ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.48/03-2009
|
ПОӘК «Апаттар медицинасы» пәнінің оқу әдістемелік материалдары
|
№ 2 басылым
30.09.09.
|
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
«Апаттар медицинасы» пәнінің 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған
Оқу әдістемелік материалдары
Семей
2009
1 Гласарий
Апаттар медицинасы - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған медицина және денсаулық сақтау саласы, ол халықтың ауруларының алдын алуды және оларды емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне медициналық көмекті қамтиды;
Аллергия – организмнің белгілі бір әсерге, тітіркендіргішке көтеріңкі жауап білдіруі, мұнда организмнің сезгірлі қалыпты жаңдайдан өзгеше болып кетуі.
Активті тынығу – тиімді тынығу, белсенді дем алу. Организмнің шаршауы, нерв орталығының шаршауына тікелей байланысты.
Активті иммунитет – белгілі ауруды организмге еккенен кейін, сол ауруға қарсы тұра алатын қасиеттің пайда болуы күшіне қарай анықталады.
Ампутация – кесіп тастау, емдеуге болмайтын дене бөлігін кесіп тастау. Мыс емдеуге жарамайтын аяқты, қолды сау жерге тақап кесіп тастау.
Анестезия – жансыздандыратын дәрілер, сезу нервтерін тежейтін заттар.
Аппетит – организмнің тағамға зауқының артуы.
Ауырғанды сезгіштік – мұндайда организмде кейде денеге қол тигізбейді не қысымның өзгеруінен ауырсыну күшейеді.
Асептика – тазалық сақтап жараға құрт түсірмеудің алдын алу әдісі.
Антисептика - әртүрлі химиялық, физикалық, дәрігерлік заттар арқылы құрттарды жою.
Асқыну – жараға ауасыз көбейетін құрттың түсуі.
Буынның шығуы - күрделі қимыл – қозғалыстың салдарынан буын қалтасы мен буын сіңірлері созылып , кейде үзіліп кетуі.
Биологиялық заттар - дәрі – дәрмектер, арнайы егулер мен қанның сарысуы жатады
Вена – көктамыр, қанды жүрекке қарай ағызатын тамыр.
Веносекция – қан алу мақсатында вена тамырын жару.
Веналық пульс – үлкен венаның жүрекке қосылар жерінен ғана сезуге болады.
Жара - теріні зақымдап, денеге түскен жарақат
Жыртылған жара – адам жығылған кезде, қатты соғылғанда терінің сыдырылып қалуы.
Жұлынған жара – кенеттен үлкен күш әсер еткенде, терінің бір бөлігі, бұлшық ет жұлынып қалуы
Жүген тәріздес таңғыш - бас жараланған кезде маңдай, желке, төбені бірден байлау үшін таңғыштың түрі
Жалқақ – буынға жиналған қан
Бірінші дем тарту – сопақ мидың дем алу орталығында қоздыру ошағы шығудың көрсеткіші.
Қан кету - адам оқыста жараланып, не жарақаттанып қалған кезде міндетті түрде қан тамырлары зақымдануы.
Журекті ысқылау – кеудені, төс сүйегін басу арқылы қанды ұолқа тамырына айдап шығару.
Қажалу – терінің төтенше қабынуы.
Күю - от, жалын, бу, қайнаған су, электр тоғы, химиялық күю, ядролық қарудың жарық сәулесінің әсерінен сәулелік күю.
Сынық - адамның сүйегі кенеттен әсер еткен сыртқы тосқын күштің, немесе кейбір індеттердің салдарынан сынуы.
Суға кету - адамның дем алу, тыныс жолдары сумен толып кеткенде болуы.
Сәуле ауруына ұшырауы - оның ауыртпалы деңгейі сәулеленудің қуатымен мөлшеріне байланысты.
Тесілген жара - кесілген жара – ол пышақ, шыны кескенде кездеседі
Тоқтың танбасы – терңде пайда болған сарғыш – қоңыр теңбілдер, ортасы ішке жаншылған дақтар.
Тақия тәріздес таңғыш - бастың төбесі жараланған кезде шашты толық жабу
Карантин - эпидемиялық ошақтан жұқпалы аурулардың таралуын тоқтату. Обсервация - аурумен қатынаста болғандарды оқшаулап бақылауға алу. Эпидемия - жұқпалы аурулардың әдеттегіден едәуір көтеріліп, жаппай ауруға ұшырауы.
Реанимация- адамды өмірге қайтарудың бірнеше құрама шаралары.
Әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар - белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануы кезінде адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;
Әскери медицина - ғылыми білімдердің жүйесін (ғылыми-практикалық пәндер кешені) және әскери-медициналық қызметтің әскерлерді бейбіт уақытта және соғыс уақытында жан-жақты медициналық қамтамасыз етуді өзіне мақсат тұтатын практикалық қызметінің жүйесін білдіретін медицина және денсаулық сақтау саласы;
Әскери-медициналық көмек - әскери қызметшілерге және әскери қаруды қолдану салдарынан зардап шеккен адамдарға әскери-медицина қызметінің мамандары көрсететін медициналық көмек
Әскери-медициналық қызмет - Қазақстан Республикасының заңдарында осы органдардың қызметін медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери немесе арнаулы қызметтің болуы көзделген әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің жиынтығы;
Әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету - материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік қабілеттілігі мен еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында әскерлерде, бөлімшелерде және ведомстволық ұйымдарда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
Бейінді маман - жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
Биологиялық активті заттар - жануарлар мен адам организмінің патологиялық өзгерген функцияларын қалыпқа түсіретін, дәрілік заттар алудың ықтимал көздері болып табылатын, әртүрлі жолмен алынатын заттар;
Биологиялық активті қоспалар - тұрақты тұтынған кезде денсаулықтың жай-күйін жақсартуға арналған және адамның тамақтану рационын табиғи немесе табиғимен бірдей биологиялық активті заттармен байыту мақсатында олардың компоненттерін қамтитын өнімдерге қоспалар;
Бірегей дәрілік зат - жаңа активті заттарды білдіретін немесе қамтитын дәрілік зат;
Дәрілік заттар - аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық активті заттарды білдіретін немесе оларды қамтитын заттар: дәрілік субстанция, табиғаттан алынатын дәрілік шикізат, дәрілік ангро- және балк-өнімдер, дәрілік препараттар, медициналық иммундық-биологиялық препараттар, парафармацевтикалар;
Дәрілік заттың қаптамасы - дәрілік заттарды бүлінуден және ысырап болудан қорғау жолымен олардың айналысы процесін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоршаған ортаны ластанудан сақтайтын құрал немесе құралдар кешені;
Денсаулық - аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, тұтастай тәни, рухани (психикалық) және әлеуметтік салауаттылық жағдайы;
Денсаулық сақтау - аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге, қоғамдық гигиена мен санитарияны қолдауға, әрбір адамның тәни және психикалық саулығын сақтап, нығайтуға, оның ұзақ жыл белсенді өмір сүруін қолдауға, денсаулығынан айырылған жағдайда оған медициналық көмек ұсынуға бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, медициналық сипаттағы шаралар жүйесі;
Денсаулық сақтау жүйесі - қызметі азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы;
Денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Диагностика - аурудың болу немесе болмау фактісін белгілеуге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;
Донор - донорлық қан, оның компоненттері, өзге де донорлық материал (оның ішінде шәует, жыныс жасушалары, аналық жасуша) алу жүргізілетін, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшін тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;
Емдеу - ауыруды жоюға, оның бетін қайтаруға және (немесе) барысын жеңілдетуге, сондай-ақ оның асқынуының алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;
Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) - адамның иммун жүйесінің АИТВ-дан қатты зақымдануынан болған патологиялық белгілер байқалатын АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы;
Инфекциялық және паразиттік аурулар - мекендеу ортасы биологиялық факторларының адамға әсер етуі және аурудың науқас адамнан, жануардан сау адамға берілу мүмкіндігі әсерінен болатын және таралатын адам аурулары;
Йод тапшылығы аурулары - организмге йодтың жеткіліксіз түсуіне және онда жеткіліксіз қорытылуына байланысты қалқанша без функциясының бұзылуынан болатын организмнің патологиялық процесі;
Кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру
Мицина қызметкерлері - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
Медициналық иммундық-биологиялық препараттар - инфекциялық және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді иммунологиялық әдістердің көмегімен диагностикалауға арналған, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған препараттар, иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсерін тигізетін қан (алу тәсіліне қарамастан) препараттары;
Медициналық көмек - халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсетудің дәрілік көмекті қамтитын кешені;
Медициналық көмектің сапасы - көрсетілетін медициналық көмектің уәкілетті орган бекіткен және медициналық ғылым мен технологияның қазіргі заманғы даму деңгейі негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестік деңгейі;
Медициналық қызмет - жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметі;
Медициналық қызметтер көрсету - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар іс-қимылы;
Медициналық мақсаттағы бұйымдар - профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-саймандар, стоматологиялық, шығындық, таңу және тігу материалдары, бекітетін таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары;
Медициналық оңалту - науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені; Медициналық техника - аурулардың профилактикасы, оларды диагностикалау, емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін медициналық мақсатта жеке түрде, кешеннің немесе жүйенің құрамында қолданылатын аппараттар, аспаптар мен жабдықтар;
Медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын, мекендеу ортасын және өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қорғау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, олардың жолын кесу жөніндегі қызметі, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылау;
Пациент - медициналық қызметтер көрсетудің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
Профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
Психикаға белсенді әсер ететін заттар - бір рет қабылдағанда адамның психикалық және дене функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт қабылдаған кезде психикалық және тәни тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғаттан алынатын заттар;
Психиканың бұзылуы (ауру) - адамның бас миы жұмысының бұзылуына байланысты психикалық қызметінің бұзылуы;
Санитариялық-карантиндік бақылау - адамдар мен жүктердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуі кезінде ел аумағына инфекциялық және паразиттік ауруларды, сондай-ақ адам денсаулығына әлеуетті қауіпті заттар мен өнімді кіргізуге жол бермеу мақсатында өткізілетін, жүктердің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін және адам денсаулының жай-күйін бақылау;
Санитариялық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы жайлар мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай - белгілі бір аумақтағы халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының белгілі бір уақыттағы жай-күйі;
Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, жаппай уланудың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шаралар;
Транспланттау - тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу, сіңістіру;
Туберкулездің жұқпалы түрі - науқас адамның сыртқы ортаға туберкулез бактерияларын бөліп шығаруына байланысты айналадағы адамдарға қауіп төндіретін ауру;
Улану - мекендеу ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының адамға қатты (бірмезгілді) немесе созылмалы (ұзақ) әсер етуі кезінде туындайтын ауру (жай-күй);
Фармакологиялық зат - белгіленген фармакологиялық активтілігі мен уыттылығы бар, клиникалық сынақ объектісі және әлеуетті дәрілік зат болып табылатын зат немесе заттардың қоспасы;
Халықтың денсаулығына қауіп төндіретін өнім - уәкілетті орган белгілеген, қолданылуы немесе тұтынылуы кезінде адамның денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін өнім түрлері;
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсері болмайтын және оның тыныс-тіршілігіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетін кездегі халық денсаулығының жай-күйі;
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, гигиеналық оқытуды, санитариялық-карантиндік бақылауды, радиациялық бақылауды, санитариялық-эпидемиологиялық нормалауды, тәуекелді бағалауды, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы қамтитын қызметі;
Хирургиялық стерилизациялау - нәтижесінде әйел немесе еркек ұрпақты болу қабілетін жоғалтатын хирургиялық операция;
Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин - инфекциялық аурулардың таралуын болғызбауға бағытталған әрі кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шаралар;
Эпидемия - инфекциялық аурулардың әдетте тіркелетін науқастану деңгейінен айтарлықтай жоғары деңгейде жаппай таралуы;
Эпидемиологиялық мәні бар объектілер - өндіретін өнімі және (немесе) қызметі Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде халық арасында тағамнан уланудың және инфекциялық аурулар таралуының белең алуына әкеп соғуы мүмкін объектілер.
1 Дәрістер
№1 дәріс. Апаттар медицинасының заңдылықтары және ұйымдастыру негіздері.
Жалпы сұрақтар
-
Кіріспе. Пәннің жалпы мазмұны
-
Төтенше жағдай кезінде медициналық қызмет көрсетудің негізгі принцптері
-
Төтенше жағдайлар кезiнде медициналық көмек
көрсетудi ұйымдастыру
-
Төтенше жағдайлар кезiндегi медициналық көмектiң
түрлерi мен көлемi
Пәннің жалпы мазмұны. «Апаттар медицинасы» пәні соғыс және бейбіт уақыттағы медициналық жағдайды, зақымдану диагностикасы, халыққа медициналық көмек көрсету әдістері, төтенше жағдайдағы зақымдану факторларының мазмұндары бар құрамы.
Пәнде апаттар медицинасының негіздері, медицина құрамының ұйымдастыру құрлысы және бейбіт уақыттағы төтенше жағдайдың медико–тактикалық мінездемесін, зақымдану диагностикасын, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету әдістерін, эпидемиология және гигиена негіздерін қарастырады.
Төтенше жағдай кезінде медициналық қызмет көрсетудің негізгі принцптері. Апаттар медицинасы қызметi - зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету жолымен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарының алдын алуға және оларды жоюға және төтенше жағдайлар аймағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шараларды өткiзу мен төтенше жағдайларды жоюға қатысқандардың денсаулығын қалпына келтiруге арналған күштер мен құралдардың жиынтығы; медициналық-санитариялық жағдайды қадағалау және бақылау бөлiмшелерi (апаттар медицинасының кезекшi - диспетчерлiк пункттерi), төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның шұғыл медициналық көмек қызметi, денсаулық сақтау жүйесiнiң шұғыл медициналық көмек ұйымдары, зардап шеккендерге консультациялық-диагностикалық, стационарлық көмек көрсетуге, қалпына келтiру емi мен медициналық оңалтуға арналған медициналық ұйымдар, қан қызметi, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары, Азаматтық қорғаныс медициналық қызметiнiң мекемелерi мен құрамалары, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарын жоюға арналған өзге де күштер мен құралдар кiредi.
Апаттар медицинасының құрамалары - төтенше жағдайлар аймақтарында жұмыс iстеуге арналған, төтенше жағдайлар аймақтарында шұғыл медициналық көмек көрсету мен медициналық эвакуациялау үшiн құрылатын жасақтар, топтар, бригадалар және басқа да бөлiмшелер.
Төтенше жағдайлар кезiнде халыққа шұғыл медициналық көмек - төтенше жағдайлар кезiнде шекарада немесе тiкелей төтенше жағдайлар аймағында жүзеге асырылатын мақсаты бойынша эвакуациялауды ұштастыра отырып, емдеу-алдын алу iс-шараларының кешенiн ұсыну нысаны.
Төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдары - төтенше жағдайлар кезiнде туындаған жағдайды сипаттайтын және халыққа медициналық көмектiң мазмұнын, көлемi мен ұйымдастырылуын айқындайтын факторлар мен шарттардың жиынтығы. Оның негiзгi элементтерi: халықтың санитариялық шығындарының шамасы мен құрылымы, олардың қалыптасу заңдылықтары; зақымданғандардың (науқастардың) медициналық көмекке мұқтаждығы, төтенше жағдайлар аймағының (ауданының) санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемиялық жай-күйi, медициналық-санитариялық қамтамасыз етуге арналған күштер мен құралдардың қажеттiлiгi және олардың болуы; медициналық күштер мен құралдардың жай-күйi; төтенше жағдайларды жою кезiнде медициналық және авариялық-құтқару құрамаларының жұмыс жағдайы, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету жағдайы және басқалар болып табылады.
Төтенше жағдайлар кезiндегi медициналық көмектiң түрi - медициналық көмек көрсететiн тұлғалардың бiлiктiлiгiмен өткiзiлетiн орны және қолда бар медициналық жарақтардың болуымен айқындалатын емдеу - алдын алу iс-шараларының тiзбесi.
Шұғыл медициналық көмектiң көлемi - тiршiлiк көрсеткiштерi бойынша төтенше жағдайлар аймағындағы жағдайдың шарттарына және медициналық эвакуациялау кезеңiнiң мүмкiндiктерiне байланысты медициналық көмек түрiнiң шеңберiнде орындалатын толық немесе қысқартылған емдеу-алдын алу iс-шараларының жиынтығы.
Төтенше жағдайлар кезiнде медициналық көмек
көрсетудi ұйымдастыру. Төтенше жағдайлар кезiнде халыққа медициналық көмек төтенше жағдайлардың санатына, сондай-ақ олардың медициналық-санитариялық салдарының сипаты мен ауқымына байланысты ұсынылады. Объектiлiк төтенше жағдайлар кезiнде зақымданғандарға (науқастарға) медициналық көмек көрсетудi күнделiктi қызмет режимiнде денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады. Жергiлiктi, өңiрлiк және жаһандық төтенше жағдайлар туындаған кезде апаттар медицинасы қызметiнiң күштерi мен құралдары қолданысқа енгiзiледi. Төтенше жағдайлар кезiндегi медициналық көмек тағайындалуы бойынша медициналық эвакуациялауды үйлестiре отырып, зақымданушыларды (науқастарды) зақымдану сипатына, ауырлық дәрежесiне қарай кезеңдiк емдеу әдiсiмен ұсынылады.
Бiрiншi кезеңде тiкелей төтенше жағдай аймағында және/немесе оның шекараларында шұғыл медициналық көмектi шұғыл медициналық көмек қызметiнiң, авариялық-құтқару бөлiмшелерiнiң, апаттар медицинасының құрамалары мен Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметi, сондай-ақ өзiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн сақтап қалған жергiлiктi емдеу мекемелерiнiң күштерi көрсетедi.
Екiншi кезеңде медициналық көмек төтенше жағдай аймағынан тыс жерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетiледi.
Төтенше жағдайлар кезiнде медициналық көмек көрсету үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде белгiленген тәртiппен денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ көлiк ұйымдарының қызметкерлерi мен материалдық-техникалық құралдары тартылуы және пайдаланылуы мүмкiн. Денсаулық сақтау ұйымдарында шұғыл медициналық көмек iс-шараларын жүргiзу үшiн алдын ала ұдайы әзiрлiктегi апаттар медицинасы құрамалары құрылады және ұсталады. Апаттар медицинасы құрамаларын құру тәртiбiн және жұмыс ережесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
Төтенше жағдай аймағынан зақымданғандарды (науқастарды) қабылдауды, одан әрi медициналық көмек көрсетудi, емдеу мен медициналық оңалтуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады. Апаттар медицинасы саласындағы мемлекеттiк органдар мен денсаулық сақтау ұйымдарын үйлестiрудi және олардың өзара iс-қимылын төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Төтенше жағдайлар кезiндегi медициналық көмектiң
түрлерi мен көлемi. Төтенше жағдайлар кезiнде зақымданушыларға (науқастарға) медициналық көмек, оны көрсету орнына, оны көрсететiн тұлғалардың бiлiктiлiгiне және медициналық мүлiкпен қамтамасыз етiлуiне байланысты дәрiгерге дейiнгi, бiлiктi және мамандандырылған медициналық көмек түрiнде ұсынылады. Төтенше жағдайлар кезiндегi медициналық көмектiң көлемi төтенше жағдай аймағында қалыптасқан медициналық-санитариялық және дағдарысты жағдайға байланысты белгiленген медициналық көмек түрлерi шеңберiнде толық немесе қысқартылған түрде болуы мүмкiн. Тiкелей төтенше жағдайлар аймағында және/немесе оның
шекарасында мынадай медициналық көмек көрсетiледi:
Достарыңызбен бөлісу: |