1-қыркүйек Білім күнінің жоспары



Дата13.04.2023
өлшемі46 Kb.
#472183
Білім күні 2022-23оқу ж


1-қыркүйек Білім күнінің жоспары

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу


2. Қонақтардың орналасуы
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару.
4. Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру
5.Әнұран шырқалады.
6. Құттықтау сөз (қонақ, ата-ана,ұстаз)
7. Ән жолданады.
8. 1- сынып оқушыларының әдеби монтажы
9. Салтанатты жиынның жабылуы.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару
11.Алғашқы қоңырау қағылады.
12.. Салтанатты жиынды жабу үшін мектеп директорына сөз беріледі.
13.Салтанатты жиын 1-сынып оқушыларының алғашқы сабақтарымен жалғасады.
(Әуен ойналып тұрады)

1-қыркүйек Білім күні
I жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар және қонақтар!
ІІ жүргізуші:
Арма ағайын, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар!
І жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!
ІІ жүргізуші:
2022 жыл сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның тарихынан ойып алар өзіндік орны бар жыл. Биыл республика, облыс, аудан көлемінде қоғамдық маңызы бар бірқатар мерейтойлар аталып өтілуде Атап айтар болсақ,
-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл,
-Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы,
-Қазақстанның БҰҰ-ға кіруіне 30 жыл,
-Мәншүк Мәметованың 100 жылдығы,
-Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығы,
-Роза Бағланованың 100 жылдығы,
-Талғат Бигелдиновтің 100 жылдығы
- 2022 жылы Балалар жылы.
І жүргізуші:
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
ІІ жүргізуші:
Қуаныш бүгін- мереке
Шуағын шашып тұр әлем
Мектепке келген алғашқы
Жан досым, саған мың сәлем- дей келе 1 «а» сынып оқушыларын білім әлеміне жоғары білімді, педагог- сарапшы, 27 жыл еңбек өтілімі бар ұстазымыз Шайзада Алия бастап апарады.
І жүргізуші:
Қарсы алыңыздар келесі 1 «Ә» сынып оқушыларын білім әлеміне Жоғары білімді, педагог- сарапшы 14-жыл еңбек өтілімі бар ұстазымыз Сынал Юра бастап апарады.
ІІ жүргізуші:
І жүргізуші:
Көк тудың желбірегені
Жаныма қуат береді,
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі
Көк тудың желбірегені –
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ресми түрде енгізілсін.
(Туды енгізу рәсімі)
Барлығы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайды.
ІI жүргізуші:
Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
1.________________________________________________________________
2.________________________________________________________________
І жүргізуші:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл- Фараби, Омар Хаям, Абай да.
ІI жүргізуші:
«Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Талғатбек Бисолтанұлына беріледі.
І жүргізуші
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.
Сөз кезегі қадірменді қонақтарда.
(қонақтарға сөз беріледі)
1.________________________________________________________________
2.________________________________________________________________
ІI жүргізуші:
Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты да болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін!
Төмендемесін талабың!
Сөз кезегін мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған бүлдіршіндерге беріледі.


ІI жүргізуші:
Әсем әнге кезек берсек, мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған бүлдіршіндердің орындауында


I жүргізуші:
Ата-ана болу үлкен сын
Бала өсіру ұлы өнер
Жақсылардың орнынан
Жарқын қыз бен ұл ерер
1- сынып ата-аналарына сөз берейік
1.________________________________________________________________
2.________________________________________________________________


ІI жүргізуші:
Сіздердің құрметтеріңізге, ақ тілектеріңізге арнап ән: __________________ орындайтын


I жүргізуші:
Қоңырау сыңғырла асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле сен биік шың басына
ІI жүргізуші:
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына
I жүргізуші:
Алғашқы қоңырау салтанатты. Алғашқы қоңырау соғу салтанатына 11 сынып оқушы ________________________________________________
пен 1 сынып оқушысы ______________________________ ие болып отыр.
Соғылсын қоңырау, соғылсын!
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға
Шаттықтың үніндей мәңгілік

Соғылсын қоңырау, соғылсын,


Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.
ІI жүргізуші: ҚР мемлекеттік туын шығару салтанаты
I жүргізуші:
Ал енді 1- оқушыларын алғашқы ұстаздарымен білім жолындағы қызықтарға толы әлемге саяхатына сәт-сапар тілеп шығарып салайық.
ІI жүргізуші:
Құрметті оқушылар, баршаңызды білім күніне арналған «Білімге
ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты сабаққа шақырамыз! Осымен алғашқы қоңырау мерекесіне арналған салтантты жиын жабық деп жарияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет