С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Философия және мәдениеттану» кафедрасы
«Кәсіптендіру пәндерді оқыту әдістемесі» пәні бойынша
6М020400 Мәдениеттану, 6М020100 Философия мамандығының магистранттарына арналған
ДӘРІС САБАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Құрастырушы:
ФжМ кафедрасының профессоры, ф.ғ.д.
Кошенова Р.Н.
Павлодар
Дәріс сабақтары магистранттардың ғылыми білімін арттыратын маңызды бµлім. Жүйелі, толық аргументтері келтірілген кешенді дәріс сабақтары мамандарды дайындаудыің басты көзі. Дәрістің әдістемелік, ғылыми – тәжірибелік, қоғамдық-саяси және кәсіби маңызы бар.
Дәрістерді тыңдау және қабылдау: Магистранттардың оқытушының дәрісіне дайындығына енетіндер:
Біріншіден, психологиялық жағынан дайын болу, оның жүйелі орындалуын қадағалау; екіншіден, дәріс алдындағы мақсатты танымдық – тәжірибелік қызмет, соның ішінде:
А) алдынғы өткен материалдарды, жазғандарын еске түсіру мақсатында қарастыру;
Ә) Алдыңғы сабақпен байланысын анықтау мақсатында берілетін дәрістің материалдарымен бағдарлама және оқулықтар бойынша танысу. Оқулық бірнеше жылда бір рет шығарылатындықтан, бағдарламадағы кейбір сұрақтар оқулықта қарастырылмауы мүмкін. Осындай сәйкессіздіктен кейін магистрант дәріс барысында осы мәселелерге көңіл аударуы керек.
Б) Дәріс барысында істелінетін негізгі жұмыстардың тұрлерін анықтау (жазу, сызбалар, суреттер және т.б);
Г) Бағдарлама мен оқулықтар да енгізілген өздік жұмысына арналған тапсырмалармен танысу, білімді тереңдетіп, тапсырмаларды орындауға қажетті әдебиеттерді таңдау;
Дәріске алдын–ала дайындық магистрантты шығрмашылық жұмысқа және ең бастысы дәрісті тыңдап, оның мазмұнын қабылдай білуге ұйретеді.
Дәріс беруде материалды баяндау, талдау, фактологииялық мазмұндау, мәселе қою әдістері басым. Мұның бәрі магистранттардың шығармашылық белсенділіктерін арттыра тұседі.
Магистрант дәріс мазмұнын толық тұсіну үшін оның мақсаты мен міндеттерімен таныс болуы қажет. Сонымен қатар, дәрістің мақсаты мен міндеттерін түсіну магистрантқа баяндалып отырған материалды терең түсініп, оған сын көзқараспен қарауына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар дәріс оқытушы мен магистрант арасындағы байланыс ретінде психологиялық-педогогикалық талаптарға да сәйкес болу керек. Оның орындалуы магистрантқа ғана қатысты емес, оқытушының баяндауына магистранттар беделін арттыра білуіне де байланысты.
Жазу – оқытушының магистранттардың материалдарды қаншалықты меңгергендігін бақылауға мүмкіндік береді. Егер дәріс барысында магистранттар тыңдап қана қоймай жазып отырса, оқытушы дәрісті оқу кезінде оған көмек көрсетеді (қайталау, баяулау, басты мәселелерге акцент жасау арқылы және т.б.)
Дәрісті жазуға қалай үйрену керек? Бәрінен бұрын нені және қалай жазу керектігін білу керек. Сабақтың кұні, тақырып, мақсаты, сабақтың жоспары жазылады. Жоспар тақырыпты игеруге және берілген материалмен өздігінше жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жоспарды жазғаннан кейін оның дәріс барысында оның мағынасы қалай ашылғандығына баса назар аудару керек.
Жазу барысында тақырыптар, тақырыпшалар және сұрақтар арқылы, абзацтарды, нөмірлеп көрсетуді пайдаланып жүйелілікті сақтауға болады.
Дәріс жазудың түрлері әртүрлі болуы мұмкін. Оны таңдау пәннің ерекшелігіне байланысты. Мысалы: кейбір сабақтарда суреттер, сызбалар жєне т.б. қолданады. Гуманитарлық ғылымдар бойынша жазудың әртүрлісі қолданады.
Дәрісті жазғанда онымен әрі қарай жұмыс істеу үшін және өз ойларын жазуға шетінен орын қалдыру қажет. Немесе дәптердіњ келесі беттерін бос қалдыру керек.
Магистранттың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, білікті маман болуына, кәсіби және т.б. қызмет тұрлеріне дайындығын арттыруға дәріспен бірге тәжірибе сабақтары да маңызды рөл атқарады.
Дәріс басты ғылыми білімнің негізін салады, магистрантқа оны жалпылама түрде меңгеруге мүмкіндік береді. Ал, семинар мен тәжірибе сабақтары білімді кеңейтіп, нақтыландыра тұседі, оны толықтай меңгеруіне көмектеседі. Сонымен бірге оқу үрдісінің мұндай түрлері өздік жұмыстарды орындауға үйретеді
Магистрантың жан-жақты дамыған тұлға, маман ретінде дамуына және оны кәсіби және басқа қызметтерге дайындауда семинар сабақтарының маңызды зор, олар дәрісте басталған сабақтардың логикалық жалғасы. Дәріс ғылыми білімнің негізін қалыптастырады, олар магистрантқа оларды жалпы түрде меңгеруге мүмкіндік береді, семинар және тәжірибе сабақтары бұл білімдерді тереңдетеді, нақтылайды және кеңейтеді, жоғары репродукция және трансформация деңгейінде меңгеруді көмектеседі. Оған қоса, осы оқу процессінің формалары жеке жұмыс жасау және өзін-өзі оқытуды үйретеді. Семинар және тәжірибе сабақтарында жеке жұмыстың өзіндік ерекшелектері бар болғандықтан, оларға тереңірек тоқталайық.
Дәрістердің мазмұны.
Дәріс I Мәдениеттану пәнін оқыту методикасы ұғымдары
Мәдениет және табиғилық. Мәдениет әлеміндегі адам. Мәдениеттің негізгі анықтамалары. Мәдениет құндылықтар дүниесі ретінде. Мәдениет әлеуметтендіру және жекешелендірудің бірлігі түрінде. Мәдениет дүниені адамдандырудың нәтижесі, мұрагерлік пен сабақтастықтың құралы ретінде. Мәдениет – адам еріктілігінің кепілі. Мәдениет және сұхбат. Мәдени коммуникация. Мәдениет және өркениет. Мәдениеттің құрылымы. Мәдениеттегі материалдық пен руханилықтың, табиғилық пен жасандылықтың арақатынасы. Техника – мәдениеттің жемісі. Материалды мәдениет және адам мүмкіндіктері. Рухани мәдениеттің құрылымы. Мәдениет және менталитет. Салт-дәстүр – мәдениеттің өзегі. Мәдениеттегі дәстүршілдік пен жаңашылдық. Білімділік, зиялылық және мәдениеттілік. Әдептілік, әдемілік және мәдениет. Дін және мәдениет. Мәдениеттің басты қызметтері: адамдандырулық, қарым-қатынсатық, реттеушілік, ақпараттық, болжаулық, аксиологиялық.
Дәріс II Адам және мәдениет : методикалық мәселелер
Адам – мәдениеттанудың негізгі зерттеу объектісі. Мәдени антропология. Мәдениеттің биологиялық алғышарттары. Гуманизм және мәдениет. А.Швейцердің "өмірді қастерлеу", Тейяр де Шарденнің "адам феномені", Рерихтердің "тірі этика", "күш көрсетпеу" ілімдерінің гуманистік мәдени маңызы. ХХ ғасыр ойшылдарының антигуманистік қоғамдық құрылымдармен күресі. Мәдениеттің жалпыадамзаттық өркениетті қалыптастырудағы қызметі. Мәдениеттің тоталитарлық түсініктерін сынау. Мәдениеттегі тұлғалылық және тұлғасыздық. Технократиялық мәдениеттің шектері. Адамдық ынтымақтастық және аномия.
Дәріс III Мемлекет, құқық және мәдениет: методикалық мәселелер
Мемлекет пен мәдениет арақатынастарының әмбебаптылығы. Мәдениеттің экстерриториялығы. Адамзат мәдениетіндегі мемлекеттік идеяларын қолдаушылар: Платон, Макиавелли, Гегель, Талейран, В.И.Ленин және т.б. Мәдениет және демократия. Мәдениет жөніндегі элитарлық теориялар: Ницше мен Карлель. Авторитарлық және тоталитарлық жүйелердегі мәдени ахуал. Диссиденььік қозғалыс, партикулярлық, мәңгүрттік, "темір перде", "берлиндік қабырғалар".
Адам құқықтары және мәдениет. Мәдени құндылықтары еркін жасау, пайдалану және тарату құқықтары. Мәдениет туралы заңдар: тарих және бүгінгі күн. Демократиялық және азаматтық қоғам – жоғары мәдениеттіліктің кепілі. Адам құқықтарының жалпы Декларациясы мәдени еркіндік жөнінде. ҚР Конституциясы мәдени жетістіктерді еркін тұтынудағы адам құқықтары туралы.
Дәріс IV Мәдени сұхбат мәселелері: методикалық мәселелер
Мәдениеттің сұхбаттық табиғаты. Текст мәдени мұра ретінде. Мәдени контекстегі автор мен кейіпкер. Тіл және мәдениет. В.Я.Пропп, К.Леви-Стросс, Ю.Лотман, М.Бахтин мәдениет туралы. Мәдени коммуникация. Мәдениеттің әлеуметтік динамикасы (А.Моль). Рухани мәдениетті тарату және қорғау мәселелері. Антимәдениет, контрмәдениет, квазимәдениет. Мәдени дәстүр мен жаңашылдық.
Қазіргі адамзаттың бірлігі мен айырмашылықтары. Шығыс пен Батыс. Солтүстік пен Оңтүстік. Қазіргі суперөркениеттер. Хантингтон, Фукуяма ілімдері. Қазақстанның әлемдік өркениеттер сұхбатында алатын орны.
Н.Назарбаев "Ғасырлар тоғысында". Ұлттық мәдениет пен менталитет. Ұлтаралық қатынастыр мәдениеті. Маргиналдық мәдениет. ҚР-дағы ұлттық мәдениеттерді жаңғырту мәселелері.
Дәріс V Мәдениеттер типологиясы: методикалық мәселелер
Дүниежүзілік тарихтағы мәдени типтердің тұтастығы мен көп түрлілігі. Өркениеттердің формациялық және әлеуметтік-мәдени типологиясы. Мәдениеттің циклдік айналмалы ілімдері (О.Шпенглер, Н.Данилевский, А.Тойнби). К.Ясперс мәдениеттің белдеулік уақыты туралы. Мәдениеттер типологиясы және еуроорталықтық көзқарас. Түрік өркениеті әлемдік мәдениеттің маңызы ошағы ретінде. Мәдени-тарихи процестің басты заңдылықтары мен сатылары. Мәдениеттің пайда болуы туралы негізгі ілімдер.
Дәріс VI Көне мәдениет: методикалық мәселелер
Көне мәдениет кейінгі мәдени типтердің бастау ретінде. Тағылық, варварлық, өркениет. Көне қоғамның материалдық ерекшеліктері. Алғашқы адамдардың рухани мәдениетінің синкреттік сипаты. Миф – көне адамдардың дүниелік бағдары мен дүниетанымы. Миф типологиясы. Тотем, табу және талионның көне мәдениеттегі алатын орны. Қауымдық қоғамдағы салт-дәстүр, әдет-ғұрып және рәміз-таңбалардың алатын орны. Көне сана ерекшеліктері. Алғашқы діни сенім-нанымдары: анимизм, тотемизм, фетишизм, магия. Көне өнер ерекшеліктері. Қазіргі өркениеттердегі көне мәдениеттің нышандары.
Дәріс VII Антикалық мәдениет тақырыбын оқытудың методикалық мәселелері
Антикалық мәдениет Батыс өркениетінің архетипі. Ежелгі Грецияның адамзаттың мәдени дамуында алатын орны. Антикалық мәдениетінің негізгі кезеңдері: Крит-Миной, архаикалық және классикалық Грекия, эллинизм, Рим. Ежелгі грек мифологиясы. Классикалық Грекиядағы философияның, әдебиеттің, театрдың, мүсіндік өнердің және т.б. өркендеуі. Тән және жан сұлулығы. Каллокагатия. Полистік мемлекет және демократия. Шығыстағы эллинистік мәдениеттер. Римдік құқық жүйесі мен ел басқару мәдениеті.
Дәріс VIII Батыс мәдениетінің қалыптасуы тақырыбын оқытудың методикалық мәселелері
Батыс мәдениетінің архетиптері мен хронотоптары. Христиандық діннің мәдени өрісі. Христиандық дүниетаным және мәдени тұтастық. Иудаизм және алғашқы христиандар. Ортағасырлық Батыс мәдениетінің амбиваленттігі. Ресми-шіркеулік және халықтық карнавалдық мәдениет. Еуропадағы қалалық мәдениет және бұқаралық сананың ырғақтары.
Ренессанс ұғымының мәдениеттанулық маңызы. Еуроорталықтық Ренессанс ілімдеріне сын. Батыс және Шығыс Ренессансы. Итальян Ренессансы. Батыс Еуропа Ренессансындағы поэзия мен бейнелеу өнерінің рөлі.
Дәріс IX Жаңа замандық Батыс мәдениеті тақырыбын оқытудың методикалық мәселелері
Қазіргі Батыс өркениетінің қалыптасу ерекшеліктері. Батыстық өркениеттің әлеуметтік-мәдени негіздері: алғашқы қор жинау, нарық, азаматтық қоғам, вестернизация. "Фауст" адам және протестандық этика. Жаңа Заман философиясы және еуропалық ойлау стилінің қалыптасуы. Өнеркәсіптік төңкерістер мен техникалық өркениеттің қалыптасуы. Реформация. Ағартушылық пен Романтизм. Отаршылдық пен әлем бөлінісі. Әлеуметтік қақтығыстар. Атеизм, революциялық сана мен материализм. Қазіргі Батыс мәдениеттің парадигмалары. ХХ ғасырдағы әлеуметтік жанжалдар және бүкіладамзаттық өркениеттіліктің қалыптаса бастауы. Күш көрсетпеу этикасы және жаңа гуманизм. ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттер және батыстандыру шектері. Бұқаралық және экрандық мәдениет.
Дәріс X Ресей мәдениеті тақырыбын оқытудың методикалық мәселелері
Ресейлік мәдени типтер (Н.Бердяев). Славяндық мәдени типке Н.Данилевскийдің берген бағасы. Византиялық, скандинавтық, түріктік ықпал. Киев Русі және христиандықты қабылдау. Шығыс славяндары мәждениетіндегі ескі діни сенім-нанымдардың орны. Ежелгі орыс жазбалары. Татар-моңғолдық кезең. Батыспен мәдени байланыстардың азаюы. Шығыс славяндардағы этникалық ыдырау. Мәскеулік кезең. Күшті мемлекеттілік идеясы. Мәскеу – ІІІ Рим. Сословиялар мен патримониалдық басқару жүйесінің қалыптасуы. Христиандырылған Шығыс және латындық Батыс Еуроазиялық мәдени тип. І Петр кезеңі. Мәдени реформалар. Ресейді батыстандыру. Орыс мәдениетінің "алтын және күміс" ғасырлары. Славянофилдер мен батысшылдар. Империялық мәдениет. Ресейлік интеллигенцияның ерекшеліктері. Орыстың социалистік мәдениеті. Тоталитарлық мәдениет коллизиялары. Эммиграциялық орыс мәдениеті. Кеңес Одағы ыдырауының әлеуметтік-мәдени себептері. Ресей мәдениетінің болашағы.
Дәріс XI Қазақ мәдениетінің теориясы тақырыбын оқытудың методикалық мәселелері
Қазақ мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны. Қазақстан мәдениеті тарихының басты кезеңдері. Қазақ мәдениетінің зерттелу деңгейі және еуроорталықтық, империяшыл, арийорталықтық көзқарастарға сын. Қазақ мәдениетінің автохтондығы мен гомогендігі. Номадалық шаруашылық-мәдени тип – қазақ мәдениетінің архетипі. Қазақстан жеріндегі көне көшпелілік мәдениеттер. Скиф-сақ өркениеті. Ежелгі сақтардың сенім-нанымдары, ментальдық ерекшеліктері және өнері. "Аң стилі" және оның қазақ ою-орнегіндегі көріністері. Анахарсис – скиф философы. Әскери демократия және прототүрктердің ел басқару мәдениеті. Әйелдердің сақ қоғамында алған орны. Номадалық ұлыстардың Шығыстан Батысқа қарай қоныс аудару. Көшпелілер тарих католизаторлары ретінде. Ғұн, үйсін, қаңлылар – прототүрктік мәдениеттің иелері. Прототүрктердің материалды және рухани мәдениеті. Ұлы жібек жолы және прототүрктер.
Дәріс XII Қазақтың дәстүрлі мәдениеті тақырыбын оқытудың методикалық мәселелері
Қазақ халқының қалыптасуының әлеуметтік-мәдени негіздері. Қазақ мәдениетінің мемлекеттік кезеңі. Қазақ хандылығының материалды мәдениеті. Жаңа замн көшпелілері. Қазақ киіз үйінің символикасы. Қазақ халқының сал-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, рәміз-рәсімдері. Жеті аталық үрдіс. Эпос әлемі. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесі, сенім-нанымдары. Дүниетанымдық синкретизм. Қазақтардың дүние туралы түсініктері, тілі, жазуы, емшілік тәсілдері, музыкасы. Қазақ халқының ментальдық ерекшеліктері.
Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі. Отарлау әлде мәдениеттер сұхбаты? Қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін күресі. Миссионерлік әрекеттер және патшалық Ресейдің исламға көзқарасы. Қазақ антиутопиясы. Зарзаман мәдениеті. Қазақ ағартушылығы. Ш.Уәлихановтың мәдениеттанулық ізденістері. Дәстүрлі мәдениет пен жаңашырлық. Ы.Алтынсарин – қазақ ағартушылығының тікелей тұлғасы. Абай – қазақтың рухани мәдениетінің жеткен шыңы. Шәкәрімнің мәдениеттанулық көзқарастары.Ұлттық сананың оянуы және ұлт-азаттық қоғалыс.
Дәріс XIII Қазақстан Республикасының мәдениеті тақырыбын оқытудың методикалық мәселелері
Кеңес Одағы ыдырауының әлеуметтік-мәдени негіздері. Қазақ мәдениеті тәуелсіздік аясында. Қазақстан Республикасындағы мәдени жағдай. Нарық және мәдениет. Қазақ мәдениетін батыстандыру ерекшеліктері. Шығыстық сұхбат аймағына қайта қосылу талпыныстары. Қазіргі мәдени типтер: архаикалық, маргиналдық, мәңгүрттік, еуроазиялық, нарықтық, ақсүйектік. Заманның рухани талабы және мәдени жауап баламалары. Мәдени өркендеу бағдарламалары. Қазақстанның даму стратегиясындағы мәдениет мәселелері.
Әдебиеттер тізімі:
НЕГІЗГІ
-
Абай. Шығармалары. А., 1995.
-
Ақатаев С. Інжу-маржан секілді: Эссе. А., 1995.
-
Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. А., 1973.
-
Баласағұн Ж. Құтты білік. А., 1986.
-
Бартольд В.В. История культурной жизни Туркестана. ч.1. Л., 1987.
-
Бейсенов Қ. Қазақ топырағында қалыптасқан ғақлиятты ой кешу үрдістері. А., 1994.
-
Бичурин И.К. Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в древности. Т. 1-2. М., 1950.
-
Гердер И.Г. Идеи к философии истории человечества. М., 1977.
-
Гумилев Л.Н. Көне түріктер. А., 1995.
-
Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпохи и цивилизации. М., 1993.
-
Ғабитов Т.Х., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А.Т. Мәдениеттану. – А.: Раритет, 2001.
-
Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің типологиясы. А., 1998.
-
Ғабитов Т.Х. Мәдениеттануға кіріспе. А., 1996.
-
Есімов Ғ. Сана болмысы. Саясат пен мәдениет туралы ойлар. А., 1994.
-
Иассауи Қ.А. Ақыл кітабы. А., 1996.
-
Жарықбаев Қ., Алдамұратов Ә., Ғабитов Т.Х. Әдеп негіздері. А., 1997.
-
Казахи. Историко-этнографическое исследование. А., 1995.
-
Курманбаева Н. Культура Востока и Запада. А., 1996.
-
Қазақ. ІІ тарау. Менталитет. А., 1994.
-
Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясы. А., 1996.
ҚОСЫМША
-
Қасымжанов А.Х. Портреты. А., 1995.
-
Қашқари М. Дуани лұғат ат-түрк. А., 1993.
-
Қоңыратбаев Ә және Т. Көне мәдениет жазбалары. А., 1991.
-
Культурология. Антология. Т. 1-4. М., 1994.
-
Культурные контексты Казахстана: история и современность. А., 1998.
-
Құлсариева А.Т. ж.т.б. Мәдениеттанулық сөздік. А., 2001.
-
Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. А., 1996.
-
Нуржанов. Культурология. (Курс лекций). А., 1994.
-
Нұржанов Б.Ғ. және т.б. Бейбіт мәдениеті жолында. А., 2000.
-
Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахстанская национальная идея. А., 1994.
-
Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. А., 1996.
-
Тайлор Э. Первобытная культура. М., 1989.
-
Тойнби А. Постижение истории. М., 1992.
-
Темирбеков С.Т. Введение в культурологию. Ч., 1996.
-
Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов. А., 1991.
-
Философия және мәдениеттану (Алтаев Ж., Ғабитов Т.Х. т.б.). А., 1998.
-
Фрейд З. Тотем и табу. М., 1992.
-
Хасенов Ә. Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің тарихы. А., 1988. 1-3 б.
-
Шаһар. Мәдениет және экология журналы. А., 1993, 1994.
-
Шәкәрім. Мұсылмандық шарты. А., 1993.
-
Швейцер А. Культура и этика. М., 1973.
Достарыңызбен бөлісу: |