Кіріспе емтиханның мақсаты



Дата30.06.2016
өлшемі293.99 Kb.
#167145

КІРІСПЕ


Емтиханның мақсаты – білім деңгейін анықтау, өз ойын анық және аргументативті жеткізу біліктілігі мен дағдысын анықтау, сонымен қатар «6М011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша магистратурада оқып, «педагогика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алу үшін қажетті болып табылатын құзіреттіліктің дайындық деңгейін және машыққа арналған тапсырмаларды шеше алу мүмкіндігін айқындау.

Емтиханның өткізілу тәртібі. «6М011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша магистратураның қабылдау емтихандары «Шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесі» пәні бойынша өткізіледі. Берілген пәннің мазмұны келесі мәселелерді қамтиды: қазіргі шетел тілдерін оқытудың мәдениетаралық қатысым теориясына негізделген әдістемелік ғылымның дамуының қазіргі тенденциясы мен күйі, мақсаттың әдістемелік категориялары, шетел тілдерін оқытудық мазмұны, оларды құрушы құрамы және жаңа әдіснама мен шетел тілдерін оқыту теориясы бойынша аудармасы, сонымен қатар шетел тілдерін оқытудың әдістері мен тәсілдері, қатынас ұғымының мәні, мәдениетаралық қатысым, шетел тілдерін оқытуда басты мақсат ретінде мәдениетаралық қатысым құзіреттілігін қалыптастырудағы қазіргі әдістемелік және әдіснамалық қағидаттарының мәні, жаттыққандық деңгейлері, оқу үрдісін ұйымдастыру және басқару мәселелері, бақылау және өзін-өзі бақылау, жаңа технологиялар.

Сұрақтар тақырыптарының жиынтығына кіреді: қазіргі әдістемелік ғылымының негізгі ұғымдары мен аталымдары, шетел тілдерін оқытудың қазіргі теориясы мен тәжірибесінің даму және жетілу мәселелері мен мүмкіндіктері (Құнанбаева С.С.-ның шетел тілдерін оқытудың когнитивті лингвомәдениеттік әдіснамасы бойынша), сонымен қатар зерттеу әдістері.

Берілген мамандық бойынша магистратураға тапсыру үшін өтетін қабылдау емтихандарының билеттері «Шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесі» негізінде құрылды.

Берілген курстың тақырыптар жиынтығы шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдіснамасының ең өзекті мәселелерін, шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдіснамасының дамуы мен негізгі даму заңдылықтарын қамтиды. Емтихан билеттері 3 сұрақтан тұрады:

1 сұрақ – теориялық;

2 сұрақ – теориялық;

3 сұрақ – прагма-кәсіби тәжірибелік тапсырма.

Кредиттік технологияға сәйкес студенттердің білімі келесі жүйе бойынша бағаланады:



Баға

Әріптік эквивалент

Пайыз

Балл

Өте жақсы

А

95-100

4




А-

90-94

3,67

Жақсы

В+

85-89

3,33




В

80-84

3,0




В-

75-79

2,67

Қанағаттанарлық

С+

70-74

2,33




С

65-69

2,0




С-

60-64

1,67




Д+

55-59

1,33




Д-

50-54

1,0

Қанағаттанарлық емес

F

0-49

0






Аты-жөні


Өлшемдер және студенттердің жауаптарын сараптау параметрлері

Педагогикалық жағдаят

Жалпы баға

(максимум

100 балл)


1.

Сұрақтың мазмұнының және мазмұндамасының толықтығы

0-15 ұпай


2.

Сұрақтың мазмұнының тереңдігін түсіну(саралау дағдысыжәне тілдегі көріністерді жалпылау)

0-15 ұпай


3.

Құрылымның қисыны және жауаптың айғақтылығының, терминологиялық туралығы

0-15 балл


4.

Білім және әдістемелік санаттың анықтамалық дәлдігі.

0-15 ұпай


5.

Алдыңғы және дербес

педагогикалық тәжірибеге тірек

0-15 ұпай




Прагма-профес-

сионалды тапсырманы интеграция және әр түрлі ғылым салаларының негізінде шешу

0-25

ұпай






1

























2

























3

4


























5

























6

























7
























Бағалау саясаты объективті ұстанымға сүйенеді. Бағаның төмендеуі немесе көтермелеуі қарастырылады. Емтихан ауызша түрде өткізіледі.



Магистратураға түсушілерге қойылатын талаптар.

Талапкерлер қазіргі шетел тілдер әдістемесінің, дәстүрлі және қазіргі әдістерді шетелдік және отандық әдістемеге, тілдік жағдайдың концептуалды саясатын және Қазақстан Республикасындағы тілдік жағдай туралы терең теориялық және практикалық білімдерін көрсету керек. Сонымен қоса, емтихан тапсырушының зейіні кәсіби қызметтегі шетел тілі мұғалімінің прагма-профессионалды тапсырманы шешуге, өзінің біліктілік дайындығы мен дағдысын алынған білімді тәжірибеде қолдануға даяр( маманның біліктілік үлгісін есепке ала отырып).

Көрсетілген мамандықтың мақсатын және міндетін ескере отырып, айтылмыш бағдарлама магистратураға түсінушінің зейінін қазіргі шетел тілін оқытудың біртұтас мәселелерін (С.С Құнанбаева.) когнитивті лингвомәдениеттанулық әдістеме негізіне аударады.

Айтылмыш пәннен емтихан тапсыру кезінде айрықша көңіл қазіргі мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі мәселесінің теориялық және логикалық түсінуіне, саралай білу және қазіргі бағытта бағдарлай алу,тіл табысу және шетел тілін оқытудағы технология, мамандықтың метатілін және қазіргі әдістемелік ғылымда лайықты терминологияны пайдалану.

Сонымен қатар, талапкер кәсіби-мәнді шеберлігін, біліктілік пен білімге бағдарланған білім үлгілерін ажырата алу керек, шетел тілдік білім беруде педагогикалық іскерліктің технологияларын оның барлық деңгейлерінде білу тиіс.

"ШТ оқыту әдістемесінің " "6M011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығы бойынша 2015-2016 оқу жылына арналған магистратураға түсушіге

БАҒДАРЛАМА

1-Бөлім. Қазіргі шетел тілдерін оқыту әдістемесінің теориялық және әдістемелік негіздері.

1-Тақырып. Шетел тілі білімінің әдістемесі қолданбалы теориялық ғылым ретінде; мақсаты, міндеттері, нысаны және әдістемелік ғылымның пәні.

Ғылыми зерттеу методологиясының шетел тілдерін оқыту әдістемесінде өзгешелігі. Ғылыми зерттеу әдісінің жүйесі: ғылыми-теориялық әдіс деңгейі (анализ синтез және аналогия, үлгілеу және т.б.) ғылыми-тәжірибелік деңгейдің (мақсатты қадағалау, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, тәжірибелі зерттеу); қосалқы әдістер – анкета, тест, әңгіме, интервью, хронометраж. Когнитивті-лингвомәдениеттанулық әдістеме және шетел тілінің оқытудағы теориялық әдістемесі және оның шетел тілін оқытудағы теориясы мен практикасына қосқан үлесі.



2-Тақырып. Әдістеменің басқа ғылымдармен байланысы. Әдістеме үшін базистік ғылым және оның шетел тілдерін оқытудағы теориясы мен практикасының дамуындағы рөлі.

Әдістеменің жалпы дидактикамен байланысы білім мен ғылыми қызметтің екі жүйесінің арақатынасы ретінде. Шетел тілдерін оқытуда ұстанымдардың өзгешеліктері.

Әдістеменің психологиямен байланысы.

Сөйлеудің психологиялық мінездемесі. Сөйлеудің психологиялық типологиясы: ауызша және жазба сөз,сыртқы және ішкі сөз ,рецептивті және репродуктивті сөйлеу. Сөйлеудің коммуникативті сипаты.

"Білім", "тілдік дағды", "сөйлеу дағдысы", "сөйлеу іскерлігі", "қатысымдық іскерлік" ұғымдарының мәні. Шетел тілдерін оқытуда дамудың заңдылықтарын және когнитивті (танымдық) жүйелеу үдерісінің жад, қиял,ойлау және т.б.

Шетел тілін меңгерудегі мотивация факторы. Шетел тілін меңгерудегі мотивация түрлері.

Әдістеменің лингвистикамен байланысы.

"Тіл", "сөз" ұғымдарының айырмашылығы. Мазмұнның құрама бөлігінің ұйғарымы үшін осы деректердің оқытуда рөлі, тіл бөлімдерін және бірліктерін анықтау және т.б. мәтін лингвистикалық санат және шетел тілдерін оқытудың санаты. Мәтін құрылымының негізгі ішкі заңдылықтары.

Әдістеменің психолингвистикамен байланысы.

"Сөйлеу қызметі" ұғымының мәні. Сөйлеу қызметінің түрлері. Сөйлеу туындауының психолингвистикалық үлгісі (ойдың сөйлемшесі) және сөйлеуді анықтау (қабылдау және түсіну) Психолингвистиканың

шетел тілдерін оқытудың теориясы мен практикасында рөлі.

2 бөлім. Шетел тілдерін оқытудың әдіснамалық негіздері. 3 Тақырып. Негізгі әдіснамалық санаттар. Шетел тілін оқытудың міндеті мен мазмұны.

Шетел тілін оқытудың міндетінің маңызды әлеуметтік-педагогикалық санат ретіндегі обьективті белгісі. Міндеттің интегративтілігі өзара байланыс пен өзара кесімділіктің үш аспектісі ретінде:

- прагматикалық (практикалық аспект- қарым­-қатынас құзыреттілігінің білгілі бір жағдайға дайын болу қабілеті) мәдениет аралық жанасушылық

-когнетивтік- шетел тілін өзге лингвамәдениетті тану құралы ретінде қолдану, мәдениет аралық құзыреттілік пен тұлғаның дамуының құралы ретінде қолдану.

- Оқытылушының жеке қасиеттерін қалыптастыруымен байланысты педагогикалық аспект(дербестік, белсенділік, эмпатия және т.б.)

Шетел тілін оқытудың құрылымы.

Шетел тілін оқытудың заманауй қағидалары мен тәжірибелеріндегі <оқыту құрылымы> санатының құзырлы құрамы мен мазмұнына түрлі көзқарастар. Оқыту құрамының негізгі құрамдастары: қоршаған орта және тілдік тақырыптама, жағдаяттар жиынтығы, оқытылушының коммуникативті- танымды қызығушылықтарының функционалды тағайындауға байланысты қатал таңдалып алынған тілдік, елтану және лингва елтану мағұлматтары, тілдік икем, тілдік және коммуникативті біліктік, сонымен қоса оқу іс-әрекетінің мәдениетін қалыптастырытын оқудың жалпы және арнайы машығы мен біліктілігі.



Шетел тілдерін оқытудың қағидалары мен тәсілдері.

«Қағида» ұғымының шетел тілдерін оқытудағы түсінігі. Әдістемелік және өзіндік кешенді әдістемелер қағидаларының жиынтық жүйесі.Дидактикалық үдерістің когнетивтік және коммуникативтік үдерістердің әдістемелік қағидалардың шетел тілінде білім беру жүйесіндегі когнетивті-лингвамәдениеттің жетекші әдіснамасы ретінде ұйымдастыру.

Жалпы дидактикалық және әдіснамалық қағидаларының құрамы мен негізін анықтаудағы түрлі амалдар.

-<Әдіс> ұғымына түсінік. Бұл терминнің түрлі мағыналары:

1) Әдіс білім берудің бүтін жүйесі(стратегия) ретінде; 2) Әдіс мұғалім мен оқытылушының өзара қарым-қатынасын жүзеге асырудың құралы ретінде. Шетел тілін оқытудың әдістері, демонстрация әдісі(көрсетілім), түсіндіру, жаттығулар.

Жаттығу әдісі жетекші әдістердің бірі ретінде. Шетел тілін оқытудың заманауй әдіснамасындағы жаттығулардың түрі мен тұрпатын саралаудағы қиындықтар.

Әдістің құрамдас бөлігі– амал. <Инновациялық педагогикалық құралдар>түсінігі, олар жалпы сипаттамасы.

Шетел тілін оқытудың құралдары.

Оқытудың негізгі және қослқы құралдары. Оқулықтар оқытудың негізгі құралы ретінде. Жаңа ұрпақтың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге деген талаптар. Электронды оқулықтар. Шетелде басылып шыққан оқулықтардың бейімделудегі қиындықтары. Оқытудың электронды-техникалық құралы және олардың дидактикалық мүмкіндіктері(интернет, мультимедиалық құралдар, қашықтықтан оқыту).



«Оқыту жүйесі» және «амал» түсініктері.

Оқыту жүйесі оқу үдерістің жалпыға бірдей қалыбы, белгілі әдістемелік тұжырымдамаға лайықты, негізделген міндет, мазмұн, қағида, оқытудың түрі мен құралы ретінде.

«Амал» түсінігі. Заманауй әдіснамадағы шетел тілін оқыту үрдісіндегі ең танымал амалдары: жүйелі-әрекеттік, жүйелі-коммуникативті-әрекеттік, жүйелі-коммуникативті-когнетивтік, тұлғалық-бағыттық. Тұлғалық-бағыттық амал білім беру философиясындағы жаңа(гуманистік) бағыт.

Құзыреттілік амал. «құзырлылық» және «құзыреттілік» түсініктері.


3 Бөлім. Шетел тіліндегі қарым-қатынасты оқыту.

4 Тақырып. Вербальді қарым-қатынастың сипаттамасы.

«Вербальді қарым – қатынас» түсінігінің болмысы. Вербальді қарым – қатынастың құрылымы. Тілдік қарым – қатынастың қызметтері: коммуникативті–когнетивтік, реттеушілік, шартты(этикеттік). Қарым – қатынастың түрлері: тікелей(жанасқан), жанама(қашықтық), ресми, іскер, бейресми, жеке. Тілдік қызметінің фазалары: уәждемелік–қозғаушы, бағытты–зерттеушілілік, орындаушылық.

Тілдік–коммуникативтік жағдаят қарым – қатынастың бірлігі және оның жұмыс істеуінің түрі ретінде. Тілдік–коммуникативтік жағдаяттың құрылымы. Құрылымның түрлері: табиғи–тілдік, оқыту-тілдік, проблемалық жағдаяттар және оларды оқыту барысында құру тәсілдері.

Тіректің түрлері мен олардың тілдік–коммуникативті жағдаят құрудағы рөлі. Шетел тілінде білім берудің шешілмеген, актуальді проблемалары.

5 Тақырып. Коммуникативті-бағытталған білім берудің тілдік қарым-қатынас жанасушылығының аспектісі .

«Қарым-қатынас» түсінігі. Оның қызметі.

Қарым – қатынастың дыбыстау аспектісін оқыту.

Шетел тілін меңгерудегі тыңдап айту және ритмикалық-екпінді дағдының ролі. Тыңдап айту және ритмикалық-екпінді дағдының міндеті. Фонетикалық мәліметтерді талдау және әдістемелік ұйымдастыру. Дыбыстау дағдысын қалыптастыруының негізгі кезеңдері. Тіл аралық интерференциясының дыбысталу дағдысын қалыптастырудағы әсерін есептеу. Техникалық құралдардың рөлі мен дыбысталу дағдысының қалыптасуы мен түзетуі. Дыбыстау кезіндегі қателіктер мен оларды түзету жолдарының тұрпаттамасы.

5.1 Мәдениет аралық коммуникативті кешендері негізінде оқытылушының мәдениет аралық қарым-қатынасқа дайындық барысындағы тыңдап айту және ритмикалық-екпінді дағдыларын қалыптастыру мақсаты мен міндеті. Сұрыптау. Қарым-қаттынастың фонетикалық аспектісін қалыптастырудағы әдістемелік ұйымдастыру мен технологиялар негіздемесі.

5.2 Мәдениет аралық қарым-қатынасқа дайындығын қалыптастырудағы шетел тілінің лексикасын үйренудің мақсаты мен міндеті. Амал, ұсыну жолдары, шетел тілінің лексикасының мағынасын анықтау. Мәдениет аралық қарым-қатынаста шетел тілінің лексикасын еркін қолдануға арналған коммуникативті кешенді жаттығулар.

5.3 Шетел тілінде қарым-қатынас жасауды меңгерудегі грамматиканың мақсаты мен міндеті. Грамматикалық мәліметтерді сұрыптаудағы коммуникативті-функционалды тәсіл: дерекнама, өлшем және сұрыптау принциптері. Шетел тілінде қарым-қатынас жасаудың ауызша және жазбаша түрі. Мәдениет аралық қарым-қатынас жағдаяттары негізінде грамматикалық дағдыларды қалыптастыру кезеңдері.

Қарым –қатынастың лексикалық аспектісін оқыту.

Шетел тіліндегі қарым-қатынасты меңгерудегі лексикалық дағдының рөлі. Шетел тілінің лексикасын оқытудың негізгі міндеті. Активті, рецептивті және әлеуетті сөздіктер түсінігі. Лексикалық бірліктерді таңдаудағы активті және рецептивті минимумдар. Лексикалық дағдыларды қалыптастырудың кезеңдері. Лексиканың мағынасын ашу мен ұсынудың тәсілдері мен жолдары. Семантизация тәсілдеріне түрлі көзқарастар. Түрлі лексикалық минимумдарға арналған жаттығулар. Сөздік құрастырудың тәсілдері. Қарым-қатынастың лексикалық аспектісін оқытуда қолданылатын көрнекіліктер. Лексикалық дағдыларды оқытуды тексерудің түрлі тәсілдері мен жолдары.



Қарым –қатынастың грамматикалық аспектісін оқыту.

Шетел тіліндегі қарым-қатынасты меңгерудегі грамматикалық дағдының рөлі. Грамматикалық мәліметтерді сұрыптаудағы коммуникативті тәсіл: дерекнама, өлшем және сұрыптау принциптері. Грамматикалық дағдыларды қалыптастыру кезеңдері.



6 Тақырып. Қарым-қатынастың тілдік мәдениет аралық негіздері.

Қарым-қатынастың ауызша түрі: Оқушылардың мәдениет аралық коммуникативті құзыреттілігін қалыптастырудағы қарым-қатынастың ауызша түрінің рөлі.

Ауызша жанама қарым-қатынастың түрі: тыңдалым. Тыңдалымның жетістіктерін анықтайтын жағдаяттар. Шетел тілін ұғынып түсінудің қиындықтары.(когнетивтік аспект). Тыңдалымның психолингвистикалық сипаттамасы.

Қарым-қатынастың тыңдалым аспектісін қалыптастыратын технологиялар.

Тікелей қарым-қатынастың түрі: монолог және диалог.

Қарым-қатынастың ауызша түрінің психолингвистикалық сипаттамасы.(айтылым)

Ауызша қарым-қатынастың тілдік тұрпаты(монолог,диалог,полилог).



Қарым-қатынастың жазбаша түрі: Оқушылардың мәдениет аралық қарым-қатынасын қалыптастырудағы жазбаша қарым-қатынастың түрі.

Ауызша жанама қарым-қатынастың түрі(тыңдалым). Оқылымның екі жағы: техникалық(көру сигналдарын мағыналық бірлікке қайта кодтау) және мағыналық(мазмұнды). Оқылымның техникасын үйрету. Оқылымның түрлі стратегияларын оқыту технологиялары.

«Хат» және «жазба сөз» ұғымдары. Жазбаша қарым-қатынастың түрлері. Қарым-қатынастың жазбаша түрін оқытудың технологиясы.
4 Бөлім. Контексттегі мәдениаралық қарым қатынас теориясын модельдеу

7 Тақырып. Шетел тілдік қарым-қатынасты модельдеу

Қазіргі ғылымда және тәжірибеде «модельдеу» ұғымын анықтауға әр түрлі тәсілдер.

Қазіргі заманға сай концептуалды-методикалық шетел тілдік білім беру модель.

Пәндік – процессуалдық аспекттерді когнитивті лингвокультурологиялық комплекстерді модельдеу.


5 Бөлім. Қазіргі заманға сай шетел тілдік білім беру үрдісі: басқарма, ұйым, білім берудің технологиялары.

8 тақырып. Білім беруді басқару: білім беру үрдісін жоспарлау.

Шетел тілдің үрдісті жоспарлаудың түрлері(күнтізбелік, тематикалық, поурочный жоспарлар).Кредидтік технология бойынша білім беру үрдісін ұйымдастырудың ерекшелітері: сабақ негізгі білім беру үрдісінің негізгі түрі, сабақтан тыс шетел тілмен жұмыс. Қазіргі заманғы шетел тілдік сабаққа талаптар. Педагогикалық және информациялық технологиялар.



9 Тақырып. «Тексеріс» шетел тілде білім беру сапасы мен нәтижесін басқару моделі ретінде . Тексерістің функциялары: диагностикалық, оқыту, басқару, бағалау, стимулдау, түзеу. Тексерудің формаларының талаптары: объективтілік, репрезентативтілік, жүйелілік, әр түрлілік, мақсатқа бағытталғандық. Шетел тілдік білімнің объективті тесксерісі. Мәдениетаралық қарым – қатынас құзіреттілігінің қалыптасқан дәрежесін тескеретін критериялық-бағалаушылық шәкілі.

6 Бөлім. Шетел тілін оқытушы мұғалімнің профессионалды іс – әрекеті.

10 Тақырып. Шетел тіл мұғалімінің маңызыды профессионалды дағдылары мен қасиеттері.

Профессионалды шеберлік мұғалімнің профессионалды маңызды білім мен сабақ беру тәжірибесі және оның творчествалық, жеке қасиеттері ретінде.



Профессионалды маңызды қабілеттері- ол педагогикалық, психологиялық және әдістемелік қабілеттерді кәсіби шараларда және студенттердің мәдениаралық қарам – қатынасқа түсуіне бағытталған қабілеттреді дұрыс қолдана білу. Педагогикалық қарам – қатынастың стилі. Қарым-қатынастың түрлері: жеке, топтыұ және коллективтік. Мұғалімнің професиионалды құзіреттілігі шетел тілін оқыту саласында заманауи білім білу политиксындағы шарттарының бірі ретінде қарастырылады. Казақстан Республикасының Шетел тіл білім беру Конепциясы – Қазақстан Республикасындағы теориялық-методологиялық және тәжірибелік негізі ретінде.

2015-2016 жылдарға арналған

«6М 011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының

магистратура бағдарламасына қабылдау сұрақтары


  1. Шетел тіл білім беру әдістемесі теориялық-қолданбалы ғылым ретінде: оның мақсаты,міндеттірі, объектісі және субъектісі. Ғалымдардың әр түрлі пікірлері бойынша әдістеменің дәрежісі.

  2. Шетел тіл оқыту әдістеменің социо-тарихи және ғылыми-теориялық құрылуының шарттары мен дамуы. Заманауи шетел тіл әдістемесінің жағдайы: мәселелері және даму перспективалары.

  3. Шетел тіл білім беру әдістемесінің теориясы мен тәжірибесінің дамуының жаңа жолы: когнитивті-лингвокультурологиялық әдістемесі мен шетел тіл білім беру және оның шетел тіл білім беру теориясы мен тәжірибесіне нақты үлес.

  4. Заманауи шетел тіл білім берудің мақсаты мен міндеттері, олардың жаңа әдістеме мен шетел тіл білім беру тұрғысынан интеграциясы.

  5. «шетел тіл білім беру мазмұны» әдістік категория ретінде: категорияның компоненттік құрылымы және оның жаңа әдістеме мен шетел тіл білім беру тұрғысынан интерпретациясы.

  6. Мәдени –аралық коммуникативтік құзіреттілік заманауи шетел тіл білім берудің негізгі мақсаты ретінде, онығ компоненттік құрылымы, компоненттік құрылымды анықтаудағы ғалымдардың әр түрлі амал тәсілдері.

  7. Шетел тіл білім берудегі құзіреттілік амал. Екі білім беру модельдерінің салыстырмалы мінездемесі: «білімге бағытталған» және «құзіреттілік». «компетенция» және «компетентность» ұғымдарының айырмашылығы.

  8. «Қарым-қатынас» және «мәдениетаралық қарым - қатынас» категориясының түсініктемесі. Вербалды қарым-қатынастың түрлері.

  9. Ауызекі қарым-қатынастың әдістемелік білім беру формалары: диалог/полилог. Диалогтардың функцияналдық түрлері мен оның орта мектептегі оқыту жылына байланысты қатыстылығы. Диалогтардың құрылымы, олардың психологиялық және лингвистикалық ерекшеліктер.

  10. Мәдениетаралық қарым-қатынасытың ауызекі монологты формасын үйрету. Монологтық айтылымдардың құрылымы; монологтық сөйлеудің лингвистикалық және психологиялық ерекшеліктер, тірек түрлері.

  11. Мәдениет аралық қарым – қатынас әдістемесін аутенттік текстті тыңдай отыра оқыту. Аудиотексттер мен презентацияларды таңдаудағы талаптар.Аудиотексттерді түсіну дәрежесі мен тексеру тәсілдері. Мәтіндік әрекеттің қарым – қатынастық бағдары (жиналған мәліметтерді қарым-қатынастың басқа түрлерінде қолдану), техникалық құралдар.

  12. Мәдениет аралық қарым – қатынас әдістемесін аутенттік текстті оқыту арқылы үйрету. Оқыту стратегияларының түрлері және олардың орта мектептегі оқыту жылына байланысты қатыстылығы. Мәтіндік іс-әрекетке қажетті эффективті біліктіліктер құрамы, жиналған мәліметтреді қарым-қатынастың бақа түрлерінде қолдану.

  13. Жазылымның мәдени аралық қатынас түрі ретіндегі рөлі. Жазудың техникасын үйрету тәсілдері. Жазбаша қарым қатынас ретіндегі ресми және бейресми хат: жазудың рөлдік мәдениеті (сыпайы риторика), біліктілік кешенін құру әдістемесі.

  14. Орта мектептің жоғарғы классына арналған жазбаша қатынас әдістемесі: эссе жазу, құрылым және тіл ерекшеліктері.Жазуды үйрету әдістемесінің жазу түріне қарай бөлінуі: сипаттау, әнгімелеу, түсіндірме және полемикалық эссе.

  15. Қатынастың тілдік құралдары. Мәдени аралық қатынастың лексикалық аспектісін оқытудың коммуникативті бағыты. Рецептивті және продуктивтік сөйлеу түрлеріндегі лексикамен жұмыс істеудің ерекшеліктері.

  16. Қатынастың тілдік құралдары: грамматика (құрылымы), және оның мәдениаралық қатынастағы рөлі. Мәдени аралық қатынастың грамматикалық аспектісін оқытудың коммуникативті бағыты.Рецептивті және продуктивтік сөйлеу түрлеріндегі грамматика (құрылымы), грамматикамен жұмыс істеудің ерекшеліктері.

  17. Тілді мәдениетаралық коммуникация ортасынан тыс үйретудегі сөйлеу - коммуникативтік (рече коммуникативной) жағдаяттарының рөлі және қызметтері.

  18. Полемикалық және полилогтық мәдениаралық қатынасты ұйымдастырудың сөйлеу - коммуникативтік (рече коммуникативной) жағдаяттарын моделдеу.

  19. Полемикалық аргументативті монологтық айтылымның сөйлеу -коммуникативтік (рече коммуникативной) жағдаяттарын моделдеу.

  20. Шетел тілі білім берудің заманауи әдістемесіндегі жаттығулар типологиясы түсінігі. Шетел тілі білім берудің заманауи әдістемесіндегі белгіліжаттығулардың тілдік және психологиялық шарттары. Жаттығулар жүйесіне заманауи коммуникативті құзіреттілік.




  1. Инновациялық педагогикалық технологиялар: ойындық моделдеутехнологиялары. Педагогикалық мақсаттары мен міндеттері және ойындық моделдеудің шетел тілін үйретудегі тәсілдері, және дағдылары.




  1. Инновациялық педагогикалық технологиялар: жобалық моделдеу технологиялары. Педагогикалық мақсаттары мен міндеттері, жоба түрлері және жобалық моделдеудің шетел тілін үйретудегі тәсілдері, және дағдылары.




  1. Инновациялық педагогикалық технологиялар: жағдаятты анализ технологиялары. Педагогикалық мақсаттары мен міндеттері, ұйымдастырутәсілдері және дағдылары.




  1. Инновациялық едагогикалық технологиялар: интерактивті технологиялар – қарым-қатынас жасауды үйрету. Осы технолгияның басқа топтық оқыту формаларынан айырмашылығы. Педагогикалық мақсат пен міндеттер, коммуникативті-білім алу іс-әрекетін ұйымдастыру, қалыптастыратын біліктіліктер.



  1. Шетел тiлі бiлiміндегі интернет-технологиялар. Ғаламтор информация көзі ретінде: педагогикалық мiндет пен мақсаттар, қалыптастырылатын дағды және икемдiлiк (құзыреттілік).

  2. Шетел тiлі бiлiміндегі интернет-технологиялар. Ғаламтор мәдениет-аралық қарым-қатынас формасы ретінде. Оқушылар үшін мүмкін телекоммуникация формалары, оларды жүргiзу әдiстемесі, қалыптастырылатын икемдiлiк пен дағдылар.

  3. Шетел тiлiн үйретуде мультимедиа бағдарламалары, олардың коммуникатив-оқыту мүмкiндiктері, пайдалану әдiстемесі, қалыптастырылатын икемдiлiк пен дағдылар.

  4. Шетел тiлдерiн үйретуде «принцип» ұғымы. Методологиялық принциптер жүйесі және меншікті-әдiстемелiк прициптер кешені. Шетел тiлi бiлiм беруде когнитивтi - лингвокультурологиялық әдiснаманың методологиялық ұстанымдары жүйесінде жүргiзушi когнитивтi және коммуникативті прициптер негiзде дидактикалық процестi ұйымдастыру.

  5. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы жеке тұлғаға бағытталған тәсiл. «Субъект-объект» және «субъект-субъект» дидактикалық процестi ұйымдастыру үлгiлерiнің салыстырмалы сипаттамасы.

  6. Шетел тiлі бiлiм беруде бақылау проблемасы: түрлері, формасы және бақылау мiндеттерi. Оқушылардың шетел тіліндегі білімін бақылауды және бағалауды ұйымдастырудың дәстүрлi формаларының негiзгi кемшiлiктері, бағалау системасын жетілдірудің жолдары мен әдiстері.

  7. Шетел тiлі бiлiм беруді бақылаудың тестiлiк формасы. Тестiлiк тапсырмалардың түрлері. Тестiлеудiң бақылаудың технологиясы ретінде артықшылықтары мен кемшiлiктерi, бақылаудың тестiлiк формасын жетiлдiрудің жолдары мен әдiстері.

  8. Шетел тiлін үйретуде өзiн-өзi бақылау мен өзiн-өзi бағалау. Өзiн-өзi бақылаудың түрлерi және бақылаудың дәстүрлi формаларымен салыстыруда артықшылығы. Портфолио, оның ұғымдық мәнi мен ұйымдастыру әдiстемесi.

  9. Шетел тiлiн игеру деңгейлерінің мәселесі: Білім деңгейін бағалаудың Жалпыеуропалық межелігі және Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де дамытылған ұлттық-стандартты межелік. (С.С. Құнанбаева); олардыңның ұқсастықтары және айырмашылықтары.

  10. Жоспарлау жүйесi: оқу жоспарларының түрлерi. Когнитивтi-лингвокультурологиялық әдiснаманың және шетел тiл бiлiм беру теориясының ұстанымдарына сәйкес сабақ сайынғы жоспарлауға талаптар.

  11. Шетел тiл бiлiм беру әдiстеменiң психологиямен байланысы. Шетел тiлiне оқыту процесінде пайдаланылатын психологиялық заңдылықтар (шетел тiл бiлiм беру әдiстеменiң психологиялық негiздерi).

  12. Әдiстеменiң лингвистикамен және психолингвистикамен байланысы. Шетел тiлдерiн үйретуде осы ғылымдардың заңдылықтарын есепке алу (шетел тiлі бiлiмi әдiстемесінiң лингвистикалық және психолингвистикалық негiздерi).

  13. Шетел тiл бiлiм беру әдiстеменiң педагогикамен байланысы. Шетел тiлдерiн үйретуде осы ғылымдардың заңдылықтарын есепке алу (Шетел тiл бiлiм беру әдiстемесінiң педагогикалық негiздерi).

  14. Шетел тiл бiлiм беру әдiстеменiң лингвомәдениеттанумен, лингво-елтануымен байланысы. Шетел тiлдерiн үйретуде осы ғылымдардың заңдылықтарын есепке алу.

  15. Шетел тiлдерiн үйрету әдiстемесiнде зерттеу әдiстері: зерттеудiң теориялық деңгейiнiң әдiстерi - ғылыми әдебиет талдау әдiсi.

  16. Шетел тiлдерiн үйрету әдiстемесiнде зерттеудiң эмпирикалық деңгейiнiң әдiстерi - ғылыми бақылау әдiсі және педагогикалық тәжiрибенiң жиынтықталуы, әңгiме.

  17. Шетел тiлдерiн үйрету әдiстемесiнде зерттеудiң теориялық деңгейiнiң әдiстерi - модельдеу әдiсi.

  18. Шетел тiлдерiн үйрету әдiстемесiнде зерттеудiң эмпирикалық деңгейiнiң әдiстерi - тестiлеу әдiстерi және сауалнамалау. Сауалнамалардың түрлерi және оларды құрастыруға қойылған талаптар.

  19. Эксперименттiң әдiсi, ғылыми-зерттеу әдiстерiнің жүйесінде оның рөлi. Әдiстемелiк эксперименттердiң қазiргi үлгiсі.

  20. Методологиялық категория ретінде шетел тiлі бiлiміндегі «тәсiл» ұғымы. «тәсiл» ұғымының анықтамасына ғалымдардың түрлi амалдары. Шетел тiлдерiн үйретуде тәсiлдердiң классификациялары.

  21. Шетел тiлiн үйретуде аудиовизуалды құралдар: олардың түрлерi, рөлі және оқу-таңырлық процесін ұйымдастырудағы функциялары, қолдану әдiстемесi.

  22. Шетел тiлiн оқытудың ұйымдастыру формалары. Шетел тiлi сабағы, қазiргi әдiснаманың және шетел тiл бiлiм беру теориясының ұстанымдарына сәйкес оған қойылатын талаптар.

  23. Шетел тiлдерiн үйрету құралдары. Оқулық үйретудiң басты құралы және оқу процесiн басқару құралы ретінде. Қазiргi оқулыққа қойылатын талаптар. Қазiргi жалпы бiлiм беретiн мектептердің шарттарына сәйкес шетел оқулықтарын бейiмдеу мәселесі.

  24. Шетел тiлдерi оқытушысының кәсiби қызметі. Шетел тiлдерi оқытушысының кәсiби-мәндi сапалары және икемдiлiктері.

  25. Тiл және мәдениет. Шетел тiлiне және шетел мәдениетіне өзара байланысты үйрету мәселесі. Шетел тiлiн және шетел мәдениетін өзара байланысты үйрету мазмұнына ғалымдардың әр түрлi амал-тәсiлдері. Шетел тiлiн және шетел мәдениетін бірдей оқу объектісін когнитивтi-лингвокультурологиялық әдiснаманың мәнмәтiнінде және шетел тiлд бiлiмi теориясына сәйкес айқындау.

  26. Қазiргi әдiстемедегі шетел тiлде білім алу нәтижесін айқындау мәселесі. Әр түрлi ғалымдардың осы ұғымды айқындау позицияларының салыстырмалы сипаттамасы. Шетел тiл бiлiмiнің жаңартылған әдiснамасының мәнмәтiнінде шетел тiлдегi білім алудың соңғы нәтижесі.

  27. Қазiргi шетел тiл бiлiмiнің тұжырымдамалық-методологиялық үлгiсі. Білім беру мазмұнының пәндiк жағы (КЛК - когнитивтi-лингвокультурологиялық кешен).

  28. Қазiргi тұжырымдамалық-методологиялық қарым-қатынас үлгiсінiң процессуалды жағы. Коммуникатив кешендер коммуникатив бiлулерiн қалыптастыруды басқару жүйесi және қарым-қатынастың белгiлi шеңберiнде компетенцияларды басқару жүйесi ретінде.

  29. Шетел тiлд бiлiмiнің қазiргi әдiстемесіне «әдiс» ұғымының мағынасы. Әдiстер шетел тiлдерiн үйретуде бағыт ретінде - үйретудің тура әдiстері, олардың шетел тiлін үйрету теориясы мен тәжiрибесiне қосқан үлесі.

  30. Шетел тiлдерiне үйретудiң саналы әдiстері, олардың шетел тiлін үйрету теориясы мен тәжiрибесiне қосқан үлесі.

  31. Шетел тiлдерiне үйретудiң қарқынды оқыту әдiстері, олардың шетел тiлін үйрету теориясы мен тәжiрибесiне қосқан үлесі.

  32. Шетел тiлiн оқып жатқан оқушылардың өзiндiк жұмысын ұйымдастыру әдiстемесі. Өзiндiк жұмыстың түрлерi және типтері.

  33. Орта бiлiмнiң қазiргi жүйесiнде шетел тiлдерiн үйрететін вариативтi бағдарламалар (ерте үйрету, профильдi сыныптар).

  34. Шетел тiл бiлiмі технологиялардың бiрi ретінде дистанциондық оқыту.

  35. Шетел тілін контекстiк-интеграцияланған оқыту, оның сипаттамасы.

  36. Инновациялық технологиялар. Шетел тiлдерiн үйретуде видеомағлұматтармен жұмыс істеу әдiстемесi.

  37. Қазiргi шетел тiлі бiлiмiнің тұжырымдамалық-методологиялық үлгiсі. Когнитивтi-лингвокультурологиялық кешен (КЛК) құрамында қамтып көрсетiлген үлгi мазмұнының пәндiк жағы; мәдениетаралық-коммуникатив бiлімді қалыптастырудың басқару жүйесiн қолдану көмегімен мазмұнының процессуалды жағы (КК - коммуникатив кешендер).

  38. Шетеле тiл бiлiміндегі креативтi технологиялар: ми шабуылы әдiсi (брейн-сторминг). Әдiстiң бiлiм беретiн-дамытатын әлеуетi. Шабуылға қатысушылардың интеллектуалдық функциялары. Ми шабуылын жүргiзудің ерекшелiгі.

  39. Контекстiк білім берудің теориясы мен технологиясы. Шетел тiл бiлiмінде контекстiк технологияның басты артықшылықтары және пайдалану техникасы.

  40. Жаңа шетел тiлі бiлiм беру парадигмасы және компетенттік тәсiл.

  41. Мәдениетаралық-коммуникатив құзыреттіліктің бөлігі - лингвокультурологиялық компетенцияның қалыптасуы. Лингвокультурологиялық құзыреттілік мазмұнының когнитивтi (білім) және операциялық-iскерлiк (дағдылар, икемдiлiк) аспектiлерi.

  42. Тестілеу ғылыми зерттеу әдіс ретінде. Тестiлеудiң түрлерi. Тестiлеу әдiсi арқылы әдiстемелiк эксперименттi ұйымдастыру мен жүргiзуде шешiлетiн мiндеттер. Тестiлеу әдiсiнiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi.

  43. Сауалнамалау әдiсi. Ғылыми зерттеуде сауалнамалау әдiсi көмегiмен шешiлетiн мiндеттер. Сауалнамаларды құрастыруға қойылатын талаптар.

  44. ҚР мемлекеттiк тiл саясаты: көп тiлдiлiк шарттарында көп тiлдi тұлғаның қалыптасу заңдылықтары → тiлдік бiлiм беру → шетел тiлдік бiлiм беру.

69. 2012 – 2020. Мемлекеттік бағдарлама барысында, шетел тілі білімің құрылымды, түбегейлі жаңарту.

70. Бақылау формалары. Бақылау формасының салыстырмалы міңездемесі.

71. Тақырыпты - мәтіндік бірліктер (ТМБ), ТМБ нің мәдениетаралық және коммуникативтік қажеттілігі, ТМБ қолдану барысындағы қалыптастырылатын компитенцияға талап.

72. Қазіргі таңдағы шетеле тілі білім беру процессі: басқару, өйымдастыру және оқыту технологиясы.

73. Қазіргі таңдағы шетел тілі білім беру жүйесін жаңартуда түрткі болған әлеуметтік білім беру факторы.

74. «Әдістеме» түсінігі, ғылыми танымдағы ролі.

75. «Ғылыми зерттеу әдістемесі» түсінігі. Теориялық зерртеу әдістемесінің дәрежесі және ғылыми зерттеу жүргізу процессіндегі орны.

76. Гуманистік (антрапологиялық) шетел тілі білімінің философиялық негізі: Жеке тұлғаға бағытталған әдістеме, бұл практика тұрғысында гуманистік философияны жүзеге асыру болып табылады.

77. «Әдістемелік жүйе» түсінігі, басты әдістемелік категория және жаңа шетел тілі білімі әдістемесі тұрғысынан түсініктеме.

78. Шетел тілі білімінің жүйесінің дамуына орасан үлес қосқан Казахстан және шетел елдерінің білді ғалымдары, психологтар, әдіскерлер.

79. Шетел тілі білімінің процестік аспектінің мазмұны: жүзеге асу фазасы (құрылымы), контекстік -базалық жанасушылық фазасы (құрылымы).

80. Шетел тілі білімінің мақсаты тұрғысында қолданылатын мәдениет аралық және коммуникативтік компитецияның мазмұндық компаненттері.

81. Шетел тілі білімінің инфортамизациялануы, оның жаңа шетел тілі білімінің ғылым және тәжірибесінің жетекші бағыты ретінде қолданылуы.

82. Компютерлік технологиялар, және шетел тілі біліміндегі рөлі.

83. Шетел тілі білімінде рефлексиялық компитенцияны қалыптастырудағы қиындықтар (бақылау технологиясы, өзің өзі бақылау, өзіне баға беру).

84. Шетел тілі білімінде мультимедиалық технологияларды қолдана отырып, дербес жұмыс орындауды ұйымдастыруды жетілдіру.

85. Ақпараттық технологиялар және лингистикалық аспекттері, және шетеле тілі бойынша электронды оқу әдістемелік материалдары.

86. Шетел тілі жанасушылыққа мәтіндік негізінде оқыту.

87. Шетел тілінде жанасу компитенциясын қалыптастыруда қолданылатын озық ойлаудың (критическое мышления) амал тәсілдері

88. «Кәсіби жанасушылық» категориялық ұғымының түсінігі. Кәсіби жанасушылықтың модельдеуіне талап.

89. Шетел тілі білімінде кәсіби бағытталған когнитивті ұстанымның қолданылуы.

90. Полемиялық оқыту технологиясын шетел тілін ауызша жанасу барысында қолдануы.

91. Дәлелдеме оқыту технологиясын, жазбаша жанасу (общения) формасында қолдануы.

92. Кәсіби мамандарды даярлау барысында компитентті әдістемені (компетентностный подход) пайдалануы.

93. Кәсіби мамандарды даярлау барысында интерактивті технологияны қолдануы.

94. Жоғары оқу орын студенттерінің өздік жұмыс орындау барысында Интернет технологияларын қолдана алуы.

95. Шетел тілі білімінің дамуында теория және тәжірибеде дәстүрлі, жанауи технологияларын байланыстыра қолдану.

96. Шетел тілі білімінің теория және тәжірибе жаңа заман даму сатысының (этапы) ерекшеліктері.

97. Шетеле тілі білімінің коппьютерлену үдерісі барысындағы қиындықтар.

98. Мектеп қабырғасында жанасу (общения) барысында сөйлеу (произносительному) аспектісіне үйретудің мақсаты мен міндеті.

99. Шетел тілін оқытуда қолданылатын жаңауи әдістемелер. Басты міңездемелері (Жеке бағытталған, когнитивно-коммуникативті, лингво-мәдениетті).



100. Басқа ғылым өкілдерінің жанасуды (общения) модельдеуі: лингвистика, психология, психолингвистика.
Тәжірибелік тапсырмалар прагма кәсіби әдістемесі бойынша жүргізіліп, қазіргі таңдағы шетел тілі білім беру әдістемесіндегі қиындықтарды айқындайды.
«6М 011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандағы бойынша 2015-2016 оқу жылы магистратураға түсу емтихан сұрақтарының әдебиеттер тізімі

  1. Закон Республики Казахстан «Об образовании» – Алматы 1999, (Астана 07.06.99, № 389 – 13 б.).

  2. Концепция развития иноязычного образования Республики Казахстан. – Алматы, 2004.

  3. Кунанбаева С.С. Современное иноязычное образование: методология и теории. – Алматы, 2005.

  4. Кунанбаева С.С. Теория и практика современного иноязычного образования. – Алматы, 2010.

  5. Кунанбаева С.С. Концепция по обеспечению реализации национального проекта «Триединство языков» в РК. – Алматы, 2008.

  6. Методика обучения ИЯ: традиции и современность./под ред. А.А.Миролюбова. – М., 2010.

  7. Гальскова Н.Д. Теория обучения иностранным языкам. Лингводидактика и методика. – М., Академия, 2008.

  8. Гальскова Н.Д. Современная методика обучения иностранным языкам. Аркти-ГЛОССА, – Москва, 2000.

  9. Щукин А.Н. Обучение иностранным языкам. Теория и практика. – М., 2004.

  10. Общеевропейские компетенции владения иностранным языком: изучение, преподавание, оценка. Совет Европы – Страсбугр, 1986.

  11. Кулибаева Д.Н.Методика формирования международно-стандартных уровней владения иностранным языком в условиях школ международного типа (английский язык). – Алматы, 2001.

  12. Чакликова А.Т. Научно-теоретические основы формирования межкультурно-коммуникативной компетенции в условиях информатизации иноязычного образования: дис. ...докт. пед. наук. – Алматы, 2009. – 340 с.

  13. Асматуллаева Н.С. Формирование рефлексивно-коммуникативной компетенции студентов-переводчиков посредством дистанционных образовательных технологий: дис. ...к.п.н. – Алматы, 2010.

  14. Колкер Я.М. Практическая методика обучения ИЯ. – М., 2001.

  15. Сысоев П.В., Евстигнеев М.Н. Методика обучения ИЯ с использованием новых информационно-коммуникационных Интернет-технологий. – М., Глосса Пресс Феникс, 2009.

  16. Вайсбурд М.Л. Использование учебно-речевых ситуаций при обучении устной речи на иностранном языке. – М., 2001.

  17. Теоретические основы методики обучения ИЯ в СШ. – М., 1981.

  18. Штульман Э.А. Методический эксперимент в системе методов исследования. – Воронеж, 1976.

  19. Вербицкий А.А. Контекстное обучение: теория и технология, новые методы и средства обучения. – М., 1994.

  20. Бордовская Н.В. Современные образовательные технологии. – М., 2010.

  21. Тер-минасова С.Г. Язык и культурная коммуникация. – М., 2000.

  22. Тыныштыкбаева А.Т. Методика формирования умений профессионального общения на иностранном языке у студентов технического вуза (английский язык)-Алматы,1999.

  23. Стамгалиева Г.Н. Методика контекстно-центрированного обучения иностранному языку в неязыковом вузе (нефтяные специальности технического вуза) (английский язык)-Алматы-1999.

  24. Настольная книга преподавателя ИЯ. / под ред. Маслыко Е.А. – Минск, 1999.

  25. Журналы: Иностранные языки в школе. – М., 2011-2012.

  26. Журналы: Иностранные языки в школах Казахстана. – Алматы, 2010-2014.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет