«kegoc» АҚ инвестициялық жобаларының іске асырылу барысы туралы ақпарат



Дата23.02.2016
өлшемі169.2 Kb.
#3852



«KEGOC» АҚ инвестициялық жобаларының іске асырылу барысы туралы ақпарат
Республиканың энергетикалық қауіпсіздігі мен Қазақстан БЭЖ-нің жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз ету және ел экономикасының электр энергиясына деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында «KEGOC» АҚ «Мойнақ ГЭС қуатын беру», «220кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ-ні қайта құру», «Кернеуі 500, 220 кВ желілері Қазақстан ҰЭТ-на жалғанатын 500/220 кВ Алма ҚС-ны салу» стратегиялық жобаларын іске асырды және «Қазақстан ҰЭТ-ын жаңғырту, ІІ кезең», «Павлодар энергия торабының Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту», «500кВ Екібастұз-Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісін салу» және «500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) - Ақтоғай - Талдықорған – Алма ӘЖ салу» стратегиялық жобаларын іске асыруда.
Мойнақ ГЭС қуатын беру
«Мойнақ ГЭС қуатын беру» жобасын іске асырудың мақсаты Алматы облысы мен Алматы қаласының тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету, электр энергиясы тапшылығын азайту және аса жоғарғы жүктемелерді жабу үшін Мойнақ ГЭС-нен 300МВт көлемінде қуат беруді қамтамасыз ету болып табылады.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2010-2012жж.

Жобаның құны: 9,8 млрд. теңге (меншік қаражаты - 3,3 млрд. теңге, соның ішінде Республикалық бюджеттен – 3,0 млрд. теңге және ХҚДБ қарыз қаражаты - $48 млн.)

Жобаның сипаттамасы:

I кезең

- 220 кВ Мойнақ ГЭС АТҚ салу;

- 220/110/10 кВ Робот ҚС 220кВ АТҚ кеңейту;

- 220/110/10 кВ Шелек ҚС 220кВ АТҚ кеңейту.



II кезең

- 220кВ Мойнақ ГЭС –220 кВ Шелек ҚС ӘЖ (ұзындығы 97,73 км) салу;

- 220 кВ Мойнақ ГЭС – 220 кВ Робот ҚС ӘЖ салу (ұзындығы 227,78 км);

- екі МГЭС-МГЭС АТҚ ӘЖ-ны салу (1-ші тізбек - 0,484 км, 2-ші тізбек – 0,553 км).



Жобаның ағымдағы сипаты: 

Барлық объектілер пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта ӘЖ тіректері орналасқан жер телімдерін Компанияның жеке меншігіне беру жұмыстары жүргізілуде.


220 кВ ОБТҚС – Осакаровка ӘЖ-ні қайта құру

220 кВ ОБТҚС – Осакаровка ӘЖ-ны қайта құру жобасының мақсаты электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру, Астана қаласы халқы мен өнеркәсіптік аймағының электр энергиясына деген қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады.



Жобаны іске асыру мерзімі: 2010-2014жж.

Жобаның құны: 4,1 млрд. теңге (меншік қаражаты - 0,078 млрд. теңге, соның ішінде Республикалық бюджеттен - 2,003 млрд. теңге, және ЕҚДБ қарыз қаражаты -$12 млн.).
Жобаның сипаттамасы:

I кезең

  • Қуаты 125 МВА ОБТҚ ҚС-дағы 220/110 кВ 2 трансформаторды 250 МВА-ға ауыстыру.

II кезең

  • 220кВ ОБТҚ – Осакаровка ӘЖ-ны қайта құру (ұзындығы 118,7 км).

Жасалған шарттар:

Жобаның ТЭН-ін 2010 жылы «Энергия» ҚазОЭЖҒЗЖІИ АҚ әзірледі, «Мемсараптама» РМК 18.05.2012ж. №01-195/12 қорытындысы алынды, ҚР құрылыс істері және ТКШ жөніндегі 24.08.2010ж. №346-пир бұйрығымен бекітілді.

13.01.2011ж. №25-Д-15 «Жұмыс істеп тұрған АТ – 1,2 қуаты 250 МВА жаңа АТ-ға ауыстыра отырып, 500/220/110/10 кВ ОБТҚ қайта құру жөнінде» «кілтпен тапсыру» шарты жасалды. Бас мердігері «Kerneu Limited» ЖШС.

«KEC International Ltd» компаниясымен 220 кВ ОБТҚ – Осакаровка ӘЖ-ні қайта құру жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға 19.03.2013ж. №17-К-196 келісім-шарт жасалды.



ҚС жабдықтары:

  • Автотрансформатор 220 кВ, 250 МВА – 2 дана, «ЗТР» ПАҚ;

  • 110 кВ элегазды ажыратқыш – 4 дана, «Siemens» (ГФР);

  • 110 кВ айырғыштар – 13 дана, ALSTOM (Италия).

ӘЖ материалдары:

  • ПБ-4 түріндегі аралық тірек, «Метакон» ЖШС (Қазақстан), «ZHERSY METAL» (Қазақстан);

  • Анкерлік-бұрыштық тірек «Метакон» (Қазақстан), «ZHERSY METAL» АҚ (Қазақстан);

  • Іргетастар «Темірбетон» ЖШС (Қазақстан);

  • ТК-11 найзағайдан қорғайтын арқансым «Белорецкий металлургический комбинат» ААҚ (Ресей);

  • «КазЭнергоПровод» ЖШС (Қазақстан), J-Power System Corporation компаниясы (Жапония) маркалы болат аллюминий сым;

  • ЛПА, шыны оқшаулағыштар, «Южноуральский арматурно-изоляторный завод» ААҚ (Ресей);

  • ОКГТ, ВОК, ОКГТ арналған ЛПА, Оптикалық жалғастырғыштар, "ZTT" компаниясы (Қытай).

Жобаның ағымдағы сипаты:

Жобаны іске асыру аяқталды. Барлық объектілер пайдалануға берілді, соның ішінде «500кВ ОБТҚ ҚС-дағы қуаты 125 МВА 2 автотрансформаторларды 250 МВА автотрансформаторларына ауыстыру» объектісі 15.07.2013ж. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға берілді, «220кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ-ні қайта құру» объектісі Мемлекеттік қабылдау комиссиясының 23.10.2014ж. актісімен пайдалануға берілді.



Кернеуі 500, 220 кВ желілері Қазақстан ҰЭТ-на жалғанатын 500/220 кВ Алма ҚС-ны салу
«Кернеуі 500, 220 кВ желілері Қазақстан ҰЭТ-на жалғанатын 500/220 кВ Алма ҚС-ны салу» жобасын іске асырудың мақсаты Алматы өңірін электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету, Балқаш АЭТ бірінші кезегінің қуатын (1320 МВт) беру, Алматы қаласының серіктес қалаларын салу үшін техникалық мүмкіндік жасау, Алматы индустриалды паркін салу, Шығыс транзитін қосуды қамтамасыз ету болып табылады.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2009-2014жж.

Жобаның құны: 28,4 млрд. теңге (меншік қаражаты - 1,0 млрд. теңге, БР қаражаты – 16,7 млрд. теңге және ХҚДБ қарыз қаражаты - $78 млн.)

Жобаның сипаттамасы:

I кезең

  • 500 кВ Алматы – Алма ӘЖ-ні салу (ұзындығы 63,367 км);

  • 500 кВ Алма ҚС-дағы 220 кВ АЖЭО-3 – Шелек кірме жолдарын салу (жалпы ұзындығы 20,089 км: бір тізбекті учаскелер 12,286, екі тізбекті учаске 7,803);

  • 500 кВ Алма ҚС-дағы 220 кВ ЖЭО -3 – Робот ҚС ӘЖ кірме жолдарын салу (жалпы ұзындығы 5,853 км: 1-ші тізбек - 2,924 км, 2-ші тізбек - 2,929 км);

  • 500/220/10 кВ Алма ҚС-ны салу;

  • 500/220/10 кВ Алматы ҚС 500кВ АТҚ кеңейту және қайта құру;

  • 500/220/35/6 кВ ОҚМАЭС ҚС 500кВ АТҚ кеңейту және қайта құру;

  • 500 кВ «Алма» ҚС-дағы 220 кВ «Алма – Кеңсай» ӘЖ (2,903 км) 500, 220 кВ ұяшықтарын және 2 тізбекті учаскесін салу.

II кезең

- 500 кВ «500 кВ ОҚМАЭС – 500 кВ Алма ҚС» ӘЖ-ні салу (ұзындығы 321,7 км.)



Жасалған шарттар:

Жобаның ТЭН-ін 2007 жылы «Энергия» ҚазОЭЖҒЗЖІИ АҚ әзірледі, «Мемсараптама» РМК 14.12.2007ж. № 7-678/07 қорытындысы алынды, ҚР құрылыс істері және ТКШ жөніндегі 14.04.2008ж. № 130-пир бұйрығымен бекітілді.

Жобаны іске асыру үшін «Сәтті жол» ЖШС-мен объектілер салуға 10.03.2010ж. № 25-Д-225 шарт жасалды.

2012 жылғы 27 сәуірде «KEC International Ltd» компаниясымен 500кВ ОҚМАЭС ҚС – 500кВ Алма ҚС 500кВ ӘЖ салу жұмыстарын орындауға № 17-К-419 келісім-шарт жасалды.



ҚС жабдықтары:

  • 500/220/10 кВ, 167 МВА автотрансформаторы – 6 фаза, «ТВЕА» ААҚ (ҚХР);

  • Бір фазалы шунттауыш реактор, 60МВАр, 500 кВ – 6 фаза, «ТВЕА» ААҚ (ҚХР);

  • Элегаздық ажыратқыш, 500 кВ – 10 жинақ, АRЕVА (Франция);

  • Айырғыш 500 кВ – 23 жинақ, АRЕVА (Италия);

  • Ток трансформаторы, 500 кВ – 36 дана, ARTECHE (Испания);

  • Кернеу трансформаторы, 500 кВ – 30 дана, ARTECHE (Испания);

  • Элегаздық ажыратқыш 220 кВ – 9 жинақ, АRЕVА (ҚХР);

  • Ток трансформаторы, 220 кВ – 27 инақ, ARTECHE (Испания);

  • Кернеу трансформаторы, 220 кВ – 7 дана, ARTECHE (Испания);

  • Айырғыш 220 кВ – 35 жинақ, АRЕVА (ҚХР);

  • Ұяшық КРУ-10 кВ – 11 жинақ, «КЭМОНТ» АҚ (ҚР);

  • Өз қажеттіліктеріне арналған құрғақ трансформатор, 10/0,4 кВ 630 кВА – 2 дана «Alageum Electric» АҚ (ҚР).

ӘЖ материалдары:

  • ПБ-4 түріндегі аралық тірек «ZHERSY METAL» АҚ, «Метакон» ЖШС (Қазақстан);

  • Анкерлі-бұрыштық тіректер «ZHERSY METAL» АҚ, «Метакон» ЖШС (Қазақстан);

  • Іргетастар «Темірбетон» ЖШС (Қазақстан), «Темiрбетон-1» ЖШС (Қазақстан);

  • ТК-11 найзағайдан қорғайтын арқансым «Белорецкий металлургический комбинат», (Ресей) ААҚ, «INVESTOR-M / MICHEL» (Қазақстан);

  • АС-330/43 маркалы болат аллюминий сым «Қазэнергокабель» АҚ (Қазақстан), Gypta Power Infrastryсtyre Limited (Үндістан);

  • Полимерлі оқшаулағыштар «Интер Инвест Изолятор» ҮЕҰ ЖШҚ (Ресей);

  • ЛПА, шыны оқшаулағыштар «Южноуральский арматурно-изоляторный завод» ААҚ (Ресей);

  • Демпферлік кергіш Mosdorfer компаниясы (Австрия), (Қытай);

  • ОКГТ, ВОК, ОКГТ арналған ЛПА, Оптикалық жалғастырғыш PRYSMIAN CABLES & SYSTEMS (Испания).


Жобаның ағымдағы сипаты: 

I кезең

Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілерімен мынадай объектілер пайдалануға берілді:



      • 500 кВ «500 кВ Алматы ҚС - 500 кВ Алма ҚС» ӘЖ (ұзындығы 63,367 км) - МҚК 26.04.2013ж. актісі;

      • 500 кВ Алма ҚС-дағы 220 кВ «АЖЭО-3 – Робот» және «АЖЭО-3 – Шелек» ӘЖ-нің кірме және шықпа жолдары (ұзындығы 25,942 км) – МҚК 26.04.2013ж. актісі;

      • 500/220/10 кВ Алма ҚС-ны салу - МҚК 11.07.2013ж. актісі;

      • 500 кВ ОҚМАЭС ҚС-ны кеңейту - МҚК 12.12.2013ж. актісі;

      • 500кВ ОҚМАЭС ҚС – 500кВ Алма ҚС 500кВ ӘЖ салу – МҚК 27.02.2014ж. актісі;

      • 500/220/10 кВ Алматы ҚС 500кВ АТҚ кеңейту және қайта құру – МҚК 05.09.2014ж. актісі.

Соңғы «500кВ Алма ҚС-дағы 500, 220 кВ ұяшықтарын және 220кВ Алма-Кенсай 2 тізбекті учаскесін салу» объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, жұмыс комиссиясының 23.10.2014ж. қорытындысына қол қойылды.


Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғырту, II кезең
«Ұлттық электр торабын жаңғырту, ІІ кезең» жобасын іске асыру мақсаты электр энергиясы нарығының жұмыс істеу тиімділігін арттыру, Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді перспективаға арналған ұзақ мерзімді орнықты дамуын қамтамасыз ету, нарық жағдайында электр жабдығының тиімді орнықты жұмысын қамтамасыз ету, тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігі мен сапасын арттыру, жоғары вольттық жабдықтың техникалық және экологиялық қауіпсіздігін арттыру, жабдықты жөндеу мен қызмет көрсетуге жұмсалатын пайдалану шығындарын азайту, Қазақстан БЭЖ-нің техникалық деңгейін арттыру және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2010-2016жж.

Жобаның құны: 46,933 млрд. теңге (меншік қаражаты 2,2 млрд. теңге және ЕҚДБ қарыз қаражаты - €241,9 млн.)

Жобаның сипаттамалары:

I кезек

- 55 қосалқы станцияда жоғары вольтты жабдықтарды ауыстыру;

- 220 кВ бір шунттау реакторын орнату;

- автотрансформаторларды орнату және ауыстыру: 500 кВ - 12 фаза, 220 кВ – 11 жинақ;

- релелік қорғаныш құралдарын жаңғырту және ауыстыру.

II кезек

- 220кВ Түлкібас-Бурный (т) ӘЖ-ні салу – (ұзындығы - 61,8 км.)



Жасалған шарттар:

Жобаның ТЭН-ін 2008 жылы «Энергия» ҚазОЭЖҒЗЖІИ АҚ әзірледі, «Мемсараптама» РМК 06.03.2008ж. №2-59/08 қорытындысы алынды, ҚР құрылыс істері және ТКШ жөніндегі 16.05.2008ж. №04-03 1-1533 бұйрығымен бекітілді.

Жобаның 1-кезегін іске асыру үш пакет бойынша 55 қосалқы станцияны жаңғыртуға жасалған «кілтпен тапсыру» келісім шартына сай жүзеге асырылады:

- 1 және 3-пакеттер –KEC International Ltd. (Үндістан) және «АСПМК 519» ЖШС (Қазақстан) Консорциумымен;

- 2-пакет – KEPCO, Hyundai Engineering Co. және Hyundai Corporation (Корея Республикасы) консорциумымен.

ҚС жабдығы:


  • Автотрансформатор 500 кВ – 12 фаза, «ТВЕА» ААҚ (ҚХР);

  • Автотрансформатор 220 кВ – 11 жинақ, «ТВЕА» ААҚ (ҚХР), Hyundai, (Болгария);

  • Басқаратын шунттаушы реактор 220 кВ – 1 жинақ, «ЗТР» ПАҚ (Украина);

  • Басқарылатын көлденең өтеу құрылғысы – 1 жинақ, SKRM (РФ);

  • Элегаздық ажыратқыш, 500 кВ – 41 жинақ, «Siemens» (РФ), Alstom (Франция);

  • Айырғыш 500 кВ – 28 жинақ, «Siemens» (РФ);

  • Ток трансформаторы, 500 кВ – 15 дана Trench (Франция);

  • Кернеу трансформаторы, 500 кВ – 63 дана, Siemens, Тrench (Италия);

  • Элегаздық ажыратқыш 220 кВ – 55 жинақ, «Siemens» (РФ), АВВ (Швеция);

  • Ток трансформаторы, 220 кВ – 303 жинақ, Trench (Франция);

  • Кернеу трансформаторы, 220 кВ – 151 дана, Trench (Франция, Италия);

  • Айырғыш 220 кВ – 221 жинақ, ALSTOM (Италия), «Siemens» (РФ);

  • Элегазды ажыратқыш 110 кВ – 120 жинақ, «Siemens» (РФ), АВВ (Швеция);

  • Ток трансформаторы, 110 кВ – 324 жинақ, Trench (Франция);

  • Кернеу трансформаторы, 110 кВ – 103 дана, Trench (Франция, Италия);

  • Айырғыш 110 кВ – 466 жинақ, ALSTOM (Италия), «Siemens» (РФ);

  • Ажыратқыш 35 кВ – 192 жинақ, ABB (Үндістан), «Siemens» (Үндістан);

  • Кернеу трансформаторы, 35 кВ – 159 дана, RITZ (ГФР);

  • Айырғыш 35 кВ – 494 жинақ, ALSTOM (Италия), «Siemens» (РФ);

  • Трансформаторлар СН 35 кВ – 8 дана, Sanil (Корея);

  • Ұяшық КРУ-10 кВ – 793 жинақ, Siemens, «Алматинский ЭМЗ» ЖШС, «КЭМОНТ» АҚ (ҚР);

  • Өз қажеттілігіне арналған құрғақ трансформатор, 10 кВ– 73 дана, Sanil (Корея), «Группа «СВЭЛ» ЖАҚ (РФ), «ТВЕА» ААҚ (ҚХР).

Жобаның ағымдағы дәрежесі:

Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілерімен 55 ҚС-дан 33 ҚС пайдалануға берілді. 6 ҚС бойынша МҚК актілері қол қойылды және Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілеріне қол қойылды. Қалған 4 ҚС бойынша жұмыс комиссиясының қорытындысына қол қойылуда.

Жобаны іске асырудың 2-кезеңі бойынша трассаларды таңдау мен келісу және 220кВ Түлкібас-Бурное (т) ӘЖ бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Павлодар энергия торабының Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту
Жобаны іске асыру мақсаты энергия торабының Қазақстан БЭЖ-мен 220кВ кернеуде электрлік байланысын салу жолымен Павлодар энергия торабының энергетикалық жүйесі жұмысының сенімділігін арттыру болып табылады.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2011-2016 жж.

Жобаның құны: 5,5 млрд. теңге (меншік қаражаты).
Жобаның сипаттамасы:


  • 110 кВ Павлодар ҚС-дағы 220кВ АТҚ салу;

  • 220 кВ ЕЭК – Промышленная ӘЖ салу (ұзындығы 54 км);

  • 110 кВ ЕЭК – Павлодар ӘЖ-ні 220 кВ кернеуге ауыстыру (21,7 км);

  • 220 кВ ЕЭК АТҚ кеңейту

Жасалған шарттар:

Жобаның ТЭН-ін 2012 жылы «Энергия» ҚазОЭЖҒЗЖІИ АҚ әзірледі, «Мемсараптама» РМК 20.03.2012ж. №01-114/12 қорытындысы алынды, ҚР құрылыс істері және ТКШ жөніндегі 04.17.2012ж. №319-пир бұйрығымен бекітілді.

Жобаны іске асыру үшін «ТПЭП» ЖШС-мен объектілерді салуға 26.04.2013ж. ұзақ мерзімді «кілтпен тапсыру» №25-Д-382 шарты жасалды.

ҚС жабдығы:


  • Автотрансформатор 220, 125 МВА - 2 дана, «Siemens» (РФ);

  • Элегаздық ажыратқыш 220 кВ - 5 жинақ, ALSTOM (Италия);

  • Кернеу трансформаторы 220кВ – 7фаза, ALSTOM (Италия), Кончар (Хорватия);

  • Ток трансформаторы 220 кВ - 9 фаза, ALSTOM (Италия), Кончар (Хорватия);

  • Айырғыш 220 кВ - 20 жинақ, ALSTOM (Италия), Хапам (Польша);

  • Элегаздық ажыратқыш 110 кВ - 1 жинақ, «Siemens» (РФ);

  • Айырғыш 110 кВ - 4 жинақ, ALSTOM (Италия);

  • Ток трансформаторы 110 кВ - 81 фаз. Кончар (Хорватия).

ӘЖ материалдары:

  • ПБ-4 түріндегі аралық тірек «ANT-PROM» Сауда үйі ЖШҚ (Ресей); «Омский Электромеханический завод» ЖШҚ (Ресей); «Zhejifng Tec Tower», ҚХР;

  • Анкерлі-бұрыштық тіректер «ANT-PROM» Сауда үйі ЖШҚ (Ресей);- «Омский Электроме-ханический завод» ЖШҚ, РФ;- «Zhejifng Tec Tower», ҚХР;

  • Іргетастар «Темірбетон» ЖШС (Қазақстан), «Мехколлона №59» өндірістік кооперативі» ЖШС (Қазақстан);

  • Найзағайдан қорғайтын арқансым ТК-11 «Белорецкий металлургический комбинат» ААҚ, (Ресей);

  • «Қазэнергокабель» АҚ (Қазақстан), «ТД АзияЭлектрик» ЖШС (Қазақстан) маркасының болат аллюминий сымы;

  • ЛПА, шыны оқшаулағыштар «VALSA Ltd» ЖШС (өндірушілер – «Товарковский завод высоковольтной арматуры» ААҚ, Тульская обл.), «Фирма «ОРГРЭС» ЖШС, Москва қ. (Ресей); «ПТК «ВЛ-КОМПЛЕКТ» ЖШҚ, Симферополь қ. (Ресей); «РМЗ» ЖАҚ, Днепропетровск қ., Украина); «ЮИК» ЖАҚ, Южноуральск қ. (Ресей);

  • ОКГТ, ВОК, ОКГТ арналған ЛПА, Оптикалық жалғастырғыштар «PRYSMIAN cables&systems» (Испания).

Жобаның ағымдағы сипаты:

Жобаны іске асыру шеңберінде объектілерді салуға «толығымен орындау» ұзақ мерзімді шарты жасалды:



  • бір тізбекті 220 кВ Промышленная – «ЕЭК» АҚ ЭЖ ӘЖ салу (ұзындығы 54,1 км);

  • жұмыс істеп тұрған 110 кВ Павлодар – «ЕЭК» АҚ ЭЖ 220кВ кернеуге көшіру (21,5 км);

  • 110 кВ Павлодар ҚС-дағы 220кВ АТҚ салу;

  • «ЕЭК» АҚ ЭЖ-дағы 220кВ АТҚ қайта құру және кеңейту;

  • 500 кВ ЭГРЭС-1 – «ЕЭК» АҚ ЭЖ ӘЖ (121,8 км) найзағайдан қорғайтын арқансымды найзағайдан қорғайтын арқансым кіріктірілген талшықты-оптикалық байланыс желісіне (ОКГТ) алмастыру.

Жобаның объектілері бойынша инженерлік іздестіру жұмыстары бойынша жоспарланған көлем орындалды, мемлекет табысына ауыл шаруашылығының ысыраптары мен мемлекет меншігіндегі жерлерде құрылыс жүргізуге бөлінген учаскелер үшін жалдау мөлшерлемелері төленді (қор жерлері, кент округтары, қала және т.б. жерлері). Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, объектілерді салу кезеңіне жер телімдерінің иелерінен және жер пайдаланушылардан жер телімдерін бөлу жұмыстары жүргізілуде.

500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісін салу
«500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісін салу» жобасын іске асыру мақсаты Ресей БЭЖ желісі арқылы өтетін электр энергиясы транзитіне қарамастан Солтүстік-Шығыс қимасындағы желілердің өткізу қабілетін арттыру, Шығыс Қазақстан облысының тапшылығын жабуды қамтамасыз ету, контрреттеуіш Бұлақ ГЭС-ті ендірген кезде Шүлбі ГЭС (ШГЭС) толық қуатын беру болып табылады.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2011-2017жж.

Жобаның құны: 43,3 млрд. теңге (меншік қаражаты).

Жұмыс орындарының саны: құрылыс кезеңінде 747 адам, пайдалану кезеңінде 32 адам.

Жобаның сипаттамасы:

- 500 кВ Екібастұз-Семей ӘЖ (402,2 км) салу;

- 500 кВ Семей – Өскемен ӘЖ (194,9 км) салу;

- 220 кВ Семей – ШГЭС ӘЖ (80,9 км) салу;

- 500 кВ Семей ҚС 220кВ АТҚ-дағы 220 кВ 51 ҚС – 18 ҚС ӘЖ-ның (14,8 км) кірме және шықпа жолдарын салу;

- 500 кВ Семей ҚС 220 кВ АТҚ-дағы 220кВ 18 ҚС – ШГЭС ӘЖ (12,6 км) кірме және шықпа жолдарын салу;

- 500 кВ Семей ҚС салу;

- 1150 кВ Екібастұз ҚС-дағы 500 кВ АТҚ-ны кеңейту;

- 500 кВ Өскемен ҚС-дағы 500 кВ АТҚ-ны кеңейту;

- 220 кВ Шүлбі ГЭС (ШГЭС) АТҚ-ны кеңейту.



Жасалған шарттар:

Жобаның ТЭН-ін 2011 жылы «Энергия» ҚазОЭЖҒЗЖІИ АҚ әзірледі, «Мемсараптама» РМК 30.12.2011ж. №01-627/11 қорытындысы алынды, ҚР құрылыс істері және ТКШ жөніндегі 21.06.2012ж. №267-пир бұйрығымен бекітілді.

Төмендегі ӘЖ мен ҚС объектілерін «толығымен салуды» қоса алғанда, «500кВ ШГЭС (Семей) – Өскемен ӘЖ-ні салу» объектілерін «кілтпен тапсыру» кешенді жұмыстарын ұзақ мерзімді сатып алу жөнінде шарт жасалды:

- 1150 кВ Екібастұз ҚС   500 кВ Семей ҚС 500 кВ ӘЖ-ні салу, 500 кВ Семей ҚС   500 кВ Өскемен ҚС 500 кВ ӘЖ-ні салу - 29.12.2012ж. № 25-Д-1276 «Промстрой-Энерго» ЖШС-мен жасалған;

- 500 кВ Семей ҚС – Шүлбі ГЭС АТҚ 220 кВ ӘЖ-ні салу, 500 кВ Семей ҚС-дағы 220 кВ 51 ҚС – 18 ҚС ӘЖ-нің кірме және шықпа жолдарын салу, 220 кВ 18 ҚС   Шүлбі ГЭС ӘЖ 500 кВ Семей ҚС-дағы кірме және шықпа жолдарын салу - 29.12.2012ж. № 25-Д-1277 "Карэлектроспецстрой" ЖШС-мен жасалған;

- 500/220/10 кВ Өскемен ҚС-ны кеңейту - 28.12.2012ж. № 25-Д-1263 "ЭнергоПромСтройсервис" ЖШС-мен жасалған;

- 220 кВ Шүлбі ГЭС (ШГЭС) АТҚ кеңейту - 28.12.2012ж. № 25-Д-1262 "ЭнергоПромСтройсервис" ЖШС-мен жасалған.

- 1150 кВ Екібастұз ҚС 500 кВ АТҚ кеңейту - 14.01.2013ж. № 25-Д-19 «Промстрой-Энерго» ЖШС және «ЭнергоСтройПроект» ЖШС консорциумымен жасалған;

- 500/220/10 кВ Семей ҚС салу - 19.04.2013ж. № 25-Д-354 "Компания "Сәтті жол" ЖШС-мен жасалған.

ҚС жабдығы:

- 500/220/10 кВ бір фазалы күштік автотрансформатор, 167 МВА – 4 фаза, «ПАО «ЗТР»;

- 500кВ бір фазалы шунттаушы, басқарушы реактор 60 000 кВАр -3 фаза, «ПАО «ЗТР»;

- 500кВ бір фазалы шунттаушы реактор, 60 000 кВАр -3 фаза, «ПАО «ЗТР»;

- 500 кВ Элегаздық ажыратқыш - 7 жинақ, «ALSTOM»;

- 500 кВ ток трансформаторы - 15 дана, «ARTECHE S.L.»;

- Кернеу трансформаторы сыйымды - 30 дана, «ARTECHE S.L.»;

- 500 кВ айырғыштар - 43 жинақ, «Siemens»;

- 220 кВ элегаздық ажыратқыш - 10 жинақ, «Siemens»;

- 220 кВ ток трансформаторы– 27 дана, «ARTECHE S.L.»;

- Кернеу трансформаторы сыйымды, 220 кВ – 9 дана, «ARTECHE S.L.»;

- 220 кВ ажыратқыштар - 30 жинақ, «Siemens»;

- 35 кВ элегаздық ажыратқыштар - 1 жинақ, «Siemens»;

- 35 кВ ток трансформаторы - 2 дана, «ARTECHE S.L.»;

- 35кВ кернеу трансформаторы – 1 дана, «ARTECHE S.L.»;

- 35 кВ айырғыштар – 2 дана, «Siemens»;

- Өз қажеттіліктеріне арналған трансформатор құрғақ, 10/0,4 кВ, 630 кВА - 2 дана, «Alageum Electric» АҚ, ҚР;

- 10 кВ ток шектеуіш реактор - 3 дана, «ГруппаСвердловЭлектро», РФ.



ӘЖ материалдары:

      • ПБ-4 түріндегі аралық тірек «ANT-PROM» Сауда үйі ЖАҚ (Ресей); - «Омский Электромеханический завод» ЖАҚ (Ресей); - «Zhejifng Tec Tower», ҚХР.

      • Анкерлі-бұрыштық тіректер «ANT-PROM» Сауда үйі ЖАҚ (Ресей); - «Омский Электромеханический завод» ЖАҚ (Ресей); - «Zhejifng Tec Tower», ҚХР.

      • Іргетастар «Темірбетон» ЖШС (Қазақстан), «Мехколлона №59» өндірістік кооперативі» ЖШС (Қазақстан)

      • Найзағайдан қорғайтын арқансым ТК-11 «Белорецкий металлургический комбинат» ААҚ, (Ресей)

      • «Қазэнергокабель» АҚ (Қазақстан), «ТД АзияЭлектрик» ЖШС (Қазақстан) маркалы болат аллюминий сым.

      • ЛПА, шыны оқшаулағыштар «VALSA Ltd» ЖШС (өндірушілер –«Товарковский завод высоковольтной арматуры» ЖАҚ, Тульская обл.), «Фирма «ОРГРЭС» ЖАҚ, Москва қ. (Ресей); «ПТК «ВЛ-КОМПЛЕКТ» ААҚ, Симферополь қ. (Ресей); «РМЗ» ЖАҚ, Днепропетровск қ., Украина); - «ЮИК» ЖАҚ, Южноуральск қ. (Ресей)

      • ОКГТ, ВОК, ОКГТ арналған ЛПА, Оптикалық жалғастырғыштар «PRYSMIAN cables&systems» (Испания).


Жобаның ағымдағы сипаты:

220 кВ, 500 кВ желілердің трассалары мен қосалқы станциялардың алаңдары бойынша инженерлік зерттеулер жүргізілді. 500 кВ «500 кВ Семей ҚС - 500 кВ Өскемен ҚС» ӘЖ бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, «мемсараптама» РМК-ның 02.10.2014ж. № 01-0606/14 қорытындысы алынды. 500 кВ «Семей» ҚС құрылысы бойынша 1, 2 және 3-сатысында жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, «Мемсараптама» РМК-ның 26.09.2014ж. №01-0586/14, 12.11.2014ж. №01-0695/14 және 11.12.2014ж. №01-0748/14 қорытындысы алынды. По строительству заходов-выходов 220 кВ «51 ҚС – 18 ҚС» мен «18 ҚС – Шүлбі ГЭС ҚС» ӘЖ-нің 500 кВ «Семей» ҚС-дағы кірістері мен шығыстарын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, «Мемсараптама» РМК-ның   27.10.2014ж. №06-0326/14 және 27.10.2014ж. №06-0325/14 қорытындылары алынды. 220 кВ «500 кВ Семей ҚС – Шүлбі ГЭС» ӘЖ құрылысы бойынша ЖСҚ әзірленіп, «мемсараптама» РМК-ның 25.11.2014ж. №01-0719/14 қорытындысы алынды. Қалған объектілер бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, 220 кВ, 500 кВ ӘЖ мен 500 кВ ҚС бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, материалдар жеткізілуде.



500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) - Ақтоғай - Талдықорған – Алма ӘЖ-ні салу


Жобаны іске асыру мақсаты Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік бағытында ҰЭТ транзитінің әлеуетін арттыруға, электрлендірілетін темір жол учаскелеріндегі, тау-кен өнеркәсібінің энергияны көп қажет ететін объектілеріндегі электр энергиясына деген қажеттілікті өтеуді қамтамасыз етуге, шекаралас аумақтардың дамуы үшін жағдай жасауға, жаңартылатын энергияның әлеуетін көлемді игеруге, сонымен қатар Шығыс аймақтың Қазақстанның Біртұтас электр жүйесімен байланысын күшейтуге мүмкіндік береді.



Жобаны іске асыру мерзімі: 2012-2018жж;

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 76,8 млрд. теңге (меншік қаражаты 8,5 млрд. теңге және қарыз қаражаты - $ 68,3 млрд. тенге ұзақ мерзімді облигацияларды шығару есебінен)

Жұмыс орындарының саны: құрылыс кезеңінде 1114 адам, пайдалану кезеңінде 65 адам.
Характеристики проекта:

  • 500 кВ Семей   Ақтоғай ӘЖ салу (ұзындығы 390,8 км);

  • 500 кВ Ақтоғай – Талдықорған ӘЖ-ні салу (285,6 км);

  • 500 кВ Талдықорған   Алма ӘЖ-ні салу (206,7 км);

  • 220 кВ ӘЖ-нің 500 кВ Талдықорған ҚС-дағы кірме және шықпа жолдарын салу (жалпы ұзындығы 143,4 км);

  • 500 кВ Ақтоғай ҚС салу;

  • 500 кВ Талдықорған ҚС салу;

  • 500 кВ Алма ҚС кеңейту;

  • 500 кВ Семей ҚС кеңейту.

Жасалған шарттар:

Жобаның ТЭН-ін 2013 жылы «ЭнергоСтрой Проект» ЖШС әзірледі, «Мемсараптама» РМК 30.09.2013ж. №01-0696/13 қорытындысы алынды, ҚР құрылыс істері және ТКШ жөніндегі 04.12.2013ж. №362-пир бұйрығымен бекітілді.

«Шындау» ЖШС-мен инженерлік зерттеулер жүргізу, ӘЖ трассаларын таңдау және келісу үшін 11.04.2013ж. №25-Д-306 шарт жасалды. Жобаны іске асыру үшін «Промстрой-энерго» ЖШС-мен мына объектілерді салуға 31.01.2014ж. №25-Д-35 ұзақ мерзімді «кілтпен тапсыру» шарты жасалды:


  • 500 кВ «500 кВ Семей ҚС   500 кВ Ақтоғай» ӘЖ салу; 500 кВ «500 кВ Ақтоғай   500 кВ Талдықорған ҚС» ӘЖ салу; 500 кВ «500 кВ Талдықорған ҚС   500 кВ Алма ҚС» ӘЖ салу; 220 кВ «Сарыөзек ҚС –№ 152 Талдықорған ҚС» ӘЖ-нің 500 кВ Талдықорған ҚС-дағы кірме және шықпа жолдарын салу; 500/220/10 кВ Алма ҚС кеңейту және қайта құру; 500/220/10 кВ Семей ҚС қайта құру; 500/220/10 кВ Ақтоғай ҚС-ны салу; 500/220/10 кВ Талдықорған ҚС-ны салу.

ҚС жабдығы (Өндірушілер анықталған жоқ):

  • 500/220/10 кВ автотрансформаторлар, 167 МВА – 8 фаза;

  • Үш фазалы шунтталатын басқарылатын реактор, 180МВАр, 500 кВ – 3 жинақ;

  • Бір фазалы шунтталатын реактор, 60МВАр, 500 кВ – 10 фаза;

  • Элегаздық ажыратқыштар, 500 кВ – 16 жинақ;

  • 500 кВ айырғыш – 32 жинақ;

  • Ток трансформаторы, 500 кВ – 54 дана;

  • Кернеу трансформаторы, 500 кВ – 48 дана;

  • Ток шектейтін реактор 10 кВ – 6 фаза;

  • Элегаздық ажыратқыш 220 кВ – 10 жинақ;

  • Ток трансформаторы, 220 кВ – 30 жинақ;

  • Кернеу трансформаторы, 220 кВ – 14 дана;

  • 220 кВ айырғыш – 30 жинақ;

  • Вакуумды ажыратқыш, 35кВ – 1 жинақ;

  • 35 кВ айырғыш – 2 жинақ;

  • Ток трансформаторы, 35 кВ – 2 дана;

  • Кернеу трансформаторы, 35 кВ – 1 дана;

  • Ұяшық КРУ-10 кВ – 21 жинақ;

  • Өз қажеттілігіне арналған трансформатор құрғақ, 10/0,4 кВ 630 кВА – 4 дана;

  • Қарымталау реакторы 35 кВ, 16000 кВА – 1 дана.

Жобаның ағымдағы сипаты:

Қазіргі уақытта «Шындау» ЖШС-мен жасалған 11.04.2013ж. №25-Д-306 500кВ ӘЖ трассалары мен қосалқы станциялардың алаңдары бойынша трассаларды таңдау мен келісу және инженерлік зерттеулер бойынша жұмыстар жүргізілуде.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет