Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады



бет30/76
Дата01.10.2022
өлшемі388.76 Kb.
#461737
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76
annotation491

СОӨЖ тақырыптары:

1.Тінтудің түсінігі, мәні және процесуалдық шарттары – реферат


2.Тінту жүргізудің жалпы тактикалық ережелері – реферат


3.Тінтудің жұмыс және қорытынды кезендері – реферат
4. Жеке адамды тінту тактикасы – реферат
5. Тінту жүргізу кезенінде психологиялық әдістердің маңызы – реферат
6. Топтық тінтудің тактикалық ерекшеліктері – реферат


Қолданылатын әдебиеттер:

  1. ҚР Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексі, Алматы: Жеті жарғы 01.01.1998 ж. толықт. мен түзет.2010 жыл.

  2. Еркенов С. Е. , Султанов С. И. Тергеу әрекеттерінің тактикасы Данекер 2002

  3. Жәкішев Е.Г. , Исаев А.А. ,Тапалова Р.Б. , Найманова Г.Х. , Темірболат Н С. Криминалистика. КазНУ 2005 ҚР Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексі, Алматы: Жеті жарғы 01.01.1998 ж. толықт. мен түзет.2010 жыл.

  4. Жәкішев Е.Г. , Исаев А.А. ,Тапалова Р.Б. , Найманова Г.Х. , Темірболат Н С. Криминалистика. КазНУ 2005

  5. Еркенов С. Е. , Султанов С. И. Тергеу әрекеттерінің тактикасы Данекер 2002

  6. Криминалистика. Учебник для вузов под ред. И. Ф. Герасимова, Л. Я. Драпкина - М, 1994 г.

  7. Михайлов А.И., Юрин П.С. Обыск. М. ,1971 г.

  8. Попов А.В. Обыск. Тактические основы следственных действий. Выпуск 1. Алма-Ата.,1977 г.

  9. Ратинов А.Р. Обыск и выемка. М, 1980 г.

  10. Шейфер С.А. Следственные действия. Система и процессуальная форма. М, 1981.

  11. Юрин Г.С. Опыт сравнительного экспериментального исследования различных технических средств обнаружения тайников. М. 1975.

Есептер:
1.Кемерова қаласында тұратын Хаматдинов Уфа қаласында 1998 жылдың 12 маусымында жарылғыш құрылғыны қолдану арқылы өзінің танысы Зинатуллинаны өлтіруде күдіктенеді. Күдікті жәбірленушімен таныс болу фактісін жалтарды және 1998 жылдың маусым айында Кемерова қаласынан ешқайда шықпағандығын айтты. Тергеуші Хаматдиновтың тұрғын жері бойынша тінту жүргізу туралы шешім қабылдады.
Нақты тергеу іс-әрекетінің алдына қойылатын міндеттер қандай? Тергеуші бірінші кезекте қандай заттарды іздеуге көңіл бөлу керек? Оларды қай жерде табу ықтималдылығы жоғарырақ? Тінту іс-әрекетін қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, жоспар, ғылыми-техникалық құралдар)?
2. Кашкиннің жоғалып кетуіне байланысты ашылған істі тергеу барасында Жуковтың үйінде тінту жүргізу туралы қаулы шығарылды, онда өлтіру қылмысы жүзеге асырылды деген мәлімет бар. Жуков екі бөлмеден, кіреберіс бөлме, ас бөлмесі және ваннадан тұратын өзінің жеке үйінде тұратын. Үйдің ауласында қызметтік құрылыстар бар: қора, гараж, дәретхана.
Жуковтың пәтерінде тінту жүргізудегі шаралар мен міндеттер? Тінту жүргізу кезінде қандай мамандардың қатысуы қажетті? Тінту қандай заттар мен жағдайларды табуға бағытталуы керек? Қандай ғылыми-техникалық және техника-криминалистикалық құралдарды қолдану керек?
Жуковтың үйінде 22 сағатқа дейін жүргізілген тінту ешбір нәтиже бермеді. Тергеуші тінтуді таңертен жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Тергеушінің шешімі негізді ме? Егер тінту осы немесе басқа да себептерге байланысты келесі күнге ауыстырылған жағдайда тергеуші қандай шараларды қолдану керек?

Тапсырма 1.


Келесіні негізге ала отырып, тінту хаттамасын толтырыңыз:
15.05.2011 жылы азамат Н.К.Власовқа Алматы қаласы Бостандық ауданының ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны А.А Байсалов 14.05.2011 жылғы қаулының негізінде аға милиция В мен аға милиция А-ның қатысуымен тінту жүргізді. Куәгерлер ретінде: 1) Ф.К Ковтун - Пушкин көшесі, 9 үйде тұратын; 2) С.Т Колобов - Пушкин көшесі, 5 үйде тұратын қатысты. Тінту кезінде тергеуші А.А.Байсалов Н.К.Власовқа бар деп танылған қаруды өз еркімен беруге ұсыныс жасады. Ол іздестірудегі зат үйінде жоқ деп айтқандықтан, тінту жүргізді. Тінту 18 сағат 30 минутта басталып, 22 сағат 10 минутта аяқталды. Тінту кезінде мыналар табылды:
1. 40 мың теңге (10000 теңгеден 4 дана); 2. Екі жүзді қанжар, ұзындғы 24 см., ұстайтын сабы жасыл, қызыл және ақ түстен пластикалық пластмассадан жасалған, төсектің астында тұрған чемоданның ішінде оралуы күйінде;
3. Гречка толтырған алюминиден жасалған ыдыстың түбінде «Наган» Тапаншасы, үш оқ;
4. Үйліп жатқан кір киімдердің арасынан қызыл түсті дақтары бар ер адамның жейдесі;
5. Ф.А Волосовтың шалбарының артқы қалтасын тінту кезінде, әйел адамның бет орамалы, көк түсті жіппен түйілген, қанға ұқсас қою қоңыр түсті дақ және далаптың ізі қалған.

Тапсырма 2.


Азамат Сысоев өзінің әйелін өлтірген сезікті болып танылғандықтан, тергеу органдарынан жасырынып қалды. Оны іздестіруге фотосурет қажет болып, оның жеке ісіндегі және жеке куәлік жасайтын мекемеде оның фотографиялық карточксындағы суреттің сапасы іздестіру үшін жарамдылығы өте төмен болып шықты. Іздестіру органы бекіткендіктен іздеудегі адамның суретін Сысаевтың өлген әйелінің ағасында бірнеше сурет болуы мүмкін деген болжаммен, тергеуші ол бұл суреттерді алу үшін азамат Деминнің (өлген азаматшаның ағасы) үйін тінтуді шешті. Өйткені ол бірнеше жыл суретке түсіру ісімен айналысып және жасырынушыны және әйелін бір емес бірнеше рет суретке түсірген.
Тергеушінің осы шешкен шешім дұрыс па?
Тергеуші қандайда тергеу әрекетінің қорытындысында сурет алуға мүмкіндігі болды ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет