- Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы
- Дәріс №1 Тақырыбы:Физиология ғылым ретінде жалпы сипаттамасы.
Жоспары: - Физиология пәні
- Физиологияның негізгі бөлімдері
- Физиологияның зерттеу әдістері
- Физиологияның даму кезеңдері
Физиология пәні - Физиология (грекше physis – табиғат, logos - ілім) – тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, ұлпалары және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым.
- Физиология – тірліктану ғылымы. Ол тіршілік үрдістерді, олардың реттелу тетіктерін және іс-әрекеттерді қалыпты жағдайда анықтайды.
Физиологияның негізгі бөлімдері - Саластырмалы физиология – жануарлар әлемінің әртүрлі өкілдерінің тірліктік негізін, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады
- Эволюциялық физиология – адам мен жануарлардың онтогенез (жеке даму) және филогенез (тарихи даму) кезінде физиологиялық әрекеттерінің біліну, даму, қалыптасуының жалпы тіршіліктік заңдылықтары мен тетіктерін қарастырады.
Жеке физиология - Жеке физиология – кейбір ұлпалардың (ет, жүйке, т.б.), ағзалардың (ми, жүрек, бауыр, бүйрек, т.с.с.) қасиеттерін, олардың жүйелерге (қанайналымы, тынысалу, асқорыту, т.с.с.) бірлесіп ұйымдастырылу және реттелу негіздерін тексереді.
Зерттеу әдістері - Бақылау әдістері
- Тіркеу әдістері
- Тітіркендіру әдістері
- Электрофизиологиялық әдістер
- Өткір тәжірибе әдістері
- Созылмалы тәжірибе әдістері
- Аспаптық әдістер
Физиологияның даму кезеңдері - Гиппократ (б.з.д. 460-377) – бүкіл медицинаның атасы. Ол ұсынған ауруды анықтау, емдеу және болжау қағидалары, дәрігерлер этикасы туралы көзқарастары осы күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.
- Аристотельдің (б.з.д. 384-322) жануарлар туралы еңбектері көп жылдар бойы зоология, салыстырмалы эмбриология, анатомия, психология ғылымдарының дамуына негіз болды.
- Клавдий Гален (129-201) тұңғыш рет қолданған вивисекциялық (тәнтілу) тәсілдері тәжірибелік физиологияның қалыптасуына бастама болды.
- Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) – “дәрігер әрбір ағзаның саулығын анықтау үшін, оның жаратылысына қарай қызметін білуге тиіс” – деп жазды.
- Абу Али Әл-Хусейн ибн Сина (980-1037) – әлемге латынша аты Авиценна деп танылған дәрігер, философ, ақын, шығыс ғылымының кемеңгері. Абу Али ибн Синаның баға жетпес еңбектері осы күнгі медицина, физиология, гигиена, валеология, санология ғылымдарына мызғымас негіз болып отыр
Достарыңызбен бөлісу: |