Келісілді
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
вице-министрі
(подпись имеется) С. Сарсенов
2012 жылғы «26» наурызы
|
Бекітемін
Қазақстандық АТ- компаниялары қауымдастығының президенті,
Интернеттің ұлттық сегменті жоғары деңгейлі доменінің әкімшісі
(подпись имеется) Н. Исин
2012 жылғы «26» наурызы
|
«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі
1.Кіріспе
2. Негізгі анықтамалар
3. «Қаз» доменінің жұмыс істеуі
4. Қызметтерді анықтау, Whois- сервисі
5. Домендік атаулардың түрі
6. Тіркеуді ашу кезеңдері
-
Кіріспе
Әрбір азаматтың күнделікті өмірінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу үшін ұлттық әліпбидің рәміздерін пайдалану арқылы Интернет желісі ресурстары адрестеу мүмкіндігі болуы қажет.
ICANN корпорациясы интернационалдандырылған (IDN – Internationalized Domain Names) домендік атауларын тез тіркеу үшін FastTrack тиісті рәсімдерін бекітті. Кез келген ел белгіленген талаптарды орындау кезінде ұлттық әліпбидің рәміздерін пайдаланумен (FastTrack) домендік атауды тіркеудің тездетілген рәсімдерінен өту үшін өтінім бере алады.
Осы құжат негізгі ұғымдар мен анықтамаларды және «ҚАЗ» доменін енгізу тәртібін сипаттайды.
Екінші және үшінші деңгейдегі домендерді .ҚАЗ аймағында тіркеу Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiнiң домендiк кеңiстiгiн тiркеу, пайдалану және тарату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
Домендік атау (Domain Name) – Интернет желі объектісіне атаулы жолданымға арналған желісіндегі адрестеу ережелеріне сәйкес қалыптастырылған, белгілі бір желілік мекенжайға сәйкес келетін рәміздік (әріптік - цифрлық) белгі.
Домен «.ҚАЗ» – ұлттық әліпбидің рәміздерін (Cyrillic (Kazakh), ISO «kk» бойынша коды) пайдалану арқылы екінші деңгейлі домендік атауларды тіркеуге арналған жоғары деңгейлі интернационалдандырылған домен.
Домендік атауды ұсыну – домендік атаудың жұмысы қабілетін домендік атаулар жүйесіне (DNS) ол туралы мәліметтерді беру арқылы жүзеге асыру. Ұсынудың шарты тізілімінде кемінде екі DNS – сервері туралы мәліметтердің бар болуы болып табылады.
Домендік атауды беру – PUNYCODE (RFC-3490, 3491, 3492 –де келтірілген) алгоритмге сәйкес домендік атауды жасау нәтижесінде алынған домендік атау. Латындық әліпби ғәріптері, сандары және дефистері түрінде ғана ұсынуы мүмкін (ASCII-рәміздері).
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) –ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
«.ҚАЗ» домендік атаудың әкімшісі – жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атауының тұрақты жұмысын қолдайтын басқарушы және қаржыландыратын ұйым ретіндегі уәкілетті органның өтініші бойынша ICANN ( Internet Corporation for Assigned Names and Numbers – атаулары мен нөмірлерін меншіктеу бойынша Интернет корпорациясы) халықаралық үйлестіруші ұйымымен аккредиттелген, коммерциялық емес ұйым.
Тізілім – құрамында тіркелушілердің өтінімдеріне сәйкес құрамында барлық міндетті мәліметтері бар, жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атауларда тіркелген барлық домендік атаулардың деректер қорының орталықтандырылған жиынтығы;
Домендік атауды тіркеу – тіркелушінің өтініміне сәйкес тіркеушінің тіркелген домендік атау туралы мәліметті Тізілімге қосу және тіркелушіге домендік атауы туралы мәліметтерді басқаруға уәкілеттік беру.
Тіркеу орны – жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атау әкімшісі уәкілетті органның және ICANN (Internet Corporation for Assigned Names and Numbers) халықаралық ұйымының келісімі бойынша белгілейтін, Интернет желісінде жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атаулардың тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым.
Тіркеуші – тіркеушілерге домендік атауды тіркеу бойынша қызметтер көрсететін, тіркеу орны мен тіркеуші арасында жасалған келісімге (шартқа) сәйкес ақпаратты тізілімге енгізуді қамтамасыз ететін және тіркелушінің тіркеу орнында домендік атауды басқару жөніндегі құқықтарын іске асыратын жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атау әкімшісімен аккредиттелген Қазақстан Республикасының резиденті, заңды тұлға;
Тіркелуші –тіркелушіге домендік атауды тіркеу үшін өтінім мен міндетті құжаттарды (ұзарту,өзгерту, тапсыру, трансфері, жою) жолдаған және тіркеу кезеңінде оның меншік иесі болып табылатын, тіркелген домендік атау туралы мәліметтерді басқару бойынша құқықтар мен міндеттерге ие жеке немесе заңды тұлға.
3. «.ҚАЗ» доменінің жұмыс істеуі
«.ҚАЗ» жоғары деңгейлі домендік атаудың жұмыс істеуін ұйымдастыру мынадай сызбаға сәйкес жүзеге асырылады:
Әкімшісі - Тіркеу орны - Тіркеуші - Тіркелуші
Бұл ретте:
«.ҚАЗ» доменінің әкімшісі:
- резервтелген екінші деңгейлі домендік атаулардың, сондай-ақ арнайы мақсаттағы домендік атаулардың тізбесін уәкілетті органмен келісім бойынша анықтайды;
- сауда маркілеріне, патенттеріне және басқаларына құқығы барын қорғау мақсатында ICANN белгіленген Даулы мәселелерін шешудің бірыңғай тәртібінің негізінде Даулы мәселелерін шешудің тәртібін белгілейді (1-қосымша );
- «.ҚАЗ» доменінің рәсімдерін белгілейді және Тіркеушілерін аккредиттеуді 2011 жылғы 22 қарашадағы Жоғары деңгейдегі ұлттық домендерді тіркеушілерін аккредиттеу қағидасына сәйкес жүзеге асырады.
Тіркеу орны:
- «.ҚАЗ» домендік атаудың тізілімін толассыз жұмыс істеуін, сондай-ақ деректерді резервтеуді және есептеу қуатын қосымша қамтамасыз етеді;
- (EPP) белгіленген техникалық хаттамаларын пайдаланумен Тізілімге аккредиттелген 24х7 Тіркеу орындарының үздіксіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
- WHOIS-сервисінің толассыз жұмыс істеуін және оның Интернет желісіне қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
- «.ҚАЗ» домендік атауына қызмет көрсететін, DNS серверлерін географиялық бөлуді және қажетті инфрақұрылымды қолдауды қамтамасыз етеді;
- Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiнде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қауіпсіз қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен өзара әрекеттеседі;
- Тіркеу қағидасының техникалық деңгейде, сондай-ақ даулы мәселелерін шешу тәртібі рәсімдерінің, «.ҚАЗ» домендік атауының, сондай-ақ тіркелген екінші деңгейлі домендік атаулардың техникалық жұмыс істеуі бөлігінде уәкілетті орган мен әкімші тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
Тіркеушілері:
- домендік атаулардың тіркелушілері – соңғы пайдаланушылары үшін Үлгі тіркеу келісімдеріне сәйкес домендік атауларды тіркеу және қолдау бойынша қызметтерді көрсетеді (2-қосымша );
- тиісті тіркеу келісімдері мен олар бойынша хат алмасуын, Тіркелуші деректерінің бастапқы сақталуын қамтамасыз етеді;
- «.ҚАЗ» домендік атауларының Тізілімінде Тіркелушінің домендік атауларына қызмет көрсететін DNS-серверлерінің және Тіркелушінің қарым-қатынастық деректерін уақтылы жаңартуды қамтамасыз етеді;
Тіркеушілерді аккредиттеу рәсімдері Тіркелушілерге сапалы қызмет көрсету мүмкіндігін береді. «.ҚАЗ» домені әкімшісімен аккредиттеу жүргізіледі. Аккредиттелген тіркеушінің техникалық сәйкестігін Тіркеу орны анықтайды. Аккредиттеудің міндетті шарттары:
- тек қана заңды тұлғаларды аккредиттеу;
- персоналға біліктілік талаптары;
- техникалық жарақтандыру және интернетпен қажетті байланысы;
- IT саласында қызмет көрсетуге тәжірибесінің болуы болып табылады.
4. Қызметтерді, ұсынуды, Whois-сервисті анықтау.
Тіркеу қызметі мынадай деректерден тұратын жазбаны домендік атаулардың Тізіліміне енгізуден тұрады:
- RFC-3490, 3491, 3492 стандарттарына сәйкес ұлттық әліпбидің рәміздерін пайдаланумен атауларын жасау нәтижесінде алынған домендік атауларды ұсыну;
- домендік атауды Тіркеушінің атауы және байланыс деректері;
- Тіркелушінің әкімшісі мен техникалық байланыс туралы деректері;
- домендік атауға қызмет көрсететін DNS-серверлері туралы деректері.
Домендік атауды ұсыну Тізілімде оны тіркегеннен кейін, Интернет желісінде «.ҚАЗ» домендік атау туралы ақпаратты кезегімен жаңарту кезінде жүзеге асырылады.
Whois-сервисі бұл RFC-3490, 3491, 3492 стандарттарына сәйкес ұлттық әліпбидің рәміздерімен оны жазуды және домендік атауын ұсынуды пайдаланумен кез келген тіркелген домендік атау туралы мәліметті алуы үшін кез келген қызығушы тұлғаға Тіркеу орнымен ұсынылатын қызмет.
Whois, сервисімен ұсынылатын домендік атау туралы мәлімет мыналарды құрауы тиіс:
- домендік атауды ұсыну;
- ұлттық әліби рәміздеріндегі домендік атаудың аты;
- тіркелуші және оның әкімшілік байланыс деректері туралы мәліметтері;
- DNS-серверлері туралы мәліметтері;
- домендік атауды ұсынудың ағымдағы мәртебесі туралы мәліметтері;
- «.ҚАЗ» домендік атаулар Тізіліміне домендік атауларды енгізуге жауапты бастапқы және ағымдағы Тіркеушілер туралы мәліметтері;
- домендік атауды тіркеген күні;
- Тізілімдегі тіркеу жазбасының жаңартылғаны бойынша соңғы күні.
5. Домендік атаулардың түрлері
Екінші деңгейлі домендік атаулардың кеңістігі уәкілетті орган резервтеген екінші деңгейлі домендік атаулар және оны тиесілі пайдалануға ниет білдірген кез-келген тұлғаны тіркеу үшін еркін қол жетімді жалпыға арналған домендік атаулардан, Тіркелушіге қосымша шарттардың сақталуымен жүргізілетін тіркеу арнайы мақсаттағы домендік атаулардан тұрады.
Арнайы мақсаттағы домендік атауларда тіркеу кезіндегі қосымша шарттар мемлекеттік және білім беру мекемелеріне, сондай-ақ олардың қызметтеріне қол жеткізу кезінде адрестік кеңістігінің пайдаланушыларына ерекше кепілдемесін береді.
Арнайы домендік атауларға:
мемлекеттік мекеме/кәсіпорын ретінде тіркеу туралы тиісті куәлігі бар мемлекеттік ұйымдар үшін – МЕМ.ҚАЗ;
білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар білім беру мекемелері үшін – БIЛ.ҚАЗ;
ҚР да тіркеу туралы тиісті куәлігі бар коммерциялық ұйымдар үшін – КОМ.ҚАЗ;
коммерциялық емес ұйымдар және жобалар үшін – ҚАУ. ҚАЗ;
қорғаныс министрлігі үшін – ҚОР. ҚАЗ;
байланыс кәсіпорындары үшін – БАЙ. ҚАЗ жатады.
6. Тіркеуді ашу кезеңдері
Тіркеу процестерін реттеу және қажетті басымдықтарын қамтамасыз ету мақсатында домендік атауларды тіркеуді ашу кезеңімен жүргізіледі:
0 кезеңі — Тізілімдегі «.ҚАЗ» домендік атаудың жұмыс істеуін дайындау және тестілеу, интернет-қауымдастығының барлық мүдделі тараптарымен жұмыс істеуін тексеру үшін ТЕСТ.ҚАЗ домендік атауын тіркеу;
Тіркеу орнын тексеру және техникалық мүмкіндіктерінің көрсетілімін, сондай-ақ пайдаланушылар адрестерінің дұрыстығын көрсету және Интернет желісінде дұрысын беруді камтамасыз ету, Тізіліммен өзара іс-қимылын жан- жақты тестілеу мақсатында ТЕСТ.ҚАЗ екінші деңгейлі домендік атауын құру және тестілік режимде «.ҚАЗ» домендік аумағында жұмыс істеуі іске қосылады.
.ҚАЗ домендік атауын тіркеу үшін өтінімдерді қарау кезінде, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкес ICANN қажетті тестілеуді жүргізетін болады.
1 кезең – домендік атауларды Тіркеу орнының техникалық қажеттіліктері, президент аппараты және үкіметтік органдар үшін домендік атауларды, арнайы мақсаттағы домендік атауларды резервтеу.
Бұл кезеңде МЕМ.ҚАЗ, БIЛ.ҚАЗ, КОМ.ҚАЗ, ҚАУ.ҚАЗ, ҚОР.ҚАЗ, БАЙ.ҚАЗ арнайы мақсаттағы домендік атауларды резервтеу және осы домендер үшін DNS-серверлерінің тиісті инфрақұрылымын ұйымдастыру жүргізіледі.
Бұдан басқа, уәкілетті органның тізімі бойынша елдің әкімшілік бөлінуі және географиялық атауларына байланысты екінші деңгейлі домендік атаулары резервтеледі.
Үкіметтік органдары мен Президент аппаратының және басқалардың қажеттіліктері үшін домендік атаулардың тіркелуі мемлекеттік органдармен, уәкілетті органмен және «.ҚАЗ» домендік атаудың әкімшісі келіскен тізімге сәйкес (мемлекеттік органдарға қызмет ететін) Тіркеушімен жүргізіледі. Мысалы, атап айтқанда:
ПРЕЗИДЕНТ.ҚАЗ
АҚОРДА.ҚАЗ
МӘЖІЛІС.ҚАЗ
СЕНАТ.ҚАЗ
ҮКІМЕТ.ҚАЗ
және с.с.
Техникалық қажеттіліктер үшін домендік атаулардың тізімі домендік атаудың әкімшісінің келісімі бойынша Тіркеу орнымен анықталады және «.ҚАЗ» доменімен басқару бойынша функцияларын аталған ұйымдармен орындау үшін қажетті домендік атауы болуы мүмкін.
2-кезең 201__ жылғы «___»______дейінгі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген сауда маркілері, фирмалық атауларын және тауарлық белгілерін иеленушілері үшін домендік атауларын басымды тіркеу.
Басымды тіркеу кезеңінде тіркелген күні 201__ жылғы «__» _____ кеш емес тіркелген фирмалық атауларының, сауда марканың және тауарлық белгінің иеленушісі, жазылуы фирмалық атауы не тауарлық белгісінің тиісті сауда маркасына, немесе атауы екі сөзден астам тұратын болса (ұйымының бірінші әріптері бойынша) ұйымының қысқартылған атауына сәйкес келсе, домендік атауын тіркеу үшін өтінімін беруге болады. Сонымен қатар, осындай тауарлық маркані, тауарлық белгіні не фирмалық атауын жазу тек қана домендік атаудағы рәміздерден тұруы қажет.
3-кезең – екінші деңгейлі домендік атауларды, сондай-ақ арнайы мақсаттағы домендік атаулардағы үшінші деңгейлі домендік атауларды ашық тіркеу.
Осы кезеңде Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiнiң домендiк кеңiстiгiн тiркеу, пайдалану және тарату қағидаларына сәйкес барлық ниет білдіргендер үшін арнайы мақсаттағы домендік атаулардағы екінші деңгейлі домендік атаулар мен үшінші деңгейлі домендік атауларды ашық тіркеу жүргізіледі.
Қосымша: 1. Даулы мәселелерді шешу тәртібі;
2. Тіркелушілермен жасалатын үлгі Тіркеу келісімі;
3. Тіркеуші мен Тіркеу орны арасындағы үлгі Келісімі.
Қазақ желілік
ақпарат орталығы
мекемесінің директоры П. Гусев
(Тіркеу орны) 2012 ж. «__»______
Достарыңызбен бөлісу: |