Кіріспе Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі


ә) көркем мәтіндегі бейнелі құралдарды үйрету



бет9/14
Дата17.04.2022
өлшемі332 Kb.
#456710
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Дип.-Бастауыш-мектепте-ана-тілі-сабағын-оқыту (2)

ә) көркем мәтіндегі бейнелі құралдарды үйрету;
Көркем мәтіндегі сөздер мен олардың тіркестері ауыспалы мағынада қолданылып, бала санасында айқын бейне жасайды;олар тілдің бейнелік құралдары болып табылады. Мұндағы ауыспалы мағынада қолданылатын сөз немесе тіркес троп деп аталады.Тілдің бейнелік құралдары қылыштай кесіп түсетін өткір де дәл, сезімге әсер етіп, сөйлеуде жандандыратын, ойлаудың икемділігі мен тездігін дамытатын, балалардың сөздіктерін жетілдіре түсетін қызмет атқарады.
Троптың ең қарапайым түрі - теңеу болып табылады. Теңеу өлеңде де, қара сөзде де кездеседі.Мысалы, (2-сынып, 42-б.)Ананың тікенекті арқасыда балаға мамықтай жұмсақ, - депті Төле би.Мұнда балаға ананың қымбат екенін таныту.Немесе кедейдің жерінің өте кішкентай екенін көрсету үшін «Ұлтарақтай жеріне егін егіп», - дейді.
Теңеу бастауыш сынып оқулықтарында жиі кездеседі.
Теңеу сөздермен жұмыс тек логикалық жағынан ғана жүргізілмей, оқушы қиялында сурет, бейне туғызатындай тапсырмалар болуы қажет. Мысалы, «Көз алдарыңа елестетіңдерші, айнала опадай оппа қар. Оған топырласа, шулап, күп берген балалар ... Айтып көріңдерші? Сендер солай ойнайсыңдар ма? Ондай қарды кім көрді, ол қандай қар?». Балалар қарға үлпілдек, түбіттей жұмсақ, мақтадай аппақ, жұмсақ... деген сияқты теңеулер табады. Оқушылар көпшілік жағдайда қарапайым, жай теңеумен сөйлейді.
Эпитет – затар мен құбылыстардың мән-мағынасы және оларды автордың бағалауы туралы санада айқын бейне жасайтын көркем анықтама.
Эпитетпен жұмыс жүргізгенде «Бұл зат неге осылай бейнеленген, басқаша айтуға болар ма еді?сияқты сұрақтардан басталады. «Кітап та алма алма ағашы, жемісін біздер теретін» (М.Әлімбаев, 2-сынып).
Бейнелеп сөйлеу жағынан ең күштісі – метафора. Метафорада бір құбылыс екінші бір ұқсас құбылыспен жалғасып, айқын, әдемі сурет жасайды. Метафора – троп ішіндегі ең әсерлісі ең көп қолданылатын түрі. Метафораның кең айтылған түрі аллегория болады. Аллегорияда сюжетке қатысқан кейіпкерлер де, мәтіннің тілі де тура айтылмай, астарлап, басқа мағынада айтылады.
Метафора, аллегориямен айтылған шығармаларды оқығанда, «Өмірде ондай болмайды» деп, балаларға шындығын айтудың қажеті жоқ.Балалар алуан түрлі мультфильмдерді көргенде немесе өздері түрлі ойындар ойнағанда, сол әрекеттер арқылы айналадағы шындықты таниды.
Метафораны түсіндіру 1-сыныптан басталады. Мысалы,
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң әрқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан»,-
деген Абай өлеңінде толып тұрған метафора. Ақын балаларға айтқысы келген ойын мұғалім; «Қызықай болып, анаған да, мынаған да жүгіре берме, өз мүмкіндігіңді шамалай біл, дүниеде өз орныңды таба біл, адамдардың арасында бір жетпей тұрған жерге, қажетті жерге қызмет ет» деген сияқты сөздермен түсіндіріп, жеткізуді талап етеді.
Жоғарыда айтылғандарды жиинақтай келе, тілдің көркемдік құралдарын танытуда оқушылармен істелінетін жұмыстардың бастылары:

  1. мәтіннен бейнелі сөздерді табу;

  2. мәтіннен оқушылардың өздері тапқан немесе мұғалімнің көрсеткен сөздерінің, сөз тіркестерінің мән-мағынасын түсіндіру;

  3. мұғалімнің сұрағы бойынша сөз арқылы бейнелеу, көз алдына елестету;

  4. бұрын айтылған, талданған бейнелерге қолданылған сөздер мен тіркестерін оқушы өздещрі құрастырған әңгімелерінде, жазған шығармалары мен мазмұндамаларында пайдаланады;

  5. дауыс ырғағын келтіріп үйрету, мәнерлеп оқуға дайындалу;

  6. теңеу, эпитеттер табуға, жұмбақтар ойлап құрастыруға арнайы жаттығулар жүргізу.

Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамытып, қалыптастыруда тіл дамыту жұмысының көлемі ұшан-теңіз. Тілдің көркемдік құралдарымен жүргізілетін жұмыстардан басқа синонимдер, антонимдер, омонимдер және фразеологиялық тіркестерді меңгеруге арналған түрлі тапсырмалар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет