Казахстан


Дискілердің жарықтары, протрузиясы және пролапсы



Pdf көрінісі
бет42/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80
дек. Нейрохирургия

Дискілердің жарықтары, протрузиясы және пролапсы. 
Омыртқа аралық диск пульюзды ядродан, фиброзды сақинадан 
және шеміршекті гиалинді табақшадан тұрады. Ядро ұрықтың арқа 
хордасынан қалған қалдықтардан тұрады. Желатин тәрізді масса, 
шеміршекті және дәнекер жасушаларынан құралады және киіз 
тәрізді айқасқан дәнекер ұлпа талшықтардан тұрады. Бұл ядро 
омыртқа аралық дискіде орналасқан қуыста және оның құрамында 
аз мөлшерде синовиалды сұйықтық бар. Фиброзды сақина қатты 
дәнекер ұлпа шумақтан тұрады. Перифериялық бөлімінде сақина 
шумақтары бір-біріне жақын орналысқан, ал ортаға қарай 
борпылдақты болып келеді. Шеміршекті табақша омыртқа аралық 
дискіні омыртқа денесіне қосып тұрады. Омыртқа аралық дискілер 
омыртқаның 1/4 бөлігін алып, оның биомеханикасында үлкен рөл 
атқарады. Олар байлам және буын қызметін ақтарады, сондай-ақ 
омыртқаға жеделдеткіш буферлі қызмет атқарады. Осының бәріне 
пульпозды ядро үлкен мән береді. Өйткені, онда жоғары дәрежеде 
су бар. Үлкен адамдарда 83%-ке дейін болады. 
Егер, омыртқа арасын бөлсе, онда дискінің ортасында жұмсақ 
ядроны көреді. Ол оңай жылжып көрінеді. Омыртқа арсындағы 
қалыпты жағдайда пульпозды ядроның орны ішке кіріп тұрады, 
өйткені ол пружина қызметін атқарады. Пульпозды ядроның 
жоғарғы дәрежедегі гидротациясына байланысты (ол фиброзды 
сақинаның ортасында үлкен қысыммен жатады) эластикалық және 
кеңею қабілеті болады. Ол омыртқаның осі тәрізді, ал оның 
айналасында омыртқа қозғалады және ол ось бекітілмеген өзінің 
орналасуын қысымға қарай ауыстырып тұрады. Эластикалық ядро 
сұйық болғанымен оған қысым түсірсе, ол көлемін өзгертпей тек 
пішінін өзгертеді және фиброзды сақиналы дискіге салмақ түсірсе, 


106 
фиброзды сақинаның талшықтары созылады, ал салмақты алып 
тастаса, қайта орнына келеді. Бірақта жылдар өткен сайын омыртқа 
аралық шеміршектің дегенерациясы байқалады. Ол 30 жастан 
басталып, 50-60 жаста тереңдей түседі. Омыртқа аралық 
дискілердің метаболизмдік және механикалық қасиетінің бұзылуы 
деструкция-дистрофиялық үрдіске әкеліп соғады. Дискілердің 
бұған ұшырауы жасы келген адамдардың организміндегі судың аз 
мөлшерде болуына байланысты. Дистрофия үрдісінде диск 
ылғалдылығын жояды, ядросы кеуіп, фрагменттерге ыдырайды, 
фиброзды сақина серпімділігін жойып, жұмсарып жұқарады, 
дискте жарықтар пайда болады, қуыс пен жарықтар әр түрлі 
бағытта орналасады. [28] 
Алғашқы кезде жарықтар сақинаның ішкі қабатында пайда 
болады. Ядроның секвестрі жарыққа кіреді. Жарық сақинаның 
барлық қабатына таралса, омыртқа қаналының саңылауына ядро 
толығымен түсіп қалады. 
Осыған байланысты, артқы көлденең байламның бүтіндігі 
бұзылады. Омыртқа сагиталды жазықтықта иілгенде омыртқа 
аралық дискінің алдыңғы бөлігі қысылып, артқы бөлігі босайды, 
сонда пульпозды ядро артқа қарай жылжиды. Ал керілсе, онда кері 
қатынасын байқайды. Калыпты қысымнан кейін пульпозды ядро 
мықты фиброзды сиқинаның ортасына қайтып келеді, ал, егер де 
шеміршекті дистрофия жене одан туылған жарық болса, онда 
пульпозды ядро осы жарықтар арқылы шетке өтіп кетеді. 
Дистрофиялық үрдістің нәтижесінде дисктің домбығуы пайда 
болады, бірақ онда фиброзды сақинаның бұзылуы болмайды. Оны 
диск протрузиясы терминімен атайды. Дисктің ісінген аймағы 
қанмен қатамасыз етіледі, осында фиброзды ұлпа өседі. Егер 
фиброзды сақина жарылып кетсе, оның салдарынан пульпозды 
ядроның жартылай немесе толық шығуы, көбінесе жас балалардың 
жарақатында кездеседі, оны пролапс немесе дисктің жарығы дейді. 
Дисктің жарығының бағытына байланысты пролапстың мынадай 
түрлерін ажыратады: 1. Алдыңғы және бүйірлі, симптомсыз 
жүреді. 2. Артқы және бүйірлі артқы, омыртқа каналына және 
омыртқа аралық тесікке кіретін, соның салдарынан жұлын және 
түбірдің қысылуының белгілерін тудырады. 3. Орталық пролапстар 


107 
(Шморль жарығы), мұнда дисктің ұлпасы омыртқа денесіндегі 
спонгиозды массасының гиалинді табақшасының дегенерациялы 
өзгерген жерінен кіріп терендегеді де көлемін ұлғайтады. Шморль 
жарығы рентгенде жақсы көрінеді, бірақ клиникасы болмайды. 
Дисктің 
дегенерациясына байланысты 
омыртқа денелері 
жақындап, омыртқа аралық буынының фасеткасының жылжуы 
пайда болады және омыртқа денесінің қимыл механизмі бұзылады. 
Дисктің дегенерациясы омыртқа денесінде екіншілік өзгеріспен 
көрінеді. Осы өзгеріс бір уақытта жүретін екі үрдістен тұрады: а) 
субхондралдык сүйектегі дегенерация-атрофиялық өзгеріс, олар 
дисктің гиалинді табақшасының бұзылуынан және жойылуынан 
пайда болады; б) омыртқа денесіндегі сүйек ұлпасының реактивті 
жаңа құрылымы, субхондралды сүйек ұлпасы склерозданып 
шеткері сүйектің өсіп кетуі пайда болады – остеофиттер. 
Остеофиттер тек қана омыртқа аралық дисктің дистрофиялық 
өзгерісінде кездеседі. Бұл жерде артроз ақауы болып, буын бетінің 
сүйек шектерлері есіп кетеді, әсіресе салмақ кеп түсетін жерде, оны 
спондилоартроз деген терминмен атайды. 
Омыртқа каналының қуысында орналысқан остеофиттер 
протрузия және жарық сияқты жұлын мен түбірге қысым түсіруі 
мүмкін. Остеофиттердің 90%-ы 50 жастан жоғары ер адамдарда, 
90%-ы 60 жастан жоғары әйел адамдарда кездеседі. Көп уақытта ол 
белгісіз етеді, бірақ кей кезде жүйке жүйесінің зақымдануының бір 
себебі болуы мүмкін. Остеохондроздың неврологиялық асқынуы 
көбінесе мойында және белден төмен бөлікте болуы кездеседі. 
Мойын бөлікке қарағанда белге көп салмақ түседі, бірақ мойында 
көп қозғалыс болғандықтан үлкен статокинетикалық жағдайына 
түседі. 1 шаршы см дискіге L5-S1 9,5 кг салмақ түседі, ал 1 шаршы 
см дискіге С5-С7 11,5 кг салмақ түседі. Бүл жерде иыктық 
механизм де үлкен роль атқарады. 70 кг салмағы бар адам 15 кг зат 
ұстап тұрып 20 градусқа иілсе, онда 3-4 және 4-5 дискілеріне 200 кг 
салмақ түседі, ал егер де 70 градусқа дейін иілсе, онда 300 кг 
салмаққа дейін түседі. [ 31] Жұлынның мойын бөлігі функциялық 
жағынан ең маңызды рөл атқарады. Үлкен емес механикалық 
жарақат көп жақты және неврологиялық белгілермен айқын 
көрінеді. Ал, бел бөліміндегі ат құйрығының түбірлері оңай 


108 
жылжып ликворлы көлде оңай жүзіп жүреді. Сондықтан да, моно- 
немесе полирадикулярлық синдром түбірлерді қатты қысқанда 
ғана пайда болады. Омыртқаның остеохондрозы деген терминімен 
омыртқа аралық дискінің біріншілік дистрофиялық үрдісін 
түсінеді. Соның салдарынан омыртқаның сүйек байлам 
аппаратында екіншілік реактивті компенсациялық өзгеріс пайда 
болады. Омыртқа остеохондрозының мойын, көкірек, бел, сегізкөз 
бөліміндегі клиникалық көрінісі әр түрлі болып келеді. Сондықтан, 
олар жеке талқыланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет