Кіріспе: Негізгі бөлім



бет1/2
Дата29.10.2023
өлшемі1.38 Mb.
#481871
түріДиплом
  1   2
абылай хан

Кіріспе:

Негізгі бөлім:

  • Абылай ханың бала кезі
  • Абылай ханың биліке келуі
  • Абылай ханың сыртқы және ішкі саяасаты
  • Қорытынды:

    Қолданылған әдебиетер:


Абылай хан Әбілмансұр (1711 [ Ресей деректерінде 1713] — 23.5.1781 , Оңтүстік Қазақстан Арыс жағасы) — ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз – Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан: Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір қайтыс болып таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайыр ханның қолында болады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе – жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркема Уәли туады. Оның Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады.
Бұл, Шоқан Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек Онда Абылайдың 1710 жылы туған деугенегіз бар) Төле бидің Тәлім – тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатына, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріске ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың т.б. Ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарғанда, Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730 – 1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанды.
    • Абылай хан
      • Ұлы хан
      • көреген саясаткер
      • мемлекет қайраткері
      • дана саясаткер
      • данышпан
      • ержүрек батыр
      • ұлы тұлға
      • дарынды күйші
      • батыр көсем
      • сөз бастаған шешен
      • дарынды қолбасшы
      • ұлттық қайраткер
      • шебер дипломат

Абылай
Өмір сүрген жылдары
1711-1781 жж
Билік құрған жылдары
1771-1781 жж
Қолбасшы, саяси дипломат, реформатор, халық мәдениетінің жанашыры
Ішкі саясаты-
  • Бір орталықтан басқаратын мемлекет құрды.
  • Сот билігін күшейте түсті.
  • Қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты.

Сыртқы саясаты-
Ресей, Қытай, Орта Азия елдерімен экономикалық және сауда байланысы.
Қазақ жеріне ешкім қол суға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағыттады.
Абылайдың 20 жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шйқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл Әрине Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлап Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық – жортуылдарға қатысқанын айқындайды, Аңырақай шайқасына қатыспады дегенінің өзінде де, Абылайдың 1730 – 1733 жылдары да (бірнеше үлкен ұрыстар) болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1930 – 1931 жылдарда бірнеше үлкен ұрыстар 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді Тойтарысқа тап болады (Ресей саясатының архиві, Жоңғар істері қоры, 113/1 – т, 1 – іс, 95 – 96 парақ) Абылайды жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майданы болған қытай деректерінде атап көрсетілген Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30 – 40 жылдардағы шайқастарда көрінді.
Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалдан менен ұрысып, жеті күндей сүрісіп...» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халықтың басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте – бірте ұлыстағы бар өкім Әз – Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. 18 ғасырдың 30 жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады Орыс тарихшысы А.И. Левшин : «1739 жылы Орта жүзде Сәмеке ( орта жүздің батысындағы аз санды руларды биледі) ханның орын хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген» — деп жазды. Шоқан Уалихановтың осы пікірді қолдайды 1738 – 1741ж Абылайхан бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 жылы Абылайхан тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғаммында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналды.
Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл Деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор генерал – губернаторы И.И. Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіс сөз жүргізіп, 1743 жылы 5 қыркүйек Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің Сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, Бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Абылай билігінің күшейе түсунің жана кезеңі 1744 жылы Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат. Жолдары да тиімді пайдаланады 1740 жылы тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісімін білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым – қатынасын суытады.
Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды (1757 – 1777 жылдары Пекинге 10 елшілік жіберген) Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесін пайдаланып отврады. Абылай 1745жылы Қалдан Серен дүние салғаннан кейін Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауынан және жоңғар – қытай соғыстан Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп дербес сыртқы саясат ұстанып өтті1745 жылы Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтаны қатар аталса 34 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749 жылы тамыз айында Неплюевтің кездесуіне Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатып ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан ғанабилік жүргізіп отыр», — деп көрсетті. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендегі айқын көрсетіледі. 1752 жылы ол бастаған қазақ әскері шамасы 15 – 20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 жылы желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен жоңғар шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 жылы сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың шілде – тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген.
1753 жылы Абылайдың 6 мың әскері қытайдың 40 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753 — 1754 жылы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай Жанатай, Керей, Жәнібек, Өтеген батырлар қысы—жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны (Давациды) шауып бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771 жылы Мойынты өз бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті. Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді 1754 – 1755 және 1764 жылы қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарда шауып, Жуғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу , Көксу және Шу бойыында талқандауды.
Осы себепті Абылай 1755—1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады қазақ пен қырғыздардың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайдыӨмір дің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 – 1767 жылы Абылай қолының Қоқан билеушісі Ерденбек пен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті Ташкент алып төлеп тұратын жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттың санасында, «Шанды Жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771ж еділ қалмақтарының (170-180мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді.Балхашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылар Ұбашы мен Серен бітімге келуді бүкіл жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесті Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады Еділден ауған қалмақпен келіс сөзге келіп, тым құрыса олардың жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақпен қарым қатынасты ойлау жатыр.
Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс - әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің, тұтастығын сақтайды. Билікке таласқан бірақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел бірлігін ойлап, қынжылып, Төле бимен тізе қоса қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағында болады. Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы енді, әсіресе әскер ішінде қатаң тәртіп онатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары ұзақ жорықтарға шыдамды шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жаумен шайқасудан еш тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған Адылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырады. 1771жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес бүкіл қазақ ордасының ұлы ханы болды.
Тарихи деректер, Аңыз жырлар да Абылайдың үш жүздің әміршісі ретінде ардақталғанын көрсетеді. Қытай императоры Жоңғария хандығы Орта Азия мемлекеттері Абылайды бүкіл қазақ ханы деп ресми түрде танығанымен Абылай ханның беделдігінің өсіп бара жатқанын сескенген Ресей патшасы ЕкатеринаΙΙ Абылайға Орта жүз ханы ретінде ғана сый – сыйяпат көрсетті. Бұл бір жағынан «бөліп алда, би мен бер» саясатының көрінісі еді И.И. Неплюевтің Қырғыз халқында бас ханның болуы пайдалы болмайтыны былай тұрсын, зиянды да болу мүмкін деген пікірі мұны аяқтай түседі. Шоқан Уәлиханов Абылайдай шексіз ие болған бір де бір қазақ ханының болмағанын, оның мемлекет билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағыәрекеттерін, «ханның билігін алқалы кеңес арқылы шектеп отыратын рубасылар мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін» тыйғандығын жазды. Шоқан: «Қазақтардың аңыз - әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Абылай дәуірі, қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларынвң көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр – дастандардың арқауына айналған», — деп атап көрсетті.
Бүкіл өмірін Абылайдың оң тізесін басып отырып, оған ақыл – кеңес айтумен өткізген Бұқар жырау Қалқаманұлының ханға «Алтын тақтың үстінде, Үш жүздің басын құрадың» деуінің негізінде тарихи шындық жатыр. Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайында иемденген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһыАхмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» («Горькая линия») бойындағы орыс бекіністерін шапты. Шоқан Уәлиханов: «1771 жылы хан сайланғанда да, ол орыс шекарасына барып , ант бергісі келмеді. Сөйтіп ол өзін халық қалап, баяғыда – ақ бүл дәрежеге лайықты қойғанын, Көктің ұлынан және өкілеттік қағазы барын желеу етті», — деп жазды. 1779 жылы 4 қазанда Орынбор әкімшілігіне жолданған патша жарлығында: «Ордадағы Абылай ықпалын әлсірету мақсатында, онымен тайталасқа түсе алатын адам табу» шаралары да қарастырылады.
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол – «ақ толқын», «Алабайрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржыңқақпай», «Майда жел », «Садаққаққан», «Сары бура», «Шаңды жарық», т.б. күйлердің авторы.
Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарды өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қыз қалды. Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды. Азаттық күрестің жалынды басшысы Абылайханның асқақ тұлғасы, ақыл - парасаты Бұқар, Үмбетей, Шәді төре Жәңгірұлы жырларында, ақындар Көпбай Жамантайұлы, Мәжит Айтбаевтың дастандарында, Ілияс Есенберлиннің , Әбіш Кекілбаевтың
Қ. Жұмаділовтың, т.б. туындыларында сомдалды. Оның ұлағаты өмірі мен ішкі, сыртқы саясаты отандық және шетел ғалымдарының назарын аударып келеді.
Абылайдың ақ туы
Абылайдың ақ туы — Абылай ханның жауынгерлік туы. Кезінде бүкіл қазақ халқының атынан айтылатын жауынгерлік ұран ретінде де қолданылған. 20 ғасырдың басындағы қазақ интелегенциясы, Алаш орда жетекшілері халықты бірлікке шақырып, А.а.т. — тарихт зат, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыста көтерілген ту. Қыл шашақты, ақ жібек мата. Ту 1930 жылға дейін Арыс қаласының маңындағы «Хан қорған» дген жердегі төре тұқымдарының қолында сақталып келген. Ел аузындағы әңгімелердің бірін де НКВД адамдары алып кеткеен, екіншісінде жергілікті халық тәбәрік ретінде бөліп - алған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет