Нарықтық экономикаға өту және меншікті мойындау белсенді кәсіпкерлік қызметті жандандырды. «Кәсіпкерлік» және «кәсіпкер» сөздерінің астында кәсіпорын тұр – міндеті өнім өндіру, қызмет көрсету болып табылатын, өз алдында өндірістік-шаруашылық жүйені көрсететін күрделі ағза. Нарықтық қатынастар субъектісі ретіндегі кәсіпорын қызметі тауар өндірушілер арасындағы қатаң бәсекелестік шарттарында іске асуда. Тап осы бәсеке жеке кәсіпорынның да, сондай ақ жалпы қоғамның да экономикалық дамуы үшін анағұрлым қолайлы жағдайлар қалыптастырады және әлеуметтік, экономикалық ілгерілеудің қозғаушы күші болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, «Кәсіпкерлік – бұл тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына негізделген (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорында шаруашылық басқару құқығындағы немесе мемлекеттік кәсіпорынды оперативтік басқару құқығындағы азаматтар мен заңды тұлғалардың бастамашыл қызметі»
Кәсіпкерлік мәнінің заманға сай анықтамаларындағы ең маңыздыларын ажыратуға тырысатын болсақ, онда олар келесідегідей:
Кәсіпкерлік қызметтің мақсаты пайда табу, яғни тауарларды (қызметтерді) өндіру және сатуға кеткен шығындардан оларды сатудан түскен ақшаның артық болуы болып табылады.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері (кәсіпкер) болып тек азаматтар мен олардың бірлестігі болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметтің мазмұны кәсіпкерге оның алдына қойған мақсатына жетуін қамтамасыз ететін, оның иелігіндегі ақшалай, материалдық, еңбектік және басқа ресурстарымен серіктестік комбинациялар мен байланыстарды іздестіру болып табылады.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
1.Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
2.Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытын айқындайды.
3.Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
4.Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей –тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн (капитализм совет өкіметі емес, ешкім әншейін көмек көрсетпейді). Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.