Белқарағай ауылдық округінің әкімі Д. Калибековтың 2014 жылы атқарған жұмыстары бойынша халыққа есеп беру баяндамасы



Дата03.03.2016
өлшемі81.79 Kb.
#35437
Белқарағай ауылдық округінің әкімі Д. Калибековтың 2014 жылы атқарған жұмыстары бойынша халыққа есеп беру баяндамасы.

Құрметті ауылдастар, бүгінгі кездесуге келген азаматтар!

Біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымыздың және тұрақты саяси жүйеміздің тиімділігінің айқын айғағы-қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ілгерілеу серпінін баян етіп, ағымдағы және орта міңдеттерді, басым бағыттарды алға тартқан Президентіміз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын болашағымызға бағдар алған сәтте өздеріңізбен жүздесіп отырмыз.

Өткен жылғы есеп беру жиындарда айтылған халықтың, өтініш-тілегі, ұсыныс-пікірі бойынша 2014 жылдың басынан есеп беру кездесулерде түскен барлық ескертулер мен ұсыныстар саны – 9, олардың 3-не кездесулер кезінде бірден жауап берілді, ал 6 ұсыныс пен ескертулер өзінің шешімін табу үшін күнделікті менің бақылауымда болып, бүгінгі күнге олардың – 4 орындалды, ал 2-уі бақылауда тұр:

- Өрнек ауылындағы бастауыш мектептің маңайын қоршауға қажетті материалдарға Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Парктің басшысына сұраныс жазылған, алайда кәделік ағаштың жоқ болуына байланысты тоқтап тұр.

- Согорное ауылына кіре беріске атауы жазылған қалқанша қою туралы болған, ол да қаражатқа байланысты орындалмады, болашақта демеуші арқылы қалқанша жасатуға тапсырыс беріп, жасатамыз.

Сұраныс-тілектің бірі, Согорное ауылындағы ауыз су мәселесі болатын, 2014 жылғы 22 наурыз күні су шығаратын насосты ауыстырып, жаңадан орнатылды;

Белқарағай және Өрнек ауылдарындағы жолдағы көпірлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары 1 млн 230 мың тенге қаражатқа жасалды.

Белқарағай ауылындағы мал тастайтын орынды және қоқыс төгетін орындар /56 мың/ техникамен тазалау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар Белқарағай орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары 2 кезеңде жүргізіліп, 87935 мын тенгенің қаржысы игерілді.

Белқарағай ауылына 1 млн 634 мын тенгеге қосымша 29 жарықшам, үнемделген қаражат есебінен Топқайың ауылына 14 жарықшам 896 мың тенге қаражатқа орнатылды. Топқайың ауылындағы көшеге 780 мың тенгеге қиыршық тастар төгіліп, тегістелді.

Белқарағай ауылындағы Бейбітшілік көшесіне 2 су колонкасы қойылып, мектепке дейінгі су жүретін құбыры жаңаланды. /2,789 млн.тенге/
Ауылдық округі әкіміне қарасты елді мекендерде 2014 жылдың 1 қаңтарындағы санақтың нәтижесі бойынша 1605 тұрғынды құрады. Топқайың ауылында- 708, Белқарағай ауылында- 594, Согорное ауылында- 145, Өрнек ауылында -158 адам.

Ауылдық округтің ауылшаруашылық саласының ішінде мал шаруашылығы 2014 жылдың 1 каңтарына жеке меншік пен шаруа қожалықтарындағы мал басының өсімі бойынша:

1/. 2815 бас ірі қара, /+428 бас/,оның ішінде сиыр -1182 бас,

2/. қой-ешкі- 7267 бас, өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырғанда / -900басқа кем/,

3/. жылқы -2682 бас / +220 бас/,

4/. шошқа- 10 бас /+ 5бас/,

5/. Марал-255 бас ,

6/. құс -3730/ +97 бас /

7/ ара омартасы- 300 ұя тіркелген.



Ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 445,2 млн тенге құрап, өткен жылмен салыстырғанда 115 пайызға өсті. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында Үкіметке ауыл шаруашылығын жүйелі турде қолдау үшін жан-жақты шаралар қолдануды тапсырды. Ауыл шаруашылық саласын жақсарту, оның тиімділігін арттыру және жаңа технологияларды енгізу, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша: 2014 жылы ет өндіру – 856,4 тоннаны (өткен жылғы деңгейдің 100 пайызы), сүт өндіру 3104,6 тоннаны (110 %), жүн - 177 тоннаны (85 %), жұмыртқа алу – 402 мың дананы (96%) құрады.

Мал тұқымын асылдандыру жұмыстары мақсатты түрде іске асырылуда. Барлық ірі шаруа қожалықтарында асылтұқымды мүйізді ірі-қара мал мен қой малының басын көбейту жоспарланып отыр. Сонымен бірге, барлық мал түрлерінің басының қысқаруына байланысты, «Жұмыспен қамту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2013 жылы 21 азамат шағын несие алып, 66 бас ірі қара, 50 ара ұясы, 122 бас қой, 39 бас жылқы малы тіркеліп, 1 шиномонтаж цехы ашылса, 2014 жылы осы бағдарлама аясында округ бойынша 8 азамат 20 млн 400мың тенге несиеге 79 бас ірі қара / Торпанов, Мусабаев, Бекенева,, Самарканов С, Ракым Т, 39 бас жылқы, 75 ұя- ара омартасы сатып алынды /шаштараз ашу-1, /. «Жұмыспен қамту» 2020 бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамытуға 4 дана жабдықталған вагон /Бутобаев С., Серкенев К., Мамиева К., Уалиев Б./ 12 млн. тенгеге алынды. «Жайлау» бағдарламасы бойынша Жанузаков А. /«Ақжол» ш/қ /, Мукушев А. / «Сая» ш/қ/ әрқайсысы 100 бастан және Матиков Айдын 200 бас қой алды. «Құлан» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды жылқы және жылқы шаруашылығын дамытуға Уалиев Б. сұранысқа құжаттарын тапсырды.

Көктемгі дала-егістік жұмыстары бойынша, дәнді дақылдар 896 гектарға, сүрлем/силос/- 74 гектарға, көпжылдық шөптер 135 гектарға, біржылдық шөп 164 гектарға себіліп, 2139 цн өнім алынды картоп 73 гектарға, көкөніс 4 га жерге егілді. Округ бойынша 210 га алқаптың астығы орылып, 2190 тонна астық қамбаға түсті, орташа өнімділігі гектарынан 14 центнерді құрады. Картоп өнімінің жалпы жиыны 11827 центнерді, көкеністер 1506 цн құрады. Округте мал басын қыстан алып шығу үшін 13мың тн. шөп, 2960 цн сүрлем, 896 тонна сабан дайындалып, мал азығы мал басын толығымен сақтап, қыстан шығаруға мүмкіндік бар. Көктемгі –дала егістік жұмыстарын жүргізуге қажетті жеңілдетілген бағамен 116 тонна жанар-жағармай бөлініп, ол түгелімен жеткізіліп алынды. Агротехникалық жұмыстардың сапалы жүргізілуі көп жағынан машина- трактордың техникалық жағдайына байланысты болатыны бәріңізге аян. Биылғы жылы округ бойынша Ибраев Н, Исинов К, Сагатчанов А, Уалиев Б., Сапаков С., Касымов Кайнар, Бутабаев Манарбек, Иманбаев Бакытжан және шаруа қожалықтары «Баян», «Топқайың» жаңадан ауылшаруашылық техникаларын алды. Шаруа қожалықтарының өз қаражаттары есебінен 84,5 млн. теңгеге 13 бірлік трактор,4-шөп жинағыш, 5- шөп жинағыш пресстер және т.б. ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды.



  1. Жергілікті салықтар жоспардағы көрсетілген 1 млн 616 тенгенің жиналғаны 1 млн 703 мың тенге, яғни 105,4 пайызға орындалды. Мүлік салығы 36 800 тенге /103,6/пайызға, жер салығы -182 600 /103/ пайызға, көлік салығы 2 041 500 /101/пайызға орындалды.

  2. Бюджетке түсетін қосымша салық және төлемдердің базасын анықтау және резервтер іздестіру Алгоритмі бойынша қымыз өндіретін шаруа қожалықтарының алған субсидиядан түскен салықтар- 3 млн 409 тенге, жеке тұлғалардың тұрғын үйлерін қайта бағалауынан түскен салықтар-

2 200 тенге, үй салуға, жеке шаруашылық жүргізуге сатып алған жер учаскелерінен - 2млн. 901мың 512 тенге .

  1. Округте шағын және орта бизнесті дамытуда тұрақты жұмыстар жүргізілуде. 6 дүкен, 1шағын және орта бизнес субъектілері, 178 шаруа қожалықтары, 1 -патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер. Шағын бизнес саласында 18 адам және шаруа қожалықтарында 212 адам жұмыспен қамтылған. Барлық ауылдарда қажетті тауарлар құнын тұрақтандыру және тұтынатын азық-түлік бағаларын 10 пайыздық үстемеден арттырмау туралы 7 кәсіпкермен және нан өнімін өндіруші 2 наубайхана иелерімен меморандум жасалып, қол қойылды. Округ бойынша барлық дүкендердің жылдық тауар айналымы 13 млн 852 мың тенгені құрады. Биылғы жылы 23 шаруашылық қымыз өндірумен айналысып жатыр. Өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырғанда 130 тн қымыз өндірсе, биылғы жылы 262 тн- ға жетті.

  2. Округ көлемінде туризмді дамыту өркендетуге және оның белсенділігін арттыруға барлық жағдайлар жасалынуда. Осы бағытта Топқайың ауылындағы «Екі Дос» ЖШС демалыс кешені бірнеше ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, осы жылы 2300 турист қабылдап, жылдық табысы 14 млн 500 тенгені құрады. Қазірде, Белқарағай ауылының жанында Уалханов А, Уалханов Д., өз қаражаттары есебінен, 10 үйден тұратын сауықтыру туристік кешенінің құрылысы жүргізілуде. (онда 13 жұмыс орны). Сондай-ақ округ аймағында пантымен емдеу-сауықтыру-демалу орындары жұмыс істеп тұр. /30 адам жұмыспен қамтылды/.

  3. Құрылыс индустриясы /тұрғын үй/ өз қарқынымен даму үстінде. 2014жылдың жеке құрылыс жүргізушілердің өз қаржылары есебінен жалпы ауданы 297,1шаршы метр 1 тұрғын үй, 1 катедж қолданысқа енгізілді.

  4. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 2014 жылы 148300 теңгенің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі, 21500 тенгенің тұрғын үй көмегі, 552900 мың тенгенің балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік қызметкерлер көмек қажет етіп отырған қарттар мен мүмкіндіктері шектеулі балалармен жоспарлы түрде күнделікті қызмет атқарады. Округте 2 әлеуметтік қызметкер 9 отбасын қамқорлығына алып, қажетті көмектер стандарттар бойынша 8 түрлі әлеуметтік көмек көрсетіліп тұрады.

  5. Жұмыспен қамтылу 2014 жылға жұмыска орналасу мәселелері бойынша жүгінген жұмыссыздар саны 21, тіркелгені 2 адам. 16 адам жұмысқа орналастырылды немесе өтініш жасағандардың 94,1 пайызы. 114 жұмыс орындары құрылды. Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 10 жұмыссыз қатысты, кәсіби оқуларға 1 адам жіберілді. Кәсіптік оқытулар бойынша бағдарламаның орындалуы 100 пайызды құрады.

  6. Бүгінгі күні атқарушы биліктің басты назары мектептегі білім берудің қолда бар әлеуетін сақтауға, білім беру мекемелеріндегі материалдық - техникалық базаны нығайтуға, сапалы білім алу үшін Республика мен ауданның болашағын дамытуда негізгі қозғаушы күшін тәрбиелеу үшін барлық қолда бар жағдайларды құруға бағытталған. Округ бойынша бүгінгі күні 4 жалпы білім беретін мектепте 190 оқушы білім алуда, қазіргі уақытта шағын орталықта-62 бала, мектепалды даярлық тобында-23бала тәрбиеленуде. Барлық мектептер жылу беру жүйесінің қазандықтары электр жүйесіне ауыстырылған. Оқушыларды тегін тасымалдау үшін, яғни Өрнек ауылынан 7 баланы Белқарағай орта мектебіне Уаз автокөлігімен тегін тасымалдау қамтамасыз етілген.

  7. Дене шынықтыру және спорттық шараларға ауыл тұрғындары салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосып, ауыл жастары, МҰТП қызметкерлері және ардагерлер волейбол, тоғыз құмалақ ойындарынан ауданаралық жарыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

  8. Денсаулық сақтау саласында медициналық қызмет көрсететін 4 ФП қызмет етеді. Белқарағай және Өрнек ауылдарында Фельдшерлік пунктерде тас көмірмен жылытылып отыр, алайда науқастарды нақты нұсқаулықтарға сай ем-шара жасауға қолайлы жағдай болмағандықтан үлкен қиындықтармен жасалуда.

  9. Ауылдық округ бойынша 1 ауылдық клуб 1-кітапхана бар. Барлық мәдени шаралар, мерекелік күндерге арналған концерттік бағдарламалар жоспарлы түрде ауылдық клубтың ұйымдастыруымен өтеді. . «Тәуелсіздік-мәңгілік ел тұғыры» атты аудандық акцияға қатысып бас жүлдені иеленді. Ауылдық клубта -5 адам, 1 –кітапханашы жұмыс істейді. 4020 дана кітап қоры және 400 оқырман бар.

  10. Ауылдық округте қоғамдық тәртіптің сақталуына, маскүнемдікпен күрестің нәтижелі болуына полиция қызметкері және сарбаздар тобы арқасында қол жеткізіліп отыр. ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңына сәйкес ҚР Әкімшілік Кодексінің 165,300,311,387 баптары бойынша «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 387 бабына байланысты құқық бұзған 10 азаматқа ескерту және 17 азаматқа әртүрлі мөлшерде 55560 тенгенің айыппұлы салынды. Округ бойынша барлық тіркелген қылмыстар 3, оның екеуі ашылған. 1-уі ҚР қылмыстық кодексінің 187 бабы бойынша бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша ашылмаған. Ауылдық округі жанынан құрылған қоғамдық ұйымдар Ақсақалдар алқасы, Әйелдер кеңесі, Сарбаздар тобымен байланыс орнықты және жүйелі түрде жұмыс істейді. Отбасылық мәселелер, ұсақ тәртіп бұзушылықтар және жағдайы төмен отбасылармен жұмысты осы қоғамдық ұйымдар арқылы қаралып отырылады. Мысалы, «Көше күндері», «Тәуелсіздік- Мәңгілік ел тұғыры», «Қарттарым, аман-саумысың», «Қымыз бен бал», «Тәуелсіздік күні» атты ісшараларға белсене қатысып, демеушілік көрсетті. Қазіргі уақытта Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына дайындық үстінде. Жастар арасында спорттық ойындарға қызығушылық артып келеді. Волейболдан, күрестен, шахматтан, гир көтеру, ұлттық ойын ат жарыстан ауыл жастары алдағы орындарды иеленіп жүр.

Ауылдық әкімі аппараты бойынша жыл бойы мемлекеттік қызмет көрсету барысында жеке қосалқы шаруашылықтың бар, жоғы туралы 900 анықтама, 105- ветеринарлық анықтама, 7 оқушы – жалпы оқыту мекемесіне тегін жеткізіп, қайта апаруды қамтамасыз етілді. 47- нотариаттық іс-әрекеттер, 10 азаматтардан түскен өтініш қаралып, толығымен орындалып жауабы берілді.

Құрметті ауылдастар!

Сіздердің алдарыңызда 2015 жылы ауылымыздың дамуындағы атқарылатын істерге тоқталғым келеді.



Топқайың ауылына клуб ғимаратын сатып алу, су құбырларын жөндеу, малды асылдандыру шаруашылығын дамыту жұмыстарын жалғастыру, Өрнек және Согорное ауылдарындағы орталау мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жасау, ФП –тарға электрлі жылу орнату, күрделі жөндеу, жолдарға ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізу, асфальт төсеу, ұялы байланыс, қымыз өндіру шаруашылығын дамыту, ара омартасының басын көбейту, қымыз өнімдерін дайындауды арттыру, сүт өнімдерін тапсыруды ұйымдастыру, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту т.б. іс-шараларды атқару 2014-2020 жылдарға арналған жұмыс жоспарыма енгізілді. Болашақта аталған мәселерді бірлесе орындаймыз деп ойлаймын.
Тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет