1. Бұқар. «Ей, Абылай», «Жар басына қонбаңыз»
Бұхар қазақтың ұлы жырауы. Оның көптеген еңбектері бар. Соның ішіндегі ең танымалы десем қателеспеспін. 'Ай, Абылай, Абылай өлеңі (жыры). Онда жырау Абылай ханның өмірі жайлы жазған. Неше жасында, қандай істер атқарғанын көре аламыз. Осы өлеңді оқып отырып Абылайдың қаншалықты батыр, шыдамды адам болғанын көруге болады.
«Жар басына қонбаңыз»: Жар басына қонбаңыз,
Дауыл соқса үй кетер.
Жатқа тізгін бермеңіз,
Жаламенен бас кетер.
Жаманмен жолдас болмаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айырылмасқа серт етер.
2. Дулат Бабатайұлы. «Ақжайлау мен Сандықтас»
Ата қонысыболған Ақжайлау мен Сандықтас туралы ақын толғауында «Атам қонған кең далам,
Мендей сені қызғанар,
Бауырыңда өскен бай-балаң?
Көл қорығын қызғыштай
Сен десе салам бай-балам.
Жайлауыңды көргенде,
Жадыраймын, жайланам.
Өксігіңді ойласам,
Ұйқы беріп қайғы алам.» деп өзінің туған жерге деген
ыстық сезімін білдіре отырып, қазақ халқының кешегі жайма шуақ өмірін аңсайды.
Ата-бабаның қонысы ендігі жерде кімнің қолына көшкелі тұрғаны да ақынды бей-жай
қалдыра алмайды. Ол шығармаларына негізінен жеке бастың қамын емес, елдің,
жердің мүддесін арқау еткен.
3. Махамбет. «Ереуіл атқа ер салмай», «Жалғыздық»
«Ереуіл атқа ер салмай»: Өлең мұңды да қайғылы,елін-жерін ойлаған ақынның ащы зары естіледі. Ақын шұбыртпалы ұйқаспен, мағыналы ойлар бере отырып,сөз тіркестері арқылы,ереуіл атқа ер салмай,ерлердің ісі бітпейтінін ашық айтады. Мұндай адуынды өлең тек Махамбетке ғана тән. Өлең жолдарында ереуіл ат,егеулі найза,тебінгі жер,терлі май,алты малта ас, ат үстінде,өзегі талып,түн қатып,темір қазық,қу толағай сияқты сөз тіркестері бар. Бұл өлең халықты ерлік күреске шақырып тұр.Өйткені Махамбет өлеңдерінде ұлтымыздың өлмес, өшпес, биік рухы, мұқалмас жігері, намысы, азаттыққа ұмтылысы, аһ деген арманы мен ыстық сезімі жатыр.Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай, Тебінгі терге шірімей, Терлігі майдай ерімей, Алты малта ас болмай, Өзіңнен туған жас бала Сақалы шығып жат болмай, Ат үстінде күн көрмей, Ашаршылық, шөл көрмей, Арып-ашып жол көрмей, Өзегі талып ет жемей, Ер төсектен безінбей, Ұлы түске ұрынбай, Түн қатып жүріп түс қашпай, Тебінгі теріс тағынбай, Темір қазық жастанбай, Қу толағай бастанбай, Ерлердің ісі бітер ме?
«Жалғыздық»: Ақынның қайғы, өмірден торығу, өкінішін көрсету, ақынның шеберлігін таныту, Өлеңде элегиялық сарын байқалады. Жалғыздықтан жабығу, әділдіктің жоқтығына, заманының қиындығына налу, өкіну , Исатай қазасынан кейін жалғыздыққа бой алдырған шақта жазған өлеңі.Бұл өлеңде күн мен түн, жалғыздық пен қауым, әділдік пен әділетсіздік қатар алынады.Күн мен айдың жұбын негізге ала отырып,ақын басына түскен трагедиялық жағдайды толық қарама-қайшылық сипатта көрсетіп, оның табиғи қырын ашады.
Азамат ерлер кімде жоқ,
Еріккен күні қолда жоқ.
Заманым менің тар болды,
Тура билік биде жоқ.
Бәрін айт та, бірін айт,
Қаумалаған қайран қарындас
Қазақта бар да, менде жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |