Қылмыстылықтың объективті стистикасы
2011 жылғы қаңтарда Елбасы елдегі қылмыстылық деңгейі көрсеткіштерінің дұрыстығын қамтамасыз ету бағытын белгіледі.
Бас прокуратураның бір жарым жыл ішіндегі жоспарлы жұмысы арқылы ұзақ жылдар бойы жасырылып келген қылмыстар есебінен қылмыстарды толық тіркеу қамтамасыз етілді.
Елдегі шынайы криминогендік ахуалды қалыптастыруға бағытталған жұмыстың нәтижесінде ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар “көлеңкеден” шығып, нәтижесінде қылмыстар санының өсуіне себеп тудырды.
2012 жылғы 9 айдың ішінде 210 мыңнан астам қылмыс тіркелді, оның көрсеткіші 2011 жылмен салыстырғанда 52,5%-ға жоғары. Соның ішінде аса ауыр қылмыстың саны керісінше 14,4%-ға төмендеді.
Қылмыстардың айтарлықтай бөлігі, әсіресе, ақша және ұялы телефон ұрлығына қатысты қылмыстар иелерінің қырағылықты жоғалтуы есебінен және қоғамдық орындарда жасалатыны анықталды. Жалпы алғанда, көрсеткіштердің объктивтілігін қамтамасыз ету ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті енгізген бірқатар инновациялық жобалардың арқасында жүзеге асты (бұдан әрі – Комитет).
“Элеқтрондық талон жобасы”.
Осылайша, берілген арыз бойынша ақпаратқа еркін қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
“Комитетің электрондық порталы арқылы қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды тіркеу” жобасы.
Осылайша, аталған арыздарды қабылдайтын лауазымды тұлғаларда оларды жою немесе тіркемеу мүмкіндігі болмайды, яғни оларды жасыру мүмкіндігін толығымен жояды.
“Қылмыстар және оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды электрондық тіркеу (Электрондық ӨЕК)” жобасы.
«Полициядағы кезекші прокурор – азаматтар құқықтарының кепілі» жобасы.
Бас прокуратураның аталған жобасында Комитеттің инновациялық мүмкіндіктері ү.ж. 1 ақпанында техникалық тұрғыда жақсы жабдықталған Астана және Алматы қалаларының ішкі істер органдарында тәжірибелік режимде қолданысқа егізіліп, іске асты.
Жоба барлық келіп түскендерді, қамауға алынғандарды кіру/шығу орындарында бақылау камераларын және бейнебекітуді пайдалану арқылы есепке алу жүйесін енгізуді көздейді.
Қылмыстық құдалау органдарының қылмыстар туралы өтініштерді қабылдауы, есепке алуы, тіркеуі және қарауы; нақты уақыт режиміндегі прокурорлық қадағалау және ведомстволық бақылау орнату кезіндегі іс-әрекеттің айқындығын қамтамасыз ету барлық жобалар үшін ортақ мақсат болып табылады.
2011 жылғы 9 қарашадағы ҚР Заңымен лауазымды тұлғалар тарапынан қылмыстарды қасақана жасырғаны үшін ҚР ҚҚ-нің 363-1 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік енгізіліп, оның шекті жазалау шарасы 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Аталған заң арқылы “Құқық қорғау қызметі туралы” ҚР Заңының 80-бабы аумақтық құқық қорғау органының басшысы қылмыстарды есепке алуды жасыруға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдамағаны үшін оны жұмыстан шығару көзделетін нормамен толықтырылды.
2012 жылдың 9 айы ішінде заң бұзұшылық үшін құқық қорғау органдарының 5 865 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бас Прокурор тарапынан заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға бығытталған бірқатар ұымдастыру-өкімдік құжаттары қабылданып, елдің құқық қорғау органдарында кешенді тенксерулер өткізілді, олар 2011 жылдың шілдесінде Бас прокуратура алқасының отырысында қарау мәні болып, аумақтық құқық қорғау органдары бөлімшелерінің кінәлі басшылары қылмыс жасырғаны үшін қатаң сынға ұшырады.
Жүргізіліп отырған кешенді жұмыс заңдылықты бекітуге, азаматтардың қылмыстық-құқықтық саладағы құқықтары мен бостандықтарын күшейтуге, сондай-ақ қылмыстар туралы өтініштерді орындау жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді.
Осылайша, 69% өтініш жедел мерзімдерде (үш тәулікке дейін) қаралды, тіркеуден жасырылған қылмыстар саны 3,5 есеге (2007-2011 жылдары 38%-дан 50%-ға дейін) және қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға негізді шағымдану 2 есеге азайды.
Сондай-ақ, азамматардың қылмыстық қудалау органдарының шешімдері мен іс-әрекеттеріне шағым жасау саны 28,9%-ға кеміді, бұл билік өкілдеріне азамматар сенімінің артуын көрсетеді.
Тіркелген қылмыстардың айтарлықтай бөлігі криминогендік ахуалдың нашарлауын бағалау өлшемі болып табылмайды және тек елде іс жүзінде қалыптасқан және ұзақ жылдар бойы “жасырылып келген” қылмыстылық деңгейін көрсетеді.
Осылайша күтілген нәтижеге қол жетті – тіркеу рәсімі қызметкерлер үшін қолдануға ынғайландырылды және жеңілдеді, ал азамматар үшін барынша айқындала түсті.
Байланыс ақпарата
Тел: 8(7172)71-28-68
Call-центр: 115
(Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитетінің ресми сайты:
http://pravstat.prokuror.kz
Сенім телефондары
Прокуратура | Телефон |
Бас прокуратура
|
(7172)71-28-98, 71-26-20
|
Астана қаласы
|
(7172) 71 24 08
|
Алматы қаласы
|
(727) 250 42 70, 250 44 28
|
Ақмола облысы
|
(7162) 25 52 71
|
Ақтөбе облысы
|
(7132) 21 29 80
|
Алматы облысы
|
(7282) 27 16 91, 27-10-33
|
Атырау облысы
|
(7122) 55-86-56
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
(7232) 26 48 02
|
Жамбыл облысы
|
(7262) 43 65 50
|
Батыс Қазақстан облысы
|
(7112) 50 79 74
|
Қарағанды облысы
|
(7212) 77 10 92
|
Қостанай облысы
|
(7142) 54 77 74
|
Қызылорда облысы
|
(7242) 26 16 71 (ф)
|
Манғыстау облысы
|
(7292) 42 34 14
|
Павлодар облысы
|
(7182) 31 50 81
|
Солтүстік Қазақстан облысы
|
(7152) 36 04 94
|
Оңтүстік Қазақстан облысы
|
(7252) 53 77 05
|
Бас әскери прокуратура
|
(7172) 71 29 39
|
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет
|
(7172) 31 74 07
(7172) 31 74 87
|
Бас көліктік прокуратура
|
(7172) 71 22 78
|
Бесқарағай ауданы бойынша
Басқарма прокуроры
2 дәрежелі заңгер И.Қисамиева
Достарыңызбен бөлісу: |