Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы №95 қаулысы «Ішкі су көлігі туралы»


Гидротехникалық құрылыстағы бақылаулар мен зерттеулердің



бет2/2
Дата09.06.2016
өлшемі404.78 Kb.
#125102
1   2

Гидротехникалық құрылыстағы бақылаулар мен зерттеулердің
құрамы
      1. Гидротехникалық құрылыстың гидротехникалық бөлігі бойынша бақылаулар мен зерттеулердің құрамы:
      1) мыналарды:
      тіреу желісін;
      құрылыстар мен олардың негіздерінің шөгуі мен қисаюларын;
      жердегі құрыстардың шөгуін;
      жердегі құрылыстардың жергілікті деформациялануларын;
      бетон құрылыстарының көлденең ығысуларын;
      үстіңгі саңылау өлшегіштер бойынша көршілес секциялардың салыстырмалы ығысуларын;
      құрылыстардың көлденең ығысуын бақылаулар нәтижелерін талдау және бағалауды бақылауды қамтитын құрылыстардың орын ауыстыруларын бақылаулар;
      2) мыналарды:
      құрылыстардағы пьезометрлердің орналасуын;
      сүзгіленген сулар деңгейін бақылауларды;
      сүзгілеуді көзбен шолып бақылауларды;
      сүзгіленген судың шығындарын өлшеуді және дренаждар мен сүзгілеу ошақтарындағы суффозияны бақылауларды;
      бақылаулар нәтижелерін графикалық ресімдеуді;
      құрылыстардың сүзгіленген режимінің жай-күйін бағалауды;
      температуралық-шөгу жіктері тығындарының жұмысын талдауды қамтитын сүзгіленуді бақылаулар;
      3) мыналарды:
      бетонның үстінгі жағының жай-күйін және штрабты бетонды;
      бетон құрылыстарының біртұтастығын;
      жарықтың пайда болуын және оның дамуын;
      бетон арқылы суды сүзгілеуді және бетонды тот басуын;
      бетонның беріктігін айқындауды;
      температуралық-шөгу жіктерінің тығындарын;
      тас қалауды;
      ағаш конструкцияларын;
      құрылыстар ауданындағы понурлардың, рисбермдердің, түбі мен жанамалардың шайылуларын және бұзылуын;
      кеме қатынайтын арналарды қамтитын гидротехникалық құрылыстар конструкцияларының жай-күйін бақылаулар;
      4) мыналарды:
      су деңгейінің ауытқуын;
      гидротехникалық құрылыстың ұзартылған навигация және қыс уақыты кезеңіндегі жұмысы мен жай-күйін;
      гидротехникалық құрылыстардағы судың ағуын;
      бақылаулардың күнтізбелік жоспарларын;
      техникалық құжаттама мен есептілікті қамтитын басқа да бақылаулар, күнтізбелік жоспарлар, техникалық құжаттама және есептілік.
      2. Гидротехникалық құрылыстың механикалық бөлігі бойынша бақылаулар мен зерттеулердің құрамы:
      1) мыналарды:
      дәнекерленген, шытырланған және болтты қосылуларды;
      металл конструкциялардың механикалық бұзылуларын;
      металл конструкциялардың тот басу бұзылуларын;
      металл конструкциялардың вибрациясын;
      екі жаққа ашылатын қақпалардың геометрикалық өлшемдері мен шөгуін;
      екі жаққа ашылатын қақпа жақтауларының бұралуы мен салбырауын;
      қақпалардың шкаф таушаларындағы дұрыс орналасуын;
      әртүрлі үлгідегі қақпалардың жүктемелердегі шөгуі мен майысуын;
      қақпалардың жұмыс жағдайындағы төбелерінің белгілерін және тік жазықтықта қақпалардың ауытқушылығын айқындауды;
      екі жаққа ашылатын қақпа бағанасы жағдайының екпінге байланысты биіктігі бойынша орналасуын;
      екі жаққа ашылатын қақпалардың біліктері айналу осінің тіктігін бақылауларды қамтитын қақпалар мен бекітпелердің металл конструкцияларының техникалық жай-күйін бақылаулар;
      2) мыналарды:
      екі жаққа ашылатын қақпалардың табан құрылғыларын бақылауларды;
      гальсбанттық құрылғыларды бақылауларды;
      екі жаққа ашылатын қақпалардың тіреу және тірек жастықшаларын бақылауларды;
      қақпалар мен бекітпелердің сырғымалы тірек құрылғыларын бақылауларды;
      сегментті бекітпелердің шарнир тіреулерін бақылауларды;
      қақпалар мен бекітпелердің тығындарын бақылауларды қамтитын қақпалар мен бекітпелердің тірек-жүру құрылғыларын, нығыздау және тығындау бөліктерін бақылаулар;
      3) мыналарды:
      болат канаттардың тозуын бақылауларды;
      канатқа әсер ететін күшті есептеуді;
      пластина тәріздес тізбектердің тозуын бақылауларды;
      оның негізгі жұмыс режимі кезінде тізбектерге түсетін күшті тексеруді қамтитын қақпалар мен бекітпелер тетіктерінің тартқыш органдарын бақылаулар;
      4) мыналарды:
      ашық тісті берілістерді бақылауларды;
      жабық тісті берілістерді бақылауларды;
      біліктер мен мойынтіректерді бақылауларды;
      тежегіштерді бақылауларды;
      жалғайтын және фрикционды муфталарды бақылауларды қамтитын тісті жетекті тетіктерді бақылаулар;
      5) мыналарды:
      күштік цилиндрлерді бақылауларды;
      майсорғы қондырғысын бақылауларды;
      басқару жүйесін бөлу және бақылау аппараттарын бақылауларды;
      гидро жетекті қондырғыны жалпы сынаулар мен оның негізгі өлшемдерін айқындауды қамтитын гидравликалық жетекті тетіктерді бақылаулар.
      3. Оның жай-күйі мен жұмысына бақылаулар мен зерттеулер жүргізу қамтамасыз етілетін гидротехникалық құрылыстардың электр техникалық бөлігі бойынша объектілер құрамы:
      1) мыналарды:
      күштік трансформаторларды;
      өлшеу трансформаторларын;
      майлы ажыратқыштарды;
      жүктемені ажыратқыштарды;
      ажыратушыларды;
      кешенді бөлу құрылғылары мен жинақтаушы шиналарды;
      айырғыштарды;
      1000 В жоғары кернеудегі сақтандырғыштарды;
      оқшаулағыштарды қамтитын кіші станциялардың электр жабдығы;
      2) мыналарды:
      электр қозғалтқыштарды;
      электр магниттерді;
      резисторларды;
      күштік конденсаторларды;
      электр гидравликалық жетектерді;
      электр гидравликалық итергіштерді қамтитын күштік электр жабдығы;
      3) мыналарды:
      контакторлар мен магнитті қосқыштарды;
      басқару релесін;
      қорғаныш релесін;
      1000 В дейінгі кернеудегі сақтандырғыштарды;
      автоматты ажыратқыштарды қамтитын релелі-контакторлық және қорғаныш аппаратурасы;
      4) мыналарды:
      басқару тізбектерін оқшаулауды;
      басқару схемалары элементтерінің өзара әрекеттесуін;
      жол және түптілікті ажыратқыштарды;
      басқару трансформаторларын (стабилизаторларды);
      тұрақты ток көздерін (түзеткіштерді) қамтитын қосалқы тізбектер мен автоматты басқару аппаратурасы;
      5) мыналарды:
      сельсинді белгі беруді;
      қалқымалы құрылғылар мен көрсеткіштер датчиктерін;
      өндірістік белгі беруді;
      бағдаршамдық белгі беруді;
      тоқтату оттарын;
      фотобұғаттауды қамтитын белгі беру;
      6) мыналарды:
      жартылай өткізгіш аспаптарының және интегралдық схемалардың жұмыс қабілеттілігін бағалауды, жартылай өткізгіш аспаптарын сынауды;
      асинхрон-вентильді каскад негізінде контактісіз қосуды реттеу құрылғыларын;
      тиристорлы коммутаторларды, басқару станциялары мен қосқыштарды;
      контактісіз позициялық қайта қосқыштарды қамтитын контактісіз аппаратура;
      7) мыналарды:
      әуе желілерін;
      кабель желілерін қамтитын әуе және кабель желілері;
      8) жерге тұйықтау құрылғылары;
      9) тасымалды электрлі аспап және төмендеткіш қауіпсіздік трансформаторлары;
      10) электр жетектер мен гидротехникалық құрылыстарды басқару жүйелері.
Кеме қатынайтын гидротехникалық     
құрылыстарды (шлюздерді) техникалық   
пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларына
3-қосымша                
Гидротехникалық құрылыстың бақыланатын сандық және сапалық
диагностикалық көрсеткіштерінің
тізбесі
      1. Пайдаланылатын гидротехникалық құрылыстың жай-күйін бағалау үшін мынадай сандық көрсеткіштерді (техникалық құралдардың көмегімен өлшенетін және өлшеулер негізінде есептелетін) бақылау қажет:
      1) құрылыстар мен оның негіздерінің тік және көлденең орын ауыстырулары, деформациясы;
      2) бетон және темірбетон құрылыстарының секцияаралық жіктері бойынша өзара ығысуы;
      3) бетон және темір-бетон құрылыстарында жарықтардың, блокаралық жіктердің ажырауы;
      4) бетондық бөгеттің жартас негізімен контактісі бойынша жарықтардың таралу тереңдігі;
      5) бетон және темірбетон құрылыстарының сипаттық кесінділерінің бұрылу бұрыштары;
      6) дренаждық құрылғыларға және жерасты өніміне түсетін немесе күндізгі бетке шығатын сүзілген су шығыны (жалпы және құрылыстар мен олардың негіздерінің жекелеген учаскелері бойынша);
      7) топырақ құрылыстарының және жағалау қабысуларының денесінде сүзгілену ағынының депрессиялық бетінің белгілері;
      8) топырақ құрылыстарының, негіздердің және жағалау қабысуларының денесінде пьезометриялық қысымдар мен олардың градиенттері;
      9) бетон құрылыстарының табандарының сүзгілену қысымы;
      10) топырақ материалдары мен негіздерден бөгеттердің суға төзімді элементтеріндегі қуыс қысымы мен оның таралу қарқындылығы;
      11) жоғарғы және төменгі бьефтер жағынан гидростатикалық қысым (су деңгейлері, су қоймасының толу және жұмыс істеу кестелері);
      12) құрылысты қоршап тұрған орталардың (ауа, су) температурасы;
      13) сорғылар қысымы (олардың деңгейі мен механикалық сипаттамалары);
      14) құрылысқа және механикалық жабдыққа мұздың әсері;
      15) құрылысқа динамикалық әсерлер (су ағынының тасталуынан, гидроагрегаттар жұмысынан, теміржол және автомобиль көлігінен, өнеркәсіптік жаралыстардан);
      16) сейсмикалық әсерлер (сейсмикалық оқиға уақытындағы динамикалық орын ауыстырулар, жылдамдықтар, негіздің үдеулері).
      2. Пайдаланылатын гидротехникалық құрылыстың авария тәуекелінің деңгейін (қауіпсіздік деңгейін) бағалауды мынадай сапалық көрсеткіштерді ескере отырып орындау қажет:
      1) гидротехникалық құрылысты пайдаланудың конструктивті-жинақтаушы шешімдері мен шарттарының қолданыстағы нормалар мен қағидалар ережелеріне, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстың жай-күйін заманауи есептеу әдістері мен бағалау әдістеріне (шетелдік тәжірибені қоса алғанда) сәйкестігі;
      2) жобада қабылданған ықтимал табиғи әсерлердің есептік деңгейлерінің асып кету қаупі;
      3) құрылыстар материалдарының механикалық және сүзгілеу есептік мәндерінің сипаттамаларының, сондай-ақ негіздер түрлері қасиеттерінің өзгеруі;
      4) өлшеу құралдары бақылайтын жай-күй көрсеткіштерінің қауіпсіздік критерийлеріне сәйкестігі;
      5) сараптамалық негізде бағаланатын (оның ішінде көзбен шолып бақыланатын) жай-күй көрсеткіштерінің қауіпсіздік критерийлеріне сәйкестігі;
      6) пайдалану шарттарының бұзылуы;
      7) жоталарда, бермаларда немесе еңістерде топырақтың отырылыстары немесе үйілуінің болуы мен дамуы;
      8) еңістер мен жағалау бөктерінің жергілікті көшкіндері;
      9) бөгет еңістерінің толқын қорғанысы бекітпелерінің зақымдалуы;
      10) құрылыстың негізі мен денесінде қуыстар мен қисаюлардың болуы;
      11) құрылыстар шектерінде, құрылыс элементтері мен әртүрлі механикалық және сүзгіш қасиеттермен жанасу аймақтарында, сондай-ақ жерасты өнімдерінде жарықтардың болуы мен дамуы;
      12) құрылыстардың потерналарында су кетулер, бетонды сілтілендіру іздері;
      13) дренаждық құрылғылардың ластануы, қатқылдануы, қатып қалуы;
      14) сүзілген судың шығуындағы тот басулар;
      15) судың тамшылап ағуы және еңістер мен бөктердің су болуы;
      16) сүзілген суда лайланудың болуы;
      17) су түсіретін тракт элементтерінің механикалық зақымданулары және төменгі бьефтегі кіреберіс каналы түбінің шайылулары;
      18) жоғарғы бьефтегі тасындылардың болжамды көлемдері мен деңгейі.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет