Ұлттық банкі №10 баспасөзрелизі



Дата08.07.2016
өлшемі24.06 Kb.
#185370





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ

10 БАСПАСӨЗ Р Е Л И З І



2012 жылғы 11 наурыз
«Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші» АҚ қызметі туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі эмиссиялық бағалы қағаздардың эмитенттері мен ұстаушыларына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес ағымдағы жылғы 1 ақпаннан бастап бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуге арналған барлық жаңа шарттардың дауыс беретін акцияларының 100%-ы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі «Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші» АҚ-мен ғана жасалатындығы туралы хабарлайды.

Бұдан басқа, заңнамаға сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті «Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші» АҚ ғана жүзеге асыратын болады.



Уәкілетті органның бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиялары бар ұйымдар (бұдан әрі – тіркеушілер) ағымдағы жыл бойы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде «Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші» АҚ-на тіркеушілерде тиісті шарттар жасалған эмитеттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын құжаттар мен ақпаратты беруді жүзеге асыратын болады.

«Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші» АҚ-ның, тіркеушілер мен эмитенттердің бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды қабылдау-өткізу барысындағы іс-қимылын реттейтін рәсімдер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 53 қаулысында белгіленген.



Осы нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми Интернет-ресурсының (www.nationalbank.kz) «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде орналастырылған.

«Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші» АҚ-на бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру сәтіне дейін эмитенттің бастамасы бойынша тіркеушімен шарт бұзылған жағдайда көрсетілген мәліметтер мен құжаттар «Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші» АҚ-на Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу ережесінің 6-тарауында көзделген тәртіппен беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет