Кіріспе компьютерлік желілердің негіздері Алғашқы жергілікті желілер



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата04.08.2022
өлшемі0.86 Mb.
#459881
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Lek 1
 
Анықтама. «Жұлдызша» – компьютерлер кабель сегменттеріне бір нүктеден қосылады (1.4 - сурет) 
1.4 - сурет. «Жұлдызша» топологиясымен құрылған қарапайым желі 
 
«Жұлдызша» топологиясы – компьютерлер кабельдің көмегімен концентратор (hub) деп аталатын орталық 
компонентке қосылған (1.5 - сурет). Сигналдар жіберуші компьютерден концентратор арқылы басқаларына 
таратылады. Кемшілігі – үлкен желілер жағдайында кабель шығыны арта түседі және орталық компонент істен 
шықса, барлық желі жұмысы тоқтатылады. Бірақ қандай да бір компьютер бұзылса, желідегі басқа 
компьютерлерге оның кері әсері болмайды. 
hub
Ослабленный сигнал 
Репитор 
Әлсіреген сигнал 
Қалпына келген сигнал
сигнал 



1.5 - сурет. Концентратор – «жұлдызша» топологиясымен қосылған желінің орталық түйіні 
 
 Анықтама. «Сақина» – кабель өзіне қосылған компьютерлермен сақинаға тұйықталған (1.6 - сурет). 
1.6 - сурет. «Сақина» топологиясымен құрылған қарапайым желі 
 «Сақина» топологиясы – сигналдар сақина бойымен бір бағытта жіберіліп, әрбір компьютерден өтеді. 
«Шина» пассивті топологиясынан айырмашылығы мұнда әрбір компьютер репитордың рөлін атқарады, яғни 
сигналдарды күшейте отырып келесі компьютерге жібереді. Сондықтан да егер бір компьютер істен шықса, бүкіл 
желі жұмысын тоқтатады. 
«Сақина» топологиясында деректер маркердің көмегімен жіберіледі. Адрес қабылдаушының адресімен 
бірдей болғанша, маркер тізбектей жіберіледі. Қабылдаушы компьютер деректердің қабылданғаны жайлы 
хабарлайды. Растауды қабылдаған соң, жіберуші компьютер жаңа маркер құрып, оны желіге қайтарады. 
Маркердің «сақина» бойынша қозғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығына пара-пар. 
Құрама топология – «жұлдызша-шина»«шина» және «жұлдызша» топологияларының қиыстыруы, 
яғни бірнеше «жұлдызша» топологиясымен қосылған желілердің магистральдық сызықты «шинамен» біріктірілуі 
(1.7 - сурет). 
1.7 - сурет. «Жұлдызша-шина» топологиясымен құрылған желі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет