Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы



бет5/6
Дата26.06.2016
өлшемі424.5 Kb.
#159729
1   2   3   4   5   6
§ 10. Вахта моторшысы
256. Вахта моторшысы (машинист) вахтаға кірісетін кезде:

1) вахтаны тапсыратын моторшымен (машинистен) қызмет көрсетілетін техникалық құралдардың жай-күйі және жұмыс режимдері, олардың жұмысында байқалған жарамсыздықтар туралы мәліметтер алады және вахта бойынша табысталатын өкімдермен танысады;

2) қызмет көрсетілетін техникалық құралдардың жарамдылығын, машина бөлімшесіндегі тазалық пен тәртіпті тексереді;

3) байқалған кемшіліктер туралы кезекші механикке хабарлайды.

257. Вахта уақытында кезекші моторист (машинист):

1) өзінің постында болады және оған сеніп тапсырылған техникалық құралдардың жұмысына бақылау жүргізеді және оларды басқаруды жүзеге асырады;

2) энергетикалық қондырғының техникалық құралдарына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты сақтайды;

3) вахта механигімен белгіленген режимдердегі тетіктердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауларын, сондай-ақ оның басқа да өкімдерін орындайды;

4) техникалық құралдардың ақауы, өрт немесе борт сыртындағы судың корпустың ішіне құйылуы кезінде бұл туралы дереу вахта механигіне хабарлайды және оның нұсқауы бойынша іс-қимыл жасайды;

5) машина бөлімшесінде тазалық пен тәртіп сақтайды.


§ 11. Вахта электромеханигі
258. Вахта электромеханигі тікелей вахта механигіне бағынады және электриктер вахтасының бастығы болып табылады. Вахта электромеханигі (электроходтарда) еспелі электр қондырғысының жұмыс режимін орындау бөлігінде кезекші бастыққа бағынады.

259. Вахта электромеханигі вахтаға кіріскен кезде:

1) вахтаны тапсыратын электромеханиктен кеменің электр жабдықтарының жұмысын сипаттайтын мәліметтер, оның жұмысында байқалған жарамсыздықтар туралы, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде жүргізілетін жұмыстар туралы мәліметтер алады және вахта бойынша берілетін барлық ескертулермен және өкімдермен танысады;

2) кемедегі электр жабдықтарының жай-күйін және жұмыс режимін тексереді және электротехникалық журналдағы жазбалармен танысады.

260. Вахта электромеханигі:

1) белгіленген жұмыс режимін және электр жабдықтарын техникалық пайдалану ережелерін, электромеханиктің оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтары мен нұсқауларын сақтауды қамтамасыз етеді, онымен жұмыс істеген кезде еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің ережелерін орындауды бақылайды;

2) вахта механигінің өкімдеріне сәйкес генераторларды қосу мен ажыратуды және тұтынушыларға электр энергиясын беруді қамтамасыз етеді;

3) электр жабдықтарының байқалған барлық жарамсыздықтары туралы вахта механигіне хабарлайды, оларды жою шараларын қабылдайды;

4) кемедегі электр жабдықтарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдайды;

5) машина бөлімшесінен кетерінде кезекші механикке өзінің болатын орны туралы хабарлайды.

261. Вахтаны атқаруға қатысты қандай да болмасын күдіктенулер немесе көмек қажеттігі туындаған кезде вахта электромеханигі машина бөлімшесіне электромеханикті шақырады.

262. Вахта электромеханигі жауапты мақсаттағы электр жабдықтарын вахта механигінің келісімімен және рұқсатымен ғана ажыратады.

263. Жүріс вахтасында электроходта вахта электромеханигі:

1) еспелі электр қондырғысының жүріс мінбесінен берілген жұмыс режимін қатаң сақтайды;

2) жүріс мінбесінен түсірілетін командаларды орындайды. Егер команданы (өкімді) орындау авария қауіп-қатерімен немесе адамдардың өмірі үшін қауіптілікпен байланысты болса, бұл туралы дереу вахта бастығы мен вахта механигі хабарлайды; қайталап бұйрық берілген кезде электротехникалық журналда тиісті жазба жүргізе отырып, соңғы команданы (өкімді) орындайды. Еспелі электр қондырғысын жүріс мінбесінен басқарған кезде кезекші электромеханик вахта механигінің рұқсатымен тастап шығады, бірақ кез келген сәтте дереу басқару постына келуге және еспелі электр қондырғысын басқаруды қабылдауға дайын.

7. Кеменің өміршеңдігі үшін күресті ұйымдастыру
264. Дабылдар жөніндегі кеме кестелері және онда экипаж мүшелерінің лауазымдары немесе кемедегі нөмірлері және олардың дабылдар жөніндегі міндеттері көрсетілетін, экипаж мүшелерінің жеке карточкалары кеменің өміршеңдігі үшін күресті ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі негізгі құжаттар болып табылады. Кеменің өміршеңдігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру:

1) бортында өміршеңдік үшін күресті қамтамасыз етуге қабілетті экипаждың қажетті санының ұдайы болуын;

2) экипажды өміршеңдік үшін күреске даярлауды;

3) кеменің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес кемені, оның құрылғыларын, техникалық құралдарын және жабдықтарын ұдайы сақтауды;

4) кеменің өміршеңдігі үшін күрес құралдарының ұдайы даярлығын;

5) кемені және қоршаған ортаны тиісінше бақылауды көздейді.

265. Авариялық-құтқару және өртке қарсы жабдықтау және құрал-саймандар кеме экипажының адамдарына тіркеп жазылған, штаттық орындарда сақталады және тізімдемесі болады. Көрсетілген жабдықтар мен құрал-саймандарды тікелей мақсатынан тыс пайдалануға рұқсат етілмейді, үзілді-кесілді тыйым салынады.

266. Барлық кемелерде кеменің орнықтылығын және суға батпаушылығын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар сақталады, корпустың жантаюына, дифференттігіне және су өткізбеушілігіне тұрақты бақылау жүргізіледі. Балластық цистерналарды толтыруға, құрғатуға және баспалауға, балласт пен отынды бір ыдыстардан басқаларына ауыстырып құюға капитанның нұсқауы бойынша немесе келісімімен ғана рұқсат етіледі. Осы талаптың орындалуын кезекші бастық бақылайды.

267. Өміршеңдік үшін күреске жалпы басшылықты капитан жүзеге асырады. Капитан кеменің өміршеңдігі үшін күреске экипаждың құрамына кірмейтін, бірақ кемеде болатын адамдарды тарта алады. Механик машина бөлімшесінде өміршеңдік үшін күреске басшылық жасайды және оның қарауындағы техникалық құралдардың даярлығын және қолданылуын қамтамасыз етеді. Капитан кемеде болмаған кезде өміршеңдік үшін күреске кеме жүргізу мамандығы командалық құрамының үлкен адамы басшылық жасайды.

268. Кеме дабылдарының мынадай түрлері белгіленген: жалпы кемелік, «Борт сыртындағы адам», шлюпкалық (кемені тастап шығу бойынша).

269. Барлық кемелерде:

1) кемені басқару;

2) радиобайланыс және көру байланысы;

3) көкжиекті, ауаны және суды бақылау, кемені бекіту және корпустың су өткізбеушілігін қамтамасыз ету;

4) кеменің өміршеңдігі үшін күрес (отпен, сумен күрес);

5) кемеде орнатылған арнайы құралдарды пайдалану;

6) экипажға және жолаушыларға медициналық көмек көрсету;

7) тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау (жолаушылар кемелерінде);

8) қоршаған ортаны қорғау;

9) борт сыртындағы адамды құтқару;

10) кемені тастап шығу (адамдарды көшірудің толықтығын тексере отырып) бойынша бүкіл экипаждың міндеттері мен іс-қимылдарын белгілейтін, дабылдар жөніндегі кесте болуға тиіс.

270. Дабылдар бойынша міндеттер экипаж мүшелерінің лауазымдарын, мамандықтарын және меңгеруіндегілерін және олардың өзара алмасушылықтарын ескере отырып бөлінеді.

271. Дабылдар бойынша кесте экипаждық жұмыс әдісі кезінде экипаждың толық құрамына немесе бір мезгілде кемеде жұмыс істейтін бригадалар (бригада) мүшелеріне жасалады. Негізгі кестеден басқа кеменің тұрақтағы кезінде бортындағы экипаж мүшелерінің ең аз мөлшері үшін дабылдар бойынша тұрып қалғандағы кесте жасалады.

272. Штатқа кірмейтін, бірақ кемеде жұмыс істейтін адамдар дабылдар бойынша кестеге енгізіледі және экипаж мүшелерімен бірдей жеке карточкаларға ие болады.

273. Практика жетекшілері және практиканттар экипаж мүшелерімен бірдей шлюпкалық дабыл бойынша кестеге енгізіледі, ал қалған дабылдар бойынша олар экипаждың штаттағы мүшелерінің міндеттерін қайталайды (олардың жеке карточкасының нөмірі алдына нөл қойылады).

274. Дабылдар бойынша кесте кеменің экипаж үшін жалпы қол жетімді бөлмелерінде көзге түсетін жерге ілінеді. Экипаждың әрбір мүшесінің, сондай-ақ экипаждың штатына кірмейтін, бірақ кемеде жұмыс істейтін басқа да адамдардың төсегінің үстінде оның дабылдар бойынша міндеттері мен іс-әрекеттері көрсетілген карточка болады. Қатардағы құрамның, сондай-ақ экипаждың штатына кірмейтін адамдардың карточкалары - кеменің цифрлық нөміріне, командалық құрамның карточкалары - лауазымның атауына ие.

275. Жолаушылар кемелерінде көзге түсетін жерлерде жеке және ұжымдық құтқару құралдарын киюдің және пайдаланудың тәсілдері мен әдістері жөніндегі иллюстрацияланған нұсқаулықтар, олардың орналасқан жерлері мен адамдарды көшіру жолдары көрсетілген жоспарлар ілінеді.

276. Шлюпкалықты қоспағанда, кеме дабылдарын вахта бастығы мынадай жағдайларда жариялайды:

1) жалпы кемелік - кемеге, адамдарға, жүкке қауіптілік тудыратын, отпен, сумен және басқа да қауіп-қатермен күреске немесе күресу үшін даярлық кезінде;

2) «Борт сыртындағы адам» - адамның борт сыртына құлауы кезінде немесе адам (адамдар) борт сыртында табылған кезде.

277. Шлюпкалық дабылды (кемені тастап шығу бойынша) экипаждың және жолаушылардың кемені қалдыру қажеттігі туындайтын, кеменің опат болу қаупі кезінде тек капитан немесе капитанның нұсқауы бойынша басқа адам жариялайды.

278. Кемені қалдырған кезде құтқарушы құралдарға бірінші кезекте балаларды, әйелдерді және қарттарды отырғызу қамтамасыз етіледі. Адамдарды отырғызу тәртібін бұзатын немесе үрей туғызатын адамдарға ең қатаң мәжбүрлеу шараларын қолдануға рұқсат етіледі.

279. Дабылдардың мынадай сигналдары белгіленеді:

1) жалпыкемелік – үш-төрт рет қайталанатын, 25-30 секунд бойы қатты соғылатын үздіксіз қоңырау; өрт (жарылыс) кезінде дабыл сигналы кеме қоңырауын қатты соғумен қоса беріледі;

2) «Борт сыртындағы адам» – үш-төрт рет қайталанатын, қатты соғылатын қоңыраумен үш ұзақ сигнал; бір сигналдың ұзақтығы кемінде 5-6 секунд;

3) шлюпкалық (кемені тастап шығу бойынша) - жеті немесе одан көбірек қысқа сигналдар, олардың артынан үш-төрт рет қайталанатын, қатты соғылатын қоңыраумен бір ұзақ сигнал.

280. Барлық дабылдардың сигналдары дабылдың түрін көрсете отырып, кеменің хабар тарататын жүйесі бойынша дауыстап қайталанады; өрт немесе тесілген жер болған жағдайда олардың орны көрсетіледі. Хабар тарататын желі болмаған кезде дабылдың түрі, өрттің және тесілген жердің орны кез келген өзге құралдармен жарияланады. Барлық дабылдардың тоқтауы дауыстап хабарланады және трансляция бойынша командамен қатар айтылады; жаттығу оқуларын (оқу дабылдарын) өткізген кезде сигналдан кейін дауыстап немесе трансляция бойынша «Оқу» деген сөз беріледі.

281. Экипаждың барлық мүшелері, штатқа кірмейтін адамдар, практика жетекшілері мен практиканттар кеме дабылдары жарияланған кезде кесте бойынша өздерінің орындарына жылдам орналасады, өздерімен құтқару жилеттері (көкірекшелері) болады және оларды шлюпкалық дабыл немесе «Борт сыртындағы адам» дабылы жарияланған кезде киеді.

282. Кемеде өміршеңдік үшін күрес жөніндегі іс-қимылдарды практикалық жағынан жетілдіру үшін дабылдардың барлық түрлері бойынша жаттығу оқулары өткізіледі.

283. Дабылдар бойынша оқулар кемінде айына бір рет өткізіледі: егер қандай да болмасын портта экипаждың 25%-дан астамы алмастырылса, онда мұндай оқулар кеме осы порттан шыққаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей өткізіледі.

284. Жолаушылар кемелерінде дабылдар бойынша оқулар кемінде айына екі рет әдетте рейске шығардың алдында өткізіледі. Жолаушыларды мұндай жағдайларда өткізілетін оқу дабылдары және оларды өткізу кезіндегі тәртіп ережелері туралы алдын-ала ескертеді.

285. Әрбір жаттығу оқуынан кейін капитан оған толық шолу жүргізеді.

286. Егер көрсетілген мерзімдер ішінде оқу дабылы өткізілмесе немесе тек толық емес оқу дабылы өткізілсе, кеме журналында өткізілмеуінің немесе толық емес оқу дабылы өткізілуінің себептері туралы жазба түсіріледі.

287. Өзінің қарауында кеме, машина, электротехника және радиотелеграф журналдары, кеме кассасы және қатаң есептілік құжаттары, ал теңізде жүзген кезде – сондай-ақ жол төсемімен жол карталары болатын адамдар, кемені тастап шыққан кезде көрсетілген құжаттар мен құндылықтарды құтқарудың барлық шараларын қабылдайды.


8. Мемлекеттік ту
288. Кемеде белгіленген тәртіппен көтерілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы кеменің Қазақстан Республикасына тиесілігін көрсетеді.

289. Мемлекеттік туды қорғау және оған деген құрмет – кеме экипажының әрбір мүшесінің құрметті міндеті. Мемлекеттік ту ұқыпты және қашанда жақсы жай-күйде сақталады.

290. Шетелден сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын Қазақстан Республикасының консулы осы құқықты куәландыратын және белгіленген тәртіппен кеме тіркелгенге дейін жарамды уақытша куәлікті берген сәттен бастап пайдаланады.

291. Ту көтерілген бірінші күн кеме мерекесі болып есептеледі және жыл сайын атап өтіледі.

292. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы артқы жақ туы ретінде артқы жақ флагштокте немесе гафелде көтеріледі.

291. Ішкі су жолдарында жүзетін өздігінен жүретін кемелерде Қазақстан 3Республикасының Мемлекеттік туы навигация кезеңінде күн шыққаннан бастап (кеменің жүруі және оның тұруы уақытында көтеріледі және ол батқаннан бастап түсіріледі.

294. Полярлық және поляр маңы аудандарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы күн сайын оның көрініп тұратын уақытына дейін, ал күн ұзақ болған кезде - 8:00 бастап 20:00 сағатқа дейін көтеріледі.

295. Өздігінен жүретін кемелерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туынан басқа кеме иесінің жалауы көтеріледі.

296. Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында портқа кірер кезде, онда болғанда және одан шыққан кезде бір фалде алдыңғы мачтаның басты жерінде кеме иесінің жалауы көтеріледі.

297. Алдыңғы мачта болмаған кезде жалау алдыңғы флагштокте көтеріледі.

298. Рейд-маневрлік, қызметтік-қосалқы, жүру кемелерінде, арнайы мақсаттағы кемелерде, жолаушылар қала маңы және қалаішілік желілерде, өткелдердің барлық түрлері кемелерінде, сондай-ақ шапшаң кемелерде кеме иесінің жалауы көтерілуі мүмкін.

299. Мемлекеттік мереке мен басқа да ерекше салтанатты, сондай-ақ арнайы көрсетілген күндерде, портта тұрған уақытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын салтанатты көтеру жүргізіледі. Көтеру мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) ту көтерілгенге дейін 5 минут бұрын вахта бастығының командасы бойынша барлық экипаж, вахтаны қоспағанда, нысанды киімде белгіленген орында беттерімен кеме жазықтығына диаметралды сап түзейді; туларды көтеруге тағайындалған экипаж мүшелері тулардың маңында өз орындарын алады. Экипаждың сапқа тұрғаны туралы капитанға баяндалады. Капитан жоғарғы палубаға шығып, экипажбен сәлемдеседі және оны құттықтайды;.

2) ту көтерілгенге дейін 1 минут бұрын «Туға тік тұр» деген вахта бастығының командасы бойынша экипаж «Тік тұр» жағдайында тұрады. «Ту мен жалауды көтер» деген вахта бастығының командасы бойынша фалда тұрғандар ту мен жалауды көтереді. Ту көтерген уақытта командалық құрамның адамдары қолдарын бас киім тұсына көтереді;

3) ту көтерілгеннен кейін вахталық бастық командирдің рұқсатымен «Еркін тұр» және «Тараңдар» деген команда береді.

300. Жалауларды жинақтау кезінде мынадай тәртіп сақталады: кеменің алдыңғы жағында үш бұрышты жалаулар жиналады, орташада – тік бұрышты артқы жағында тік бұрышты және бұрымша тік бұрышты.

301. Ауа райы болмағанда және жүк операциялары кезінде жалаулармен безендіру жүргізілмейді.

302. Безендіру үшін мыналар қолданылмайды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және әскери-теңіз тулары, қосалқы және гидрографикалық кемелердің артқы жақ тулары, лауазымды тұлғалардың туы, шетелдік ұлттық және әскери тулар, шетелдік ұлттық және әскери тулармен бірдей суреттері бар сигнал беру жиынтықтың тулары, жинақтау жалауы.

303. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін кемелерде жүру кезінде және тұрақта тұрған кезде күн сайын таңертең сағат 8 көтеріледі және күн батысымен түсіріледі.

304. Полярлық және поляр маңы аудандарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы күн сайын оның көрініп тұратын уақытына, ал күн ұзақтығы кезінде - 8:00 бастап 20:00 сағатқа дейін көтеріледі.

305. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы таңғы сағат 8:00 бұрын көтеріледі және оның көрінуі кезінде мынадай жағдайларда күн батқаннан кейін түсірілмейді:

1) кеме портқа кіру кезінде және порттан шығу кезінде;

2) теңізде әскери кемелермен және корабльдермен кездескен кезде олармен айырылысқанға дейін.

306. Шетел портына кірген кезде, портта тұрған және одан шыққан кезде бір уақытта артқы жақ жалаумен бірге артқы жақ сигнал беру мачтасының алдыңғы жағында кеме иесінің жалауы көтеріледі.

307. Болу елінің ұлттық мерекесі күндері, сондай-ақ кемеде шет мемлекеттің немесе үкіметтің басшысы ресми тұлға ретінде болған кезде осы елдің туы артқы жақ сигнал беру мачтасының алдыңғы жағында көтеріледі. Қазақстан Республикасының консулымен келісім бойынша кеме жалаулармен түрлендіріледі.

308. Қаралы күндері және бортта қайтыс болған адам болған кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы фал ұзындығынан 1/3 төмендетіліп ұсталады.

309. Қаралы күндері порттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы порт капитанының өкімімен, ал шетел порттарында Қазақстан Республикасының консулымен және порттың билік орындарының келісім бойынша төмендетіледі.

310. Кеме жұмысының маневрлік режимдерінің күрделі жағдайында жүзу кезінде (бекіту операциялары, каналдардан, шлюздерден және тар жерлерден өту, портқа кіру және порттан шығу, маневрлеу, мұздарда, таяз суларда жүзу, дауыл кезінде) тулармен өзара сәлемдесу жүргізілмейді.
9. Күнделікті қызмет, кеме экипажының өмірі мен тұрмысының күн тәртібі
§ 1. Күн тәртібі

311. Осы Жарғыға 2-қосымшаға сәйкес кемеде күн тәртібі белгіленеді.

312. Капитан кеме жұмысының нақты жағдайына қатысты күн тәртібін өзгерте алады.
§ 2. Кеме үй-жайлары
313. Кеме үй-жайлары тұрғын, қызметтік және жалпы пайдаланылатын болып бөлінеді.

314. Кеме экипажының барлық мүшелері тұрғын үй-жайларға әрбір кеме үлгісі үшін жобада белгіленген орналасу жоспары бойынша орналасады және бірінші штурман (командирдің бірінші көмекшісі, шпикер) каюталар бойынша жазады.

315. Резервтік үй-жайлар жоқ кемеде уақытша кемеде болатын адамдарды орналастыру тәртібін капитан белгілейді.

316. Тұрғын үй-жайларда жарылғыш, тез тұтанатын, улы және өртке қатысты қауіпті заттар мен материалдарды, тез бұзылатын тағам өнімдерін, арнайы киімдерді (бұл көзделмеген жерде) сақтауға, сондай-ақ электр аспаптарын пайдалануға тыйым салынады.

317. Тұрғын үй-жайлардан кеткен кезде экипаж мүшелері электр жарығын, желдеткіштерді және басқа да электр энергиясын тұтынатын стационарлық емес аспаптарды ажыратады.

318. Барлық кеме үй-жайларының кілттері осы үй-жайларды (осы үй-жайларда тұратын) меңгеретін адамда сақталады. Кілттердің көшірмесі бірінші штурманда (командирдің бірінші көмекшісі, шпикер) сақталады.

319. Кеме дабылы, қараулар мен тексерулер уақытында каюта және басқа да тұрғын үй-жайлар бүркемеленуі, бірақ құлыпқа жабылмаған болуы тиіс. Кеменің барлық жабылатын үй-жайларына кіру тәуліктің кез келген уақытында қамтамасыз етілуі тиіс.

320. Кемеде оқуларды, кеңестерді, жиналыстарды өткізу үшін арнайы үй-жайлар бөлінеді және мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен ұжымдық демалыстарды өткізу үшін қызыл бұрыш жабдықталады. Арнайы үй-жайлар болмаған кезде аталған іс-шараларды кают-компаниялар мен экипаж асханаларында өткізеді.

321. Капитанның немесе бірінші штурманның (капитанның бірінші көмекшісінің) рұқсатымен кают-компанияға (асханаға) экипаж құрамына кірмейтін адамдар қонақ ретінде шақырылуы мүмкін. Ресми сипаты бар шақырулар капитанның рұқсатымен ғана жасалады.

322. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар (ойын-сауық, ойындар, фильмдер көрсету) капитан өзге уақыт белгілеген жағдайларды қоспағанда, сағат 23:00 дейін аяқталуы тиіс.


§ 3. Кеменің санитарлық жай-күйін қамтамасыз ету

323. Бүкіл кеме экипажы санитарлық ережеге сәйкес кеме үй-жайларын тазалықта, сондай-ақ киім мен аяқ киімді таза және ұқыпты ұстайды.

324. Үй-жайлар мен палубаларды жинау тәртібін Қазақстан Республикасының ішкі суларда жүзетін кемелері үшін санитарлық ереженің, сондай-ақ жолаушыларды, қол жүгі мен багажды тасымалдау ережесінің талаптарын ескере отырып, бірінші штурман (капитанның бірінші көмекшісі, шкипер) айқындайды, бұл ретте экипаж мүшелері жинау объектілері бойынша қол қояды.

325. Қызмет көрсететін адамдардың жинауы көзделмеген тұрғын үй-жайларды оларда тұратындар жинайды.

326. Үй-жайда бірнеше адам тұрған кезде олардың ішінен бірінші штурман (капитанның бірінші көмекшісі, шкипер) осы үй-жайларда жинау бойынша кестенің орындалуын қамтамсыз етуге міндетті басты адамды тағайындайды.

327. Кемені және барлық үй-жайларды санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес ұстау үшін күн сайынғы жинау және бірінші штурманның (капитанның бірінші көмекшісінің, шкипердің) басшылығымен айына бір реттен кем емес санитарлық аврал жүргізіледі.

328. Кают-компаниядағы (асханадағы) күн сайынғы жинау таңертеңгі асқа дейін аяқталуы тиіс. Жолаушылар кемесінде бұл уақытқа дейін жолаушылар палубасын, салондарын, кіреберістерді, ішкі траптарды, ашық палубадағы траптарды және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды жинау аяқталуы тиіс.

329. Экипаж мүшелерінің төсек орындарын ауыстыру 7 күнде бір реттен кем емес жүргізіледі.

330. Экипаж мүшелерінің кір киімдерін және экипаждың жұмыс киімдерін жуу кеме жуу орындарында, ал олар болмаса – арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі.

331. Тәртіпті қолдау және гигиена шарттарын сақтау үшін бірінші штурман (капитанның бірінші көмекшісі, шкипер) тұрғын үй-жайларды және жалпыға ортақ пайдаланылатын үй-жайларды жүйелі қарауды жүргізеді.


§ 4. Тамақ қабылдау тәртібі
332. Кеме экипажының барлық адамдарының тамақ қабылдауы күн тәртібімен белгіленген уақытта жүргізіледі.

Тамақты тарату алдында бірінші штурман (капитанның бірінші көмекшісі, шкипер) дайындалған тағамның дәмін татады.

333. Командалық құрам адамдары кают-компанияда тамақтанады. Кают-компаниядағы басты адам капитан болып табылады, ол болмағанда - бірінші штурман (капитанның бірінші көмекшісі, шкипер). Команданың асханадағы басты адамы боцман болып табылады. Кают-компаниялар жоқ кемеде командалық құрам үшін экипаж асханасында немесе жолаушылар салонында үстелдер бөлінеді.

334. Бүкіл экипаж кают-компанияға немесе асханаға тамақ қабылдау үшін белгіленген уақытта, таза және мұқият киімде келеді.

Белгіленген уақытта келмегендер үшін тамақ қалдырылмайды.

Күн тәртібі бойынша белгіленбеген сағаттарда тамақ қабылдауға тек кейінге қалдырылмайтын кеме жұмыстарын қызметтік тапсырмаларды орындаған адамдарға және тек бірінші штурманның (капитанның бірінші көмекшісінің, шкипердің), ал ол болмағанда – вахта бастығының рұқсаты бойынша рұқсат етіледі.

335. Каютаға тамақ тек капитанға оның өкімі бойынша берілуі және ауырған адамдарға бірінші штурманның (капитанның бірінші көмекшісінің, шкипердің) нұсқауы бойынша берілуі мүмкін.
§ 5. Жағаға шығу
336. Экипаж мүшелерінің жағаға шығу тәртібі мен кезектілігін капитан белгілейді.

Жағаға шығу кезінде кемеде кеме қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қажетті жұмыстарды орындауға қабілетті экипаждың бір бөлігі қалады. Бұл ретте көлік флоты кемелерінде экипаждың айлақта тұрған кезінде үштен екісінен кем, ал рейдте тұрған кезде үштен бірінен кем шығуға рұқсат беріледі.

337. Кемеде қауіпті жүк болған жағдайда, рейдте тұрған кезде немесе қолайсыз жағдайларда, сондай-ақ кеме үшін қауіпсіздік немесе оның тұрақ орнын ауыстыру қажет болса (немесе болжам болса), кемеде капитан немесе бірінші штурман (командирдің бірінші көмекшісі, механик немесе механиктің бірінші көмекшісі).

338. Рейдтік-маневрлік, жергілікті, техникалық және қызметтік-қосалқы флот кемелерінің капитаны кеме иесі белгілеген тәртіппен кемені қалдырады.

339. Кеме экипажының барлық адамдары кемеден тек өздерінің тікелей бастықтарының рұқсатымен кетуі мүмкін.

340. Шығуға рұқсат алған кеме экипажының адамдары кемеден кетер алдында және кемеге оралуы бойынша бұл туралы вахта бастығына баяндайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет