"Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды игеру және өтеу туралы есеп" есептілігінің ай сайынғы нысанын толтыру жөніндегі



Дата10.07.2016
өлшемі76.25 Kb.
#189164
"Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды игеру және өтеу туралы есеп" есептілігінің ай сайынғы нысанын толтыру жөніндегі

НҰСҚАУЛЫҚ
"Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды игеру және өтеу туралы есеп" екі кесте мен бес қосымшадан тұрады және мыналарды:

  • Қазақстан Республикасының резиденттері тартқан және Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдігімен қамтамасыз етілген сыртқы қарыздардың (1-кестенің А бөлімі);

  • Қазақстан Республикасының резиденттері тартқан және Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдігімен қамтамасыз етілген ішкі қарыздардың (1-кестенің Б бөлімі);

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан және екінші деңгейдегі уәкілетті банктерде, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда қызмет көрсетілетін сыртқы қарыздардың (1-кестенің В бөлімі);

  • Қазақстан Республикасының резиденттері тартқан және мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздардың (2-кесте) игерілуі мен өтелуін есепке алуға арналған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне 1-кестенің А бөлімі бойынша ғана есеп беріледі.

2-кестені тек қана инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілдері толтырады.


№ 1-кестені толтыру жөніндегі нұсқаулық.

Есеп қарыз валютасындағы несиелік желінің барлық сандық бағандар бойынша «Барлығы» қорытынды жолын және АҚШ долларында «Бөлім бойынша жиыны» қорытынды жолын шығарып, қарыз валютасындағы несиелік желілер бөлінісінде бөлімнің белгісі мен атауын көрсете отырып, әрбір бөлім бойынша жеке-жеке жасалады. Көрсеткіштерді АҚШ долларына келтіру есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күніне бухгалтерлік есептің мақсаттары үшін белгіленген бағам бойынша жүргізіледі.

А бағанында несиелік желінің атауы және оның қолданылу кезеңі (игеруді бастау күні және өтеудің соңғы мерзімі), қарыз шартының нөмірі көрсетіледі.

Б бағанында қарыз алушының атауы көрсетіледі.

В бағанында кредитордың атауы көрсетіледі.

Г бағанында қарыз валютасының атауы көрсетіледі.

1-бағанда қарыз шартына сәйкес қарыз сомасы қойылады.

2, 3-бағандарда қарыз қаражатын игеру (түсуі), 2-бағанда - есепті кезеңнің басында игерілген қаражаттың жалпы сомасы көрсетіледі, 3-бағанда есепті кезеңдегі қарыз қаражатының игеру сомасы көрсетіледі.

4 және 5-бағандарда қарыз қаражатының келесі айда және жылдың соңына дейін игерілу болжамы көрсетіледі. Есепті жылдың 11 айына толтырған кезде 4-бағанда 12 айда игерілу болжамы, ал 5-бағанда - есепті кезеңнен кейінгі жылға болжам көрсетіледі.

6 және 7-бағандарда қарыз әрекет еткеннен бастап және есепті кезеңде негізгі борышты өтеу жөніндегі төлемдер көрсетіледі. 6-бағанда қарыз әрекет еткеннен бастап (есепті кезеңді қоса алғанда) негізгі борышты өтеу сомасы, 7-бағанда - есепті кезеңдегі толем сомасы көрсетіледі.

8-бағанда есепті кезеңнің соңына қарыз бойынша (б.2+б.3-б.6) негізгі борыштың қалдығы көрсетіледі.

9 және 10-бағандарда қарыз әрекет еткен күннен бастап, оның ішінде есепті кезеңде қарыз сыйақысының (мүддесінің) төлемдері көрсетіледі.

11 және 12-бағандарда қарыз әрекет еткен күннен бастап, оның ішінде есепті кезеңде өтелген ілеспе төлемдердің сомалары көрсетіледі.

13 және 14-бағандарда келесі айда және жылдың аяғына дейін төлеуге жататын борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі төлемдердің болжамдалған жалпы сомасы көрсетіледі. Жылдың 11 айы үшін есеп толтырылған кезде 13-бағанда 12 айдағы төлемдердің болжамы көрсетіледі, ал 14-бағанда - есепті кезеңнен кейінгі жылға болжам көрсетіледі.

15-18-бағандарда негізгі борыш және борышқа қызмет корсету бойынша мерзімінде өтелмеген берешек сомасы көрсетіледі.

№ 1 Кестені қарыздар жөніндегі ақпаратпен толтыру аяқталғаннан кейін ұқсас түрде АҚШ долларында «Бөлім бойынша жиыны» және «Нысан бойынша ЖИЫНЫ» жолдары есептеледі және толтырылады.

№ 1 Кестеге жауапты атқарушы, бас бухгалтер және бірінші басшы қол қояды.

3-бағанда көрсетілген сомалар есеп нысанына «200_ ж. _______бойынша үкіметтік және мемлекет кепілдік берген қарыз қаражаттарының игерілуінің талдамасы» № 1 қосымшасында қарыз қаражатының игерілу күні бойынша талдап жазуға жатады.

7, 10 және 12-бағандарда көрсетілген сомалар есеп нысанына «200_ ж. _______ бойынша үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты өтеу мен оған қызмет көрсету төлемдерінің талдамасы» № 2 қосымшасында төлем түрлері және күндері бойынша талдап жазуға жатады.

№ 1 және № 2 қосымшаларға жауапты атқарушы және бас бухгалтер қол қояды.


№ 2 – кестені толтыру жөніндегі нұсқаулық.

А бағанында жобаның атауы көрсетіледі.

Б бағанында ұлттық бірегейлендіру нөмірі және шығарылым проспектінің күні көрсетіледі.

В бағанында қарыз алушының атауы көрсетіледі.

1 бағанында қарыз валютасының атауы көрсетіледі.

2 бағанында қарыз инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру шарттарына сәйкес қарыз сомасы қойылады.

3, 4-бағандарда қарыз қаражаттарының игерілуі (түсуі), 3-бағанда - есепті кезеңнің басында игерілген қаражаттардың жалпы сомасы көрсетіледі, 4-бағанда есепті кезеңдегі қарыз қаражаттарының игерілу сомасы көрсетіледі.

5 және 6-бағандарда қарыз қаражатының келесі айда және жылдың соңына дейін игерілу болжамы көрсетіледі. Есепті жылдың 11 айына толтырған кезде 5-бағанда 12 айда игерілу болжамы, ал 6-бағанда - есепті кезеңнен кейінгі жылға болжам көрсетіледі.

7-бағанда есепті кезеңде өтелген негізгі борыштың сомасы көрсетіледі.

8 және 9-бағандарда сыйақы төлемдері көрсетіледі. 8-бағанда қарыз әрекет еткен күннен бастап төленген сыйақы төлемдері, 9-есепті кезеңдегі төлем сомасы көрсетіледі.

10 және 11-бағандарда қарыз әрекет еткен күннен бастап, оның ішінде есепті кезеңде өтелген ілеспе төлемдердің (пұл) сомалары көрсетіледі.

12 және 13-бағандарда келесі айда және жылдың аяғына дейін төлеуге жататын борышты өтеу және оған қызмет көрсету төлемдерінің болжамдалған жалпы сомасы көрсетіледі. Жылдың 11 айы үшін есеп толтырылған кезде 12-бағанда 12 айдағы төлемдердің болжамы көрсетіледі, ал 13-бағанда - есепті кезеңнен кейінгі жылға болжам көрсетіледі.

14-17-бағандарда негізгі борыш және борышқа қызмет көрсету бойынша мерзімінде өтелмеген берешек сомасы көрсетіледі.

№2 Кестені есепті қарыздар жөніндегі ақпаратпен толтыру аяқталғаннан кейін ұқсас түрде «Бөлім бойынша жиыны» және «Нысан бойынша ЖИЫНЫ» жолдары АҚШ долларында есептеледі және толтырылады. Көрсеткіштерді АҚШ долларына келтіру есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күніне бухгалтерлік есептің мақсаттары үшін белгіленген бағам бойынша жүргізіледі.

№2 Кестеге жауапты атқарушы, бас бухгалтер және бірінші басшы қол қояды.

4-бағанда көрсетілген сома есеп нысанына «200_ ж. _______бойынша мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыз қаражатының игерілуінің талдамасы» № 3 қосымшасында қарыз қаражаттарының игерілу күні бойынша талдап жазуға жатады.

9, 11-бағандарында көрсетілген сомалар есеп нысанына «200_ ж. _______бойынша мемлекет кепілгерлігімен берілетін борышты өтеу және оған қызмет көрсету төлемдерінің талдамасы» № 4 қосымшасында төлем түрлері және күндері бойынша талдап жазуға жатады.

№ 3 және № 4 қосымшаларға жауапты атқарушы және бас бухгалтер қол қояды.



№ 5 қосымша 2-кестені алғаш толтырғанда міндетті түрде негізгі сипаттамаларын (облигацияларды шығару проспектiсiнiң нөмiрi және күнi, шығарылатын инфрақұрылымдық облигациялардың саны, бiр инфрақұрылымдық облигацияның номиналды құны, инфрақұрылымдық облигациялар бойынша сыйақы, ақы төлеу шарттары мен тәртiбi, инфрақұрылымдық облигациялар бойынша қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық облигациялар айналымы және оларды өтеу туралы мәлiметтер, концессия шартының және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мемлекет кепiлгерлiгiн беру туралы қаулысының деректемелерi, облигацияларды ұстаушылар өкiлi туралы мәлiметтер) көрсете отырып бір рет ұсынылады.

№ 5 қосымшаға жауапты атқарушы және бас бухгалтер қол қояды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет