Кеңсай ауылдық округ әкімі Ж. Абдрахмановтың есептік баяндамасы Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі67.74 Kb.
#4416
Кеңсай ауылдық округ әкімі Ж. Абдрахмановтың есептік баяндамасы
Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №1546 Жарлығына сәйкес соңғы 5 жыл көлемінде ұдайы ауылымызда, ауданымызда әкімдердің халық арасында есеп беру жиыны өткізіліп жүр. Осындай кезекті жиын Кеңсай, Жарсу, Бақасу, Саржыра ауылдарында өткелі тұр.

Өткен жылдың басында ауыл әкімінің экономикалық дамуының 2009 жылға арналған бағдарламасы бекітілген. Жыл көлемінде атқарылуға жоспарланған 33 тапсырманың толық -25, жартылай орындалғаны-4 орындалмағаны-3, нақты: Май сығатын цех ашу, жылыжай салу және Жарсу ауылында салынуға тиісті сауда дүкені. Бұл жұмыстар мүмкіндік болса биылғы жылы қолға алынатын болады.

Биылғы санақ қорытындысына қысқаша тоқталсақ:

Халық саны: 2010 жылдың 1 қаңтарына 2697 болды. Өткен жылдармен салыстырғанда 46 адамға көбейді. Елбасымыздың бүгінгі ұстанып отырған саясатының арқасында қатарымызға 1995 жылдан бері 113 оралмандар отбасы келіп қосылды. Олардың 247 –сі бүгінгі күні Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. 2009 жылдың 25 ақпан - 6 наурызы аралығында Елімізде Ұлттық халық санағы жүргізілді. 2009 жылы округ бойынша 4 тұрғын үй салынды.

Округ бойынша тұрғындардың жеке меншігінде 527 тұрғын үй тіркелген, 2009 жылы дүниеге 41 сәби келді, 21 отбасы шаңырақ көтерді.



Мал есебіне тоқталсақ: 01.01.2010 2009 ж. салыстыр-да

Ірі қара малдары 6689 + 36

О.і сиыры 2495 +155

Қой-ешкі 14111 +524

Жылқы 1131 + 61
Ауылдық округ әкімі бойынша жалпы 1213 га егістік жер болса 2009жылы 416 га жерге дәнді астық себіліп, одан 843 тонна өнім алынды. 1 га-нан – 20,2 центнерден.

Оның ішінде: егілгені (га) түскен түсім (ц) 1 га алынғаны

Бидай 386 785 15

Тары 24 46 19

Күнбағыс 100 120 12

Көкеніс 109 654 60

Картоп 103 412 40

340 тонна көп жылдық шөп дайындалды. 120 га сүдігер жыртылып, 67 тонна тұқымдық астық толық зертханадан тексеруден өткізіліп, қамбаға құйылды.

Кеңсай, Жарсу-Бақасу, Саржыра ауылдарына мал өлекселерін тастайтын стандартқа сай жаңадан орындар салынды.

2009 жылы ауылдық округ бойынша 576 273 теңгенің көктемгі егіске байланысты мына азаматтарға: (Мажитов Р, Ли.Я.М, Қияқова Р, Ақшал Насыр, Хамзин К) субсидия төленді. Өкінішке орай тиісті құжаттарының болмауына байланысты көптеген азаматтар Үкіметтің жеңілдігін пайдалана алмады. Ал алған азаматтар оның қаншалықты пайдасы бар екендігін көрді.

2009 жыл көлемінде ауылдық округ әкімі аумағындағы 17 шаруа қожалықтары жетекшілерімен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында 1млн теңгенің үш және екі жақты серіктестік меморандумы жасалып жыл көлемінде қаржы толық игерілді. Соның нәтижесінде: 745 мыңның әлеуметтік көмегі, білім саласына 105 мың теңгенің көмегі жасалды.

Сондай-ақ 2009 жыл көлемінде екі рет, көктемде және күзде жеңілдетілген бағамен ауылшаруашылық құрылымдарына жанар-жағар май босатылды.

2009 жылы жерлерін пайдаланбай отырған 646 га шаруашылық иелерінің тізімі аудандық жер қатынастары бөліміне беріліп, аудан әкімінің шешімімен 1 жылға қайтарылып алынып, жұмыс істеймін деген азаматтарға берілді.

2009 жылы Жол картасы бойынша Кеңсай ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған бюджеттен 24 млн 600мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні мәдениет үйі толық қанды жұмыс істеп тұр.

«Омбы-Жарсу-Бақасу-Саржыра-Октябрь-Омбы» айналма жолы жөнделді.

Тазалық-денсаулық кепілі. Тазалық әр адамның жеке басынан, ауладан басталу керек. Ауыл тазалығына мән беру керек. Әсіресе қыс айларында күнделікті қорадан шыққан қоқысты белгіленбеген жерге апарып төге саламыз. Бірнеше адамға айып салынды. Барлық ауылдарда қоқыс төгетін арнаулы орындар бар. Сондықтан тазалыққа ерекше мән берейік, ағайын.

2009 жылы ауылдық округ бойынша 8 дала өрті болды.

Сіздерге ескертеміз егер дала өрті шығатын болса, оған өрт сөндіру мекемесі қызметкерлері келмейді. Сол жердің, иесі шаруа қожалығы жетекшісі, ауыл тұрғындары өшіру қажет.

2009 жылы ауылдық округ бойынша 1500 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Кеңсай ауылына кіре берісте 6 га жер қоршалып, саябақ ашу жоспарланып отыр.

Ауылдық округ әкімі аумағында бүгін 175 шаруа қожалықтары тіркеліп жұмыс істейді. Олардың 26-сы тек қана мал шаруашылығымен шұғылданады.

Осы орайда әкімшілік аумағында жыл көлемінде бақша өнімдірін өсіріп, оны ұқсатумен айналысып жүрген «Ринат» шаруа қожалығының бүгінгі атқарып жатқан жұмысы басқаларға үлгі аларлық. Олар әр жылдың наурыз айынан бастап жылыжайда көшет өсіріп 10-12 га дейін оны егеді. Биылғы жылы олар сиымдылығы 20 тонналық көкөніс сақтайтын қойма салып қыс мезгілінде өз өнімдерін Зайсан қаласындағы муниципалдық базарға шығаруға мүмкіндіктері болып отыр.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыруда апта сайын ауданда өтетін жәрмеңкеде,муниципалды базарда тұрақты бағада өнім сатуға қол жеткізсе, олардың саудалаған өнімдері сапасымен де бағасымен де көптің көңілінен шығып жатыр, сөйтіп халықтың жергілікті сапалы өнімді алуларына мүмкіндік жасап отыр.

Әкімшілік аумағында туған жерін түлетіп, толағай табысқа жетіп, ауылдастарын жұмыспен қамтып, береке-бірлігі тасыған бір емес, бірнеше шаруа қожалықтары бар, олар «Наурыз», «Нұртас», «Болатбек», «Баянды», «Бауыржан», «Ынтымақ» шаруа қожалықтары. Әкімшілік аумағындағы шаруа қожалықтары, шағын бизнес құрылымдары аз қамтылған отбасыларына тұрақты демеушілік көмектерін жасап , 2009 жыл көлемінде орта есеппен 600 мың теңгенің демеушілік көмегін көрсетті.

Аудан көлемінде бағаны тұрақтандыру мақсатында аудан орталығында ашылған муниципалдық базарда әрбір ауыл тұрғыны, әрбір өнім өндіруші өз өнімін ешқандай делдалсыз осы базарда саудалауға толық мүмкіндік бар. Осы базарда ауыл әкіміне арнайы бөлінген орын бар.

Бүгінде ауылдық округ әкімі аумағына 5 аралас сауда дүкені, оның 3-Кеңсайда, 2-Жарсуда, 1-наубайхана, 1-қоғамдық монша халыққа қызмет көрсетеді. Кеңсай ауылындағы «Ертай» сауда дүкенінде ардагерлер бұрышы ұйымдастырылған.

Азаматтардың жеке меншігінде 58 ауылшаруашылық техникалары, 18-жүк автокөлігі, 97 жеңіл автокөлік бар.

Салық жоспары: салық түрі жоспар орындалуы

мүлік - 45 ,0 45,0 100 пайыз

Жер салығы 175,0 175,0 100 пайыз

Көлік салығы 700,00 700,0 100 пайыз

Жалпы салық жоспары 100, пайызға орындалды.

Әлеуметтік мәселелер,білім,денсаулық, мәдениет саласы бойынша:
Ауылдық округ әкімінде 1 кітапхана жұмыс істейді, онда 6300 кітап қоры , 500 оқырман бар. Биылғы жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп пайдалануға берілді. 25 адам мәдениет үйінде 15 адам жол жөндеу жұмыстарына жұмысқа тартылды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 35 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Кәсіби даярлау ,қайта даярлау және біліктілігін арттыру курсында 5 адам оқып, 2-уі жұмысқа орналасты.

Ауылдық округ әкіміндегі жастар және спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстарымызда бар дегенмен кемшіліктеріміз де баршылық. Барлық түрдегі спорт түрлерінен көрсеткіштеріміз көңіл қуантпайды. Алдағы уақытта бұл жұмыстарды жандандыруда жұмыс атқаруымыз керек.

Ауылдық округ аумағында 2 орта, 2 шағын жинақталған мектепте 430 бала білім алады. 2009 жыл қорытындысы бойынша мектеп бітірушілердің 10-ы жоғарғы оқу орындарында, 15-і арнаулы оқу орындарында, 3-уі кәсіптік мектептерде оқиды. Биылғы жылы Зайсан қаласындағы кәсіптік мектептің 1 курсына 9 оқушы ауылшаруашылығы мамандығы бойынша түсіп білімдерін жалғастыруда.

1-дәрігерлік емхана, 3-фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Осы мекемелерде 11 арнаулы мамандар халыққа дәрігерлік қызмет көрсетеді.

1-байланыс бөлімі, 1-АТС халыққа қызмет көрсетеді.

Әйтсе де телефон байланысы әлі де нашар, номерлер қосарланып, бір бірімізден сыр жасырмай бірге сөйлесіп жатамыз. Биылдан бастап Бақасу, Саржыра ауылдарындағы пошта таратушы мәселесі шешілген, сондықтан осы жылдан бастап әр елді мекенге баспасөз материалдары тұрақты барады деп сеніммен айтуға болады.



Тұрғындарға көрсетілетін материалдық көмектер жөнінде.

2009 жылдың 4 тоқсанында 122 отбасындағы 312 балаға 3 млн. теңгенің мемелкеттік жәрдемақысы төленсе, 17 отбасындағы 50 адамға 1 млн. теңгенің атаулы әлеусметтік көмегі төленді.42 адамға 939 мың теңгенің АӘК, 106 отбасындағы 258 балаға 2 748,0 теңгенің балалардың мемлекеттік жәрдемақысы тағайындалып төленді. Сондай-ақ,аудан әкімінің ықпалымен аз қамтылған 15 отбасына 18 тонна тегін көмір түсіріліп берілді.

Бізде тепсе темір үзетін азаматтарымыз арасында осы балалар жәрдемақысына сүйеніп, жылы үй, жайлы төсекте жатып ақша табуды кәсіп ететіндер кездеседі. Қазір ауылда шаруа қожалықтарында малшы, сушы мамандықтары жетіспейді. Жұмыс сұрап келгендерге осы шаруашылықтарға баруға ұсыныс жасасаң барғысы келмейді. Тіпті баспана сұрап келгендерге тегін, дайын үйге барып ай сайынғы тиесілі еңбек ақысын алып мал бақ деп ұсыныс айтса, онда да бармайды. Келешекте осындай ұсынған жұмысқа барудан бас тартқандарға балалар жәрдемақысын төлеген кезде есепке алатынымызды ескертеміз.

Ауылдық округ әкімі аумағында тұратын 5 соғыс ардагерінің барлығына мүмкіндігіне қарай көмек көрсетіліп тұрады. Бесеуіне де телефон желісі тартылған. Дәрігерлік қызмет дер кезінде көрсетіліп тұрады.

2009 жылдың қыркүйек айында Зайсан қаласынының 140 жылдық және Өскемен қаласында «Туған жер алтын бесігім» айдарымен Зайсан ауданының күндері өткізілді. Өскемен қаласында ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Осындай үлкен шараны өткізуде округ аумағындағы барлық ірілі-ұсақты шаруа қожалықтары, ауыл азаматтары демеушілік көмектерін көрсетіп, үлкен үлестерін қосты.

Ауылдық округ әкімінде қоғамдық негізде ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі ауыл әкімімен байланыста жоспарлы жұмыс істеп келеді.



Тәртіпсізді ортаға алып, жөнге салу қатарға тартып, дұрыс жол көрсетіп, ақыл кеңесін беруде алқа мүшелері Қабытаев Ш, Шағыраев Қ, Ниязбекова М, Омарбекова Г айтарлықтай жұмыстар атқарып жүр.

Қорыта келе: Кеңсай ауылдық округ әкімі бойынша шешімін тапқан, және орындалмай келе жатқан мәселелер де бар. Ауыл әкімі олардың барлығын жинақтап,бақылауда ұстайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет