Классификациясы: - Классификациясы:
- ҚГВ 1 – орофациальды
- ҚГВ 2 – генитальды герпес
- Біріншілік және екіншілік (рецидивті) герпестік инфекция
- Клиникалық ағымына байланысты 4 формасы :
- латентті
- локализациялаған
- генерализденген
- аралас
Қарапайым герпес элементтері: мұрын қанаттарында, ауыз бұрышында, жыныс мүшелерінде еріннің қызыл каймасында орналасады. Бастапқыда бір не бірнеше жерде шектелген гиперемия фонында ұсақ дм 1-3 мм көпіршік пайда болады, мөлдір экссудат, 2-3 күннен кейін бұлыңғырланады. Егер көпіршіктер мацерацияға, үйкеліске ұшырамаса оның құрамы сары-сұр түсті қабықшаға ауысады, 5-6 күннен кейін түседі, орнында пигментацияланған дақ қалады. - Қарапайым герпес элементтері: мұрын қанаттарында, ауыз бұрышында, жыныс мүшелерінде еріннің қызыл каймасында орналасады. Бастапқыда бір не бірнеше жерде шектелген гиперемия фонында ұсақ дм 1-3 мм көпіршік пайда болады, мөлдір экссудат, 2-3 күннен кейін бұлыңғырланады. Егер көпіршіктер мацерацияға, үйкеліске ұшырамаса оның құрамы сары-сұр түсті қабықшаға ауысады, 5-6 күннен кейін түседі, орнында пигментацияланған дақ қалады.
- Көпіршік бөртпелері орналасқан жерде солқылдау, күйдіру, ауырсыну сезімі болады, кейде айнала тіні ісінген. Жалпы жағдайы бұзылмаған, сирек енжарлық, бұлшықет ауырсынуы, қалтырау болады. Дене т-38-39С-қа дейін жоғарлауы мүмкін. Ауру ағымының процесі 7-10 күнде аяқталады.
Герпестік стоматит - Жиі балаларда, 1-6 жас аралығында жиі кездеседі. Бастапқыда дене температурасы жоғарылайды, жалпы интоксикация симптомдары дамиды. 1-2 күннен кейін гиперемия және ісіну фонында таңдай, ерін, бет шырышты қабықшаларында көпіршіктер пайда болады. 2-3 күннен кейін ашылады, эрозия түзіледі, ақ жабынмен жабылады. Қатты ауырсыну, гиперсаливация, аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Жазылу 2-3 апта өткен соң.
Достарыңызбен бөлісу: |