Кіріспе. Пән мақсаты мен міндеті. Академиялық жазу және мәтін


Академиялық жазылым мақсаты



бет2/6
Дата17.09.2023
өлшемі34.78 Kb.
#477786
1   2   3   4   5   6
Кіріспе

Академиялық жазылым мақсаты ғылыми тұрғыда жазылым әрекетіне дағдыландыру, демек ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарын және тағы басқа ғылыми бағытта жазылатын еңбектерді жазуға үйретеді.
Академиялық жазылымды терең меңгеруге қажетті негізгі дағдылар мыналар:

  • зерттеу жүргізу дағдылары – студенттің ізденуге қабілеттілігі, белгілі ғылыми дереккөздерді тауып оқи білуі;

  • конспектілеу дағдылары – тұтас мәтінді көшіре салмай, басты ақпаратты бөліп алып көшіре білуі;

  • өз-өзіне бақылау жасау – мақала жазуға және оны редакциялауға қажетті уақытты тиімді бөле білу қабілеті;

  • болашақ мәтінінің жоспарын құрып, алғашқы нұсқасын жазу;

  • аяқталған мәтінге редакторлық түзетулер жасай алу.

Академиялық жазылымның ерекшелігі:
1) Ақпаратты беруде лексикалық бірліктердің орынды қолданылуы; 
2) Жүйелілік; 
3) Тақырыптың тұтастығы; 
4) Арнайы етістік шақтарын қолдану;
5) Ғылыми стиль талаптарын сақтау. 

Академиялық жазылымның негізгі талаптары: 

  • Зерттеу тақырыбы. 

  • Плагиат ережесін сақтау. 

  • Ғылыми мәліметтерді қолдану.

  • Кіріспе, негізі бөлім және қорытынды бөлімдерінің болуы. 

  • Түйіндеменің (abstract) болуы. 

  • Академиялық мәтін тілі, ондағы тілдік бірліктерді қолданудың жолдарының сақталуы. 

  • Академиялық мәтінге қажетті элементтердің (титул парағы, мазмұны, мазмұндық бөлігі, әдебиет тізімі) болуы.

Академиялық жазылым пәнін оқу арқылы студенттер мыналарды меңгереді: 

  • Зерттеу жүргізу негіздерін (өз бетінше ғылыми еңбектерді оқу, талдау);

  • Конспекті жасау ережелерін (тұтас мәтінді көшіру орынына қажетті ақпаратты жазып алу); 

  • Өзін-өзі басқару (мақалаларды оқу мен жазу үшін өз уақытын тиімді пайдалану мен жоспарлау);

  • Жазба жұмысының жоспарын алдын ала жаза білу;

  • Соңғы мәтін нұсқасын тексеру мен түзету. 

Ғылыми тұрғыда жазылған жұмыстардың құрылым үлгісі төмендегідей:

  • Титул беті

  • Мазмұн беті

  • Кестелер тізімі (міндетті емес)

  • Алғыс (міндетті емес)

  • Түйіндеме

  • Кіріспе

  • Әдебиеттерге шолу

  • Зерттеу әдісі

  • Нәтижелер/ талдау

  • Қорытынды

  • Ұсыныстар (міндетті емес)

  • Алдағы зерттеулер

  • Қолданылған әдебиеттер

  • Қосымшалар

Бекіту сұрақтары:

  • Академиялық жазылым дегеніміз не?

  • Академиялық жазылым мақсаты.

  • Академиялық жазылым ерекшелігі неде?

  • «Академиялық жазылым» және «академиялық жазу» айырмашылығы қандай?

  • «Академиялық мәтін» дегеніміз қандай мәтін?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет