«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2014 жылғы шілде
2014 жылғы 2-тоқсанда өткен кезеңмен салыстырғанда сұраныс пен ұсыныстың өсу динамикасы өзгерді: кредиттік ресурстарға ұсыныс кредиттеудің барлық секторы бойынша шамалы бәсеңдеді; қаржылық емес ұйымдар сұранысының өсу қарқыны шамалы ұлғайды; жеке тұлғалар сұранысының теріс динамикасы басым түрде ипотекалық кредиттер сұранысының өсуі есебінен оң болып өзгерді.
Корпоративтік сектор үшін кредиттерге қолжетімділіктің төмендеуі жалғасып отыр. Сонымен бірге, жалпы алғанда мемлекеттік бастамалар Өңдеуші өнеркәсіптің шағын және орта бизнесін қаржыландыру бағдарламасы сияқты кредиттерге қолжетімділіктің артуына және экономиканың басым секторларының дамуына себепші болады. Сонымен қатар, қарыз алушылардың сақталып отырған жалпыэкономикалық, салалық және жеке тәуекелдері, банктерді ұзақмерзімді қорландырудың болмауы кредиттер ұсынын және олардың корпоративтік сектор үшін қолжетімділігін шектейді. Бұл ретте тұтынушылық кредиттеу қалыптасқан жағдайда банктер үшін бизнестің неғұрлым тиімді түрі ретінде реттеушілік шектеулермен тежеледі.
Тұтынушылық, оның ішінде қамтамасыз етілмеген қарыздар портфелінің артық өсуіне байланысты тәуекелдерді шектеуге бағытталған реттеуші шаралар банктердің кредиттік саясатын қайта қарауға мәжбүрлейді: егер 2013 жылы банктердің несие портфелінің өсу драйвері кепілсіз тұтынушылық кредиттеу болып табылса, онда қазіргі кезде банктердің назары жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін тұтынушылық кредиттер және автокредиттеуге ауысады.
Қайта құрылымдауға және жұмыс істейтін қарыздар бойынша кепілді өндіріп алуға қарамастан, несие портфелі сапасының айтарлықтай жақсаруы болмайды. Несие портфелі сапасының жақсару процесінің жеделдеуін банктер экономиканың нақты секторын кредиттеуді ынталандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жұмысының жалғасуымен, сондай-ақ Қазақстанның сот-орындаушылық жүйесін жетілдірумен байланыстырады, бұл несие портфелін уытты қарыздардан тазарту жөніндегі іс-шаралар кешенін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Корпоративтік секторды кредиттеу нарығы
Банктер 2014 жылғы 2-тоқсанда қаржылық емес секторға қатысты қалыпты кредит саясатын ұстанды, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда кәсіпорындар үшін кредиттерге қолжетімділіктің төмендеуіне әсер етті (2-диаграмма).
2014 жылғы 2-тоқсанда орта бизнеске қатысты кредит саясатын қатаңдатуды жалғастырған жекелеген банктерді қоспағанда, көптеген банктердің кредит саясаты айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ (1-диаграмма 1)1.
Жалпы алғанда консервативтік кредит саясат және банктер тарапынан ұсыныстың өсуінің бәсеңдеуіне, банктердің пікірі бойынша, қорландырудың шектеулігі және құнының жоғары болуы, сондай-ақ кейбір қарыз алушылардың қаржылық жай-күйінің нашарлауын күтулер себепші болды. 2014 жылғы 3-тоқсанда кредит саясаты бизнес субъектілеріне қатысты бұрынғы деңгейде қалады деп күтілуде: банктердің 94%-ы оны өзгеріссіз сақтауды жоспарлап отыр, ал респонденттердің 3%-ы қатаңдайтынын және сонша банк басым түрде шағын бизнеске қатысты жұмсаратыны сақталатынын болжам отыр.
1-диаграмма. Кредиттеу субъектілеріне қатысты кредиттік саясаттың өзгеруі
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ
|
2-диаграмма. Кредиттік ресурстарға арналған сұраныс пен ұсыныстардың өзгеруі, респонденттердің %-ы (корпоративтік сектор)
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ
Ескерту: Кредиттік ресурстарға қолжетімділік кредит алуға өтініш берген, бірақ оларды алмаған кәсіпорындардың үлесі ретінде есептелген, %
|
2014 жылғы 1-тоқсандағы зерттеу барысында байқалған қаржылық емес ұйымдар тарапынан сұраныстың өсуін күту жалпы алғанда 2-тоқсанда ақталды: бұрынғысынша, сауда, құрылыс және қызмет көрсету саласымен айналысатын кәсіпорындар тарапынан айналым қаражатына жоғары сұраныс сақталды, бұл ретте өндірістік компаниялар тарапынан негізгі құрал-жабдықтарды қаржыландыру мақсатында, банктердің пікірі бойынша, көбінесе 2014 ж. 14 сәуірде қабылданған өңдеуші өнеркәсіптегі шағын және орта бизнесті қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасының2 арқасында сұраныс едәуір көтерілді (3-диаграмма). Мәселен, ҚР Статистика агенттігінің ресми деректеріне сәйкес негізгі капиталға инвестицияларды банктік кредиттеу есебінен қаржыландыру 2014 жылғы 2-тоқсанда өткен кезеңмен салыстырғанда 24,8%-ға ұлғайды. Нақты сектордың кәсіпорындар мониторингі банктердің кредиттерін инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін пайдаланған кәсіпорындар санының кейбір ұлғаюын растайды (4-диаграмма). Негізгі қорларды сатып алуға арналған кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2014 жылғы маусымда 8,8%-ға дейін төмендеді (мұнда ол 2014 ж. қаңтар-мамырда 11,5% болды), бұл кәсіпорындардың мониторингінің қорытындылары бойынша кәсіпорындар үшін тиімді мөлшерлеме болып табылады. Осылайша, мемлекеттің қызметі банктердің шағын және орта бизнеске қатысты кредиттік қызметін жандандыру үшін жағдайлар жасайды.
3-тоқсанда 2014 жылғы 2-тоқсанға қарағанда банктердің аз саны кредиттерге сұраныстың өсуін болжамдайды: респонденттердің 68%-ға жуығы сұраныстың бұрынғы деңгейде қалатындығын күтеді, банктердің 23%-ы кейбір өсуді күтеді және банктердің барлық 9%-ы сұратудың төмендеуін болжамдайды (негізінен банктер, ірі 10-қа кірмегендер).
3-диаграмма. Кредиттеу объектілері мен мақсаттары бойынша қаржыландырудың өзгеруі
|
4-диаграмма. Банктік кредиттер есебінен қаржыландырылатын кәсіпорындардың үлесі*
|
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ
|
Дерек көзі: ҚРҰБ
|
|
Ескерту: *ҚРҰБ өткізетін нақты сектордың кәсіпорындары мониторингінің деректері бойынша
|
Осылайша, банк жүйесіндегі орташа және ұзақ мерзімді қорландыру көздерінің шектеулігі және жұмыс істемейтін қарыздардың жоғары үлесі негізгі факторлар болып қала береді, олар алдағы кезеңдерде қаржылық емес ұйымдарды кредиттеуге ықпал ететін болады. Бұдан басқа, геосаяси тәуекелдер нарықтағы кейбір екіұштылыққа әкеледі, осыған байланысты кейбір банктерде капиталдың сыртқы нарықтарынан ресурстар ағынына сенімділік жоқ. Бұл корпоративтік сектор тарапынан сатуды шектеуге және кредиттік ресурстарға қалаулы көлемдегі нақты сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді.
Жалпы алғанда, көптеген банктер үшін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің қазіргі кездегі деңгейі қолайлы болып табылады, өйткені қорландырудың жоғарғы құны мен кредиттік тәуекелдің орын алып отырған деңгейі банктерге пайыздық мөлшерлемелерін елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік бермейді (5-диаграмма) .
5-диаграмма. Кредиттер бойынша орташа сараланған пайыздық мөлшерлеме
|
|
Дереккөзі: ҚРҰБ
|
* Банктердің кредиттері бойынша есепте кезеңде ұсынылған орташа сараланған пайыздық мөлшерлеме
(банкаралық кредиттер мен резиденттерді есептемегенде).
|
II. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығы
Сұраныс өткен кезеңде төмендегеннен кейін, 2014 жылғы 2-тоқсанда кредиттерді ұсынудың өсімі одан әрі баялау аясында, көбінесе ипотекалық кредиттерге сұраныстың оң өсімі байқалады. Сондай-ақ қазіргі кезде банктердің кредиттік саясаты қарыз алушылардың дефолт санын шектеу мақсатында, бөлшек портфельдің орташа және сапалы өсуіне бағытталған.
Көптеген банктерде 2014 жылғы 2-тоқсанда бөлшек сегментіне қатысты кредиттік саясат негізінен бұрынғы деңгейде қалды, бұл ретте кейбір банктердің өз саясатын күшейтуі барынша тұтынушылық кредиттеуге қатысты болды (6-диаграмма). Банктердің бағалауы бойынша, 2014 жылғы 1-тоқсанда енгізілген банктерде қамтамасыз етілмеген портфельдің сапасы өсуіне бағытталған реттеуіш шаралар кредиттік саясаттың бірталай күшеюіне негізгі әсерін тигізді.
6-диаграмма. Банктердің кредиттік саясаты өзгеруі
|
|
Дереккөзі: ҚРҰБ
| Өткен кезеңмен салыстырғанда ағымдағы кезеңде сұраныстың оң серпініне қарамастан, сұраныстың өсімі шектеулі болып қалуда. Мәселен, ипотекалық кредиттерге сұраныс өскені жөнінде мәлімдеген банктердің үлесі 2014 жылғы 1-тоқсандағы 24%-дан 2-тоқсанда 34% дейін өсті (7-диаграмма).
7-диаграмма. Кредиттік ресурстарға сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі, респонденттер %
(жеке тұлғалар)
|
|
Дереккөзі: ҚРҰБ
| Бұл ретте сұраныстың бұл өсімі халық тарапынан ипотекаға деген кейінгі қалған сұранысты теңгенің ресми бағамын түзеткеннен кейін іске асырумен, сондай-ақ жекелеген банктер корпоративтік клиенттердің қызметкерлері үшін кредиттеудің тартымды бағдарламаларын, оның ішінде компаниялар депозиттерді орналастыруы есебінен ұсынуына байланысты. Кредиттеудің тұтынушылық нарығында сұраныстың өсімін білдірген банктердің үлесі 22%-дан 33%-ға дейін өсті (7-диаграмма), өйткені халық үшін қамтамасыз етілмеген тұтынушылық кредиттер барынша тартымды өнім болып қалуда. Сонымен қоса, банктер жеке тұлғаларды кредиттеудің өсімін ұстап тұру мақсатында, жылжымайтын мүлік кепілімен тұтынушылық кредиттерді және автокредитті қарқынды дамыта бастады.
Бөлшек кредиттеу нарығындағы кейбір жандану аясында банктерде «тәуекелге тәбеттің» өсуі байқалмайтындығын атап өткен жөн: ірі және орта банктер анағұрлым тұрақты қарыз алушылармен, оның ішінде жалақылық жобалар шеңберінде жұмыс істеуді жөн көреді. Сонымен қатар банктерге жүргізілген пікіртерім нәтижелері жеке тұлғалардың қаржы жағдайының нашарлауына байланысты тәуекелдің елеулі өсуін күтпейтіндігін көрсетеді – банктердің тек 8%-ы тәуекелдің осы факторына назар аударды.
2014 жылдың 3-тоқсанында тұтынушылық кредиттердің сапалы өсуі мақсатында банктердің 9%-ы кредит саясатын қатаңдатуды жоспарлап отыр, ал банктердің негізгі бөлігі (78%) кредит саясатын өзгеріссіз қалдыруды, барлығы банктердің 12%-ы оны жұмсартуды күтуде. Бұл ретте тұтынушылық кредиттер бойынша кредит саясатын қатаңдатуды жүргізуді негізінен, шетелдік қатысу бар жекелеген банктер жоспарлап отыр.
Халық тарапынан ипотекалық кредиттерге белсенділіктің арттыруына және жалпы алғанда тұрғын үй нарығының оң конъюктурасына қарамастан, банктердің кредиттік белсенділігі барынша қалыпты, бұл қарыз алушыларды бағалаудың қатаң жүйесінен, оның ішінде бастапқы жарнаға деген жоғары талаптан, клиенттердің төлем қабілеттілігі мен кредит төлеу қабілеттілігіне мұқият мониторинг жүргізуден байқалады. Банктер тарапынан қарыз алушыларға қойылатын жоғары талаптар 2014 жылғы 3-тоқсанда ипотекалық өнімдер бойынша кредит саясатына шамалы әсер етуі мүмкін: банктердің 10%-ы ипотекалық кредиттер бойынша қатаңдатуды және банктердің негізгі бөлігі оны өзгеріссіз қалдыруды болжап отыр.
Тұтынушылық және ипотекалық қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер әліде жоғары деңгейде қалып отыр (8-диаграмма). 2011 жылғы 1-тоқсаннан бастап ипотекалық қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ, ал тұтынушылық кредиттер бойынша тұтастай алғанда кейбір төмендеу байқалды. Халықтың қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелердің елеулі төмендеуін күтуіне қарамастан, банктердің бағалауы бойынша оны жақын арадағы кезеңде болжау мүмкін болмай отыр.
8-диаграмма. Ипотекалық және тұтынушылық кредиттер бойынша орташа алынған мөлшерлеме
|
|
Дерекқор: ҚРҰБ
| -
Есепті кезеңде ұсынылған банктердің кредиттер бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлемесі (резидент еместерді қоспағанда).
|
III. Тәуекелдер картасы
2014 жылдың 2-тоқсанында соттарда кепіл кредиттері бойынша істерді қарау мерзімдерін созу, сондай-ақ банктердің проблемалық кредиттерді есептен шығару кезінде салық жеңілдіктері бойынша қаулылардың қабылдануын күтуі нәтижесінде портфельдегі жұмыс істемейтін кредиттердің жоғары деңгейінің сақталуына байланысты кредит тәуекелі және өтімділік тәуекел банктердің негізгі тәуекелі болып қалуын жалғастырды.
2014 жылғы 3-ші тоқсанда банктердің 24% неисе портфелі сапасының жақсаратынын болжайды, банктердің 73% көрсеткіш өзгеріссіз қалады деп пайымдайды. Корпоративтік сектор бойынша респондентердің 20% және осыншама жеке тұлғалар да портфель сапасының жақсаратынын күтеді, ал олардың сәйкесінше 79% және 70% портфель сапасы өзгеріссіз қалады деген пікірде (9-диаграмма).
9-диаграмма. Банктердің несие портфелі сапасының өзгеруін күту
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ
| Банктердің пайымдауынша, NPL деңгейін төмендету үшін (1) нақты экономика секторын кредиттеуді ынталандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жұмыс істетуін жалғастыру, (2) соттың орындауын жетілдіру қажет, себебі банктердің өздерінің бағалауы бойынша қолданыстағы заңнама қарыз алушылардың мүдделерін қорғауға барынша бағытталған, нәтижесінде атқарушылық іс жүргізу ұзақ уақытты алады, ал сол уақыт ішінде банктер іске асырылмаған қарыздар бойынша шығынға ұшырайды.
Талданатын кезеңде банктердің тәуекелдерді қабылдауының төмендеуіне қарамастан кредиттік тәуекел мен өтімділік тәуекелінің сақталғандығын атап көрсету қажет (10-диаграмма).
Банктер кредиттік тәуекелді азайту мақсатында қарыз алушының профиль-тәуекеліне: төлем қабілеттілігіне, жағымды кредит тарихының болуына, түсімділіктің қаржылық коэфициенттерін есептеуге және ақша ағынын бағалауға көп мән береді.
9-диаграмма. Банктердің тәуекелдерді қабылдауы
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ
| Бұдан басқа, банктер жеке тұлғалар үшін скорингтік жүйені, корпоративтік клиенттер үшін рейтингтік жүйені белсенді пайдаланады, кредиттік процестерді автоматтандыруды және банк белгілеген кредит саясатының нормалары мен талаптарының орындалуын бақылауды күшейтеді, Сонымен бірге банктер реттеушінің теңге өтімділігін ұсыну үшін «валюталық своп» операцияларын жүргізуін банктерге өтімділікті ұсыну бойынша тиімді шаралар ретінде бағалайды, бұл орайда жекелеген банктер реттеушінің банкпен жасаған шартты бір жақты бұзу құқығын осы бағдарламаның кемшілігі ретінде көрінетінін атап көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |