Alikhan Bokeikhan University
ОСӨЖ
Тақырыбы: Кәсіптік ортада (деректер қорын құру) деректерді
құрылымдау, талдау және жинау.
Орындаған: Макулбекова М. С.
Топ: ГМУ- 301
Семей 2023
Дерекқор немесе деректер базасы (фран. base, грек.basis) – деректердің реттелген жиынтығы. Жазба деректерді реттелген жүйеге келтіру адамзат мәдениетінің ажырамас белгісі болып табылады. Компьютерлік дерекқордың негізін түрлі кестелер, каталогтар, телефондық кітаптар, күнтізбелер, карталар,атластар, түрлі картотекалар, анықтамалық басылымдар, құжаттар және т.б құруы мүмкін.
Ақпарат қорын бір жерге шоғырландыру ақпараттарды сақтауды әрі оны толықтырып отыруды қамтамасыз етеді; ал орталық ЭЕМ- мен желілік байланыс арқылы ақпаратты тұрақты әрі жылдам алуға болады. Компьютерді дерекқор деректерді сактауды, реттеуді, іздеуді және
ЭЕМ- нің сыртқы құрылғыларына жіберуді қамтамасыз ететін белгілі бір файлдық жүйеге сүйенеді. Пайдаланушылар мен дерекқор apacындағы қарым- қатынас дерекқорды басқару жүйесі аркылы жүзеге асырылады. Басқару жүйесі пайдаланушының сұранысын қабыл алады да, файлдық жүйеге қажетті бұйрықтар беріп, ақпараттық хабарды пайдаланушының қолданылуына ыңғайлы түрге келтіріп береді.
Дерек алмасу бірлігі ретінде арнаулы жазу өлшемі кабылданған. Әр жазудың құрамында өзіндік такырып немесе осы жазуды іздейтін кілт болады. Жазу тақырыптары дерекқордың мазмұны іспетті анықтамалық кестелерге біріктіріледі.
Деректер базасы көптеген салаларда қолданылатын ақпараттарды сақтау,жүйелеу және қолдану базасы екені анық, алайда бұл жағдайда ол қарапайым архивтерден немесе картотекатадан айырмашылығы жоқ болады. Сондықтан, деректер базасын бірнеше ерекшелігіне байланысты ажыратады:
Деректер базасы компьютерлік, санау технологияларында қолданылады, сақталады. Деректер базасындағы ақпараттар жақсы жүйеленіп, деңгейлер бойынша ерекшеленген. Ақпараттар негізделіп , олардың арасындағы байланыс және еңгізуге қарсы шарттар құрылған.
Деректердегі жылдам іздеу мен өңдеу мүмкіндігін береді. Деректер базасының құрайтын бөлшектердің жиынтығын деректер базасының жүйесін – ақпараттық жүйе архитектурасы деп атаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |