«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оку пәнінің ерекшеліктері:
Ұсынылып отырған пән Қазакстан Рсспубликасынын бірінші Президенті жолдауындағы Қазакстанның модернизациясы аясында және алға тартылған басымдыктардың бірі - нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аркылы бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейтуге сәйкес Қазақстан Республикасының мектептеріне арналып әзірленді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы бірігіп «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін әзірлеу жұмысының жобасын 2014 жылы бастап бірлесе атсалысты. Үш жыл бойы атқарылған жұмыстың нәтижесінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні 2018 жылдан бастап 10 және 11 сынып оқушыларының оқу бағдарламасына енгізу жоспарланып 2019 оқу жылынан бастап "Бизнес және кәсіпкерліктің негіздері" пәнін жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларына таңдау пәні есебінде оқыту жоспарланған.. Биылғы оқу жылында осы пәнге жылына 68 сағат бөлініп, аптасына екі рет оқытылуда.
Оқулық төрт тараудан тұрады:
1 «Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік»,
2 «Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік»
3 « Әрекеттегі маркетинг»
4 «Ойлау дизайны»
Әр тарау мазмұны қазақстандық және халықаралық тәжірибені ескере отырып, кәсіпкерлік саласының базалық түсініктері мен заңдарын оқып-білуге , кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыруға бағытталған.
Қазіргі таӊда жастар ғаламтор мүмкіндіктерін кеӊ ауқымда қолданады. Әлеуметтік желі арқылы өздері ұнататын кәсіпкерлер мен танымал тұлғалар әрдайым жастардыӊ назарында. Пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсатында тәжірибесі мол бизнесмендерді оқу барысына қатыстыру қажет деп есептейміз",- деді "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының басқарма төрағасыныӊ орынбасары Эльдар Жұмағазиев. Егер осы уақытқа дейін "экономика негіздері" факультатив сабақ ретінде оқытылса, енді жаӊа бағдарламаныӊ шеӊберінде екпін нақты кәсіпкерлікке түседі. Пән арқылы мектеп оқушылары арасында отансүйгіштік сезімдерін оятып, өмірлік қажетті және тәжірибелік маӊызы бар білімді тиімді жеткізуге болады. Бұл мақсатта осы пәнде "геймификация" тәсілі қолданылады.
Геймификация -дегеніміз ақпаратты ойын арқылы жеткізу әдісі.
" Халықаралық бағдарламалардыӊ тәжірибесін зерттей отыра, нәтижесінде бұл бағдарлама интерактивті болып шықты және геймификация қағидалары мен бизнес-кейстерді зерделеуге негізделген: 40% - теория, 15% - бизнестен нақты мысалдар, 45% - ойын түріндегі тәжірибелік тапсырмалар. Неліктен геймификацияны алып отыр:
Себебі кәсіпкерлік дегеніміз тарих немесе математика емес, кәсіпкерлік – бұл әрекет, тәжірибе арқылы оқып, түсіну», –
ҚР Білім және ғылым вице-министрінің Бибігүл Асылованыӊ айтуынша келер жылдыӊ көктемінде 3500 жуық мұғалімді қайта даярлаудан өткізу жоспарлануда. Алдыӊға қатарлы елдердіӊ тәжірибесіне сүйенсек, бұл пән арқылы жастар арасында бәсекелестіктіӊ дамуын алға қою мүмкіндігін баса айтты вице-министр.
Аталған пән оқушыларға не береді? Оның пайдалы тұсы қандай?
"Бұл пәнде тек қана экономика негіздері ғана емес, менеджмент, маркетинг, бизнес, кәсіпкерлік пәндері терең оқытылады. Қоғамды зерттейтін болсақ, қоғамның тек 5 пайызы ғана кәсіпкерлік қабілеті бар азаматтар. Ал қалған азаматтарға кәсіби ойлау қабілетін дамыту керек", — деп атап өтті , экономика ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Кәрімова.
Сондықтан негізгі мақсат – жастарды қаршадайынан бизнеске баулып, оларға кәсіпкерлік, экономика негіздері туралы базалық білім беру. Оқулық жаңа мазмұнда дайындалған. Оқушыларға тек теориялық білім беріп қана қоймай, оқушыларды бизнес жоспар құруға да үйретеді.
"Бизнес және кәсіпкерлік негіздері" кітабі өте қызықты. Өйткені мұнда көптеген мәліметтер бар. Және ол жоғары деңгейде дайындалған. Өйткені болашақта экономика саласымен жұмыс істеу үшін ол оқушыларға өте керекті және қажетті негізді береді", .
Жаңа сабақ негізінен іскерлік ойын және бизнес-тапсырма түрінде өткізіледі. Пәнге деген қызығушылықты арттыру үшін тәжірибелі бизнесмендерді оқу барысына тарту жоспары бар.
Осы орайда, «Біздің басты мақсатымыз – кәсіпкерлік ойлауды мектеп қабырғасынан дамыту. Кәсіпкерлік, экономика, менеджмент және маркетинг негіздері бойынша оқушыларға базалық білімдер беру: өз таңдауы үшін жауапкершілікке үйрету , кәсіпкерлік ойлау жүйесі белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру ; қазіргі заманғы нарықтық жағдайда болашақтағы дербес әрекетіне қажетті дағдылардың практикалық базасын қалыптастыру болып табылады.
Мысалы: сүт қалай өңделетіндігі, сатылу бағасы мен тауар құнын есептеуді ауылдық ортада өскен бала білу қажет .
Достарыңызбен бөлісу: |