Орыс тілінде Қазақ тілінде Этимологиясы



Дата29.09.2023
өлшемі80.8 Kb.
#479199
УЛГИ




Орыс тілінде

Қазақ тілінде

Этимологиясы

Анықтамасы

1

АБДОМЕН

АБДОМЕН

лат. аһсіотеп — құрсақ, іш

құрсақаяқтылар, буынаяқтылар денесінің құрсақ бөлімі.

2

АБДУКЦИЯ

АБДУКЦИЯ

лат. аһсіисііо; аЬ - сыртқа қарай, сіико — серпу

омыртқалы жануарлар мен адам денелерін омыртқа жотасының бойымен өтіп, оларды тепе- тең екі жарты бөлікке бөлетін орталық сагиттальды жазықтықтан сыртқа (оң немесе сол жаққа) қарай бағытталған қозғалыс. Абдукцияны жүзеге асыратын бұлшык етгерді “абдукгорлар” деп атайды.

3

АБЕРРАЦИЯ

АБЕРРАЦИЯ

лат. aberratio-aberrare - жаңылысу , ауытқу

хромосомалық мутация, хромосоманың немесе хроматидтің өзгергсн қүрылымы; хромосомалар мен хроматидтердің үзілуі және онан соң үзілген үштарының жаңа үйлесімде қайтадан қосылуы нәтижесінде пайда болады.

4




АБЖЫЛАНДАР




сужыландар тұқымдасының туысы, ұзындығы 2,4 м-ге жетеді. Денесінің арқа жағы бір түсті, кейде кара қошқыл жолағы не дақтары бар, ал қүрсақ жағы біркелкі ашық түсті болады.

5

АБИОГЕНЕЗ

АБИОГЕНЕЗ

гр. a — болымсыздық, жоққа шығару, bіos — тіршілік, genesіs — пайда болуы

тіршілік бейорганикалық табиғат заттарының бірте-бірте күрделіленуі мен биополимерлердің (нуклеин қышқылдарының, белоктардың және т.б.) пайда болуы арқылы шыққан деп пайымдайтын теория.

6

АБИОЗА

АБИОЗА

(грек. а — емес, керісінше, bios — тіршілік)

мал жәнс өсімдік өнімдерін температура және түрлі антисептикалық заттар арқылы консервілеу; етті жәнс балықты түтінмен ыстау да абиозаға жатады.

7

АБИССАЛЬ

АБИССАЛЬ

(грек. abyssоs — тұңғиық, терең, түпсіз)

теңіздегі 2000 м-ден астам тсреңдіктс болатын аймақ.

8




АБОРАЛЬДЫҚ

(а — содан, қарсы; оr, оris — ауыз)

жануарлардың бас аумағын атауда пайдаланылатын халық-аралық термин. Аборальдық — ауыздан бастың немесс бас сүйектің артқы жағына қарай деген мағына береді.

9




АБОРАЛЬДЫ МҮШЕ

(лат. аb - содан, қарсы, оris — ауыз)

ескектілердің (сіепорһога) тепе-теңдік сақтайтын және жылжуын реттейтін мүшесі.

10




АБСЦИЗ ҚЫШҚЫЛЫ




өсімдік жапырағы мен тамыр оймақшасында түзілетін сесквитсрпенді қосылыс; ескі жапырақтарда, пісіп-жетілген жемістсрде және тыныштық күйге ауысып бара жатқан бүршіктер мен дондерде көп болады.

11




АВИАДЕНОВИРУСТАР




Аденовирустар тұқымдастығының авиаденовирустар туыстығы.

12




АВИПОКСВИРУСТАР




поксвирустар тұқымдастығына кірстін құстың шешек вирустары. 1902 ж. Макс пен Штиккер ашқан.

13

АВИТАМИНОЗ

АВИТАМИНОЗ

лат. avitaminosis, a- — гр. ἀν- (-) емес — -osis ағыл. vitamine

ұзақ уақыт оргаизмге қажетті витаминдердің бірсуі не бірнешеуі жейтін тамақта мүлде жоқ немесе жетіспейтін құнарсыз ас ішкен- діктен пайда болатын организмнің ауру жағдайы.

14




АВСТРАЛОПИТЕКТЕР

Australo-pithecinae, лат. «australis» - оңтүстік, грек, «pitekos» - маймыл

ең алғашқы адамдардың арғы тегі деп адамдар тұқымдасыиа жатқызылады, олардың қаңқа қалдықтары алғаш рет 1924 ж. Оңтүстік Африка жерінен табылған, кейіннен Шығыс және Орталық Африканың басқа да аймақтарынан табылды.

15

АВТОКЛАВ

АВТОКЛАВ

(грек. аutos — өзі, лат. clavis — ілмешек, бекітпе)

жоғары температура мен будың қосылуынан пайда болатын қысым арқылы түрлі заттарды зарарсыздандыратын арнаулы құрал; жабдықтарды, ыдыстарды, өнімдерді және т.б. микробтардан тазарту мақсатында зарарсыздандыруда тамақ өнеркәсібінде, медининада, ветеринарияда көп қолда- нылады.

16




АВТОМУТАГЕНЕЗДЕР

грек. abtos озім, gen¬esis — шығу тегі, пайда болу

геннің өздігінен өзгеретін ішкі қабілетіне байланысты факторлар.

17

АВТОПОЛИПЛОИД

АВТОПОЛИПЛОИД

грек, autos — өзім, өздігінен; polys — көп; eidos — түр

клеткадағы бірдей хромосомалар тобының қайталануы, яғни түрішілік хромосомалар тобы санының өсіп, сандық өгеруі, бастапқы түрдің геномын еселеп көбейту негізінде алынатын организм.

18

АВГОРАДИОГРАФИЯ

АВГОРАДИОГРАФИЯ

(Autoradio- graphia, грек. аutos — өзім, лат. гadio — сәуле шығарамын, грек. grapho — жаза- мын)

зерггеу нысанындағы (жануарлар нсмесс өсімдік клсткалары, үлпалар, мүшслері) белгіленген радиоактивті изотоптардың жинақталу мөлшерін талдауға арналған цитологиялық әдіс.

19

АВТОСОМА

АВТОСОМА

autosoma; грек, autos — өзім; soma — дене

(жыныстык емес хромосома) — жыныссыз көбейетін жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтар клеткаларында болатын хромосома.

20

АВТОСПОРА

АВТОСПОРА




жасыл балдырлардың суда өсетін кейбір түрлерінде жыныссыз көбеюі кезіиде түзілетін талшықсыз споралар.

21




АВГОТРОФТЫ МИКРООРГАНИЗМДЕР




көмір қышқылын ауадан, топырақтан, көмірқышқыл тұздарынан, көміртегінің көзі ретінде органикалық емес қосылыстардан алып, пайдаланатын микроорганизмдер.

22




АВТОТРОФТЫ ОРГАНИЗМ




қарапайым бейорганикалық қосылыс- тардан күн сәулесі энергиясын (гелио- трофтар) немесе басқа да химиялық реакциялар барысында бөлініп шығатын қуат көзін (хемотрофтар) пайдаланып, күрделі органикалық қосылыстар түзіп, өз денесін құратын организмдер.

23




АГАМДЫҚ ТҮРЛЕР




бұларға жыныстық жолмен көбейе алмайтын өсімдіктер түрлерін жатқызуға болады.

24

АГРАНУЛОЦИТ

АГРАНУЛОЦИТ

(грек. а — жоқ және лат. granulum — дән, түйіршік; грек. кytos— клетка)

қанның түйіршіксіз лейкоциті. Агранулоцитке лимфоциттер мен моно- циттер жатады.

25

АГАР-АГАР

АГАР-АГАР

малай тілінде агар-агар – балдыр

Кейбір қызыл теңіз балдырларынан алынатын полисахаридті препарат.

26

АГЛИКОН

АГЛИКОН




Гликозид молекуласынан көмірсуды бөліп алғаннан соң қалған бөлігі.

27

АГРЕССИНДЕР

АГРЕССИНДЕР

(лат. aggredior — тап басу)

организмдердің қорғаныштық қасиетін (фагоцитоз және бактериолиз) нашарлататын уытты микроорганизмдер- дің тіршілік өнімдері.

28

АДВЕНТИЦИЯ

АДВЕНТИЦИЯ

(лат. adventitius— келімсек)

жануарлар организміндегі денс қуыстарынан тыс жатқан түтік тәрізді мүшслердіц (көмскей, ксңірдек, жұт- қыншақ, өңеш, тік ішектің соңғы бөлігі, қан және лимфа тамырлары) борпылдақ дөнекер ұлпасынан тұратын сыртқы қабығы. Адвентиция түтікше мүшелсрді қоршаған құрылымдармсн (ұлпалар, мүшелер) байланыстырып түрады.

29




АДВЕНТИЦИЯЛЫҚ КЛЕТКА

(лат. adventitius — келімсек)

қантамырларының сыртқы борпылдақ дәнекер ұлпалы қабығында кездесетін шала маманданған жас клетка.

30




АДВЕНТИЦИЯЛЫҚ ҚАБЫҚ




дене қуыстарынан (көкірек, құрсақ, жамбас) тыс орналасқан түтікше мүше- лердің (жұтқыншақ, көмекей, өңеш пен кеңірдектің мойын бөліктері және тік ішектің соңғы бөлімі, қан және лимфа тамырлары) сыртқы борпылдақ дәнекер ұлпалы қабығы.

31

АДГЕЗИЯ

АДГЕЗИЯ

(лат. adhaesio — жабысу, тұтасу)

1)клеткалардың бір-бірімен немесе түрлі биологиялық және басқа табиғи қүрылымдармен байланысу қабілеті; 2) зардапты микробтардың сезімтал клеткалар мен ұлпалардың бетіне өздерінің ерекше сорғыш мүшелері (пиллері) арқылы жабысуы.

32




АДДИТИВТІ ГЕНДЕР




қосынды әсер ететін гендер, полимерлі гендсрдің бір мәнді әсер ететін жиынтығы.

33

АДДУКЦИЯ

АДДУКЦИЯ

(Adductio, лат. аd — ішкс қарай. duco— серпу)

организмнің оң нсмесе сол бүйірінсн омыртқалы жануарлар денeлері омыртқа жотасының бойымен өтіп, оларды тепе-тең екі жарты бөлікке бөлетін орталық сагиттальды жазықтыққа, яғни ішке қарай бағытталған қозғалыс.

34

АДЕНИН

АДЕНИН




6-амииопурин-пурипдік негіздің туындысына жататын азоттық негіз. Нуклеин қышқылдарының (РНҚ және ДНҚ) құрамында барлық тірі организм клеткаларында кездессді.

35




АДЕНОВИРУСТАР




скі туысқа болінеді: Mastadenovirus — сүтқоректілср аденовирустары және Aviadenovirus — құс адсновирустары. Әр туыстық туыстық тармақтар мен түрлердің түр тармақтарына бөлінеді.

36

АДЕНОЗИН

АДЕНОЗИН




аденин және көмірсу рибозадан тұратын нуклеозид. РНҚ мен кейбір коферменттердің (НАД, НАДФ, ФАД) құрамыиа кіреді және барлық тірі клсткаларда кездеседі.

37




АДЕНОЗИНБІРФОСФАТ




Аденозинбірфосфор қышқылы, молекуласы
адениннен, рибозадап және фосфор
қышқылыпың бір қалдығынан түзілген
нуклеотид.

38




АДЕНОЗИНЕКІФОСФАТ




Аденозинекіфосфор қышқылы; молекуласы
адениннен, рибоза және екі фосфор
қышқылының қалдығынан тұратын
нуклеотид.

39




АДЕНОЗИНҮШФОСФАТ




Құрамы адениннен, рибоза жоне фосфор қышқылының үш қалдығынан тұратын нуклеотид.
Органикалық молекулалардың тотығу
рсакцияларында бөлініп шығатын энергия
АҮФ түрінде митохоңдрияларға жиналады.

40




АДЕНОЗЙНФОСФОР ҚЫШҚЫЛ-
ДАРЫ




Құрамы адениннен, рибозадан және фосфорқышқылының бір (АБФ), екі (АЕФ)
немесе үш (АҮФ) қалдығынан тұратын
нуклсотид.

41




АДЕНОСАТЕЛЛИТТІК ВИРУСГАР




құрамында ДНҚ бар вирустардың ақаулы түрлері; парвовирустар (Parvoviridae) тұқымдастығына, депендовирус (Dependovirus) туыстығына жатады.

42




АДЕЦИДУАТТАР

(грек. а — жоқ, лат. —deciduus түсіп қалу, бөліну)

буаздық кезеңінде жатырдың ішкі кілегейлі қабығы — эндометрийде төл туғаннан кейін бөлініп түсетін арнайы қабықша түзбейтін жануарлар.

43

АДОЛЕСКАРИЯ

АДОЛЕСКАРИЯ

(лат. — adolescaria өсемін, ұлғаямын)

бауыр сорғыш құрттың дамуындағы дернәсілінің ең соңғы (қимылсыз) сатысы. А. ересек түріне айналу үшін өзінің негізгі иесінің дснесіне түсуі тиіс.

44




АДРЕНЭРГИЯЛЬІҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕ




СІ — жүйке түйінінен кейінгі вегетативті жүйке талшықтарынан құралатын жүйе. Олардың жүйке ұштары адреналин және норадреналин олигопептидті нейрогар- мондарын бөледі.

45

АДСОРБЦИЯ

АДСОРБЦИЯ




газдарды немесе ерітіндідегі заттарды адсорбентгің комегімен сіңіре байланыстыру.

46




АДЫРАСПАН

(Peganum)

түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Оңтүстік Еуропа мен Азия, Солтүстік Африка және Америкаға тараған 5 түрі бар.

47




АЖЫРАУ




дарақтардың будан ұрпағында әр түрлі генотиптердің пайда болуы. А. алғашқы организмнің гетерозиготалылығын корсетсді.

48




АЗБАН




бұрын үйірге, күйекке, келеге түсіп жүрген, соңынан піштірілгсн сркск мал. Бұл сөз түйе мен ешкіден гөрі қой мен жылқыға қатысты жиі қолданылады.

49




АЗҒЫНДАУ




экологиялық жүйеге тән емес бір құбылыстың қайталанып отыруы. Сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты А. жүреді.

50




АЗҚЫЛТАНДЫ ҚҮРТТАР

(Oligochaeta)

буылтық кұрттар (annelida) типінің бір класы. 5000-ға жуық түрі бар. Топырақта, тұщы суларда тіршілік етеді (жауын құрты, нерейдалар және т.б.).

51

АЗОТБАКТЕРИН

АЗОТБАКТЕРИН




азот бактерияларынан дайындалатын микробтық тыңайтқыш.

52




АЗОТБАКТЕРИЯЛАР




табиғатта еркін тіршілік ететін, ауадағы молекулалық азотты сіңіре алатын бактериялар.

53




АЗОТТЫ ЗАТГАРДЫҢ АЛМАСУЫ




өсімдіктер азотты топырақтан тотыққан — нитрат және тотықсызданған — аммоний күйіндс сіңіреді. Органикалық қосылыс- тарда азот тотыксызданған түрде болатын- дықтан, өсімдікке сіңген нитрат сатылай тотықсыздану процесіне ілігеді.

54




АЗОТТЫҚ ТЕҢГЕРІМ




тамақ арқылы организм қабылдайтын және зәр мен тер арқылы шығарылатын азот мөлшерінің тең болу жағдайы, организм- дегі белоктың алмасу мөлшерінің көрсет- кіші.

55




АЗОТТЫҢ ИММОБИЛИЗАЦИЯ- ЛАНУЫ




белгілі бір жағдайда микро- организмдердің қаулап өніп-өсуіне, дамуына байланысты азоттың минсрал түрінің олардың цитоплазмадағы бело- гыиа ауысуы; азоттың минералдаиуына қарама-қарсы құбылыс.

56




АЗОТТЫҢ ФИКСАЦИЯЛАНУЫ




атмосферадағы молекулалық азоттың байланысын, органикалық азотқа айналуы. Мұны жоғары сатылы өсімдіктермен селбесе және бос тіршілік ететіи кейбір бактериялар жүзеге асырады.

57

АЗОТФИКСАЦИЯ

АЗОТФИКСАЦИЯ




бактериялар арқылы азот сіңіру. Ауадағы молекулалық азотты (ГМ,) бойына сіңіретін бактериялардың көпшілігі топырақ бактериялары.

58




АЗУ ТІСТЕР




жануарлардың жоғарғы және төменгі тіс доғаларында (аркадаларында) алдыңғы азу тістер — премолярлардан кейін орналасқан, азықты шайнап ұсақтауға арналған өте берік ас қорыту мүшесі.

59




АЙДАРЛЫ ҚҰМАЙ




сүңқар тектестер отрядының американдық құмайлар отряд тармағына жататын, күңдіз белсенді тіршілік ететін жыртқыш құс.

60




АЙДАРЛЫ ТҮЙЕҚҰС




жайдақ төсті құстардың қазуар тектестер отрядына жатады. Салмағы 80—90 кг. Басында мүйізді айдары, мойнында қауырсынсыз қалыңтері қатпары болады.

61




АЙДАҺАРЛАР




усыз жыландардың қазіргі кездегі ең ірі бір тұқымдасы,80-ге жуық түрі бар. Айдаһарларда жамбастың, ортан жіліктің және тырнақтың қалдығы сақталғандықтан, кейдс жалғанаяқтылар деп те атайды.

62




АЙҚАСУ




жаңа комбинация (реком- бинация) түзетіи геидерді анықтайтын, гомологты жұп хромосомалар бөліктерінің өзара алмасуы.

63




АЙҚҮЛАҚ немесе тіссіз үлу




былқылдақденелілер типінің қосжақтаулылар класының нағыз тақта- желбезектілер отрядының туысы. 15 түрі бар.

64




АЙҚЫНДАЛУ




организмнің, мүшенің, ұлпаның немесе клетканың морфологиялық қалыптасуы. Дамып келе жатқан организм ерекше- ліктерінің айқындалып, анықталуы, ДНҚ молекуласындағы генетикалық ақпарат арқылы іске асу нәтижесі.

65




АЙЛАУЫҚТАР




бір және көп жылдық шөптесін, кейде бұта, ағаш өсімдіктер тұқымдасы. Дүние жүзіне кең тараған 2000-ға жуық түрінің 130 түрі Қазақстанда өседі.

66




АЙРАУЫҚ




астық (қоңырбастар) тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Жер бетіне кең тараған 150 түрінен Қазақстаңда 16 түрі кездеседі.

67




АЙЫР ӨРКЕШТІ ТҮЙЕ




түйе туысына жататын ірі сүтқоректі жануар. Жабайы айыр өркешті түйені “қаптағай" дсп атайды, ол қазіргі кезде Моңғолияның Гоби шөлінің батыс өңірінде ғана кездеседі, саны өте аз (400- 600), соңдықтан ХТҚО-ның “Қызыл кіта- бына” тіркелген. Айыр өркешті түйені кей- де қос өркешті түйе деп те атайды.

68




АЙЫРҚҮЙРЫҚ




жәндіктср класының теріқанаттылар отрядының өкілі. Қанаттары кыска, алдыңғысы қатқылдау, тері тәрізді, артқы- сы жарғақ, кейде қанатсыздары да ксзде- седі.

69




АЙЫРЛАНУ




бұтақтанудың ең қарапайым түрі. Өсімдіктің негізгі өркенінің ұшындағы өсу нүктесінде пайда болған екі бүршіктен дамыған жаңа өркендер екіге айырлана ажырайды.

70




АЙЫРША БЕЗ




омырткалы жануарлар мен адам организміндегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без.

71

АКАНТАРИЯ

АКАНТАРИЯ




қарапайымдардың сәулелілер класс тармағының бір отряды. Теңізде тіршілік етеді.

72




АКАНТОДАЛАР




жойылып кеткен балықтардың бір класы. Олардың қаңқа қалдықтары Еуразияның, Солтүстік Американың, Австралияның, Антарктиданың силур, пермь кездеріне жататын жыныстар арасынан табылған.

73

АКАРАЛОГИЯ

АКАРАЛОГИЯ




зоологияның кенелсрді зерттейтін бір саласы.

74

АККОМОДАЦИЯ

АККОМОДАЦИЯ




талдағыштар жүйесінің физиологиясында кору мүшелерінің сәуле сындыру күшінің әр түрлі қашықтықтағы заттарды айқын көруге икемделу қабілеті.

75

АККУМУЛЯЦИЯ

АККУМУЛЯЦИЯ




өсімдіктердің және басқа организмдердің ластанған ортадан әр түрлі химиялық заттарды (мыс., пестицидтерді, ауыр металдарды, радиоактивті заттарды) өз бойында, жеке мүшелерінде жинақтап шоғырландыру қабілеті.

76

АКРОБЛАСТ

АКРОБЛАСТ




аталық жыныс клеткалары — спермато- зоидтердің жыныс безіндегі даму процесі — сперматогенездің қалыптасу кезеңіндегі сперматидалардың ақшыл дөңгелек келгсн ядролары тығыздалып, сопақша пішінгс еніп, сперматозоидтің болашақ басын түзу сатысында, Гольджи кешені сперматида ядросына қарай жылжып, өзінен тығыз- далған түйіршіктер (гранулалар) — акро- бласты бөледі.

77

АКРОМЕГАЛИЯ

АКРОМЕГАЛИЯ




гипофиз аденомасы (аденогипофиздің ісігі) кезінде өсу гормоны — соматотропиннің шамадан тыс көп мөлшерде бөлінуіне байланысты адам мен жануарлар бас сүйектері (жақ және қабақ сүйектері) және аяқтар мен қол сүйектерінің, сондай-ақ ішкі мүшелердің шектен тыс дамып өсуі.

78

АКРОН

АКРОН




буынаяқтылардың басының алдыңғы буыны.

79

АКРОСОМА

АКРОСОМА




сперматозоид басының алдыңғы бөлігінде орналасқан аймақ тәрізді құрылым.

80




АКРОЦЕНТРЛІК ХРОМОСОМА




центромерасы дәл ортасында орналас- пағандықтан, иықтарының бірі ұзын, екіншісі қысқа болып келетін хромосома.

81




АКСОАКСОНДЫҚ ЖАЛЕАМА, АК- СОАКСОНДЫҚ БАЙЛАНЫС




жұлын мен ми сұр заты және жүйке ганглиондары нейроциттері (жүйке клеткалары) аксондары ұштарының басқа нейроциттер аксондары ұштарымен жанаса жалғасуы.

82




АКСОДЕНДРИТТІК ЖАЛҒАМА




нейроцит аксонының (жүйке толқынын клетка денесінен әрі қарай өткізетін өсінді) басқа нейроциттер дендриттерімен (жүйке толкынын қабылдайтын өсінді) жанаса түйісуі.

83




АКСОД ЕНД РИТТІК ЖАЛҒАМА




нейроцнттер аксондары ұштарының баска нейроциттер дендриттері ұштарымсн жанаса жалғаскан жері.

84




АКСОҚАБЫҚША




нейроцит аксоны цитоплазмасының (аксоплазма) сырткы плазмалық жарғақшасы.

85

АКСОЛОТЛЬ

АКСОЛОТЛЬ




кейбір құйрықты қосмекенділсрдің (жолбарыс амбистомасы) дернәсілі; ересек күйіне жепей-ақ дернәсіл кезінің өзінде де көбейе алатын касиеті бар.

86

АКСОН

АКСОН




цитоплазмасында белок түзуші органеллалары болмайтын нейроциттің жіп тәрізді ұзын өсіндісі.

87




АКСОН ТӨМПЕШІГІ




нейроцит денесінің (псрикарион) аксон өсіндісі басталатын конус тәрізді төмпешігі. Ұсақ нейроциттерде А.т. мен перикарионның құрылысында айырмашы- лық байқалмайды, ал ірі нейроцит А.т. нейроплазмасында базофилді боялған хроматофилді зат болмайды.

88




АКСОНДЫҚ ТАСЫЛЫМ




ксйбір цитоплазмалық белоктар мен клетка органеллаларының нейроцит перикарионынан аксонның бойымен оның ұшына қарай жылжуы.

89

АКСОНЕМА

АКСОНЕМА




плазмалық жарғақпен қапталған кірпікше өзегі. А. сақина тәрізді шеңбер бойымен орналасқан тоғыз жұп микротүтікшелерден (дублеттер) және сақина ортасындағы екі жеке микро- түтікшелерден (сингалеттер) қүралған.

90

АКСОПЛАЗМА

АКСОПЛАЗМА




нейроцит
аксонының цитоплазмасы. Аксоплазмада
эндоплазмалық тордан туындайтын
базофилді (хроматофилді) заттың кесек-
шелері болмайды, митохопдриялар жәнс
жүйкелік медиаторларға толған, мөлшері
әр түрлі көпіршіктер болады.

91

АКСОПОДИЯ

АКСОПОДИЯ




қарапайымдардың (сәуле
тәрізділерде) радиальді бағытта орналас-
қан, бір-бірімен айқаспайтын жалған
аяқтары.

92




АКСОСОМАЛЫҚ ЖАЛҒАМА




нейроцит аксонының басқа
нейроцит денесімен (перикарион) жанаса
түйісуі.

93

АКСОСТИЛЬ

АКСОСТИЛЬ




копталшықты қарапайымдардың клеткасын бойлай өтетін
тығыз, майысқақ арқау.

94




АКТИВТІ ОРТАЛЬІҚ




ферменттің
субстратпен түйісіп, оны қосып алатын
және өзгертетін бөлігі. А.о. құрамына
осындай қасиеті бар амин қышқылдары-
ның қалдыктар тобы, немесе металл атом-
дары, нсмесе коферменттер кіреді.

95

АКТИН

АКТИН




ет клеткасы (талшығы) мен басқа жиы-
рылғыш қүрылымдары бар клеткалардағы
жиырылу қызмстін атқаратын белокты
микрофиламент.

96

АКТИНИЯ

АКТИНИЯ




ішекқуыстылардың маржан полиптер класының алты сәулелі маржандар класс тармағының өкілі. Сыртқы қаңқасы дамымаған, жеке тіршілік ететін, денесі цилиндр тәрізді, саны алтыға еселеніп келетін қармалауыштары бар.

97

АКТИНОМИКОЗ

АКТИНОМИКОЗ




микробтар қоспасынан тұратын ауру қоздырғыштар; жануарларда көбінесе олардың төлдерінде, бас терісінде, мойнында болады.

98

АКТИНОМИОЗИН

АКТИНОМИОЗИН




ет клеткасы цитоплазмасындағы актин және миозин миофиламенттерінен құралған жиырылғыш миожіпшелердіц белокты кешені.

99




АКТИНОМИЦЕТТЕР




клеткалар немесе ақиқат тармақталаған жіпшелср түзетін бактериялар реті. Клет- каларының диаметрі 0,5—2,0 мкм. 8 тұқымдасы, 49 туысы, 670-ке тарта түрлері бар.

100




АКТИНОФАГТАР




актиномицеттердің вирустары. Олар актиномицеттердің антибиотиктер түзетін қабілетін жойып, өнеркәсіптік жолмен антиобиотиктер алуға елеулі нұқсан келтіреді.

101

АКТИНУЛА

АКТИНУЛА




ішекқуыстылар типінің, теңіз гидроидті полиптер отрядының еркін жүзіп жүретін полип тәрізді дернәсілі.

102

АКУЛЫ

АКУЛАЛАР




шеміршекті балықтардың отрядтан жоғары тобы; қаңқасы тек шеміршек- терден тұрады. Денесі ұзынша ұршық пішінді, ұзындығы 20—30 см-ден 20 м-ге жетеді. Акулалардың қазіргі кезде 350-дей түрі белгілі.

103

АКЦЕПТОР

АКЦЕПТОР




өсімдіктер физиологиясында донорлық-акцепторлық қатынас мүшеаралық, органеллалараралық болып болінеді.

104




АҚ ДЕГЕЛЕК




дегелектер тұқымдасына жататын ірі, ақ түсті жыл құсы. Еуропада, Солтүстік Африкада және Оңтүстік-Батыс Азияда, Орталык Азияда таралған.

105




АҚДЕЛЬФИН




тісті киттер отряд тармағына жататын дельфиндердің бір түрі; ұзындығы 6 м-ге дейін жетеді. Солтүстік Мұзды мұхиттың теңіздерінде және Тынық мұхиттың солтүстік теңіздерінде тіршілік етеді;

106




АҚ ЗАТ




үлпекті (миелинді) жүйке талшықтарынан тұратын,орталық жүйке жүйесі мүшелерінің (ми, жұлын) заты. Ақ зат орталық жүйке жүйесінің афферентті (орталыққа тепкіш) және эфферентті (орталықтан тепкіш) өткізгіш жолдарын құрайды.

107




АҚ КӨБЕЛЕКТЕР




жәндіктер класының қабыршақ-қанат- тылар отрядының тұқымдасы. Күндіз ұшатын, қанаттары ақ, қызғылт сары, кара дақтары бар. 100-гс жуық түрі бар, Қазақстанда 70 түрі кездеседі.

108




АҚ ҚҰМЫРСҚА




жәндіктер класының термиттер отрядының өкілі. Қауымдасып тіршілік ететін жәндіктер.

109




АҚ САҢЫРАУҚҰЛАҚ




болетустар тұкымдасына жататын туыс. Жеуге жарайтын қалпақшалы діңгекті саңырауқұлақтар.Топырақта өлі органикалық заттармен сапрофитті қоректенеді.

110




АҚ СҰҢҚАР




сұңқарлар тұқымдасына жататын жырт- қыш құс. Ұябасарының қанатының ұзын- дығы — 38—42 см, салмағы — 2 кг, шәулісі кішілеу келеді, қанатының ұзындығы — 34-37 см. салмағы 1 кг-дай болады.

111




АҚ ТЬІРНА




тырналар тұқымдасына жататын ірі жыл құсы, мойны мен сирағы ұзын, қауыр- сыны, аяғы мен тұмсығы қызыл түсті.

112




АҚБАС ТЫРНА




тырна тектестер отрядына жататын құс. Басқа тырналарға қарағанда денесі шағын. Шекесінде айдар тәрізді ұзын ақ кауыр- сындары болады.

113




АҚБАС ҮЙРЕК




қазтектестер отрядының үйректер түқым- дасына жататын су қүсы. Басқа үйректер- ден айырмашылығы — жүзіп жүргенде құйрығын тік ұстайды.

114




АҚБАУЫР БҰЛДЬІРЫҚ




бұлдырық тектестер отрядының осы аттас тұқымдасына жататын құс. Денесінің үстінде сары түсті, сұр теңбілдері бар.

115




АҚБӨКЕН, КИІК




жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. А. шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген.

116




АҚҚАҢБАҚ




қалампырлар тұқымдасына жататын көп және бір жылдық шөптер туысы. Қазақстанда 20 түрі бар. Еліміздің Үстірттіңсолтүстігі мен Қызылқұмнан басқа барлық жерлеріне кең тараған түрі — масақбас аққаңбақ.

117




АҚКОДАЛДАР




көп жылдық немесе бір жылдық шөптесін, кейде бұта өсімдіктер тұқымдасы. Қазақ- станның таулы аймақтарында өсетін 9 туы- сы, 33 гүрі белгілі.

118

ЛЕБЕДИ

АҚҚУЛАР




қазтектес құстардың үйректер тұқымдасының бір туысы, дснесі ірі жыл құстары; 6 түрі бар, Қазақстанда аққулардың 3 түрі (сұңқылдақ А., сыбырлақ А. және кіші А.) таралған.

119




АҚҚҮЙРЫҚТЫ СУБҮРКІТ




сұңкар тектестер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс, кезқүйрықты субүркіттен ерекшелігі — ересектсрінің құйрығы шымқай ақ болады.

120




АҚПАРАТТЫ РНҚ




рибонуклеин қышқылының ерекше түрі. Оның негізгі атқаратын қызметі — белок синтезі жүретін рибосомаларға гендерден ақпарат жеткізеді.

121




АҚСОРА




алабұталар тұқымдасына жататын бір жылдық бұта нсмесе бұташық өсімдіктер туысы. Қазақстанда 17 түрі ксздсссді. Кеңтараған түрі — ұсақжапырақты ақсора.

122




АҚСҰЛАМА




жалпақ құрттар типінің кірпікшелі құрттар класының бір өкілі. Денесі созылыңқы, жапырақ тәрізді, ақтүсті. Ішсгі үш тарамды. Көбінс тұщы суларда кездеседі.

123




АҚСҰҢҚАР




сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда тұрақты мекендемейді. Көкшетау, Өскемен және Алматы қалала- рының маңайында қыстайды.

124




АҚТӨС СУСАР, ТАС СУСАР




жыртқыш сүтқоректілердің сусарлар тұқымдасының түрі. Түгінің түсі ашык қоңырқай, тамағының астыңғы жағы (төсінің тұсы) ақ түсті болғандықтан, ақтөс сусар деп атаған.

125




АҚТІКЕН




түйетабандар тұқымдасына жататын бұта өсімдіктер туысы. Қазақстанда 2 түрі өседі. Жиі кездссетін түрі — Шөбер ақтікені (N.schoeberi) шөл даланың сортаң жерлері мен өзен бойларында, кейде тау бөктерлерінде қалың болып өседі.

126




АҚҰНТАҚТЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР




саңырауқұлақтар класы периспориялар қатарына жатады. Бидай, жүзім, алма, таран, қымыздық және т.б. өсімдіктсргс зардабы көп.

127




АҚШЫЛ ДЕНЕ




жұмыртқалықтағы ыдыраған сары дене орнында жетілетін, ақшыл түсті талшықты құрылым.

128




АҚШЫЛ ҚАБЫҚ




аналық жыныс безі — жұмыртқалықтың сыртқы эпителий қабаты мен қыртысты заты аралығындағы және аталық жыныс безі — еннің сыртқы сірлі қабығы мен ен паренхимасы бөліктері аралығындағы коллаген талшықтарынан құралған ақшыл түсті қабық. Ақшыл қабық тіректік қызмет атқарады.

129




АЛАБҰҒА




алабұға тектестер отрядының алабүғалар тұқымдасына жататын балықтардың бір түрі.

130




АЛАБҰТА




алабұталар тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер туысы. Жер бетіне кең тараған 250 түрінің ішінде Қазақстанда 20 түрі кездеседі.

131




АЛАБҰТАЛАР




Қазақстанның шөл және шөлейт аймақта- рына кең тараған шөптесін, бұта,бұта- шық, ағаш тәрізді өсімдіктер тұқымдасы.

132




АЛАҚҰРТ




таулы жерлерде жылқының, түйенің, ірі қара малдың терісінде тіршілік ететін бүрге. А. жұмыртқасын қыста топырақ бетіне салады. Жаз бойы дамиды.

133

АЛАНИН

АЛАНИН




амин қышқылы. Табиғатта оның изомері- нің скі түрі ксңінен таралған. L- а- А. — ауыстырылатын амин қышқылы, көптеген белоктар құрамында кездеседі.

134




АЛБЫРТТАР




албырт-тектес балықтар отрядына жататын өрістегіш, кей түрі тұщы су балықтарының тұқымдасы.

135




АЛҒАШҚЫ АҢДАР




қазіргі кезде кездесетін ең қарапайым сүтқоректі жануарлардың класс тармағына жатады. Денесінің ұзындығы — 30-80 см, ересектерінде тістері болмайды.

136




АЛҒАШҚЫ АУЫЗДЫЛАР




билатеральді симметриялы, үш қабатты жануарлар ұрықтың дамуы барысыпда дене қуысының және мезодерманың түзілуіндегі ерекшеліктеріне байланысты алғашқы ауыздылар және екінші реттік ауыздылар топтарына бөлінеді

137




АЛҒАШҚЫ АУЫЗДЫЛАР НЕМЕСЕ ПРОТОСТОМИЯЛАР




барлық құрттар, буынаяқтылар, онихофо- ралар, былқылдакденелілер типтері. Бұ- ларда эмбриондық даму кезінде ұрықтың бластопора тесігі бірден ауызға айналады да, анал тесігі кейін пайда болады және мезодерма қабаты телобластикалық жолымен дамиды.

138




АЛҒАШҚЫ КСИЛЕМА




клеткалары бөлінуінің нәтижесіндс алғаш пайда болатын өткізгіш ұлпанын бір бөлігі. Өсімдіктің әр мүшесі өскен сайын алғашқы ксилема клеткалары кеңейіп ұзарады.

139




АЛҒАШҚЫ СҮРЕК




өсімдік мүшелерінің қарқынды өсу кезінде ең соңынан пайда болатын қабыққа жақын орналасқан алғашқы сүректің бір бөлігі.

140




АЛҒАШҚЫ ТАМЫР




тұқым өне бастаған кезде ұрық тамыршасынан дамитын жас тамыр. Алғашқы тамыр біртіндеп ұзарып, төмен қарай бағытталып иіліп өсе келе негізгі тамырға айналады да, жас өскінді топырақка мықтап бекітіп тұрады.

141




АЛҒАШҚЫ ФЛОЭМА




түзуші ұлпаның жас клеткаларынан алғаш (бірінші) түзілген өткізгіш ұлпаның бір бөлігі. Сүзгілі түтік клеткалары ұзын, жіңішке, өте жұқа болады.

142




АЛКАЛОИДТЕР




құрамы азотты қосылыстардан тұратын, көбінесе өсімдіктер құрамында кездесетін органикалық заттар. Соңғы жүз жылда өсімдіктерден алкалоидтердің 5000-нан астам түрі табылып зертгелді.

143




АЛКИЛДЕУШІ АГЕНТТЕР




мутагендік факторлар арсеналына жататын әр түрлі химиялық қосылыстар. Негізінен алкилгуанин түзу арқылы ДНҚ молекула- сында мутация туғызатын химиялық қо- сылыстар.

144




АЛҚАЛАР




шөптесін,бұта,бұташық өсімдіктер тұқымдасы. Дүние жүзіне көп тараған 80 туысы мен 2300 түрінің Қазақстанда 11 туысы мен 23 түрі өседі.

145

АЛЛАНТОИН

АЛЛАНТОИН




пуриндік негіздердің аэробты жолмен ыдырауының нәтижесінде түзілетін өнім. А. жануарларда, адамда (несеп құрамында) және өсімдіктерде кездеседі.

146

АЛЛАНТОИС

АЛЛАНТОИС




жоғары сатылы қағанақты омыртқалы жануарлардың (бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер) ұрығының дамуы кезінде пайда болатын ұрық қабығының бірі.

147




АЛЛЕЛАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТІК




бір геннің немесе әр түрлі гендер аллель- дерінің бір-біріне қосымша әсері. Әр түрлі екі мутантты аллельмен кодталған гетеро- мультимерлі белоктың бірлесуі нәти- жесінде қасиеттерінің өзгеруі.

148

АЛЛЕЛИЗМ

АЛЛЕЛИЗМ




геннің құрылымдық күйі. Гетерозиготада екі мутантты аллелдердің генішілік рекомбинациясы есебінен немесе мутация нәтижесінде ген құрылымының кез келген өзгерісі.

149

АЛЛЕЛЬ

АЛЛЕЛЬ




гомологтық хромосомалардың бөліктерінде орналасқан гсннің әр түрлі күйі. А. — белгілердің дамуын анықтайды. Қандай да бір белгінің дамуын анықтайтын геңцердің бір немесе бірнеше жұбы.

150




АЛЛЕЛЬДІ ГЕНДЕР




гомологтық хромосомалардың гомологтық бірдей бөліктерінде орналасқан гендер. Көп жағдайда хромосоманың белгілі бір локусында бірдей гендер орналаса бермейді.

151













152




АЛЛИГАТОРЛАР, АЛЛИГАТОР ТӘРІЗДІЛЕР




қолтырауын отрядының үш тұқымдасының бірі.

153

АЛЛОМОРФОЗ

АЛЛОМОРФОЗ




геннің қүрылымдық күйінің бір көрінісі. Екі мутантты аллельдердің гетерозиготадағы генішілік рекомбинациясы немесе мугация салда- рынан ген құрылымының кез келген өзге- рісі ген аллелінің жаңаруына әкеледі.

154

АЛЛОПАТРИЯ

АЛЛОПАТРИЯ




әр түрлі организм топтарының әр алуан географиялық аймақтарда мекендеуі. Тікслей өзара алмасу, ұқсас экологиялық аймақта бір-біріне жақын орналасқан тіршілік иелерінің алмасуы.

156




АЛЛОІІАТРИЯЛЫҚ ПОІІУЛЯЦИЯ ЛАР




әр түрлі гсографиялық аймақтарды мекендеген бір түрдің популяциялары.

157

АЛЛОПОЛИПЛОИДИЯ

АЛЛОПОЛИПЛОИДИЯ




әр түрге жататын организм геномдарының еселеп көбеюі негізіндс пайда болатын организм.

158













159




АЛМАСУ ӨНІМДЕРІ




1) ферменттердің қатысуымен жүретін зат алмасу реакцияларының аралық немесе соңғы өнімдсрі; 2) организмдегі зат алмасу кезінде химиялық өзгерістерге түскен заттар.

160




АЛМОВИРУСТАР




бедені алақұлаландыратын (теңбілденді- ретін), бацилла түріндегі (18°х36—58 нм) вирустар.

161




АЛМҮРТШӨПТЕР




көп жылдық мәңгі жасыл шөптесін өсім- діктер тұқымдасы. Қазақстанда 4 туысы мен 9 түрі өседі.

162

АЛЬБИНИЗМ

АЛЬБИНИЗМ




организмге тән пигменттің болмауы. Өсімдікте жасыл пигмент — хлорофилдің болмауынан жапырақтардың тегіс нсмссе ала-бұла түссізденуі.

163

АЛЬБУМИНДЕР

АЛЬБУМИНДЕР




молекулалық массалары жоғары емес, қарапайым глобулярлы белоктар. Суда, тұздар, кышқылдар және негіздер ерітінділеріндс жақсы ериді.

164

АЛЬВЕОЛА

АЛЬВЕОЛА




пішіні сопақша немесе қапшық тәрізді келген, кең қуысты анатомиялық және гистологиялық құрылым.

165




АЛЬВЕОЛАЛЫҚ АУАТАМЫРША




қабырғасында тым жұқа қабырғалы жеке- леген альвеолалардың болуына байланыс- ты газ алмасу процссінс қатысатын, жіңіш- ке арналы ауатамырша. Альвеолалық ауатамырша ғылыми тілде — респиратор- лық ауатамырша деп те аталады.

166




АЛЬВЕОЛАЛЫҚ ҚАПШЫҚ




қабырғалары өкпе альвеолаларынан құралған, пішіні біркелкі емес, альвеолалық өзектерден таралатын өкпе- дегі қуысты кеңістік.

167

168



АЛЬВЕОЛАЛЫҚ МАКРОФАГОЦИТ




Қан тамырларынан өкпе альвеолаларына өтіп, фагоцитарлық (жемірлік, қорғаныш) қызмет аткаратып, қан моноциттсрінен жетілетін клеткалар.

169




АЛЬВЕОЛАЛЫҚ ӨЗЕК




қабырғасы тек альвеолалардан
тұратын, альвсолалық ауатамыршалардан
кейін орналасқан тыныс алу жолының
бөлігі.

170




АЛЬГИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ




Қоңыр балдырлар мен кейбір бактерияларда кездесетін полисахаридтер. Альгин қышқылдары молекуласы [1-0 манпурон мен гулурон қышқылдарының қалдықтарынан тұрады.

171




АЛЬДОЗАЛАР




құрамында альдегид тобы бар моносахарид. Өкілдері: глюкоза, галактоза, рибоза және т.б.

172




АЛЬДОЛАЗАЛАР




лиаза тобына жататын ферменттер. Жануарларда, өсімдіктер мен микроорганизмдерде кеңінсн таралған.

173

АЛЬПАКА

АЛЬПАКА




лама туысыиа жататын сүтқоректі жануар; лама мен жабайы викуньяның буданы. Альпаканы өте бағалы жүні үшін қолда өсірсді, оның жүні барлық тұяқты жануарлардың жүнінен де жоғары бағаланады.

174




АЛЬФАВИРУСТАР




тогавирустар тұқымдастығына кіретін туыс. Құрамында бір жіпшелі сызықшалы РНҚ бар. пішіні күрделі, сфера тәрізді, көлемі 70 нм.

175




АЛЫП КӨРТЫШҚАН




кеміргіштер отрядының соқыртыш- қандар тұкымдасына жататын сүтқорскті. Дене пішіні ұршық тәрізді, мойны қысқа, басы жалпақ, ал көзі мен құлақ қалқаны болмайды.

176




АМАКРИНДІ НЕЙРОЦИТ




көздің торлы қабығы ішкі ядролы кабаты- ның ішкі аймағында орналасқан аксонсыз жүйке клеткасы.

177

АМАРИЛЛИСТЕР

АМАРИЛЛИСТЕР




көп жылдық жуашықты өсімдіктер тұ- қымдасы.Дүние жүзіне тараған 860 түрінің Қазақстанда 2 түрі ғана өседі.

178

АМБЕР-МУТАЦИЯ

АМБЕР-МУТАЦИЯ




амин қышқылын кодтайтын үштігі амбер-кодонның пайда болуына әкелетін ДНҚ молекуласындағы кез келген өзгеріс.

179

АМБИСТОМА

АМБИСТОМА




құйрықты қосмекенділер туысына жататын төрт аяқты жануар. Сыртқы бейнесі кәдімгі саламандраға ұқсас. Ұзындығы 28 см-ге дсйін жетсді де, жартысы құйрығының үлесіне келеді.

180




АМБУЛАКРАЛЬДЫҚ ЖҮЙЕ




тікентерілілсрдің денесіндсгі ішіне су тол- ған түтікше жүйесі. Жылжу, зәр шығару және тыныс алу қызметін аткарады.

181

АМЕБОЦИТТЕР

АМЕБОЦИТТЕР




омыртқасыздардың ішкі ортасының түссіз, жылжығыш клеткалары. Омыртқалылардың лейкоцизтеріне сәйкес келеді. Амебоциттерге пиноцитозды көпіршіктер мен лизосомалар тән.

182

АМИДАЗАЛАР

АМИДАЗАЛАР




гидролаза класына жататын ферментгер. А. қышқыл амидтердің көміртек пен азот арасындағы байланыстарын бұзып ыдыратады.

183

АМИЛАЗАЛАР

АМИЛАЗАЛАР




гидролаза класының фермснттері; крахмал,гликоген полисахаридтерін гидролиздеу реакцияларын жылдамдатады.

184

АМИЛОЗА

АМИЛОЗА




крахмал қүрамына кіретін полисахарид. а-Э глюкоза молекулаларының қалдықтарынан түзілген тізбектен тұрады. Молекулалық массасы 2000000-ға дсйін.

185

АМИЛОПЕКТИН

АМИЛОПЕКТИН




а-Ө глюкоза молекулаларының қалдықтарынан түзілген, тармақталған тізбектерден тұратын крахмалдың құрамына кіретін полисахарид. Молекулалық массасы бірнеше миллионға жетеді.

186

АМИЛОПЛАСТ

АМИЛОПЛАСТ




өсімдіктер клеткасында болатын түссіз түйіршік құрылымдар. Онда негізінен крахмал қоры шоғырланады.

187




АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ




молекуласында бір немесе екі карбоксил (СООН) жәнс амин (-МН2) топтары бар органикалық (карбон) қышқылдар, белок молекулаларының құрамды бөлігі, түссіз, кристалды заттар.

189




АМИНОПЕПТИДАЗАЛАР




протеолитикалық фермент. Белок және пептидтер құрамынан ІЧ-шеткі амин қышқылдарын бөлу қызметін атқарады.

190




АМИНОТРАНСФЕРАЗАЛАР




трансфераза класына жататын ферменттер. Трансаминдеу реакциясын, яғни амин тобы (-Т^Н2 ) мен сутегін бір субстраттан екінші субстратқа (немссе керісінше) тікелей тасымалдау реакциясын жылдамдатады.

191

АМИНОЦЕНТЕЗ

АМИНОЦЕНТЕЗ




көптеген тұқым қуалайтын ауруларды алдын ала (туғанға дейін) болжаудың бір әдісі.

192




АМИНСІЗДЕУ, АМИНСІЗДЕНУ




ферменттің әсерінен амин қышқылыиан немесе нуклеотидтен амин тобының бөлініп шығуы. Зат алмасу процесінде маңызды рөл атқарады.

193

АМИТОЗ

АМИТОЗ




бөліну кезінде клетка ядросында күрделі өзгерістер болмайтын клетка бөлінуінің сирек кездесетін түрі.Кезінде хромосомалар көрінбейді, бөліну ұршығы түзілмейді.

194




АММОНИЙЛЕНУ




Табиғаттағы құрамында азоты бар органикалық заттардың аммиакка дейін ыдырауы. Мұнда соңғы өнім — аммиак (МН.) түзіледі.

195

АМНИОН

АМНИОН




ұрықты, құрсақтағы төлді тікелей қаптап жатқан ішкі ұрық (қағанақ) қабығы. Қағанақ сұйығы ұрықтың дамып өсуіне қолайлы жағдай тудырып,қорғаныш қызметін атқарады.

196

АМПЛИФИКАЦИЯ

АМПЛИФИКАЦИЯ




Хромосомалар бөлігінің бірнеше рет қайталануы, ДНҚ тізбектерінің қосымша көшірмесінің түзілуі. Генетикалық материал бөлігінің бірнеше рет кайталануының себебі тең емес айқасудың салдары болуы мүмкін.

197




АМПУЛАЛЫҚ БЕЗДЕР




еркск жануарлар шәуетжолының несепжыныс өзегіне ашылар алдындағы ампула тәрізді кеңейген бөлігі қабырғасында кездесетін, құрылысы
жағынан тарамдалған көпіршіктітүтікше
бездер.

198




АМПУЛАЛЫҚ ҚЫРЛАР




ішкі құлақ тепе-теңдік (вестибулярлық)
аппаратының ішкі жарғақты үш жарты-
иірімді түтікшелерінің, жарғақты сопақша қапшықпен (утрикулюспен) жалғасар соңғы бөлігінің ампула тәрізді кеңейген қабырғасының ішкі бстіндс орналасқан қырлар.

199

АМФИБЛАСТУЛА

АМФИБЛАСТУЛА




губкалардың еркін жүзетін дернәсілі. А. субстратқа бекініп, жас губка — олинтус түзеді.

200

АМФИДИПЛОИД

АМФИДИПЛОИД




хромосома саны екі еселенген тұраралық бұдан, эксперименттік аллополиплоидтің синтездік нысаны.

201

АМФИСБЕНДЕР

АМФИСБЕНДЕР




бауырымен жорғалаушылардың қабыршақтылар отрядының отряд тармағы.

202

АМФИУМДАР

АМФИУМДАР




құйрықты қосмекенділер отрядына, амфиумалықтар тұқымдастарына жатады. Бір ғана түрі бар. Дене тұрқы — 70—100 см, көзі өте нашар дамыған, пішіні жылан-балыққа ұқсайды.

203




АМФИЦЕЛЬДІ ОМЫРТҚАЛАР




омыртқа денесі алдыңғы және артқы жағынан ойыс болып келетін омыртқа түрі. Мұны қос ойысты омыртқа деп те атайды.

204

АНАБАЗИН

АНАБАЗИН




пиперидил, пиридин, никотиннің изомері, молекулалық массасы — 162,13.

205

АНАБИОЗ

АНАБИОЗ




Микроорганизмдердің тіршілік процесінің баяулауы немесе уақытша тоқталуы. Бірақ қолайлы жағдай туғанда, олар қайтадан жанданып кетеді.

206

АНАБОЛИЗМ

АНАБОЛИЗМ




ассимиляция кезінде организмнің сыртқы ортадан келіп түскен заттардан өзіне керекті қосылыстарды түзуі.

207

АНАВАКЦИНАЛАР

АНАВАКЦИНАЛАР




микроорганизмдердің себінділері мен улы заттарынан (токсиндерінен) формалин мен жылудың әсерінен (38-40° С) дайындалған, зиянсыз, өлтірілген фор- молвакциналар.

208

АНАГЕН

АНАГЕН




жануарлар тері түктері өсу айналымының (циклінің) кезеңі. Анаген кезеңінде түк баданасы эпителиоциттері митоздық бөліну жолымен белсенді көбейіп, тері түктері жедел өседі.

209




АНАДРОМДЫ ӨРІСТЕУ




кей балықтардың өзендердің ағысына қарсы теңіздерден өзенге өрлей өрістеуі, ал кей балықтардың теңіздердің ашық айдындарынан теңіз жағалауына қарай өрістеуін анадромды өрістеу деп атайды.

210




АНАЛЫҚ АУЗЫ




гүлде болатын көбею мүшесі. Аналық — жатын, мойын, ауыздан құралған.

211




АНАЛЫҚ БЕЗ, ЖҰМЫРТҚАЛЫҚ




аналық жыныс клеткасы — жұмыртқа клеткасы (овоцит) пісіп-жетілетін және аналық жыныс гормоны түзілетін негізгі жыныс мүшесі.

212




АНАЛЫҚ ГАМЕТА




тұқым қуалау қасиетін ұрпаққа беретін хромосома жиынтығы; гаплоидті (сыңар) аналық жыныс клеткасы, археоспоралардың бөлінуі кезіндегі пайда болатын клеткалар.

213




АНАЛЫҚ КЛЕТКА, ЖҰМЫРТҚА КЛЕТКА




клетка цитоплазмасындағы қоректік заттар қоры — сарыуыздын мөлшеріне байланысты аналық клетканын диаметрі 100 мкм-ден бірнеше см-ге дейін өзгеріп отырады.

214




АНАЛЫҚ МОЙНЫ




гүл аналығының ортанғы бөлімі. Астық тұқымдастары,көкнәр, қызғалдақ гүлінде аналық мойны болмайды. Себебі аналық ауыз жатынмен тұтасып бірігіп кеткен.

215




АНАЛЫҚ ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚ




белгілердің тек қана аналық жолдар бойынша тұқым қуалап берілуі. Мұндай белгілер цитоплазмалық факторлармен немесе пластидтермен бақыланады.

216

АНАТОКСИНДЕР

АНАТОКСИНДЕР




0,3—0,5% формалин ерітіндісімен 3—4 жұмадай, 38—40° С температурада өндегенде,уыттылығын жойған бактериялар экзотоксиңдері. Уытгылыққа қарсы сарысу алу, оргаиизмде уыттылыққа қарсы имму- нитет қалыптастыру үшін қолданылады.

217

АНАТОМИЯ

АНАТОМИЯ




тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін құрылысын зерттейтін іргелі биологиялық ғылым. Анатомия жануар- лар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді.

218

АНАФАЗА

АНАФАЗА




клеткалардың митозды және мейозды бөлінуі кезінде жұп хромосомалардың клетканың қарамақарсы өрістеріне (полюстері) қарай тең бөлініп ажырау кезеңі.

219




АНАЭРОБТЫ ДЕГИДРОГЕНА
ЗАЛАР




кофемернті никотинамидаденин-екінуклеотид /НАД/, немесе никотинамидаденин екінуклеотидфосфат /НАДФ/ болып келетін, екі бөліктен тұратын, электронды әр түрлі аралық акцеп- торларға және аэробты дегидрогеназаларға жеткізгіш, бірақ оттекке бере алмайтын оксидоредуктазалар тобына жататын тыныс алу ферменттері.

220




АНАЭРОБТЫ МИКРООРГАНИЗМДЕР




ауадағы оттекті мүлде қажет етпейтін, оттек олар үшін улы зат болып есептелетін микроорганизмдер.

221

АНАЭРОСТАТ

АНАЭРОСТАТ




микроб өсіретін ортадан ауаны механикалық жолмен ығыстырып шығару үшін қолдаиылатын аспап; цилиндр тәрізді, аузы қымтап жабылатын металл ыдыс.

222

АНГИОЛОГИЯ

АНГИОЛОГИЯ

(Аngiologia, грек. аngeion — тамыр, logos — ілім)

адам мен жануарлар организмдеріндегі клеткалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды, көптеген мүшелер мен мүшелер жүйелері қызметтерінің сұйықтық (гуморальдық) реттелуін, организмнің иммундық және фагоцитоздық қорғанышын қамта- масыз ететін тамырлар жүйесі туралы ілім.

223

АНДРОГЕНЕЗ

АНДРОГЕНЕЗ

(грек. andros - ерекшс және ...генез)

өсімдіктердің аталық тозаңынан (гамстофиттсп) жасанды қоректік ортада гаплоидті, яғни жалқы, тек аталық хромосомалар жиынтығы бар организм алу процесі.

224

АНДРОСПЕРМИЙЛЕР

АНДРОСПЕРМИЙЛЕР

(Аndrospermium- тіит, грек. аner— еркек, sperma — аталық түқым)

ядроларында Ү- жыныс хромо- сомалары болатын,ұрықтанғанда еркек жынысын анықтайтын сперматозоидтер.

225




АНДРЭДЭ ИНДИКАТОРЫ




бактериялардың ферментативтік белсенділігін арттыруда қолданылатын, құрамында фуксии бояуы бар химиялық реактив.

226




АНЕУПЛОИДТІЛІК




құбылысы кезінде организм клеткалары саны өзгерген хромосома мен еселенбеген гаплоидті жиынтықтан тұрады.

227

АНКИЛОЗАВРЛАР

АНКИЛОЗАВРЛАР




бауырымен жорғалаушылар класының ертеде жойылып кеткен құсжамбасты динозаврлар отрядының сауытты динозаврлар отряд тармағына жататын көне дәуір мақұлығы.

228

АНОФЕЛЕС

АНОФЕЛЕС




кансорғыш масалар тұқымдасының Anopheles туысы. Адамға безгек плазмодиясының барлық түрлерін жұқтырады.

229

АНТЕННАЛАР

АНТЕННАЛАР




буынаяқтылардың мүртшалары. Иіс және сипап-сезу мүшесінің қызметін атқарады.

230

АНТЕННУЛАЛАР

АНТЕННУЛАЛАР




шаянтәрізділердің мүртшаларының екінші жұбы.

231

АНТИБИОТИКТЕР

АНТИБИОТИКТЕР




микроорганизмдердің тіршілігін тежейтін иемесе оларды жойып жіберетін қабілеті бар әр түрлі организмдер: саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицеттер, жануарлар мен өсімдіктер түзетін заттар.

232

АНТИКОДОН

АНТИКОДОН




белок синтезі процесінде т-РНК, молекуласындағы шектес жатқан үш нуклеотидтің а-РНК, молеку- ласындағы кодонның үш нуклеотидімен комплементарлы жұптасуы.

233




АНТИМЕТАБОЛИТТЕР




микробтар клеткаларынан бөлінетін аралық заттар, құрылымы метаболиттерге ұқсас.

234




АНТИМУТАГЕНДЕР




мутация немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік тудыратын физикалық немесе химиялық заттарға қарама-қарсы әсер етуші затгар.

235




АНТИПОРТТЫ ТАСЫМАЛ

(лат. anti — қарсы, рогt — тасымалдау)

өсімдіктердің минералды қоректенуі барысында, сондай-ақ барлық тіршілік иелеріндегі жалпы зат алмасу кезіндегі иондар мен метаболиттердің мембрана арқылы немесе өткізгіш түтіктермен қарама-қарсы бағыттағы тасымалы.

236




АНТИСЕПТИКТЕР

(грек. Аnti - қарсы, septikos — шіру)

организмге,ұлпаларға, жараларға еніп зақымдайтын уытты микроорганизмдермен күресте қолданылатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Антисептиктерге йод, фенол (карбол қышқылы), ауыр металдар тұздары, спирттер және т.б. жатады.

237




АНТИТОКСИНДЕР




жылы қанды жануарлар денесіне енген токсиндерге қарсы пайда болатын және олармен байланысқа түсіп зиянды әрекеттерін залалсыздандыратын антиденелер — токсиндер көбіне микроорганизмдерде (мыс., сіреспе таяқшасы), кейбір өсімдіктср мен жануарларда (жыландар, өрмскші- лер және т.б.) болатын уытты заттар.

238




АНТОЦИАНДАР




өсімдіктер гүлінің, жеміс, жапырақтарының клетка шырынында болатын және оларға түс беретін флавоноидтер тобына жататын пигмент.

239

АНТРОПОГЕН

АНТРОПОГЕН




кайнозой заманының соңғы кезеңі, яғни адам туысының пайда болған кезсңі; ұзақтығы 1—3,5 млн жылды қамтиды. Антропогенді кейде төрттік кезең деп те атайды. Антропогеннің өзі плейстоцен және голоцен деген дәуірлерге бөлінеді.

240

АНТРОПОГЕНЕЗ

АНТРОПОГЕНЕЗ

(грек. anthropos — адам және genesis — тегі, туысы, шығу тегі, пайда болуы)

адамның шығу тегі, тарихи дамуы. Адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін, қазіргі саналы адамның қалыптасуын зерттейтін антропология ғылымының бір саласы.

241

АНТРОПОЛОГИЯ

АНТРОПОЛОГИЯ

(антропо... және
логия — адамның дамуы туралы ілім)

адамзат туралы, оның шығу тегін, табиғи денесін, дамуын, түр өзгерістерін зертгейтін ғылым. XIX ғ. орта кезінде өз алдына жеке ғылым болып қалыптасқан, жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың
арасынан пайда болған.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет