Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Семинар сабақ 13
Тақырыбы: Техногенді ТЖ екіншілік зақымдау факторларының алдын-алу. Инженерлік-техникалық іс-шаралар.
Орындаған:Абдрасилова А
Тексерген: Жуманова Г.
Алматы
Жоспар:
Кіріспе.
Негізі бөлім.
2.1. Техногенді ТЖ екіншілік зақымдау факторларының алдын-алу
2.2. Инженерлік-техникалық іс-шаралар.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Төтенше жағдайларда объектінің жұмыс істеуінің орнықтылығы-бұл объектінің төтенше жағдайлар туындаған, қарсыластың зақымдау құралдарын, Террористік актілерді қолдануы жағдайларында өз функцияларын (жоспарларын, бағдарламаларын) орындау және бұзылған өндірісті ең қысқа мерзімде қалпына келтіру қабілеті.
Тұрақтылықты көтеру бойынша шараларды іске асыру мен әзірлеу саласындағы ұйымдар басшыларының негізгі міндеттері:
- ұйым жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша ұсынысты белгіленген тәртіппен әзірлеу және ұсыну;
- төтенше жағдайларда және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шаралар мен әзірлеуді жүргізу;
- авариялардың пайда болу каупін, кайталана зақымдану ошағын төмендету бойынша шаралар жүргізу;
- азық-түлікті, ауыз суын, сумен жабдықтау көзін, мал мен өсімдікті, өсімдік пен мал өнімдерін, радиоактивті химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау бойынша шараларды өткізу мен ұйымдастыру.
Төтенше жағдайы немесе қазіргі адам өлтіру қару жарақтарын қолданған кезінде салалы және амақты басқарма тұрақты жұмыс істеу мақсатында, арнаулы әскери экономикалық оқулары өткізіледі.
2.1. Техногенді ТЖ екіншілік зақымдау факторларының алдын-алу
Төтенше жағдай кезінде іс-шараларды жоспарлау мен шешім қабылдау үшін төтенше жағдайдың пайда болу себептері туралы нақты мәліметтерді анықтау қажет. Мұндай мәліметтердің негізінде ТЖ-ны тарату мақсатында ТЖ- ның барлық органдары мен командирлерінің қатысуымен бірге барлау жұмыстары ұйымдастырылады. Барлауды ұйымдастыру кезінде барлау жұмыстары жалпы, арнайы және инженерлік болып үш түрге бөлінеді.
Инженерлік барлау жұмыстары инженерлік бөлімшелердің АҚ әскерлері, инженерлік-техникалық қызметтері, барлау мамандары, сондай-ақ апатты- құтқару жұмыстары мен шұғыл төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған арнайы құрамның көмегімен жүзеге асырылады.
Инженерлік барлаудың негізгі мақсатына апатты-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқан аймықтың жағдайы туралы нақты деректері мен барлау жұмыстарының нәтижелері, төтенше жағдай кезіндегі қозғалыс маршруттарының күші, төтенше жағдайдың алдын алу іс-шаралары және елді мекенді көшіру жұмыстары жатады. Бұл мәліметтер жергілікті орталықтардың басшыларына, ТЖМ төрағаларына, азаматтық қорғаныс қызметінің басшыларына, инженерлік қызметтер мен апатты-қалпына келтіру қызметтері ұйымдарының басшыларына, АҚ командирлері мен оның бөлімшелерінің командирлеріне, апатты-құтқару жұмыстары кезінде инженерлік мәселелерді шешу үшін құрылған арнайы командирлер тобына қажет болып табылады [13].
Инженерлік барлау жұмыстары ортақ барлау жұмыстарының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл талаптардың негізгі мақсатына үздіксіз, белсенді қызмет ете білу, өз мақсатына деген талпынысы болу, ұқыпты және шынайы бола білу жатады. Аталған талаптар бір-бірімен өзара байланысты және бұл талаптар орындалмаған жағдайда ұйымның жұмыстары қиындатылып, барлау жұмыстары өз деңгейінде орындалмайды, жұмыс күші мен құрал-саймандардың артық шығынына алып соғады. Бұндай салғырттықтың нәтижесі қойылған талаптың бұзылуына, ұйымдастырылған жұмыстардың орындалмауына алып келеді.
Инженерлік барлау жұмыстарының талаптарын орындау ол – әр түрлі төтенше жағдайлар кезінде аймақта апатты-құтқару жұмыстарын жүргізу.
Ғимараттар мен құрылыстардың жаппай қирауы (жер сілкінісі, өндірістік жарылыстар және т.б.) кезінде аймақтағы инженерлік барлау жұмыстарының негізгі мақсаттарына мыналар кіреді:
- жұмыс жүргізіліп жатқан аймақтағы ғимараттар мен құрылыстардың қирау
дәрежесінің жалпы сипаты;
- үйінділердің құрылымыменкөлемі;
- зақымданған құрылыстар, құрылымдар мен ғимараттардың орны және
жасалатын жұмыс көлемі;
- ауыр техника жұмыстарын жүргізетін аймақтың өтімділігі;
- үйінділерден тазарту кезіндегі жүргізілетін инженерлік жұмыс күшінің көлемі;
- апатты-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін техникалық құралдарды орнатуға жұмсалатын орынның аумағы;
- электр станциясының зақымдану деңгейінің алдын алу және оны жою үшін атқарылатын жұмыстың ауқымы;
- инженерлік қамтамасыз ету жұмыстары мен АҚБШЖ (апатты-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар) іс-шараларын жүзеге асыру үшін жұмсалатын құрылыс материалдары;
- сумен қамтамасыз ету барысында атқарылатын жұмыстың көлемі;
- апатты-құтқару жұмыстары барысында аймақты жарықтандыру үшін
жүргізілетін жұмыстыңкөлемі.
Апатты аймақта радиациялық-қауіпті объектідегі инженерлік барлау құралдары мен күштеріне төмендегілер жатады:
- станция аумағындағы құрылыстардың, ғимараттардың және
реакторлардың қирау сипаты;
- реактор айналасындағы үйінділердің құрылымы мен көлемі;
- станция аумағын дезактивациялау үшін қажетті жер жұмыстарының
ауқымы;
- қираған реактордың айналсына бетон қалқандарды орнату барысында
жасалатын жұмыстарының шамасы;
- жақсартылған жол жиектерінде және топырақ жолдарда топырақты
бұрғылау (5-10 см) әд ісі бойынша жүргізілетін дезактивациялау
жұмыстарының жалпыкөлемі;
- тұрғын үйлерді дезактивациялау үшін жұмсалатын бұрғыланған
топырақтың мөлшері;
- санитарлық-тазалау құрылғыларын орнату үшін қажетті жер ауқымының
көлемі;
- суды қорғау мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралардың өткізілетін
орны мен жалпы саны;
- қорымдарды жабдықтау үшін қажетті жұмыс күші, жұмыстарды орындау
талаптары және орналастыру орындары;
- сумен қамтамасыз ету орындарын жабдықтау үшін қажетті жер мөлшері;
- орман алқаптарын консервациялау мақсатында ұйымдастрылған іс-
шараларға қажетті жергілікті құрылыс материалдарының көлемі;
- жазықты бетон зауыттарды өрістету үшін жабдықталатын аймақтардың
ауданы;
- АҚЖҚ басқару орындарын жарықтандыру үшін талап етілетін жұмыс
мөлшері.
Су және сел тасқыны, қар және лай көшкіні болған аймақтарда су мен сел тасқынының, қар мен лай көшкінінің (ағыс жылдамдығы, қозғалысы, су тасқынының тереңдігі, сел салмағы, қар мен лай көшкінінің биіктігі және ені) параметрлерін анықтау үшін төмендегі тармақтар қарастырылады:
- тұрғын үй ғимараттарының қирау сипаты мен дәрежесі;
- су және сел тасқынынан қорғау үшін жасалатын құрылыс жұмыстарының және қираған жолдарды қайта қалпына келтіру үшін жүргізілетін жұмыстың сипаты мен көлемі;
- көпірлерді қайта қалпына келтіру үшін жүргізілетін жұмыстың сипаты мен көлемі;
- су және сел тасқынынан қорғайтын арнайы бөгеттерді орнату үшін қосымша (жаңа) жасалатын жұмыс мөлшері;
- өлген малды жерлеу үшін қажетті жер көлемі мен жасалатын құрлыс жұмыстарының көлемі;
- су басқан аймақтан тысқары дөңгелекті және шынжырлы техникаларды қолдану үшін аймақтың өтімділік жағдайы;
- құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әр түрлі жүзу құрылғыларын қолдану.
2.2. Инженерлік-техникалық іс-шаралар.
Инженерлік барлаудың негізгі күштеріне орын алған төтенше жағдайдың көлемі мен сипатына қарай аймақтың инженерлік жағдайы туралы толық және нақты мағұлмат беретін жер бетіндегі инженерлік барлау күші жатады. Жер бетіндегі инженерлік барлаудың әдістеріне бақылау, тексеру, суретке түсіру
жатады.
Табысты инженерлік барлау ұйымы төтенше жағдайлардың алдын алу
түсініктеріне, инженерлік қамтамасыз ету талаптарына, нақты білімге, инженерлік барлау құралдарын орынды қолдану тәсілдеріне сүйенеді.
Инженерлік барлау ұйымына инженерлік қызмет бөлімінің басшысы жауапты.
Инженерлік барлау ұйымының тікелей ұйымдастырушыларына қызмет штабы кіреді. Штаб штаттық және штаттық емес барлау органдары болып бөлінеді.
Инженерлік барлау ұйымының ортақ басқарма және келісім әрекеттерін жүзеге асыратын инженерлік-техникалық бөлім басшылары, қалалық аудандардағы АҚ және ТЖ істері бойынша штабтағы инженерлік тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын офицерлер болып табылады [14].
Ортақ басқару дегенімізіге:
- ұйым жұмыстарына бақылау, толықтырулар енгізу, жабдықтандыру,
инженерлік барлауға дайын болу;
- инженерлік барлауды жоспарлағанда негізгі мәліметтерге сүйене отырып
көмек көрсету;
- инженерлік барлаулаға бақылау жасау және міндеттелген мәселелерді
шешуде көмек көрсету;
- ТЖ әр түрлі объектілер інде инженерлік жағдайға қатысты барлау
деректерін қайта өңдеу мен жинау ұйымы;
- инженерлік барлау бойынша жинақталған мәліметтерді ұйым басшысына
баяндау.
Қойылған талаптардың санына байланысты инженерлік барлау объектісінің нақты құрамын үш топқа бөліп қарастыруға болады:
1. Инженерелік барлау объектілеріне: ауыл аймақтарының жеке территориялары; ірі экономикалық объектілер; АЭС, ГЭС; тас жолдар ментемір жолдардың аумақтары; магистралдық энергетикалық коммуникациялар және т.б. ауқымды объектілер;
2. Қалалар мен аудандардағы инженерлік барлау объектілеріне: ықшам аудандар; тұрғын аймақтар; жеке ұйымдар; жер телімдері; транспорттық және энергетикалық коммуникациялар.
3. Әскери бөлімдердің инженерлік барлау объектілеріне: жеке ғимараттар, құрылыстар; тұрған үйлер және т.б. құтқару жұмыстарының объектілері, сондай-ақ жоғарлату маршруттарның күші жатады.
Төтенше жағдайдың алдын алу кезінде инженерлік барлау объектілерінің коммунальды-энергетикалық желілерде және транспорттық коммуникацияларда (қорғаушы күштер, жерасты кеңістіктері, жертөлелер, үйінділердің жеке орындары және т.б.) апат болған және зардап шеккен адамдар бар кез келген аумағы (барлау дәрежесіне тәуелді емес) болуы мүмкін.
Шешілуі қажет мәселелрге және объектілердің негізгі күштеріне мыналар жатады:
- АҚ бөлімшелері мен инженерлік-барлау бөлімшелері; - аумақтық инженерлік барлау құрылымдары;
- объектілік инженерлік барлау құрылымдары;
- АҚ қызметінің инженерлік барлау құрылымдары.
АҚ бөлімшелері мен инженерлік-барлау бөлімшелеріне:
- апатты-құтқару батальонынан жеке құтқару ротасының инженерлік барлау
взводы;
- механикаланған батальоннан жеке арнайы құрылған ротаның инженерлік
барлау взводы;
- инженерлік-техникалық батальоннан жеке инженерлік барлау взводы; - жылжымалы-тасымалдау батальонынан жеке сүңгуір-барлау взводы.
Төтенше жағдай туындаған аймақта жалпылай барлау жүргізу үшін арнайы барлау тобы құрылады. Бұл топқа:
- маршрутты жүргізу мен аймаққа (объект) барлау жасау мақсатында
құрылған барлаушылар жасағы;
- нақты барлау жұмыстарын жүргізу үшін бірінші ауысым батальондарының
барлаушылар құрамы;
- арнайы барлау жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған
барлаушылардың (топ) қызметі;
- зақымданған аймақтардың шекаралары мен бөлім басқармаларындағы
бақылау посттары.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы, А.: 11.04.2014.
2. Белов С.В. и др. «Безопасность жизнедеятельности» – М.:Высшая школа 2004.
3. Қосжанов С. «Тіршілік қауіпсіздігі». Оқу құралы – Тараз: ТарМУ 2010 – 408б.
4. Акимов В.А. и др. Предупреждение и ликвидация ЧС: Учебное пособие для руководящего состава РСЧС. - М.: «Крук - Престиж», 2003 - 380 с.
5. Безмен М.М. Войска
Достарыңызбен бөлісу: |