Кеңсай ауылдық округінің 2014 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындылары



Дата29.02.2016
өлшемі88.1 Kb.
#32360
Кеңсай ауылдық округінің

2014 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындылары
Елбасымыз, 2014 жылдың 11 қарашасында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауында еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері қол жеткен жетістіктеріміз бен алғы күннің міндеттерін айқын көрсетіп берді. Тәуелсіз еліміз өзінің қалыптасу және даму кезеңінде мемлекет басшысының «алдымен-экономика,содан соң саясат» деген қағидасын басшылыққа алып, әлем таныған өркенді елдердің қатарына қосылды.

Жолдауда нақтыланған тапсырмаларды іске асыруда ауылдық округ көлемінде біршама істер атқарылды.

2014 жылдың 14-16 қаңтарында ауыл әкімінің округке қарасты елді мекен тұрғындарының алдында ауыл әкімінің, 4-8 ақпанда аудан әкімінің Кеңсай ауылы тұрғындарымен есепті жиыны өткізілді.

Көпшілік жиынында айтылған сын-ескертпелер толық жинақталып, ол жөнінде арнайы шара жасалып, орындалуын бақылауда ұсталды.

Өткен жылғы көпшілік жиынында айтылған сын-ескертпелердің орындалу барысы төмендегідей;

Саржыра ауылы тұрғындарынан түскен сұрақтар және орындалуы жөнінде:

1. Саржыра ауылының ескі бөлігіне су тартыла ма?

- Бұл жұмыстар 2014 жылы толығымен орындалды.

2. Саржыра ауылына тойхана қашан салынады?

- Тойхана салу жөнінде ауылдан шыққан кәсіпкерлермен жұмыстар жүргізілуде.

Бақасу ауылы тұрғындарынан түскен сұрақтар және орындалуы жөнінде:


  1. Бақасу ауылына ФАП үйі салына ма?

  • 2015 жылдың жоспарында жоқ.

  1. Ауылдағы бұзылған үйлердің орнын тегістеу жұмыстары жүргізілсе

  • Бос үйлердің тағандары мен қабырғалары жеке меншік тұрғын үй саламын деушілерге берілуде. 2014 жылы 4 азамат бос тағандарды пайдаланып тұрғын үй салу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

  1. Бақасу ауылынан шыққан су күре жолдың бойына жиналып, ақпай тоқтап қалады.оның ары қарай жүру жолын ашса

- Бұл жұмыс 2015 жылдың көктемінде қолға алынады.

  1. Маметова мектебі жанындағы спорт залын іске қосуға көмек жасалса

  • Бұл жұмыс 2015 жылдың жоспарында жоқ.


Жарсу ауылы тұрғындарынан түскен сұрақтар және орындалуы жөнінде:

  1. Жарсу ауылында 1 фельдшер жұмыс істейді.Қосымша штаттық бірлік берілсе

  • Қосымша штат саны ауылдағы халық санына байланысты бөлінеді. Жарсу ауылы халқының саны оған толмағандықтан, қосымша штат берілмейді.

  1. Ауыл көшелеріндегі лампылардың көпшілігі жанып кетті. Оларды ауыстыруға болмай ма?

  • 2014 жылы ауыл көшелеріндегі лампылар толық ауыстырылды. Қазір барлығы жанып тұр.

  1. Жарсу ауылынан жеке меншік тұрғын үй салуға бос тұрған үйлердің тағанын пайдалануға бола ма?

  • Жер алып тұрғын үй саламын деушілерге еш қарсылық жоқ, бос тағандар беріледі.

  1. Жарсу ауылына жаңа мектеп салына ма?

  • 2015 жылы Жарсу ауылына жаңа мектеп үйі салынбайды.

Кеңсай ауылы тұрғындарынан түскен сұрақтар және орындалуы жөнінде:

  1. Кеңсай орта мектебі алдындағы жолға жол белгісі қойылып, жолға кедерге орнатылса?

  • Бүгінгі күнге дейін бұл жұмыс орындалған жоқ.Қазыр ол жөнінде жұмыстар атқарылуда.

  1. Ауылдағы ауыз суы мәселесі күрделі болып тұр. Таңертең,кешке ауылда су болмайды.

  • Қазір Кеңсай ауылындағы ауыз суы тұрақты болып тұр. Тұрғындардан шағым жоқ.

Сарши ауылы тұрғындарынан түскен сұрақтар және орындалуы жөнінде:

  1. Сарши ауылындағы ауыз суы құдығы жөнделіп,іске қосылса?

  • Бұл жұмыс 2015 жылдың сәуір-мамыр айларында орындау жоспарланған

Бюджет саласы бойынша: 2014 жылы ауылдық округке 14 497,0 теңгенің қаржысы бөлініп игерілгені-12 605,0
Әлеуметтік сала бойынша:

2014 жыл көлемінде округ аумағындағы 35 отбасындағы 114 балаға 2 193 300 теңгенің балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы және 7 отбасындағы 21 балаға 858 300 теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі есептеліп төленді.



«Өрлеу» жобасы Отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытында келісім-шарт жасасу арқылы мемлекеттік шартты ақшалай көмек көрсету бағдарламасы.

Округ бойынша «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу мақсаты әзірленді және ұсынылды. Бұл жобаны енгізудің мақсаты табысы аз отбасыларына шартты ақшалай көмек ұсына отырып жұмыспен қамту арқылы белсенді шараларға қатысуға ынталандыру болып табылады.

Ауылдық округі бойынша 2014 жылы 4 отбасында 16 адам осы жобаға қабылданып, 519 876 теңге көлемінде шартты ақшалай көмек тағайындалып алынды. Қазіргі уақытта осы қаражатқа жобаға қатысушы отбасылар мал сатып алып тіршіліктерін жасауда.

2014 жылдың 1 жарты жылдығында азаматтардан 33 өтініш түсті. Олардың 30-уі орындалды, 3-уі бақылауда тұр.

Округ аумағындағы 18 жастан асқан 5 мүгедек және 18 жасқа толмаған 5 мүмкіндігі шектеулі жандар мен 5 жалғыз басты, қамқоршысы жоқ азаматтарға 3 әлеуметтік қызметкер әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетеді.

Олардық қоршаған ортамен байланысы, ауыл және ауданда өткізілетін мәдени көпшілік шараларға қатысуына, тұрмыс жағдайларына жәрдемдеседі.

Округ аумағындағы әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылар ауыл әкімінің тұрақты назарында болды. 2014-2015 қысқы маусымда 20 отбасына 20 тонна қысқы отын түсіріліп , таратылып берілді.Сондай-ақ әлеуметтік жағынан аз қорғалған 3 отбасы балаларына жаңа жылдық сыйлықтар таратылып берілді.


Ауылшаруашылығы жұмыстары бойынша:

Округтің әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттарының бірі- ауылшаруашылығы саласында өнім өндіру болса: 2014 жылы мал басы 2013 жылмен салыстырғанда : ірі қара 1375 басқа , қой-ешкі -1334, басқа, жылқы 98 басқа, құс 300 басқа артты. Сондай-ақ, 8315 тонна ет, 6144 тонна сүт, 230 мың дана жұмыртқа, 273 тонна жүн өндірілді.

Сондай-ақ 2014 жылы 605 га жерге дәнді дақылдар егіліп. 14900 ц өнім егіліп, әр гектарынан 17,8 ц өнім алынды. 121 га картоп егіліп, 16100 ц өнім алынды, әр га -140 ц, 115 га жерге көкеніс егіліп, одан әр га -160 ц өнім, 23 га жерге бақша өнімдері егіліп, гектарынан 190 ц өнім алынды.

Биылғы жылы «Субсидия» бағдарламасы бойынша 46 шаруа қожалықтары егін шаруашылығына 28 млн 916 мың 509 теңгенің, 15 шаруа қожалығы ірі қара малына 44 млн 637 мың 720 теңге субсидиясын алды.



«Зайсан-несие» қорынан 6 шаруа қожалығы несие алып мал шаруашылығы көлемін ұлғайтты.

Шаруа қожалықтары 3 тен 30 –ға дейін адамдарды маусымды мезгілдерде жұмыспен қамтып отыр.



«Жайлау » бағдарламасы бойынша 4 адам 400 бас қой малын алды.
2014 жылы көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында 516 900 мың теңгеге тау бөктеріне ағын суға тосқауыл( дамбы) салынды.
2014 жылдың тамыз-қыркүйек айларында округке қарасты Саржыра, Бақасу елді мекендеріне 18 млн теңге қаражат бөлініп ауыз су құбыры тартылды. Қазір екі ауыл ауыл халқы таза ауыз суымен қамтамасыз етіліп отыр.


Елбасы Жолдауындағы басты бағыттардың бірі –мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы.

2014 жылда екі транш бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 13 жоба бойынша 29 млн теңгенің несиесін алды, 7 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Осылайша округ бойынша 1- тігін шеберханасы, 2-наубайхана,1-кірпіш шығаратын цех,1- құс шаруашылығы ,7 азамат мал шаруашылықтарын кеңейтіп жұмыс атқаруда.



Салық төлемдері бойынша:

2014 жыл көлемінде бюджетке өткізілген салық төлемдері жөнінде: Барлығы 1584,0 мың теңге,оның ішінде:

жеке тұлғалардың жер салығы 228 мың теңге

мүлік салығы 95 мың теңге

көлік салығы 705 мың теңге

қосымша табыс көздерінен 556 мың теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 110 пайыз болды.

Жыл көлемінде 17 ауылшаруашылық құрылымдарымен 12134,0 теңгенің ынтымақтастық меморандумына отырып, ол жыл көлемінде толық орындалды.
Білім беру саласындағы жұмыстар жөнінде

Округке қарасты екі орта және екі орталау мектепті биылғы оқу жылында 412 оқушыға 92 мұғалім білім-тәрбие береді.

Биылғы жылғы бірыңғай ұлттық округ бойынша жалпы білім көрсеткіші 73

пайыз болды. Округке қарасты барлық мектептерде аз қамтылған отбасы балалары бір уақыт ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Ыстық тамақпен қамтылған оқушы- 215,тегін тамақтанатыны -98.

Кеңсай және Саржыра мектептерінде шағын жинақталған орталықтар ұйымдастырылған, оларда жалпы жиыны 62 бала тәрбиеленуде.

Мектеп асханасына окргтегі шаруа қожалықтарымен меморандумға отырып, көкеніс, жемістер жыл сайын таратылып беріліп отыр.

2014-2015 жаңа оқу жылы қарсаңында ауыдандық мәслихаттың депутаты Құнапия Ғалымбек округке қарасты барлық мектептегі аз қамтылған оқушыларға оқу құрал жабдықтарын таратып берді.

Денсаулық саласы бойынша:

Елбасының «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда да біршама игілікті жұмыстар атқарылуда. Ауыл халқына 2 жоғары білімді, 12 арнаулы орта мамандықтағы дәрігерлер қызмет көрсетеді.

Округте 1-ауылдық емхана, 2 фельдшерлік пункттер жұмыс істейді. 2014 жыл көлемінде 38 сәби дүниеге келіп, 17 адам өмірден өтті. Табиғи өсім 21 адам. Округ бойынша скринингке жоспарланған адамдар тобы тегіс 100 пайыз тексеруден өтті. Рентгенге жоспарланған 1100 адам толығымен түсті. Есепте тұратын науқастар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

249 адам күндізгі ем қабылдады. Округ бойынша ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.



Байланыс саласы бойынша:

Ауылдық округ бойынша 1 байланыс бөлімі халыққа қызмет көрсетеді. Округ бойынша тұрғындар 700 дана түрлі басылымдарды жазғызып алып оқиды. Баспасөз материалдары тұрақты уақытылы таратылып тұрады.


Құқық бұзушылық бойынша:

2014 жылы округ бойынша 4 қылмыс тіркелді. Оның ашылғаны 4

Ал 2013 жылы қылмыс саны-5 ашылғаны -5 Қылмыс өткен жылмен салыстырғанда азайып отыр.

Округ бойынша 147 адамға әртүрлі дәрежеде әкімшілік хаттама толтырылып , бюджетке 382 мың теңге қаржы түсірілді.

2 адам ішімдіктен арнайы емдеу орнына жіберілді.
Мәдени-көпшілік, жастар арасындағы жұмыстар жөнінде:
Кеңсай ауылындағы мәдениет үйі халыққа қызмет көрсетеді. Мекеме толық мамандармен қамтамасыз етілген. Округ бойынша маусым айында облыс әкімінің жүлдесіне арналған облыстық спартакиада болды. Осы жарыстың футбол ойыны 3 күн бойы Кеңсай ауылындағы жазғы стадионда өтті. Округ аумағында барлық мерекелік күндер өз дәрежесінде аталып өтілді. 8 наурызда «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері дастархан басында бас қосты. 22 наурыз Ұлттық Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтілді. Округке қарасты Саржыра, Бақасу елді мекендерінде барлық ауыл тұрғындарының қатысуымен өтсе Кеңсай ауылында округ бойынша өткізілді. Әр елді мекен тұрғындары жеке киіз үйлер тігіп, ат шаптырып, көкпар тартылды. Әрқайсысына берілген тапсырма бойынша концерттік қойылымдар, көріністер көрсетілді.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында 2014 жылдың 4 қазанында Кеңсай ауылына Р.Әшімхановтың ұрпақтары кіші футбол алаңын салып пайдалануға берсе, Кеңсай орта мектебінің 20 жылдық түлектері мектептің сыртқы қоршауларын жаңалап берді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Жарсу ауылында Шайгожин Өмірбек «Біржан» сауда дүкенін салып қазыр халыққа қызмет көрсетуде.

Сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша несие алып Ақаева Ғалия тігін цехын ашып, Шағыраева Гүлназ «Шұғыла» наубайханасын ,Сабитова Б- шағын наубайхана ашып халыққа қызмет көрсетуде.

Кеңсай ауылында округтен ҰОС аттанған боздақтардың аттары жазылған халықтың қолдауымен 1 млн теңгенің инвестициясын салып ескерткіш тақта жасалды. Ашылу салтанаты жуық арада болады.

Ауылдық округінің әкімі округке қарасты мекемелер , ұжымдармен, ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып ауылдық округтегі барлық ұйымдастырылып жатқан іс-шараларға араласып, ауылдық округтегі барлық көтерілген сұрақтар бойынша ауыл тұрғындарының қалыпты жұмыс атқаруын тікелей өз бақылауына алып отырады. Осы орайда ауылдық округ өңірінің қай саласында болмасын атқарылып жатқан жұмыстарға мекеме ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың, жеке кәсіпкерлердің, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің үлестірінің зор екендігін ризашылықпен атап өтуге болады.

Әлі де болса шешімін табуды күтіп тұрған өзекті мәселелер де аз емес, алдымызда айтулы межелер де бар.

Биылғы жылы да округ бойынша атқарылатын ауқымды шаралар жоспарланған:

2015 жылы Елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы ,Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы тойланатын үлкен мерекелерге толы жыл болмақ.

Осыған орай округте Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына байланысты биылғы жылдың наурыз айында Кеңсай ауылындағы Соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш тақтаны аяқтап ашу, Жарсу ауылының тумасы ҰОС ардагері Кәкетай Қымызбаев атындағы саябақ ашу,оған ескерткіш тақта орнату жоспарланған.

Сондай-ақ Кеңсай ауылындағы Ә.Тлеубаев көшесін жарықтандыру, Кеңсай орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу, ауылдық емхананың төбесін жөндеу, Жарсу ауылындағы екі көшені жарықтандыру, ауылға ауыз суы құбырын тарту, Саржыра, Бақасу елді мекендеріндегі ауыз суы құбырын ауылдың қалған бөлігіне тартып аяқтау көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жүргізу, М.Маметова атындағы мектептің спорт залын жөндеп жастардың пайдалануына беру,округке қарасты елді мекендерді тазалау, жолдарды тазалау т.б жұмыстарды атқару межеленіп отыр.



Алда тұрған асқаралы міндеттерімізді Елбасының жолдауында атап көрсетілген тапсырмаларын, қабылдаған бағдарламалардың орындалуына күш-жігерімізбен, ынтымақ бірлігімізді қосып атқарсақ алда тұрған үлкен мақсаттарымыз толығымен орындалатынына сенім артамын.


Ауыл әкімі: Т.Бықаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет