Оқушылар үш топқа бөлініп отырады. Үш топқа да ұрандарын айтады.
«Бірлік болмай, тірлік болмас».
Психологиялық дайындық.
-
Жарайсыңдар, балалар орындарыңа отыра қойыңдар. Алдарыңда геометриялық фигуралардан бір-біреуін ала қойыңдар. Олай болса дөңгелек фигураны алғандар бір топқа, төртбұрышты алған балаларды бір топқа бөліп аламыз .Әр топ өз орындарыңа жайғасыңдар.
-
Жарайсындар балалар. Енді бірінші дөңгелек тобы.Ұлы Абай атамыздың қандай өлеңін білесіңдер?
1-топ:Әсемпаз
болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан.
2-топ: Ы.Алтынсариннің қандайда бір өлеңінің бір шумағын білесіңдерма?
Кел балалар оқылық.
Оқығанда көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар.
- Жарайсыңдар балалар.
3-топ А.Байтұрсынұлының бір өлеңін жатқа білесіңдер ме?
Балалар, оқуға бар, жатпа қарап
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ
Шақырды тауық мана, әлдеқашан
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Үйге. «Қырдан келген Жас қазақ» мәтінін оқуға берген едім.
Үй тапсырмасын қалай оқып келгендеріңді білу үшін біз сендермен сұрақтар легі бойынша жұмыс жасайық.
1 –топқа
-
Шоқан кім?
-
Қайда оқуға түсті.
2-топқа:
-
Шоқанның ұстаздары.
-
Шоқанның досы кім?
3-топқа:
-
Шоқан ең әуелі қай ұлтты жақсы көрді?
-
Шоқанның алға қойған мақсаты?
Осы сұрақтар легі бойынша әр оқушы стикерге жазып жабыстырып іледі. Жарайсындар, балалар бүгінгі сабақты қалай оқып келгендеріңді көріп алдым. Енді үй тапсырмасын қорытындылау бойынша тақтадағы күннің суретіне назар аударайық.
Күн нұрын шашып жан-жағына жарық беріп тұр. Күннің әрбір сәулесіне Шоқанның бойындағы қасиеттерді жазайық.Ол үшін әр топтағы үш-үш оқушы келіп жабыстырады. Бір-бірін жазғанды екінші адам қайталауға болмайды.
Жаңа сабақты бастамас бұрын сергіту сәтін жасап жіберейік.
-
Жарайсыңдар, балалар енді көзімізді жұмып ішімізден мен жаңа сабақты мұқият тыңдаймын.
Мұғалімнің айтқан әрбір сөзін есімде сақтаймын деп айтып алып көзімізді ашамыз.
1-топ:
Мағжан Жұмабаев нешінші жылы туылды? Оқыған медрессесі Жаубы 1893 жылытуылды. Уфадағы «Ғалия» медресесі
2-топ:
Мағжанның жарық көрген кітаптары? «Шолпан» өлендерін жинағы «Педагогика» зерттеулері «Сүй жан саулем» кітабы
3-топ. Мағжанның өлеңін оқиды.
Қарағым , оқу оқы, босқа жүрме!
Жасымнан оқу оқып, өнер қуған
Жан-жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге.
-Өте тамаша.Енді балалар бірлескен топтың жұмыс жасау арқылы мәтінмен танысамыз. Бұл жерде мен де оқимын сендер де оқисындар. Балалар мәтінді оқыған да да мағынасын түсініп оқиық. Оқып болған соң балалар енді біз сабақты қорытындылауға мен сендерге матрица бойынша жұмыс жасаймыз. Алдарындағы кағазда мәтін бойынша сұрақтар берілген сол сұрақтарга Ия немесе Жоқ деп жауап жазу керек. Енді балалар дәптерлерімізді ашып дәптермен жұмыс жасаймыз. Дәптерлеріңе мәтіндегі естерінде қалған сөздерді жазамыз, санаймыз.
Ең көп жазған оқушы оқиды. Ең аз жазған оқушы оқиды.
Сабақты қорытындылау.
Рефлекция
-Бүгінгі сабақта не ұнамады?
-Бүгінгі сабакта қайсы сәті көбірек ұнады.
Қоян мен тиіннің кәрзеңкесіне саламыз.
Үйге тапсырма:Суретке байланысты әңгіме құрап жазып келеміз.