Қызылорда облысы.Қазалы ауданы.Қазалы қаласы.№3 «Өрімтал» балабақшасы
тәрбиеші Толыбаева Феруза Сраждиновна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі
Экология
Тақырыбы: «Су-өмірдің нәрі»
Тәрбиеші: Ф.Толыбаева
ІІ кіші«Тайбурыл» тобы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Экология
Тақырыбы: «Су -өмірдің нәрі»
Мақсаты:Балаларды судың қасиетімен,пайдасымен таныстыру.Суға тәжірибе жасау арқылы оның түсімен,дәмімен таныстыру.Суды ластамауға,үнемдеп пайдаоануға үйрету.
Көрнекілігі: Тәжірибе жасауға аранлған ыдыстар,мұз,өзен,көлдер суреті.
-Балалар бізге бүгін көп қонақтар келіпті.Олай болса қонақтармен амандасайық.
-Саламатсыздар ма?
-Балалар жылы лебізімізді білдіріп, тілегімізді айтайықшы.
Аспанымыз ашық болсын,
Нанымыз көп болсын.
Суымыз мөлдір болсын,
Күн нұрлы болсын.
Жарайсыңдар тілектерің қабыл болсын.
Балалар сендер қандай боласыңдар?
Балалар: Ерте тұрып жуынған
Тазалықты қуынған
Мудай мөлдір тазамыз
Суды сүйген баламыз.
-Жарайсыңдар балалар судың тағы қандай пайдасы бар?
- Сумен жуынамыз, ішеміз, ыдыс жуамыз, тамақ істейміз, гүлге су құямыз.
Тосын жай
Топқа шар ұшып келеді.
-Балалар қараңдаршы, бізге шар ұшып келді шарға хат жіберіпті ашып қарайық не жазылған екен.
Құрметті «Өрімтал» балабақшасының «Тайбурыл» тобының балалары, біз орман тұрғындары сіздерден көмек сұраймын.Біздің тұратын үйімізді өрт шалды, көмек керек.
-Балалар достарымызға көмектесеміз бе?
-Көмектесеміз
-Ормандағы өртті немен сөндіреміз?
-Сумен
Бейнетаспадан сылдырлаған судың дыбысы естіледі.
-Балалар мына дыбыс ненің дыбысы.
-Ағып жатқан судың дыбысы.
Су ханшайымы топқа кіріп келеді. Балалар мен сендердің дауыстарыңды есітіп келдім.
-Құрметті су ханшайымы, бізге көмектесіңізші біздің достарымыздың үшін өрт шалды соған бізге су керек.
Су ханшайымы: -Мен сендерге көмектесемін. Бірақ менің тапсырмамды орыңдасаңдар.
Сендерге беретін бірінші тапсырмам
-Су дегеніміз не?
Тәрбиеші:
-Балалар табиғаттың бізге берген сыйы су. Сусыз тіршілік жоқ. Жердің көп бөлігін су алып жатыр.
(глобустан көрсету) Мына көк түстің бәрі су.
Балалар су үш түрге бөлінеді.
1. Сұйық 2. Қатты 3. Бу
Сұйық су біз күнде пайдаланып жүрген суымыз.
Тәжірибе жасау:
-
Бір ыдыстан-ыдысқа құйып көрсету. Бұл судың сұйық күйі.
-
Су мұзға айналғанда қатты күйде болады. Қыста қар жауады, қар ерісе су болады. Мұз қыста болады.. Міне балалар мұз әйнек сияқты болады. (Мұз орнына әйнек көсету)
-
Су бу түрінде болады.
Шәйнектегі қайнаған судың қақпағын ашып, буына тақтайшаны ұстап, онда су тамшылары пайда болғанын көрсету.
Балалар су ащы және тұщы болады.
Ащы су теңіздерде, көлдерде, мұхиттарда болады. Ащы суды адамдар ішуге болмайды. Ондай сумен бау бақшаны суаруға болады.
Тұщы су өзендерде, құдықтарда, жаңбырдың суы тұщы, бұл суды адамдарға қолдануға болады екен.
-Балалар судың дәмі, исі, түсі болмайды екен.
Тәжірибе жасау. Су құйылған ыдысты иіскету.
-Балалар не байқадыңдар
-Исі жоқ
-Дәмі де жоқ.
-Балалар суды ластауға болмайды екен. Лас суды іше алмайсың. Балықтар, өсімдіктер лас суда тіршілік ете алмайды екен.
Су хан: -Жарайсыңдар балалар сендер менің бірінші тапсырмамды жақсы орындадыңдар енді келесі тапсырмамды айтайын. Кім маған су туралы мақал-мәтел, тиым сөздер айтып береді.
Айдын: 1. Су бар жерде ырыс бар
Қ. Жанерке: 2. Таза болсаң судай бол
Бәрін жуып кетірген.
Құралай: 3. Сулы жер құрақсыз болмас
Таулы жер бұлақсыз болмас
Енді суға байланысты тиым сөз айтайықшы.
Ақерке: 1. Су ішкен құдығыңа түкірме
Данияр: 2. Суды ретсіз төгуге болмайды, үнемдеу керек
3. Су шашып ойнама
-Балалар суды дұрыс пайдалану керек, суды сақтау керек. Суды сақтау үшін не істеу керек?
-Суды калонкалардан көп ағызбай жауып қою керек.
Су ханшайымы: -Жарайсыңдар балалар сендер бұл тапсырмамды да дұрыс орындадыңдар. Енді соңғы тапсырма беремін, соны орындасаңдар көмектесемін мен сендерге су беремін.
-Онда балалар келесі тапсырманы орындайық.
Су ханшайымы: Балалар ойын ойнағыларың келе ма?
-Ия
Дид. ойын: «Кім тапқыр»
Ойын шарты: Суды қажет ететін заттарды тауып, орналастыру қажет.
-Дұрыс балалар қандай суреттерді орналастырдыңдар.
-Гүл, адам, жануа, балық.
-Неге гүлді алдыңдар?
-Гүлге су құямыз
-Неге балықты алдың ?
-Балық сусыз өмір сүре алмайды.
Су ханшайымы: Жарайсыңдар балалар енді мен сендерге көмектесемін, достарың өрттен қорғау үшін сендерге су беремін.
Тәрбиеші: -Рахмет саған су ханшайымы
-Балалар енді су қайда болады екен?
-Өзен көлдер де, құдық та, бұлақта болады.
-Судың дәмі, түсі бар ма екен?
-Түсі, дәмі жоқ.
-Суды ластауға болама балалар?
-Болмайды
Жарайсыңдар балалар сендер су туралы біраз нәрсе білетін болдыңдар, сабағымыз осымен аяқталды, балалар келген апайларға сау болыңыздар дейік.
-Сау болыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |