Кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмысты тергеу (Дипломдық жұмыс) Орындаған: Садықов. Е Кіріспе:
1. КӘМЕЛЕТ ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАРМЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабына сәйкес адам, оның құқықтары мен бостандықтарын жоғары құндылық ретінде жариялады. Мемлекеттің басты міндеті адамның құқықтары мен бостандықтарын тану болып табылады. Қазіргі уақытта біздің еліміздің азаматтары құқықтық тәртіп пен қауіпсіздіктің мәселелері толғандыратыны негізсіз емес. Бұл Қазақстан Республикасындағы болып жатқан түбегейлі өзгерістермен, қылмыстылықтың жағдайымен, оның сапалық өзгеруімен байланысты. Ұйымдасқан қылмыстылық, терроризм, сыбайлас-жемқорлық, есірткіқұмарлық еліміздің ішкі және сыртқы қауіптерінің кең ауқымын құрайтын нақты факторларға айналды. Елдегі криминогендік ахуалдың динамизмінің жалпы деңгейіне жасы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың өсуі теріс ықпалын тигізуде. Сәйкесінше ішкі істер органдарының тәжірибелік қызметінде олардың алдында тұрған міндеттерін шешуде жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу мәселелері зор мәнге ие болады. Ол келесі мән-жайлармен анықталады.
2. КӘМЕЛЕТ ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАРМЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Біріншіден, құқық қорғау саласында ағылып жатқан криминогендік ахуалға ықпал ететін процестердің маңыздылығынң жоғары болғандығы соншалықты, жасы кәмелетке томағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу мәселелерін шешуге жаңа түбегейлі көзқарастар қажет болды, ал бұл жалпы қылмыстылықпен күрес тиімділігін едәуір арттырады.
Екіншіден, жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарға қатысты мәселелер жеткілікті дәрежеде теориялық қарастырылған болып табылады. Сөйте тұра, жекелеген теориялық ережелердің жеткілікті қарастырылмағандығын, анық еместігін, ал кейде тіпті әртүрлі ұғымдарын түсіндіруде қарама-қайшылықтығын, жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды терге мәселелерін құқықты реттеуде ақаулар мен коллизиялардың болуын атап өту қажет. Нақты мәселелрді білу, ең алдымен жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу мәнін, оның заңдылықтарын білу алдын ала тергеу құрылымдарына міндеттері, қағидалары, құқықтық жағдайын ескере отырып қарастырылатын субъектілермен жасалатын қылмыстарды тергеуде қолда бар мүмкіндіктерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |