Кипчаки евразии: история, язык и



Pdf көрінісі
бет138/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013


разделились на две группы: одна пришла в Кафу и Аккерман, и до сих пор их 
[потомки] живут в Сулуманастре и говорят по-армянски; другая – в Анкурию 
(Анкара) и оттуда в Польшу» [10, 248 б.]. Украина армяндары мен армян-
қыпшақтардың тарихын зерттеуші Я.Р. Дашкевич те қыпшақ тілдес 
армяндардың бір бөлігінің Анкарадан келгендіктеріне назар аударады [11, 
293 б.].
Армян-қыпшақтардың жазба мұралары олардың экономикалық, саяси-
әлеуметтік, мәдени өмірінен мол мағлұмат беретін, жанры мен стилі 
жағынан әр түрлі, көлемі үлкен жадығаттар. Армян-қыпшақ ескерткіштерін 
жариялауда Г. Алишан, Ж. Дени, Э. Шютц, Э. Трыярски, И. Вашари, М. 
Левицкий, Р. Кон, Т.И. Грунин, А.Н. Гаркавец, И. Абдуллин, Я.Р. Дашкевич 
сияқты ғалымдар көп еңбек сіңірді. Бұл саладағы зерттеулердің 
библиографиясы Я.Р. Дашкевич, А.Н. Гаркавец [12; 3, 20-27 б.] еңбектерінде 
келтірілген. Бұл тақырып соңғы кезде Түркия ғалымдары Меһмет Куталмыш 
[13-17], Надежда Чирли [18-20], Ердоған Алтынкайнак [21] тарапынан да 
зерттеле бастады. 
Армян-қыпшақ ескерткіштері тіліне қатысты Т.И. Грунин, Э.В. Севортян, 
Дж. Клосон, Ж. Дени, И. Абдуллиндер тарапынан құнды пікірлер айтылды.
Мысалы, академик Э.В. Севортянның пікірінше: «Ценнейшим памятником 
разговорных кыпчакских языков или диалектов конца XIII – начала XIVв. по-
прежному остается «Codex Cumanicus» (СС). Судебные акты из Каменца 
составляют другой важнейший источник, из которого отныне можно черпать 
сведения об одном из старокыпчакских разговорных языков более позднего 
по сравнению с СС времени. Другие армяно-кыпчакские тексты можно было 
бы отнести к памятникам армяно-кыпчакского литературного языка, в 
котором мы вправе различать язык чисто религиозных сочинений, язык 
судебно-правовых документов и начатков художественной литературы 
назидательно-апокрифического направления» [22, 14 б.].
Зерттеушілердің көпшілігі «Codex Cumanicus» тілінің армян-қыпшақ 
ескерткіштері тілімен сабақтас, негізі бір екендігін және кейінгісі «СС» тілі 
мен қазіргі қыпшақ тілдерінің арасын жалғастырып жатқанын айтады. 
Дегенмен 
бұлар 
жарияланған 
түпнұсқалардың 
алғысөздері 
мен 
кіріспелерінде немесе қысқаша грамматикалық очерктерінде айтылған 


пікірлер, ал армян-қыпшақ ескерткіштері тілінің проблемаларын зерттеуде 
А.Н. Гаркавецтің монографиялық еңбектерінің қыпшақтану саласында 
өзіндік орны бар.
А.Н. Гаркавецтің 1979 жылы жарияланған еңбегінде славян тілдерінің 
қоршауында 
қолданыста 
болған 
қыпшақ 
(армян-қыпшақ) 
тілінің 
конвергенциялануы жан-жақты қарастырылған [23].
Армян-қыпшақ ескерткіштері тілін морфологиялық және графо-
фонетикалық тұрғыдан қарастырған енді бір еңбегінде А.Н. Гаркавец 
таңбалардың әртүрлі позицияларда қолданылуына талдау жасай отырып, 
ескерткіштер тілінің фонетикалық құрамын анықтайды. Дегенмен, кірме 
элементтердің дұрыс айтылуын қамтамасыз ету үшін транслитерацияға 
жүгініп отырғанды жөн көреді [24]. Бұл принципті ғалым өзінің армян-
қыпшақ ескерткіштерінің каталогы мен мәтіндерін транскрипциялап берген 
іргелі еңбегінде пайдаланған.
Келесі монографиясы [25] Украинадағы урум тілі мен армян-қыпшақ 
ескерткіштері тіліндегі етістік категорияларын салыстыра зерттеуге арналған.
Армян-қыпшақ ескерткіштерін жариялауда қазақстандық түрколог-
ғалым, «Codex Cumanicus» пен армян-қыпшақ ескерткіштерінің үлкен 
маманы Александр Николаевич Гаркавецтің атқарған қызметі мен еткен ерен 
еңбегін қыпшақтану саласына қосылған зор үлес деп бағалаймыз. Оның 2002 
– 2010 жылдар аралы,ында «Кыпчакское письменное наследие» деген жалпы 
атаумен жариялаған үш томдық іргелі еңбегі қыпшақтану саласында бұрын-
соңды жасалмаған, баға жетпес құнды дүние болып табылады. 
2002 жылы Алматыдағы “Дешт-и Қыпшақ” Евразиялық зерттеу 
орталығынан шыққан «Кыпчакское письменное наследие.Т.1. Каталог и 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет