Оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдары



Дата17.07.2016
өлшемі38.31 Kb.
#205083
Оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдары

Бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектептің басты мақсаты - дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау болса, сол тұлғаның басты көрсеткіші - сөйлеу әрекетін еркін меңгеруі , өз ойын ашық айта алуы ғана емес, сонымен қатар оның өзіндік сөйлеу стилінің болуы мен жан дүниесінің байлығы. Басқаша айтқанда ана тілі мен әдебиетін оқытуды нәтижеге бағдарлау, яғни, түпкі мақсат - тілдің грамматикасын меңгерту емес, оқушының грамматикалық ережелерді сөйлеу әрекетінде дұрыс пайдалана алуы, сөз мәдениетін меңгеруі, талғамы биік оқырман болып шығуы.

Тіл - таным құралы, тіл арқылы адам дүниені танып біледі, барлық білімді сол арқылы игереді, ендеше ана тілің оқытатын мұғалім тілге ұлттық ділдің бірден - бір тетігі, тірегі, діні деп қарауы керек. Яғни, тілдің оқытылу сапасың түпкі нәтижеге бағыттауы оқу жұмысының өзегі деп танып, сол талап деңгейінде оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастырғаны жөн. Осыны ескере отырып өз тәжірибемізде оқушының танымдық практикалық дағдыларын дамытуға, түпкі нәтижесінде олардың өмірге қажетті біліктіліктерін қалыптастыруға керекті білім мен тәрбие беруге тырысамыз.

Сондай - ақ, тіл, әдебиет сабақтарын ұлттық - мәдени кұндылықтардың ажырамас бөлегі бетінде меңгертуге, бұл пәндердің дүниетанымдық, тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асыру мүмкіншіліктерін кеңінен пайдалануға үнемі күні бөлеміз. Ана тілі мен әдебиеті пәндерін оқушының логикалық ойлауын, әрқайсысының жеке дарының, қабілеттерін дамытудың тетігі ретінде қолдану да назардан тыс қалмайды.

Пәннің тек ғылыми жүйесін меңгертуден арылудың негізгі жолдарының бірі - оқушының сөйлеу іскерліктерін дамытатын жұмыстарға басымдық беру. Оны жүзеге асыру үшін сөзсіз, күнделікті жұмыста жана технологияны пайдаланып отыру керек. Соның өзіміз күнделікті жұмысымызда жиі пайдаланатын кейбір түрлеріне тоқтамақпыз. Әдебиет сабақтарында әсіресе, пікірталас, пікір сайыс, айтыс сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың сөйлеу іскерліктерін жүйелі дамытып отыруға болады. Әрине, оқушылардың жаз ерекшелігі, білім деңгейлері ескеріліп отыруы керек екені түсінікті.

Әдебиетті оқытуда да басқа жұмыс түрлері көптеп пайдаланылады. Жыраулар поэзиясы, айтыс, шешендік сөздер сияқты тақырыптарды түпкі нәтижеге бағыттап оқыту оқушыларды ұлттық кұндылықтарды игеруге, жалпы дүниетанымын кеңейтуге, жан - жақты дамыған рухани бай тұлға қалыптастыруға мол мүмкіндік береді. Оның алуан түрлі әдіс - тәсілдермен жүзеге асырылатыны да даусыз.

Тіл мен әдебиет өзара тығыз байланысты болғандықтан, тіл сабақтарына байланысты да бірнеше мысал келтіре кетуді жөн көрдік

Қазіргі көптеген ғалымдардың пікірі ана тілі сабақтарын оқытуды мәтінге негіздеудің тиімділігіне саяды. Бірақ бұл көптеген мұғалімдердің жұмысында кездесетін оқулықтардағы жаттығулардың басым көпшілігінде берілетін тапсырмалар - мәтіннен белгілі бір грамматикалық объектілерді табу емес. Қазіргі талап - оқулықта берілген мәтінін идеясын, тақырыбын, мазмұнын, ішкі бөліктерінің байланысын таныту .Біздің ойымызша, оқытуды нәтижеге бағындыру дегеніміз де осы. бұған мысал ретінде қазақ тілі оқулықтарында берілетін мысалдармен жүргізілетін жұмыс түрлеріне тоқталайық.Мақалды жаттап келуге үйге беріп, сыныпта жатқа жаздырып, кейде өзін - өзі, кейде жұптап тексеріп, бағалауды ұйымдастырамыз. Әр оқушының өзіне ұнаған мақалдың мазмұнына жазбаша талдау жасату оның мазмұнын ұғумен бірге сауаттылықты арттыруға да септігін тигізеді. Мақалды суретпен бейнелеу, таңдап алған мақалға ертегі жазу, белгілі бір мәтінге мақалмен қорытынды жасату, мақалмен жарысу, бір әріпке 10

мақал жаздыру тағы басқа жұмыс түрлерін оқушыларды жалықтырмай тыңдай етіп, түрлендіріп отыруға болады. Мұндай жұмыстар оқушылардың мақалды ұзақ уақытқа есте сақтап, кейін оны өз сөзінде пайдалануына мүмкіндік береді, шешендікке, өз ойын нақтылай түсуге, дәлелдеуге, сауаттылыққа, мәдениетті сөйлеуге үйретеді. Сондай - ақ әр бала мақалдардан белгілі бір тілім - тәрбие, өнеге алады, сөз, тіл қадірін түсінуге, бағалауға үйренеді, рухани жағынан байды. біздің түсінігімізше, нәтижеге бағытталған білім - тұлғаның руханилығын байытудың қайнар көзі дегеніміз осы.

«Киров орта мектебі» ММ

Нәтижеге бағытталған білім беру-

бүгінгі заманның басты талабы.


Мұғалім Адиятова А.Т.

2011 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет