Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі


танымдық компоненті (ана тілін үйрету, ата тегі, төл мәдениеті мен тарихы, туған жері туралы білім беру)



бет3/4
Дата01.07.2016
өлшемі264 Kb.
#171685
1   2   3   4

танымдық компоненті (ана тілін үйрету, ата тегі, төл мәдениеті мен тарихы, туған жері туралы білім беру);


  • аффективтік компоненті (өз ұлты мен жалпы адамзаттық құндылықтарына баулу);

  • мінез-құлықтық компоненті (өз-өзін және басқаларды тануға ұмтылысын, ынтасын дамыту).

    Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктерін айқындайтын әдіснамалық қағидалар: табиғилық, мәденилік принциптері, ұлттық сана-сезім мен этникалық сәйкестіліктің арақатынасы, этноәлеуметтік рольдік принцип, мемлекеттік интеграция және этностық-мәдени сәйкестілік (қазақстандық патриотизм) идеясына тәуелділігі, тұқымқуалаушылық, орта және тәрбиенің әсері, әлеуметтену және этникалық тәрбие түсініктерінің арақатынасы. Осы қағидалар үлгіге принциптері ретінде кірістірілді. Осы принциптерді есепке алу арқылы мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру міндеттері өз шешімін педагогикалық шарттар жүйесін анықтауда және құрастырудан тұрады. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру педагогикалық шарттар жүйесін өңдеуді талап етеді (сурет 3). Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру процесі педагогикалық шарттардың болуын қамтамасыз етуді талап етеді. «Педагогикалық шарттар» түсінігі мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесінің барлық бағыттарының тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті объективті және субъективті факторлардың жиынтығы деп қарастырылады. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсатын, міндеттері мен принциптерін таңдауға байланысты соған сәйкес мазмұнды, ұйымдастыру формалары мен әдістерін анықтайды. Онда нақты шарттардың көрінуін маңызды етеді. Олар мыналар: тілдік ортаның белсенділігі (ЭЕМ-ға арналған «Ана тілі» бағдарламасы); балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға арналған мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесінің мазмұнына этностық-мәдени материалды ендіру («Мектепке дейінгілерге этностық-мәдени білім беру» бағдарламасы); балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда отбасының көмегі, отбасының балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін дамытуға бағдарлануы («Ата-аналарға көмек» әдістемелік нұсқауы); мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға көмек.


    Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың жоғарыда аталған педагогикалық шарттары бір-бірімен өзара байланысты.

    Тілдік ортаның белсенділігі (ЭЕМ-ға арналған «Ана тілі» бағдарламасы).

    Балаларға ана тілін үйрету әр ұстаздың, әр ата-ананың борышы. Ана тіліне деген сүйіспеншілік мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Бұл ұсынылып




    отырған бағдарламада әріптер мен дыбыстарға үйрену және бекіту үшін ойындар, сөйлеуге дағдыландыратын тапсырмалар беріледі. Бекітуге арналған ойындар, жұмбақтар ұсынылады. Бұл бағдарламада бір бөлімнен кез келген екінші бөлімге тез көшіп, ондағы ақпараттармен танысуға болады. Бірінші және екінші тараулар – белгілі бір тәртіпке негізделген қатаң бірізді технология бойынша құрылған. Үшінші және төртінші тараулар – модульды технология бойынша құрылған ойын бөлімі болып табылады. Бағдарламада жұмбақтар ұсынылады. Бақылау (модуль) негізгі бағдарламаға қосымша ретінде көрсетіледі. Бақылау белгілі бір тараулар бойынша жүзеге асырылады.



    Балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға арналған мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесінің мазмұнына этностық-мәдени материалды ендіру («Мектепке дейінгілерге этностық-мәдени білім беру» бағдарламасы)

    Баланың жеке басының қалыптасуындағы мектепке дейінгі кезең мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие беру кезеңін қамтиды. Осы кезеңнің өзінде-ақ ата-аналардың, педагогтардың, тәрбиешілердің, психологтардың бірлескен күш-жігері арқылы баланың әлі айқындала қоймаған әлеуметтік сапаларын қалыптастыру мен дамытудағы тәрбиелік мүмкіндікті жұмылдыру үшін оның жеке басының, рухани және дене бітімінің даму ерекшеліктерін, этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру қажет.

    Бағдарлама бес-алты жастағы балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламада мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процесінде өткізілетін сабақтардың, әр түрлі шаралардың үлгілері берілген.

    Балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда отбасының көмегі, отбасының балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін дамытуға бағдарлануы («Ата-аналарға көмек» әдістемелік нұсқауы);

    Балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда ата-аналармен жұмыс формаларын мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ғылыми тұрғыда негізделген этностық-мәдени білім арқылы ендіруге болады. Туған үйіне деген сүйіспеншілікті дамыту – балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін дамытудың алғашқы сатысы. Балаларда туған үйдің эмоционалдық бейнесін қалыптастырудың жолдары, құралдары және әдістері: ата-аналарға, отбасының басқа да мүшелеріне, құрбыларына деген сүйіспеншілікті, сыйластықты тәрбиелеу; туған үйге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуде отбасы дәстүрлерінің әсері. Туған үйге дұрыс қатынасты тәрбиелеу. Отан туралы мақал-мәтелдер; «Туған үйім» жобасының мазмұнын өңдеу т.б. жұмыстар кіреді.

    Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға көмек. Бұл шарттар жүйесіне мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәрбиешілерге көмек ретінде сабақтардың үлгілері берілген.

    Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын өңдеу этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру жөнінде жұмыстың мақсаты, міндеттері, мазмұны, формасы, әдістерін анықтауға мүмкіндік береді.

    Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда келесі нәтижеге қол жеткізуді болжаймыз: жас ерекшелігіне сай этностық-мәдени сәйкестілігі қалыптасқан, ана тілін үйренген, ата тегі, төл мәденеті мен тарихы, туған жері туралы білімі бар, өз ұлты мен жалпы адамзаттық құндылықтарына баулыған, өз-өзін және басқаларды тануға ұмтылысы мен ынтасы дамыған тұлға.

    Аталмыш педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін тексеру мақсатында тәжірибелі-педагогикалық жұмыс ұйымдастырылды.

    Тәжірибелі-педагогикалық жұмыс Қарағанды қаласының №145 «Балапан», №42 «Тілек», №65 «Балауса» балабақшаларында, №68 мектеп-интернат-балабақша жалпы білім беретін кешенінде жүргізіліп, үш кезеңді қамтыды: анықтау, қалыптастырушы, бақылау. Экспериментке балалар, тәрбиешілер, ата-аналар қатынасты: 62 бала – эксперименттік топта, 61 бала – бақылау тобында болды.

    Анықтау эксперименті барысында сауалнама, әңгімелесу көмегімен мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасуының деңгейлері үш компоненттің көрсеткіші негізінде (танымдық, аффективті, мінез-құлықтық) анықталды. Диагностикалау нәтижелері эксперименттік және бақылау топтарындағы балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасуының деңгейлерінің төмендігі екені анықталды. Себебі, олардың мәдениет, өз тарихы туралы білімдері, ана тілін үйренуге деген ұмтылысы, басқа халықтардың ұлттық құндылықтарына деген қатынасы, патриоттық сезімі, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің төмен деңгейін көрсетті. Мұның себебінің бірі тәрбиешілер мен ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға бағытталған дайындығының жеткіліксіздігі. Бұл тәрбиеші мен ата-аналарға жүргізілген диагностика нәтижесімен анықталды.

    Анықтау эксперименті кезеңінде өткізілген әңгімелесу барысында тәрбиешілер, ата-аналар этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру өзекті мәселе екеніне көз жеткізіп, мектепке дейінгі ұйымда арнайы әдістемелік жүйенің болмауы және әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы анықталды. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымның оқу жоспарларын талдау нәтижесі мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы байланыстың әлсіздігін, мектепке дейінгі ұйымдарда бір жүйенің жоқтығын, этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру шарттарының анықталмағандығын, мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы сабақтастықтың әлсіздігін көрсетті

    Барлығы төрт кесінді өткізілді. Оның бірінші кесіндісі анықтаушы эксперимент кезінде жүргізілді. Қалыптастырушы эксперимент кезінде екі (2-ші және 3-ші) аралық кесінділер алынды. Эксперименттен кейін төртінші кесінді жасалынды.

    Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің ерекшеліктерін ашу негізінде және анықтау экспериментінің нәтижелері, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық процесіне жүргізілген талдау бізге балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру әдістемесін жасауға түрткі болды.

    Тәрбиешілердің жоспарларын талдау, жас ерекшелігі мен қызығушылығын ескере отырып шығармашылық жұмыстарды (апталықтар, айлықтар, көрмелер, мұражайларға бару және т.б.) ұйымдастырып, өткізуге себеп болды. Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында ата-аналармен этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру бойынша түрлі жұмыс формалары (тақырыптық баяндамалар, ата-аналар жиналысы, ата-аналар бұрышы) ұйымдастырылды, этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру материалдары арқылы тәрбиешілер мен ата-аналардың, теориялық және әдістемелік даярлық деңгейлері анықталды.

    Осыдан келіп қалыптастырушы эксперимент жүргізілді. Ол мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру мақсатында балалардың білімдерін тереңдетіп, жүйелеу, жағымды эмоциялар мен мінез-құлықтық бағдарларды дамытудан тұрады. Бұл эксперимент мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесіне біздің құрастырған педагогикалық шарттар негізінде кезең бойынша енгізілді: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда тәрбиешілердің даярлығы («Тәрбиешілерге көмек» әдістемелік нұсқауы); мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда отбасының көмегі, отбасының балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін дамытуға бағдарлануы («Ата-аналарға көмек» әдістемелік нұсқауы); балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға арналған мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесінің мазмұнына этностық-мәдени материалды ендіру («Мектепке дейінгілерге этностық-мәдени білім беру» бағдарламасы); тілдік ортаның белсенділігі («Ана тілі» электронды оқу баспасы).

    Қалыптастырушы эксперимент екі бағытта жүзеге асты:


    • мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тәрбиелеу құралы ретінде ересектердің (тәрбиеші-педагогтардың, ата-аналардың) этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыруға қатынастарын зерттеу;

    • мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің ерекшеліктерінің көрінуін зерттеу.

    Қалыптастырушы эксперимент төмендегі зерттеу әдістері арқылы жүзеге асты: жеке әңгіме, анкета, «таңдау» ситуациясы, бақылау.

    Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда біздің құрастырған әдістемелер қолданылды. Әр кезең барысында әр түрлі әдістемелер негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруды тексеру негізінде аралық кесінділер жүргізілді.

    Қалыптастыру эксперименті үш кезеңде жүргізілді.

    Бірінші кезеңде балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда тәрбиешілермен жұмыс енгізілді. Тәрбиешілерге «халық», «ұлт», «этнос», «мәдениет», «сәйкестілік», «этностық-мәдени сәйкестілік» түсініктеріне анықтама беру арқылы білімдері дамытылды. Қазақ халықының, олардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен, белгілі бір ұлт өкілдерімен және олардың мәдениетімен таныстыру бағытынды жұмыстар жүргізілді. «Этностық-мәдени сәйкестілікті тәрбиелеудегі альтернативті бағдарламалар» тақырыбында баяндамалар даярланып, белгілі бір ұлттың мәдениетімен таныстыру бағдарламасын құрастыру және т.б. жұмыстар ұйымдастырылды. Тақырыптық көрмелер, халық шығармашылығының музейі, мәдени айлықтар, достық күні, мәдени орындар мен тарихи ескерткіштермен таныстыратын экскурсиялар ұйымдастырылып, үйірме жұмыс істеді.

    Бірінші кезеңде біз балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға тәрбиешілерді даярлауда арнайы семинар енгізілді. Семинар сабақтарының мазмұны біздің зерттеу проблемамызға тәрбиешілер тарапынан қызығушылық тудырды. Тәрбиешілердің білімдері тереңдетіліп, өзіндік білім алуға бағыт алғаннан кейін, балаларға арналған этностық-мәдени білім беру бағдарламасы жүзеге асырылды.



    Бірінші аралық кесінді этностық-мәдени сәйкестіліктің танымдық компонентін қалыптастыруда ана тілін толық меңгеруден басқа, этностық-мәдени сәйкестіліктің аффективті және мінез-құлықтық компонентінің төмендігін көрсетті. Біз оны ата-аналардың даярлығының жеткіліксіздігімен және бала үшін олардың беделінің ролімен байланыстырамыз. Мысалы, мінез-құлықтық компонент көбіне баланың отбасындағы тәрбие ерекшеліктерімен шарттасып жатады. Балалармен жүргізілген әңгімелер, салынған суреттерін талдау арқылы этностық-мәдени сәйкестіліктің бірінші аралық қиығының нәтижесі шықты. Нәтижелер көрсеткендей, этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру процесіне ата-аналарды жұмылдыру керек екендігін көрсетеді, себебі, ата-аналардың қатынасуы және олардың беделі балаға қатты әсер етеді. Сондықтан ата-аналар тарапынан этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру процесіне бағдарлануы отбасының баланың бұл процестің қалыптасуында жетекші роль атқаратынын аша түседі. Балалар әңгіменің нәтижесі отбасында этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру үдерісіне дұрыс назар аударылмайтындығын көрсетеді. Сонымен қатар отбасында балалардың көпшілігі орыс тілінде сөйлеседі. Ата-аналарға ескеретін бір жайт, баламен ана тілінде сөйлесу қажет. Мысалы, олардың көбі «отбасында қай тілде сөйлесесің?», «қазақша мақал-мәтелдер білесің бе?» деген сұрақтарға қиналып жауап берді.

    Осыған байланысты екінші кезеңде тәрбиешілермен біріге отырып ата-аналардың этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру процесіне даярлығы бойынша жұмыстар жүргізілді. «Ата-аналар» клубы ұйымдастырылды. Бұл жұмыстардың нәтижелері ата-аналардың бала тәрбиесінде өз ұлтының салт-дәстүрлеріне мән бере басталғанын көрсетті. Олардың этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру бойынша әдебиеттерге т.б. қызығушылықтары байқалды. Ата-аналардың бұл жұмыс барысында қызығушылықтарының өсуі, білімдерін тереңдетуге ұмтылысы, этностық-мәдени сәйкестілікті саналы түрде игеруі қалыпты мәселеге айналды.

    Біздің құрастырған бағдарламамыз қазақ ұлттық педагогикасындағы отбасымен байланысты тақырыптар мен сұрақтар блогымен, этнорольдік тұрғыдан келумен толықтырылды. Тәрбиешілер балаларға ата-аналармен бірлесе орындайтын тапсырмаларды берді. Мысалы, «Отбасы мүшелерінің суретін сал», «Қазақ халқының мерекелері», «Ата-анаға, құрбысына деген сүйіспеншілік пен сыйластықты тәрбиелейтін халық немесе авторлық ертегіні таңдау» және т.б.

    Екінші аралық кесінді келесі нәтижені көрсетті. Танымдық компонентке келсек, отбасында ана тілін үйрену жұмысы тәрбиешілердің ата-аналармен белсенді жұмысының негізінде біршама өсті. Аффективті және мінез-құлықтық компоненттерінің қалыптасу деңгейлері әлдеқайда жоғарылады. Бірақ, аралық кесінді көрсеткендей, тілдік ортаның жеткілікті дамымауы көрінеді. Ана тіліне қатысты этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастырудың деңгейі зерттеліп отырған мектеп жасына дейінгілер, мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасына сай мектепке дейінгі ұйымның жағдайында әлі де болса жеткілікті түрде қалыптаспаған, соған қарамастан, тіл этностық-мәдени сәйкестіліктің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бұдан басқа да этностық-мәдени сәйкестіліктің өлшемінің бірі – басқа этностардың және олардың мәдениетін саналы түрде игеруі қалыптаспаған.

    Бұл кемшіліктерді біз үшінші кезеңде жібермес үшін «Ана тілі» атты ЭЕМ-ға арналған бағдарлама әзірледік және Э.К.Суслованың ұлтаралық қарым-қатынасты қалыптастыру әдістемесін қолдандық. Бағдарлама төрт тараудан тұрады. Әр тараудың мазмұны бар. Бұл бағдарламада бір бөлімнен кез келген екінші бөлімге тез көшіп ондағы ақпараттармен танысуға болады. Бірінші және екінші тараулар – белгілі бір тәртіпке негізделген қатаң бірізді технология бойынша құрылған. Үшінші және төртінші тараулар – модульды технология бойынша құрылған ойын бөлімі болып табылады. Бағдарламада жұмбақтар ұсынылады. Бақылау (модуль) негізгі бағдарламаға қосымша ретінде көрсетіледі. Бақылау белгілі бір тараулар бойынша жүзеге асырылады. Э.К.Суслованың «Әр түрлі ұлт өкілдерімен қарым-қатынас» әдістемесі әр ұлттың өкілдеріне жағымды сезімдерді тәрбиелеудің негізгі шарты және маңызды құралы. Бақылау экспериментінің нәтижесі балалардың ана тілі, мәдениет, өз тарихы туралы білімдерінің кеңейіп, өз этностық тектестігі туралы саналы көзқарасы қалыптасқандығын көрсетті.

    Бақылау тобында аса көп өзгерістер болған жоқ.

    Тәжірибелі-педагогикалық жұмыстың қорытынды бақылау кезеңінде анкетаны қайта жүргізу көмегімен біз мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасуының деңгейлерін анықтадық. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасуының деңгейлерінің эксперимент басындағы және эксперименттен кейінгі көрсеткіштері 2-кестеде көрсетілген.

    Кестеде көрсетілген нәтижелер мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасуының деңгейлерінің эксперимент барысындағы қарқынын көрсетеді. Экспериментальды топ балаларының мәдениет, өз елінің тарихы, ана тілін үйренуге деген ұмтылысы деңгейлері өсті.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет