Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізу жөніндегі айналымдары кеден одағында қосылған құн салығынан босатылатын тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда



Дата23.02.2016
өлшемі16.42 Kb.
#6917

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізу жөніндегі айналымдары кеден одағында қосылған құн салығынан босатылатын тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөніндегі қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1235 Қаулысы


2010 жылғы 23 қараша, Астана, Үкімет үйі

“Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:


1. Қоса беріліп отырған Кеден одағына мүше мемлекетердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізу жөніндегі айналымдағы Кеден одағында қосылған құн салығына босатылатын тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, оны  жөндеу жөніндегі қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ.

Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1235 қаулысымен бекітілген

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Рес­пуб­ликасының аумағына әкелінген, өткізу жөніндегі айналымдары Кеден одағында қосылған құн салығынан босатылатын тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөніндегі қызметердің  тізбесі
1. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республи­ка­сының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген әуе көлік құралын жөндеу  жө­ніндегі қызметтер.
2. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республи­касының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің  аумағынан әкелінген темір жол көлік құра­лын жөндеу жөніндегі қызметтер.
3. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республи­ка­сының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген ішкі су көлік құралын жөн­деу жөніндегі қызметтер.
4. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республи­ка­сы­ның аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің  аумағынан әкелінген теңіз көлік құралын жөндеу жө­ніндегі қызметтер.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет