Интернет желісінің жоғарғы
Қазақстандық сегменті
домендерінің әкімшісі
_________Н. Исин 26 наурыз 2012 жыл
.ҚАЗ доменінде домендік есімдерді
1 кезең.
Арнайы мақсаттағы домендік есімдерді, Үкіметтік органдар мен Президент аппаратының қажеттіліктері үшін домендік есімдерді, Тіркеу орнының техникалық қажеттіліктері үшін домендік есімдерді басым сипатта тіркеу.
1. Жалпы ереже
1.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың мүдделерін қорғау үшін Интернет желісінде қазақ әліпбиінің символдарын пайдаланумен .ҚАЗ доменінде екінші деңгейлі домендік есімдерді қорда сақтау жүзеге асырылады.
1.2 МЕМ.ҚАЗ, БIЛ.ҚАЗ, КОМ.ҚАЗ, ҚАУ.ҚАЗ, ҚОР.ҚАЗ, БАЙ.ҚАЗ арнайы мақсаттағы домендік есімдерді қорда сақтауды Тіркеу орны жүргізеді.
1.3 Үкіметтік органдар мен Президент аппаратының қажеттіліктері үшін домендік есімдерді тіркеуді «АҰТ» АҚ Тіркеушісі алдын ала құрастырылған тізімнің негізінде жүргізеді.
1.4 Үкіметтік органдар мен Президент аппаратының қажеттіліктері үшін домендік есімдерді қорда сақтауға өтініштер қабылдау 2012 жылдың 1 –нен 30 сәуіріне дейін жүргізіледі.
1.5 Үкіметтік органдар мен Президент аппаратының қажеттіліктері үшін домендік есімдерді тіркеу белгіленген мерзімдерде өтінімдер мен ұйымның мемлекеттік органдарға жататынын растайтын құжаттардың көшірмелерін алғаннан кейін жүргізіледі.
-
Үкіметтік органдар мен Президент аппаратының қажеттіліктері үшін домендік есімдерді қорда сақтау тәртібі
2.1 .ҚАЗ доменінде екінші деңгейлі домендік есімді қорда сақтау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік, үкіметтік органдары мен Президент аппараты «ҰАТ» АҚ- на Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және бөлу ережесіне қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда өтініш жібереді. Өтініш факспен, e-mail- мен немесе жай поштамен жіберілуі мүмкін, өтінішке ұйымның мемлекеттік органдарға жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса тіркеледі.
2.2 Өтінішті қарастыру нәтижелері бойынша «ҰАТ» АҚ көрсетілген домендік есімді қорда сақтауды жүзеге асырады және бұл туралы өтініш беруге хабарлайды немесе жазбаша дәлелді бас тарту ұсынады.
2 кезең
Сауда маркасы, сауда белгісі иеленушілері және фирмалық атауға айрықша құқық иеленушілері үшін домендік есімдерді басым сипатта тіркеу
-
Жалпы ереже
1.1 Сауда маркасы, сауда белгісі иеленушілері және фирмалық атауға айрықша құқық иеленушілері үшін домендік есімдерді тіркеуді аккредиттелген Тіркеушілер жүргізеді.
1.2 Басым сипатта тіркеу кезінде домендік есімдерді тіркеу үшін Тіркеуші келесі әрекеттерді жүзеге асырады:
1.2.1 домендік есімдерді басым сипатта тіркеуге пайдаланушының құқықтарын тексеру;
1.2.2 домендік есімдер Тізіліміне домендік есімді тіркеу үшін қажетті ақпаратты енгізу.
Басым сипатта тіркеу шарттары
2.1 Басым сипатта тіркеу келесі талаптардың сақталу шартымен, кез келген тауарлар мен қызметтерге қатысты тіркелген жазылуы бойынша тауар белгісінің сөздік белгіленуіне сәйкес келетін, домендік есімде мүмкін символдарды қамтитын, домендік есімге қатысты жүзеге асырылады:
2.1.1. тауар белгісі 31.12.2011 жылдан кешіктірілмей тіркелген болуы тиіс.
2.1.2. тіркелетін домендік есімде:
- қазақ әліпбиінің символдары болуы тиіс (Cyrillic (Kazakh), ISO бойынша коды “kk”);
- Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және бөлу ережесіне сәйкес тіркелуі мүмкін домендік есімге қойылатын талаптарды қанағаттандыруы;
- тауар белгісінің сөздік белгіленуін толықтай ұдайы өндіруі немесе одан бос орындарды алып тастағаннан кейін немесе бос орындарды дефистерге ауыстырған кезде тауар белгісінің сөздік белгіленуіне, немесе егер атау 2- ден артық сөзді құраса ұйымның қысқартылған атауына сәйкес келуі тиіс (ұйым атауының алғашқы әріптері бойынша).
2.2 Бір домендік есімді басым тіркеуге екі немесе одан артық өтінім бар болған кезде оң шешім алдында басым тіркеу шарттарын орындаған және Тіркеушімен шарттың талаптарын орындаған пайдаланушының пайдасына қабылданады.
3.Басым сипатта тіркеуді жүргізу тәртібі
3.1 Басым сипатта тіркеуді тіркеушілер, Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және бөлу ережесінің және осы Ереженің негізінде тіркеушілер жүзеге асырады. 3.2 Домендік есімді тіркеу үшін Өтінім беруші міндетті: 3.2.1 Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және бөлу ережесіне қосымшаға сәйкес домендік есімді басым сипатта тіркеуге Тіркеушіге өтінім жіберуге; 3.2.2 Тіркеушіге келесі құжаттардың 6 (алты) айлық көнеліктен артық емес нотариалды расталған көшірмелерін беруге:
- тауар белгісін немесе тауар маркасын тіркеу туралы куәлік немесе халықаралық сертификат.
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе пайдаланушыны тіркеу- елінің талаптарына сәйкес берілген заңды тұлға ретінде тіркеуді растайтын құжаттар (шетелдік заңды тұлғалар үшін).
3.3 3.2 тармақта көрсетілген құжаттар қатты көшірмелер түрінде Тіркеушінің мекен- жайына басым сипатта тіркеудің берілген кезеңінің аяқталуынан кешіктірілмейтін мерзімде берілуі тиіс.
3.4 Өтінім берушінің өтінімін алған кезде тіркеуші келесі әрекеттерді орындауға міндетті:
3.4.1 өтініш беруші берген мәліметтер мен құжаттарды тексеруге және өтініш берушінің басым сипатта домендік есімді тіркеуге құқығының барына көз жеткізуге;
3.4.2 Өтінім берушінің басым сипатта домендік есімді тіркеуге құқығы болған кезде домендік есімді тіркеуге;
3.4.3 Өтінім берушіге (Тіркелушіге) тіркеуге сұрату нәтижелері туралы хабарлауға.
3.5 Тіркеуші осы Ереженің 3.2 т. қарастырылған барлық құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінім берушінің өтінімін қарастыруға міндетті. Пайдаланушының өтінімін қарастыру нәтижелері бойынша, тіркеуші жоғарыда аталған мерзім аяқталғанға дейін домендік есімді тіркеуді растауды ұсынуы немесе себептерін көрсетумен жазбаша бас тартуды ұсынуы тиіс.
3.6 Тіркеуші Тіркелушінің домендік есімді басым сипатта тіркеуге құқығын растайтын алынған барлық құжаттарын сақтауға міндетті.
3.7 Тіркеушінің аккредиттелуі кері шақыртылған жағдайда, Тіркелушінің домендік есімді басым сипатта тіркеуге құқығын растайтын алынған барлық құжаттар Тіркеу орнына тапсырылуы тиіс.
4. Тіркеудің күшін жою
4.1 Басым тіркеу кезеңінде жүзеге асырылған домендік есімді тіркеудің тіркеуші немесе тіркеу орны осы Ережеде аталған шарттар бұзылған және (немесе) пайдаланушы (Тіркелуші) осы Ереженің 3.2 тармағына сәйкес берген мәліметтерді анықтаған жағдайларда күші жойылады.
5. Басым сипатта тіркеу жүргізу мерзімдері
5.1 Домендік есімдерді басым сипатта тіркеуге өтінімдер 2012 жылдың 1 мамырынан 31 шілдесіне дейін қоса қабылданады.
6. Басым сипатта тіркеудің құны
6.1 1 жыл ішінде кейіннен қолдаумен басым тіркеу кезеңінде домендік есімді тіркеу құны әрбір тіркелетін ат үшін 7 500 (жеті мың бес жүз) теңгені құрайды және Тіркеуші Тіркелушіден есімді Тізілімде ойдағыдай тіркеген жағдайда ғана алады. Бұнымен қоса Тіркеу орны қызметінің құны 3 (үш) мың теңгені құрайды. Тізілімде домендік есімді қолдауды әрі қарай ұзарту домендік есімдерді ашық тіркеу кезеңінің ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
3 кезең
Екінші деңгейлі домендік есімдерді , сондай-ақ арнайы мақсаттағы домендік есімдерді ашық тіркеу
3.1. Жалпы ереже
1.1 Осы уақытта Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және бөлу ережесіне сәйкес барлық қалаушылар үшін екінші деңгейлі домендік есімдерді және арнайы мақсаттағы домендік есімдерді ашық тіркеу жүргізіліп жатыр.
1.2 Ашық тіркеуді Тіркеушілер Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және бөлу ережесінің және осы Ереженің негізінде жүзеге асырады.
3.2. Ашық тіркеу шарттары
2.1 Ашық тіркеу 2012 жылдың 15 тамызынан бастап .қаз аймағында домендік есімді тіркеуге барлық қалаушылардың арасында жүргізіледі.
2.2 Тіркелетін домендік есімде:
- қазақ әліпбиінің символдары болуы тиіс (Cyrillic (Kazakh), ISO бойынша коды “kk”);
- Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және бөлу ережесіне сәйкес тіркелуі мүмкін домендік есімге қойылатын талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
3.3. Ашық тіркеу құны
3.1 Кейіннен 1 жыл ішінде қолдаумен ашық тіркеу кезеңінде Тіркелушілер үшін домендік есімді тіркеу құнын Тіркеушілер өзінің бағалық саясатына сәйкес өз бетімен анықтайды.
Қазақ желілік
ақпарат орталығы
Мекемесінің Директоры П. Гусев
(Тіркеу орны) «__»________2012ж
Достарыңызбен бөлісу: |