1. Мақалдың жалғасын табыңыз.
Басқа пәле -
A) аяқтан.
B) ауыздан.
C) көзден.
D) тілден.
E) қолдан.
|
2. Жуан дауысты дыбыстан құралған сөзді белгілеңіз.
A) Кеме.
B) Мектеп.
C) Терезе.
D) Ілгек.
E) Құмыра.
|
3. Қатаң дыбысты көрсетіңіз.
A) у
B) ң
C) ғ
D) з
E) қ
|
4. Түбір сөздерді табыңыз.
A) Кет, айт, жаз.
B) Барсын, жазу, айтты.
C) Көгілдір, ақшыл, келді.
D) Беру, сенің, оның.
E) Емші, сонау, беру.
|
5. Толымсыз сөйлемді табыңыз.
A) Мен аға-інілеріммен саяжайға барамын.
B) Мен спорт клубына барамын.
C) Мен дүйсенбіде шахмат үйірмесіне барамын.
D) Мен ертең мектепке келемін.
E) Үйде отырамын.
|
6. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Я жаңбыр жауады, я қар жауады.
B) Мен келгенше, ол үйге кетіп қалыпты.
C) Қоңырау соғылды да, сабақ басталды.
D) Ол жақсы оқиды, бірақ адамгершілігі аз.
E) Боран соқты, бірақ біз сапарға шықтық.
|
7. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрғанда дұрыс қойылған тыныс белгіні көрсетіңіз.
A) Автор сөзі, - төл сөз.
B) Автор сөзі: «Төл сөз».
C) Автор сөзі, Төл сөз.
D) Автор сөзі: Төл сөз.
E) Автор сөзі – Төл сөз.
|
8. Пырақ сөзінің аудармасын белгілеңіз.
A) Мифический конь.
B) Герб.
C) Символ.
D) Флаг.
E) Гимн.
|
9. Ойды тиісті етістікпен аяқтаңыз: Табиғат адамдардан қамқорлық ... .
A) қабылдайды.
B) талап етпейді.
C) көрсетеді.
D) қажет етпейді.
E) күтеді.
|
10. Дұрыс жауапты белгілеңіз: Биыл нешінші сыныпта оқисың?
A) Оныншы.
B) Сегізінші.
C) Он бірінші.
D) Тоғызыншы.
E) Жетінші.
|
11. «Жуан дауысты дыбыс» тіркесінің орыс тілдегі баламасын табыңыз.
A) Твердый гласный звук.
B) Звонкий согласный звук.
C) Сонарный согласный звук.
D) Согласный твердый звук.
E) Мягкий гласный звук.
|
12. Үнді дауыссыз дыбысынан тұратын отбасы мүшесінің атауын көрсетіңіз.
A) Әке-шеше.
B) Ата.
C) Қыз.
D) Аға.
E) Немере.
|
13. «Бітеу буын» сөз тіркесінің оыс тіліндегі баламасын табыңыз.
A) Открытый слог.
B) Слоговый сингармонизм.
C) Полузакрытый слог.
D) Слог.
E) Закрытый слог.
|
14. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
A) Сенім.
B) Ақылгөй.
C) Құрбы.
D) Тәжірибе.
E) Жолаушы.
|
15. Туынды сөзді көрсетіңіз.
A) Ақшыл.
B) Қызыл.
C) Жұмысшы.
D) Аңдар.
E) Ойын.
|
16. Табыс септігінің жалғауын табыңыз.
A) –ге.
B) –ні.
C) –нен.
D) –мен.
E) –нің.
|
17. Зат есімнен туындаған сын есімді табыңыз.
A) Маңында.
B) Тастың.
C) Майлы.
D) Жанында.
E) Басында.
|
18. «Жеті» сөзіне қандай жалғау сай келетінін белгілеңіз.
A) –қа.
B) –ге.
C) –ға.
D) –ның.
E) –бен.
|
19. Жатыс септігіндегі жіктеу есімдігін табыңыз.
A) Сіздермен.
B) Сіздерде.
C) Олардан.
D) Сендерді.
E) Оларға.
|
20. Мақсатты келер шақтың жұрнақтарын көрсетіңіз.
A) –мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек.
B) –мыз,-міз,-быз,-біз.
C) –қ,-к.
D) –ар,-ер,-р.
E) –а,-е,-й.
|
21. Болымсыздық демеулікті табыңыз.
A) -мыс, -міс.
B) -ақ, -ау, -шы.
C) ма, ме, ба, бе, па, пе.
D) ғой, қой.
E) түгіл, тұрсын.
|
22. Бастауыштың сөйлемдегі орнын көрсетіңіз.
Қазақстанда қымызбен емдейтін санаторий бар.
A) Толықтауыштан соң.
B) Пысықтауыштың алдында.
C) Сөйлемнің басында.
D) Баяндауыштың алдында.
E) Сөйлемнің аяғында.
|
23. «АЗиЯ» зерттеу кітабының авторы, белгілі қоғам қайраткерін белгілеңіз.
A) О.Сүлейменов.
B) М.Әуезов.
C) М.Жұмабаев.
D) Ә.Кекілбаев.
E) М.Шаханов.
|
24. Тоқтар Әубәкіровтің туған жерін көрсетіңіз.
A) Алматы облысы.
B) Ақмола облысы.
C) Қостанай облысы.
D) Павлодар облысы.
E) Қарағанды облысы.
|
25. Аптаның соңғы күні қалай аталатынын белгілеңіз.
A) Сәрсенбі.
B) Сенбі.
C) Жексенбі.
D) Жұма.
E) Дүйсенбі.
|
26. «Алыс», «шалғай» деген сөздер нені білдіретінін анықтаңыз.
A) Санды.
B) Мекенді.
C) Мезгілді.
D) Іс-әрекетті.
E) Заттың атын.
|
27. Антоним сөздерді табыңыз:
A) Жылдам, ақырын.
B) Көше, даңғыл.
C) Көзі, мұрны.
D) Қыздар, бойжеткендер.
E) Алғаш, тұңғыш.
|
28. Туынды зат есімді көрсетіңіз.
A) Қала, дала.
B) Бала, сәби.
C) Егінші, бұрғы.
D) Көше, аула.
E) Күн, нұр.
|
29. Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Бізде бүгін алты сабақ болады.
B) Сен киноға барасың ба?
C) Айман, сен келесің бе?
D) Ертең суық болады.
E) Бүгін жаңбыр жауды.
|
30. Одағай сөзді сөйлемді табыңыз.
A) Әттең, қазір жанымда ағам болғанда ғой.
B) Арман, сен үйіңе бара ғой.
C) Амал қанша, ақырын күту керек.
D) Желтоқсанда екінші тоқсан аяқталады.
E) Балам, арыңды жасыңнан сақта.
|