Кіріспе Кіріспе

бет1/16
Дата28.09.2024
өлшемі59.75 Kb.
#504083
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Кіріспе Кіріспе-dereksiz.org

Кіріспе Кіріспе

Кіріспе

Кіріспе

  • Молекулалық биологияның қысқаша даму тарихы

  • Молекулалық биология-тіршілікті молекулалық деңгейде зертейтін кешенді биология ғылымының маңызды салаcының бірі.

  • Молекулалық биология ғылымының негізгі зерттеу объекттері жасушаның ақпараттық макромолекулалары -ақуыз және нуклеин қышқылдары болып саналады. Ол ақпараттық макромолекулалардың құрылысын, қызметтерін, таралуын зерттейді. Молекулалық биология ғылымы бірнеше бөлімдерге бөлінеді: геномика-тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері-ДНҚ, РНҚ молекулаларының құрылыстарын, қызметттерін зерттейді; протеомика-жасуша ақуыздарының құрылысын, қызметтерін зерттейтін бөлім.

Геномика ғылымының негізгі міндеті мен мақсаты - адам және басқа да тірі ағзалардың геномдарының құрылысын, қызмет ету тетіктерін зерттеп, анықтап, анықталған деректерді, білімдерді адам өмірінің сапасын жақсартуға пайдалану болып табылады.

  • Молекулалық биология ғылымының дербес ғылым ретінде қалыптасуы 1953 жылдан кейін басталды, себебі осы жылы Ф.Крик және Дж. Уотсон дезоксирибонуклеотид қышқылының (ДНҚ) қос ширатпалы құрылысын анықтап, оның моделін құрастырған.

  • Соңғы 50-55 жыл ішінде молекулалық биология ғылымы тіршіліктің сырларын зертеуде көптеген маңызды жетістіктерге қол жеткізді.

ХХ ғасырдың 40-50 жылдары ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі нуклеин қышқылдары екендігі белгілі болды (О.Эйвери, К.Мак Леод, М.Мак Карти; Н.Циндер, Д.Ледерберг; Х.Френкель-Конрат т.б.)

  • 1954 жылы американ ғалымы Г.Гамов тұқым қуалаушылық ақпарат ДНҚ молекуласында генетикалық код күйінде жазылған, генетикалық код 3 нуклеотидтен тұруы мүмкін деген болжам жасады. Ал, 1961-1964 жылдары Ф.Крик, Х.Корана, М.Ниренберг, С.Очао т.б. ғалымдардың еңбектері нәтижесінде генетикалық кодтың толық сөздігі анықталды.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет