19-2-бап. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын қолдануға негіздер
1. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын қолдануға мына мән-жайлардың бірі:
1) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе өтініштері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
2) құқық бұзушылық жасау не жасауға әрекет ету фактісін ішкі істер органы қызметкерінің тікелей анықтауы;
3) мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін өзі басқару органдарынан түскен материалдар негіз болып табылады.
2. Құқық бұзушылық жасау туралы немесе оны жасау қатері туралы өтініштер мен хабарламаларды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
Ескерту. Заң 19-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен.
19-3-бап. Профилактикалық әңгімелесу
1. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері құқыққа қарсы мінез-құлықтың себептері мен жағдайларын анықтау, құқық бұзушылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарларын түсіндіру және заңға мойынсынушылық мінез-құлықтың қажеттігіне сендіру болып табылады.
2. Профилактикалық әңгімелесуді құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану құзыретіне жататын кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің мемелекеттік органы мен мекемесінің өкілі құқық бұзушылық жасаған немесе оған қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдануға негіз бар адаммен өткізеді.
3. Профилактикалық әңгімелесу кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі мемлекеттік органдарының қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ тұратын жері, оқуы, жұмыс орны бойынша не тікелей құқық бұзушылық анықталған жерде өткізіледі және оның ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс.
4. Профилактикалық әңгімелесу өткізілетін кәмелетке толмаған адамға құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтату қажеттілігі туралы ескертіледі.
5. Кәмелетке толмаған адаммен профилактикалық әңгімелесу оның ата-анасының, педагогтарының немесе басқа да заңды өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.
Ескерту. Заң 19-3-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |