Кіріспе. ӨЗара ауыстырымдылық туралы ұҒымдар


Бұрандалы қосылыстардың дәлдігін бақылау әдістері мен



бет24/37
Дата02.11.2022
өлшемі0.76 Mb.
#463847
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Д рістер ЗАРА АУЫСТЫРЫМДЫЛЫ НЕГІЗДЕРІ (1)

Бұрандалы қосылыстардың дәлдігін бақылау әдістері мен


құралдары
Бұрандалы тетiкбөлшектердi бақылау кешендi (комплексный) және шаққылау (дифференцированный) немесе түзгiлi (поэлементный) әдiстерiмен анықтауға болады. Кешендi әдiсте бiр мезгiлде ортаңғы диаметрдi, адымды,
кескiннiң жарты бұрышын, сонымен қатар бұранданың iшкi және сыртқы диаметрлерiн шектi калибрлер арқылы бақылайды.
Шаққылау әдiсiнде ортаңғы диаметрдi, адымды, кескiннiң жарты бұрышын жеке-жеке бақылайды.


Қайталау сұрақтары:


  1. Бұранданың қандай кӨрсеткіштерін білесіз?

  2. Метрлік бұранданың қандай дәлдік дәрежесі бар?

  3. Бұралу ұзындығы дегеніміз не?

  4. Метрлік бұранда мен дюймдік бұранданың қандай айырмашылығы бар?

  5. Метрлік бұранда қалай белгіленеді?

  6. Бұрандалы қосылыстарда қандай қондырма алуға болады?

  7. Бұранданың ортаңғы диаметрі дегеніміз не?

  8. Ойма Өзек пен бұраманың шақтама Өрістерінің орналасуын кескіндеңіз.

  9. Бұранданың қандай диаметрлері бойынша шақтама мен ауытқулар қойылған?

  10. Бұрандалы тетікбөлшектерді қандай әдістермен бақылауға болады?



6– ТАҚЫРЫП.


КІЛТЕКТІ ЖӘНЕ ОЙМАКІЛТЕКТІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ АУЫСТЫРЫМДЫЛЫҒЫ, БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ

Дәріс жоспары:


    1. Кілтекті және оймакілтекті қосылыстарға қойылатын талаптар

    2. Призмалық кілтекті қосылыстардың шақтамалары мен қондырмалары

    3. Өйма кілтекті қосылыстың шақтамалары мен қондырмалары

    4. Кілтекті және оймакілтекті қосылыстарды шартты белгілеу және бақылау



6.1 Кілтекті және оймакілтекті қосылыстарға қойылатын талаптар


Маховик, шкив, тiстi дӨңгелек және т.б. тетiкбӨлшектердi бiлiкпен бiрiктiру үшiн кілтек (шпонка) деп аталатын тетiкбӨлшек қолданылады.
Бiлiктiң және оған қондырылатын тетiкбӨлшек күпшегiнiң кілтекке арналған ойықтары болады. Кілтек бiлiктегi ойыққа жартылай кiретiн болса, онда күпшектегi ойыққа да жартылай кiредi. Кілтектің бүйiр беттерi арқылы айналмалы қозғалыс бiлiктен тiстi дөңгелекке немесе тiстi дөңгелектен бiлiкке берiледi. Басқаша айтқанда, егер бiлiк айналса, онымен бiрге тiстi дӨңгелек те айналады, немесе керiсiнше.
Кілтекті және оймакілтекті қосылыстар айналдырушы күштердi, бұрау айналдырғыларын беру үшiн және бiрi екiншiсiнде отырған екi тетiкбөлшектi айналдыру немесе өстiң бойымен тетiкбөлшектi ығыстыру үшiн қолданылады.
Пiшiндерiне қарай кілтектер: призма, сына (клиновые), сегмент, жанама (тангенциальные), бағыттаушы (направляющая) және т.б. болып бӨлiнедi. Ең кӨп тараған кілтек - призма тәрiздес болады. Призма тәрiздес кілтекті үш түрде жасайды:

  1. (А) типтегi кілтектің екi ұшы да жұмырланған;

  2. (В) типтегi кілтектің екi ұшы да да жұмырланбаған, (жазық);

  3. (С) типтегi кілтектің бiр ұшы жұмырланған, екiншi ұшы жұмырланбаған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет