ауылындағы №1 медбірлестіктің жылу жүйесін және өрт сөндіру дабылын орнату үшін 5 000 мың теңге бөлініп, толық игерілді, 4 жаңа жұмыс орны ашылып, олардың орташа жалақысы 35 мың теңгесі құрады.

2010 жылы републикалық бюджет есебінен аудан бойынша 40 әлеуметтік жұмыс орнын ашу мақсатында 4 800 мың теңге, жастар тәжірибесіне 15 адамды жіберу үшін 1 800 мың теңге, барлығы – 6 600 мың теңге қаражат бөлініп, толық игерілді, барлығы 46 әлеуметтік жұмыс орны ашылып, жастар тәжірибесіне 26 адам жіберілді.

Өткен жылы қалалық жерлерден ауылдық елді-мекендерге жұмысқа тұруға 26 жас маман келді. Оларға 2 947 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес 14 маманға бюджеттік кредит алу үшін 12 032 мың теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілді.



Білім беру.

Ауданда 54 жалпы білім беретін мектеп, 3 мектеп жанындағы интернат, 6 мектепке дейінгі мекеме, саз мектебі (БСМ), спорт мектебі (БЖСМ), коррекциялық түзету кабинеті және № 22 кәсіптік лицей жұмыс істейді.

2010 жылы білім беру мекемелерін ұстау үшін 1501,5 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 53 896 мың теңге, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 79 312 мың теңге, оқулықтарды сатып алуға және жеткізуге 14 064 мың теңге бөлінді. Ағымдағы жылы жалпыға бірдей білім беру қорына 12 687 мың теңге бөлініп игерілді.

Ауданымыз бірыңғай ұлттық тестілеудің нәтижесі бойынша төртінші жыл қатарынан облыс көлемінде бірінші орынды иеленуде. Аудан бойынша орташа балл – 95,03 болды.

Өткен жылы аудынымызда барлығы 415 түлек мектеп бітіріп, оның 29-ы дәстүрлі емтихан түрінде, 386-і ҰБТ тапсырды.

«Алтын белгіге» үміткер 18 баланың 16-сы ақтап, 4 оқушы – үздік аттестат алды.



Денсаулық сақтау.

Аудан денсаулық сақтау жүйесімен толық қамтамасыз етілген – 2 емхана мекемелері (аудандық орталық аурухана және Катонқарағай ауылындағы аурухана), ауылдық аурухана, 3 алғашқы стоматологиялық медициналық көмек көрсету пункті, 6 отбасылық дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Алғашқы дәрігерлік көмекті тұрғындар үшін 41 медициналық пункттер көрсетеді.

2011 жылдың 1 қаңтарына 386 бала дүниеге келді, 379 адам қайтыс болды.

АҚТҚ - жұқпалы ауруының (адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы) алдын-алу бойынша барлық алдын-алу және емдік шаралар жоспарға сәйкес жүргізіледі.



Мәдениет және спорт.

Ауданда барлығы 39 мәдениет ошақтары, оның ішінде 23 клуб мекемелері, 16 кітапхана және О.Бөкейдің мұражай-үйі бар.

2 денешынықтыру-сауықтыру кешені, 26 спортзал жұмыс істейді.

2010 жылы мәдениет мекемелерінде 2 500 іс-шаралар өткізілді. Аудандық кітапханалар 10980 оқырмандарға қызмет жасады, оқырмандарға оқуға 230 500 дана кітап берілді.



Құқықтық тәртіп.

Ауданда қылмысқа қарсы күрес бойынша бағдарламаны жүзеге асыру жалғасуда. 2010 жылы 138 қылмыс жасалған, 2009 жылмен салыстырғанда қылмыс деңгейі 12,7 пайызға төмендеген. Қылмысты ашу деңгейі 89,2 пайызды құрады.



Катонқарағай ауданының экономика

және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет