Кедендік одақ аясында тауар таңбасын зияткерлік меншік объектісі ретінде пайдалану мен қорғау



Дата03.07.2016
өлшемі32.33 Kb.
#174345
Кедендік одақ аясында тауар таңбасын зияткерлік меншік объектісі ретінде пайдалану мен қорғау
Зияткерлік меншік қорғау мен сақтаудың объектісі ретінде қазақстандық қоғамда қарқынды талқылаудың құралына айналды. 2010 жылы мүдделі елдердің экономикасын дамыту мақсатында 2011 жылғы 1 шілдеден бастап келісілген бақылау қызметтерінің толық жиынтығы бар, бірыңғай кедендік аумақ іске қосылған Кедендік одақ құрылды.

Қазақстан, Ресей және Беларусті Кедендік одақта біріктіру мен Бірыңғай экономикалық кеңістік құру нәтижесінде зияткерлік меншік объектілерін қорғау мәселелері ерекше өзекті бола бастады, себебі бұдан бұрын ұлттық құқықтық нормалар шегіндегі мәселелер өз шекарасының шеңберінен шыққан еді.

Кедендік одақтың әр елінде өзінің тауар таңбаларының ұлттық мемлекеттік тізілімі аталатын, сәйкесінше әр елде тіркелген түрлі құқық иеленушілері қорғау мен сақтауға құқық ұсынылған көптеген ұқсас тауар таңбаларының тізілімі бар. Осыған байланысты құқық иеленушілердің осы елдердің нарығында аумайтындай дәрежеде бірдей немесе ұқсас тауар таңбаларымен белгіленген бірыңғай тауарлар бойынша қызығушылықтары тоғысады.

Осылайша бүгінгі күнде «Ретроспективті немесе кеңестік таңбалар» аталатын таңбалар мәселесі маңызды болып тұр, бұл таңбалар өндірушілермен өз өнімін белгілеу үшін, бір біріне тәуелсіз және осы уақытқа дейін тұтынушылар арасында аса танымал Кеңестік одақ аумағында тіркеусіз пайдаланылған тауар таңбалары.

«Кеңестік брендтердің» көпшілігі қазіргі уақытта құқық иеленушілермен Кеңес одағы уақытындағы түрінде пайдаланылмайды. Олардың кейбірі бастапқы «кеңестік таңбаның» нұсқасы ретінде өзгертілген түрінде қосымша тіркелгендігін болжауға болады.

Әрине, КО пен БЭК мүше елдерінің экономикасын ары қарай интеграциялау жұмысында өрлеу кедергілер мен тосқауылдардың әсерін жою мен ықшамдаумен бекітіледі. Мұндағы негізгі қиындық құқық иеленушілер, Кедендік одақтың мүше мемлекеттері мен қатардағы тұтынушылардың мүдделерінің теңгерімін табу қажеттілігіне тіреледі. Сондай-ақ кейбір мәселелердің шешімі халықаралық тәжірибемен, және бірінші кезекте Еуразиялық одақ тәжірибесімен танысу болып табылады.

Тауар таңбаларын қорғаудың қазіргі тәжірибесі екі сәтті аймақтық жобаны біледі және екеуі де Еуропада жүзеге асырылған.

Тауар таңбасын тіркеудегі алғашқы аймақтық орган Бенилюкс мемлекеттерінің (Бельгия, Нидерланды, Люксембург ) бірыңғай ведомствосы (fee Benelux Trademarks Office) болды. Бұл осы үш елдің экономикалық өмірі бір бірімен тығыз байланыста болғандықтан мүмкін болды. Оларда ортақ тарих, дамудың ұқсас дәрежесі және тауар мен қызметтер нарығын реттеуде ортақ заңнама болды.

Бенилюкс елдерінің Тауар таңбасы бойынша ведомствосының қызмет етуінің көп жылдық сәтті тәжірибесін Ортақ нарық аумағында тауар таңбасына құқықты тіркеудің тиімді жүйесі туралы мәселе көтерілгенде басқа еуропалық мемлекеттер пайдаланды. Осылайша ЕО ішкі нарығын үйлестіру бойынша осы бюроның тауар таңбалары бойынша (сондай-ақ өнеркәсіптік үлгілер бойынша) тіркеу қызметін атқаратын OHIM ведомствосы пайда болды.

Кедендік одақ аумағында тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауларын бірыңғай тіркеуді ендіру жоспарлануда. «Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің мүше-мемлекеттері аумағындағы тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Шарт жобасы (бұдан әрі – Шарт) Кедендік одақ аумағында тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауларының (бұдан әрі - ТШЖА) бірыңғай тіркеуін енгізуді қарастыруда.

Аталған жаңа енгізулер құқық иеленушіге өз құқығын қорғауды КО барлық аумағында әр мемлекетте тіркеусіз не халықаралық тіркеудің ұзақ тәртібінсіз-ақ өз құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шарт жасасу өтінім берушілер мен тауар таңбасының иелеріне таңбаның айырмашылық қабілеті түсінігіне және тауар таңбасы иесінің құқығының бұзылуы туралы дауларды ұлттық патенттік ведомстволарлың қарауына бір тұрғыдан келуге мүмкіндік туғызатын қосымша артықшылық береді. Тіркеуден кейін таңба КО пен БЭК барлық мүше-мемлекеттерінде пайдаланыла алады.

Шарт жобасына сәйкес БЭК тауар таңбасы ретінде бейнелеу, сөз, көлем белгiлерi және өзге де белгiлері тіркеле алады.

БЭК тауар таңбасы ұлттық патенттік ұйымдарда сараптама жүргізілгенннен кейін құқықтық қорғау алады.



Жоғарыда айтылғандар бойынша зияткерлік меншік саласында көптеген сұрақтардың шешілуі қажеттігін айтуға болады. Бұл мәселелердің шешімі Кедендік одақ заңнамасының халықаралық құқық нормаларымен, КО мүше-мемлекеттерінің иелік ететін субъектілерінің дауларын шеше алатын Кедендік одақ аясында сот тәжірибесін құрумен сәйкестендіруді талап етеді.

Осылайша, зияткерлік меншіктің дамыған нарығын құру – барлық мүдделі жақтардың белсенді қатысуын талап ететін ұзақ процесс.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет