Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері



Дата18.03.2024
өлшемі94.54 Kb.
#495930
түріСабақ
5 такырып ФИНМЕН


Тақырып 9. “Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері”

  1. Қаржы бөліну және жинақтау құралы ретінде

  2. 2. Қаржылық талдау және кәсіпорын қаржысын үйлестіру Сабақтың мақсаты – кәсіпорын қаржысы, компаниялардағы кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін, кәсіпорын пайдасы мен шығындарының мәнін қарастыру, фирманың қаржылық жағдайын талдау әдістемесімен танысу Негізгі тұжырымдамалар 1.Қаржы бөліну және жинақтау құралы ретінде Ең алдымен қаржы ұғымына түсінік берейік Қаржы дегеніміз —компания (мемлекет) қажеттіліктеріне ақша жұмсау кезінде пайда болатын арнайы экономикалық қатынастар. Қаржы негізгі үш топқа бөлінеді — мемлекеттік қаржы, корпоративтік қаржы және жеке отбасының қаржысы. Мемлекеттік қаржы мемлекеттің қажеттіліктерің ақшамен қамтамасыз ету үшін қажет (Республикалық және жергілікті бюджет, ұлттық қор). Корпоративті немесе кәсіпорын қаржысы деп фирманың иелігіндегі барлық ақша қаражаттар жиынтығын, сондай-ақ оны қалыптастыру, бөлу және пайдалану жүйесін айтамыз. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану – бұл белгілі бір нәтижеге жету үшін қаржылардың түрлеріне әсер ететін мақсатты бағытталған әдістер, операциялар мен тәсілдердің жиынтығы. Кәсіпорынның қаржы ресурстары – бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындарды жүзеге асыруға бағытталған кірістер және сыртқы түсімдер нысанындағы ақшалай қаражаттардың бір бөлігі. Қаржы ресурстары пайда болуына байланысты ішкі (меншікті) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегіне ішкі қаржылық ресурстар пайда және амортизация түрінде, міндетті төлемдерді (салықтар, жинақтар, айыппұлдар, пайыздар және басқа да төлемдер) алып тасталғаннан кейінгі кәсіпорын табысы болып табылады. Ссудалық капитал – бұл қайтарымдылық және төлемдік шартында қарызға берілген ақшалай капитал. Ссудалық капитал кәсіпкерлік капиталға қарағанда кәсіпорынға салынбайды, ол пайыз алу мақсатында оған уақытша қолдануға беріледі. Бұл бизнес түрімен мамандандырылған несиелік қаржылық институттар айналысады (банктер, несиелік мекемелер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар және т.б). Кәсіпорынның барлық қаржылық ресурстары мерзіміне байланысты қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) болып бөлінеді. 2. Қаржылық талдау және кәсіпорын қаржысын үйлестіру Кәсіпорынның қаржы жағдайы - кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеу үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді. Қаржылық жағдайды талдау төмендегілерден тұрады: • Кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау • Кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамы мен динамикасын талдау • Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау • Баланс өтімділігін талдау • Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда бух баланс, пайда мен шығындар туралы қаржылық есеп беру нысандары, балансқа қосымшалар пайдаланылады. Бухгалтерлік баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтерді атқарады. Бух баланс 2 бөліктен тұрады: Актив, Капитал және міндеттемелер • Актив - кәсіпорынның мүліктері. • Капитал және міндеттемелер – кәсіпорын мүліктерін қаржыландыру көздері болып табылады. Пайда мен шығындар туралы қаржылық есеп беру нысанында компанияның есепті жылы түскен табыстары, шығындары, пайдасы туралы мәліметтер беріледі. Табыс – қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі, немесе пассивтердің азаюы түріндегі экономикалық пайданың ұлғаюы Таза пайда- бұл операциялық қызметінен түсетін пайдадан әр түрлі шегерімдер, салықтар және басқа төлемдер шегерілгеннен кейін кәсіпорында қалатын ақша. Таза пайда-бұл өндірістік процестерді қаржыландыру көзі. Ол резервтік қорларды қалыптастырады және оның есебінен айналым капиталы артады. Таза пайда көлеміне әсер ететін негізгі факторлар:  салықтық және өзге де төлемдердің мөлшері;  компанияның тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен кірістері;  өзіндік құн. Пайданың қызметтері: 1. Инвестициялық шешімдерді қабылдау негізі 2. Компания қызметінің жетістігінің өлшемі 3. Түскен табыстың бөлігі өзін өзі қаржыландыру және даму көзі болып есептеледі 4. Таза табыстың (пайданың) бөлігі капитал иесіне сыйақы түрінде түседі. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштер: 1. Өнімді өткізуден түскен табыс = өндірілген өнім (қызмет, жұмыс)* өнімдердің бағасы 2. Жалпы табыс = Өнімді өткізуден түскен табыс – Өзіндік құн 3. Операциялық қызметтен түсетін табыс = Жалпы табыс – кезең шығыстары (коммерциялық шығыстар, пайыз бойынша төлемдер, жалпы және әкімшілік шығыстар) 4. Басқа да табыстар (кәсіпорын мүліктерін сатудан, жалға беруден түсетін табысы, бағалы қағаздарды сатудан түсетін табысы, т.б.) 5. Салық салғанға дейінгі пайда = Операциялық қызметтен түсетін табыс+ Басқа да табыстар 6. Жиынтық пайда= Салық салғанға дейінгі пайда – корпоративті табыс салығы Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне рентабельділік (табыстылық) көрсеткіштері кіреді. Оны алдағы сабақтарда қарастырамыз. Пайданы арттырудың маңызды факторлары болып келесілер жатады: - қызмет көлемін өсіру; - сапалы өнімдерді өткізу; - өткізілген өнім ассортименттерін кеңейту; - еңбек өнімділігін арттыру. Сатудан түсетін пайданы арттыру мен шығындарды төмендету үшін айналым шығындарының өсімін болдырмау қажет, оларды қалыпты жағдайда ұстап тұру керек. Осы айналым шығындарының өсімі сату рентабельділігін төмендетеді. Кәсіпорынның дебиторлық және кредиторлық қарыздардың жағдайы, олардың мөлшері мен сапасы оның қаржылық жағдайына күшті әсер етеді. Қаржылық жағдайды жақсарту үшін келесілерді орындау қажет: - дебиторлық және кредиторлық қарыздарды қадағалау қажет; - мерзімінен өтіп кеткен қарыздарды бақылау қажет; -жабдықтаушылармен есептесуді жақсарту жолдарын анықтау; -жеңілдікпен тауарларды сатып алу және кеңейтуді анықтау; қарыздардың пайда болу себептерін детальді талдау қажет. Кәсіпорынның қаржылық талдау көрсеткіштері оның ағымдағы жағдайын, мүмкіндіктері мен проблемаларын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл құнды ақпарат қазіргі басқару шешімдерін қабылдау үшін де, стратегияны әзірлеу үшін де қолданылады. Бұл стратегиялық жоспарлаудың негізі болып табылады, менеджерлерге кәсіпорынның алдағы дамуының ресурстары мен бағыттарын анықтауға, оның күшті және әлсіз жақтарын табуға көмектеседі. Қаржылық коэффициенттерді талдау кәсіпорынның мақсаттарына қол жеткізудің оңтайлы жолдарын анықтау мақсатында жүзеге асырылады, мысалы, іскерлік белсенділікті арттыру – активтердің айналымы, өтімділік пен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, кәсіпорынның табыстылығын арттыру. Қаржылық талдау көрсеткіштерінің негізгі топтары қаржылық талдауда 200-ден астам коэффициенттер қолданылады. Олардың барлығы компания қызметінің 4 негізгі тұстарын сипаттайды:  өтімділік  активтердің айналымы  рентабельділік  нарықтық құн


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет