Кешенді емтихан (Педагогика. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Қазіргі қазақ тілі негіздері) Билет 11



Дата24.06.2024
өлшемі18.42 Kb.
#502764
түріСабақ
Кешенді емтихан 1-11


Кешенді емтихан (Педагогика. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Қазіргі қазақ тілі негіздері)
Билет 11
1.Сыныптан тыс жұмыс оқушыларға тәрбие беру құралы, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын мақсатқа бағытталған іс болып табылады.Сыныптан тыс тәрбие жұмысына барлық оқушылар қамтылуы керек және оған ата-аналар, еңбек ұжымдарының өкілдері, өндіріс орындары, студенттік педагогикалық бөлімдер қатынасады.Негізгі мақсаты оқушылардың бастамалары мен өзіндік іс-әрекеттердің дамуы. Негізгі міндеті - сабақтан соңғы бос уақытты ұйымдастыру процесінде білімнің түрлі салаларына оқушылардың танымдық қызығуын қалыптастыру, әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеу, іс-әрекет түрлеріне қажеттіктерін, дарыны мен қабілеттерін дамыту, мамандыққа бағдар беру, қоғамдық мәні жан-жақты дамыған оқушының сапаларын үздіксіз, бірізді тәрбиелеу. Бастауыш сыныптарға сыныптан тыс жұмыс, көп жағдайда, қамқоршы ата-аналар көмегімен сыныптың оқушылар іс-әрекеті төңірегінде жүргізіледі. Сыныптан тыс жұмыс сабақ сияқты уақытпен шектелмегендіктен, оның мазмұнын ұйымдастыру формалары мен әдістерін өзгертіп отыруға мүмкіндік береді.Сыныптан тыс жұмыс оқушыларды көптеген іс-әрекет түрлеріне қатынастыруға, ол іс-әрекет түрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануға қолайлы жағдай туғызады. Бастауыш мектеп жасындағы балаларды өздері қызығатын, ықыласпен орындайтын істер ғана қызықтырады.Бастауыш мектеп жасында жүріс-тұрыс тәжірибесі қарқынды жинақталады.Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі сыныптан тыс жұмыстарда ынтымақтасу,өзара көмек, достық пен жолдастық қатынасын қажет ететіндей іс-әрекет түрлерін таңдап алуы керек.
2.Педагогикалық технологияны жобалау. Білім алу, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету мен меңгеру барысы және адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы – оқыту .Оқыту барысының нәтижесінде білім беру мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады. Түрлі оқу орнындағы оқыту- білім берудің басты жолы,сол сияқты оқу отбасында, өндірісте, жұмыста т.б. күнделікті адамның тіршілік және қызмет барысындағы жағдайларда іске асып отырады. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қойылған оқу тапсырыстары мен бағдарламасына сәйкес оқыту тәсілдерінің әдістерінің ең оңтайлы, қажет мағынасын тыңдай білуде.Оқыту технологиясы жүйелі ұғым.Оның құрылымына мыналар кіреді:
-оқыту мақсаты;
-оқыту мағынасы;
-педагогикалық өзара қатынас құралдары;
-оқу үрдісін ұйымдастыру;
-оқушы, мұғалім ;
-іс-қимыл нәтижесі.
Педагогикалық технология – оқушы мен мұғалімнің толық жабдықталған шарттарын қамтамасыз ететін оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ бірлескен педагогикалық іс-қимылдарының жан-жақты ойластырылған моделі. «Педагогикалық технология» түсінігі үш түрлі құбылыс ретінде ұсынылады:
-ғылыми;
-іс-жүргізу,суреттеу;
-ықпалды іс жүргізу.
Педагогикалық технологияның негізі болып педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік ғылыми жетістіктері, алдыңғы қатарлы педагогикалы тәжірибеде, халықтық педагогика, отндық және шетелдік педагогиканың өткенінің барлық жақсы жинақталғаны болып таблады. Педагогикалық жүйенің табысты жүзеге асуы үшін оны құрайтын барлық нәрселердің тыңғылықты ойластырылуы қажет. Кез келген педагогикалық технология педагогикалық ғылымм мен іс-тәжірибе жетістіктерінің жиынтығынан, бұрынғы тәжірибенің дәстүрлі түрлерін қосатын және қоғамның дамуы, демократизациялау нәтижесінде пайда болған нәрселерден тұрады.Бірдей технология түрлі орындаушының қолында әр кезде басқа болып көрінеді. Бұл жерде мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне жеке тұлғалық қасиеттеріне, оқушылардың ерекшеліктеріне, олардың жалпы көңіл-күйіне, сыныптағы психологиялық ақуалға көңіл бөлу керек. Бір технологияны қолданған әр түрлі педагогтардың жеткен нәтижесі де әртүрлі болады, бірақ осы технология көрсететін орташа көрсеткішке жақын болады. Яғни, педагогикалық технология жеке тұлғаның қасиеттерімен орташаланады,бірақ онымен анықталмайды. «Педагогикалық технология» деген түсінік «оқыту әдісінен» кеңірек. Технология- оқыту мақсатына осы жүйенің меңгерілуне қалай жету керек деген сұраққа жауап береді.Технология – алдын ала жоспарланған жүйені жүйелі іске асыруға бағытталған іс-әрекеттердің барысы және оның нәтижесіндегі көрсеткіші. Педагогикалық технологияны жоспарлау педагогикалық технологияның нақты шарттарын таңдау болып табылады. Ол тұлғаның жеке ерекшеліктерін зерттеуді және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін іс-қимылды, сондай-ақ олардың дайындығының шарттарын таңдауды талап етеді.
3. Сөздердің көп мағыналығы, полисемия - сөздің бірнеше мағынаға ие болуы. Сөздердің көп мағыналығы:

  1. Заттардың ұқсастық негізі;

  2. Заттардың шектестігі;

  3. Бүтіннен бөлшекке немесе бөлшектен бүтінге ауысуы; болып үшке бөлінеді. Сөздердің көп мағыналығы омонимдермен ұқсас. Сөздердің көп мағыналығы сөздердің бастапқы мағыналарының ұқсастығынан туса, омонимде керісінше мұндай байланыстар жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет