StringGrid компоненті ақпаратты кесте түрінде бейнелеу үшін қолданылады. Кесте екі зонадан тұрады :бекітілген жəне жұмыс. Бекітілген аймақ жұмыс аймағының жолдары мен бағаналарының атауларын шығару үшін жəне олардың көлемдерін “тышқан” көмегімен басқару үшін керек. Бекітілген аймақ басқа түспен боялған жəне оған ақпаратты пернелер тақтасынан енгізуге болмайды. Бекітілген аймақтың жолдары мен бағаналарының саны сəйкесінше FixedRows жəне FixedCols қаС#еттерінде белгіленеді.
Жұмыс аймағы RowCount жолдары жəне ColCount бағаналары ақпараттарын қамтиды. Оларды бағдарламалық жəне “тышқан” немесе пернелер тақтасы көмегімен өзгертуге болады.
Бағдарламадағы ақпаратқа кіру мүмкіншілігі Cells[ACol, ARow: integer]: string қаС#еті арқылы жүзеге асырылады, мұнда ACol- бағана нөмірі, ал ARow –жол нөмірі,
нөмірлеу 0-ден басталады.
StringGrid компонентінің пиктограммасы компоненттер тақтасының
Additional бетінде орналасқан. Осы тапсырмада барлық StringGrid компоненттері үшін
бекітілген аймақ қолданбайтындықтан, объектілер инспекторында FixedCols жəне FixedRows қаС#еттерінің мəндерін 0 деп белгілеу керек. Тапсырмаға сəйкес StringGrid1 компоненті үшін жолдар санының n жəне бағаналар санының m шекті мəндері белгіленеді. ColCount=8, а RowCount=6 (8 бағана жəне 6 жол). StringGrid2 компоненті
үшін ColCount=1, RowCount=8, ал StringGrid3 компоненті үшін ColCount=1, RowCount=6.
StringGrid компонентіне үнсіздік бойынша ақпаратты пернелер тақтасынан енгізуге тыйым салынған, сондықтан StringGrid1 компоненті үшін объектілер инспекторында Options қаС#етінің С#мволында «тышқанды» екі рет шерту керек жəне ашылған қаС#еттер тізімінде goEditing мəнін True деп белгілеу керек.
Əдебиеттер: [1]- [4]
14- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Borland C++ Builder -дің графикалық мүмкіндігі.
Дəріс мазмұны:
Достарыңызбен бөлісу: |