Кәсіптік оқытудың әдістемесі



бет2/32
Дата20.06.2022
өлшемі6.75 Mb.
#459370
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
. Кәсіптік оқытудың әдістемесі және сәндік койлек

Кіріспе

Қазақстан жолының жаңа кезеңі- экономиканы нығайтудың, халықтың әл- ауқатын арттырудың жаңа міндеттері.


Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу- өмірлік маңызды нәрсе.
Менің тапсырмам бойынша Үкімет қағидатты түрде жаңа Жұмысқа тартуды қамтамасыз етудің бағдарламасын бекітті. Онда үш маңызды міндет қойылған. Біріншіден, оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау. Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу. Үшіншіден, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру. 2011 жылы бұл Бағдарлама қанатқақты режімде 60 мыңға жуық адамның қатысуымен сынақтан өтті.
Біздің маңызды міндетіміз- басқарушылардың білікті саяси табын дайындау. Үкіметке, Президент Әкімшілігіне 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығының соңына дейін Президенттік кадр жасағына кандидатуралар жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырамын. Арнаулы комиссия кандидатураларды білімі мен кәсібилігі, жоғары моральдық сипаты, бастамашылдығы мен тапсырылған учаскедегі жұмысының табыстылығы өлшемдері бойынша іріктеледі. [1]
Егемен ел атанғалы екінші онжылдыққа қадам басқан республикамыздың алдында тұрған басты міндеттердің бірі- әлемдік қауымдастыққа Қазақстанның, оның экономикасы мен білімнің бәсекеге қабілеттіліңгін арттыру.
Бағдарламада кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымын өзгертіп дайындалатын мамандарды стандарттау жүйесі ұсыныстарына сәйкестендірі көзделген. Аталған шаралар іс жүзіне асқанда білімді басқарудың тиімді жүйесі құрылып, кәсіби шараларды өздігінен творчествалық тұрғыдан шеше алатын бәсекеге сәйкес мамандар даярланып тұлғаның кәсіби- бәсекелестігін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Бағдарламада кәсіптік білім жүйесінің құрылымын өзгертіп дайындалатын мамандарды стандарттау жүйесі ұсыныстарына сәйкестендіру көзделген. Аталған шаралар іс жүзіне асқанда білімді басқарудың тиімді жүйесі құрылып, кәсіби шараларды өздігінен творчествалық тұрғыдан шеше алатын бәсекеге сәйкес мамандардаярланып тұлғаның кәсіби- бәсекелестігін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Қазіргі заманғы білім әлемінде болып жатқан революция оның адам өмірдегі алатын орнын түбегейлі өзгертті. «Бүкіл өміріне жететін білім» деген қағида «Өмір бойы алатын білім» талабымен алмасты. Оған негіз болған қазіргі өзгертіп жатқан техология мен ақпарат ағымдарының қарқынды дамуы, адамның алған білімі мен мамандығының тез ескіріп сәйкессіз болып қалуы. Адамзаттың ойлау жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер өмірдің барлық саласын қамтыған. Аталған құбылыстан сырт қалу қоғамымызға үлкен сын. Бұл тұрғыда әлемдік өркениеттің ұйытқысы болып отырған біліктілік пен білім кеңістігін интеграциялау бағыты мен бағдары бүгінгі күннің негізгі проблемасы. Сондай- ақ оқушыға өздігінен ұғыну талдау, ақпаратты тиімді пайдалану,қоғамда пайдалы тұрғыдан араластыру құзыреттілі негізгі қажеттілік.
Қазіргі кезде көптеген оқу орындарында кәсіптік білім беру ескірген материалды- техникалық база мен оқу- әдістемелік құралдармен, сондай- ақ арнайы инженерлік- іскерлік педагогикалық дайындықтан өтпеген оқытушылармен жүргізіледі. Сондықтан бүгінгі күнде еліміздегі үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін реформалау үшін нарықтың дамуы мен өтпелі процесстерді есепке алмай оқу орындарының бірі мен бірінің ара қатынас жүйелеріндегі және де оқушылар мен өндіріс ерекшеліктерін ескертуді қажет етеді. Кәсіби мамандар даярлау жаңа көзқараспен яғни еңбек ету білім мен біліктіліктің сұранысына сәйкес болуы керек. Мамандар даярлайтын оқу орындары тек қана бір сатылы болып, бір деңгейде кәсіптік білім беріп, ал ол нарық жағдайында шығынды болып, білім мазмұнының демократияға сәйкессіздігіне соқтырады. Кәсіби біліммен сусындаған бүгінгі ұрпақ ел болашағының тірегіне айналатынына күмәніміз жоқ. [2]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет