Келісемін:
Күні: 08.02.19 ж.
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Балықтар
Мақсаты-міндеттері:
*Балаларға балықтар туралы түсінік беру және адам ағзасына балықтың дәрумен ретінде қажеттілігі туралы түсіндіру.
*Балықтың табиғатта баға жетпес сый екенін айта отырып,балықты зерттеу мен әртүрлі тапсырмалар орындату арқылы балалардың ерекше ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
*Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ –жауап, әңгімелеу, тапсырмалар орындау, логикалық ойын, балықты зерттеу, слайд көрсету .
Көрнекіліктер: Зерттеуге арналған қажетті құралдар, карась, шортан, сазан балықтары, лупа, бассейн, ойыншық балықтар мен қармақтар, ойын-тапсырмалар, интерактивтік тақтадан видео, слад, суреттер.
Достарыңызбен бөлісу: |