Ақуыз молекуласы-полимер, оның мономерлері болып аминқышқылдары саналады. Қазіргі кезде табиғатта анықталған аминқышқылдардың жалпы саны-300-дей, бірақ ақуыз молекулаларында олардың тек 20-α-аминқышқылдары ғана кездеседі. Бұл аминқышқылдарды ақуыздық, протеиндік аминқышқылдары деп атайды. α-аминқышқылдарының барлығының құрылысы жалпы алғанда бір-біріне ұқсас, яғни олар амин тобынан (NН2), көмірсутектен (СН), карбоксил топтарынан (СООН) құрылған қаңқадан (остов) және ортаңғы көміртек атомымен (Сα ) альфа орны бойынша байланысқан радикалдан тұрады (1-сурет). Ақуыз молекуласы-полимер, оның мономерлері болып аминқышқылдары саналады. Қазіргі кезде табиғатта анықталған аминқышқылдардың жалпы саны-300-дей, бірақ ақуыз молекулаларында олардың тек 20-α-аминқышқылдары ғана кездеседі. Бұл аминқышқылдарды ақуыздық, протеиндік аминқышқылдары деп атайды. α-аминқышқылдарының барлығының құрылысы жалпы алғанда бір-біріне ұқсас, яғни олар амин тобынан (NН2), көмірсутектен (СН), карбоксил топтарынан (СООН) құрылған қаңқадан (остов) және ортаңғы көміртек атомымен (Сα ) альфа орны бойынша байланысқан радикалдан тұрады (1-сурет). Кейбір ақуыздарда басқа да сирек кездесетін аминқышқылдар болады. Мысалы, коллагенде-гидроксипролин, гидроксилизин; протромбинде-γ-карбоксиглутамин қышқылы т.б. R Н2N-СН-СООН
Ақуыздың бірінші реттік құрылымы
Ақуыз молекуласында аминқышқылдар бір-бірімен пептидтік байланыс арқылы байланысып үлкенді кішілі полипептид тізбегін пайда етеді. Мұны ақуыздың І реттік құрылымы деп атайды. Осы құрылым (полипептид) а-РНҚ кодондарының бірізділігі арқылы кодталып, трансляция кезінде синтезделінеді (2 сурет).
Радикалдар Радикалдар -NН - СН – С – NН – СН - С -NН - СН - С - NН-СН-С-
Достарыңызбен бөлісу: |