03.12.2005ж.
ҚР ӘМ №3960 тіркелді
2006 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді
|
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Басқармасының
2005 жылғы 29 қазандағы
№ 135 қаулысымен бекітілді
|
Уәкілетті банктердің ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс
көздері бойынша есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері
туралы нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және уәкілетті банктердің (бұдан әрі – банктер) ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздері бойынша есеп беру тізбесін, нысандарын және ұсыну мерзімдерін белгілейді.
2. Осы Нұсқаулықтың мақсаты ішкі валюта нарығындағы банк операциялары және клиенттердің банктік шоттары және шетел валютасындағы банктік шоттарын ашпай жүргізілетін аударымдар бойынша ақша қозғалысы туралы ақпаратты жинау арқылы шетел валютасын сатып алу/сату мақсаттарында түсу/жұмсалу көздерін бірегейлендіру және бағалау болып табылады.
2-тарау. Есеп беруді ұсыну
3. Банктің есеп беруіне:
1) клиенттердің банктік шоттармен және банктік шоттарын ашпай жүргізілетін аударымдар бойынша шетел валютасындағы ақша қозғалысы туралы жиынтық есеп – 1-нысан (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша);
2) банктің және оның клиенттерінің шетел валютасын сатып алу/сатуы туралы есеп – 2-нысан ((осы Нұсқаулыққа 2-қосымша);
3) клиенттердің шетел валютасындағы банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы есеп – 3-нысан (осы Нұсқаулыққа 3-қосымша) кіреді.
4. Банктің есеп беруі клиенттердің барлық банктік шоттары және шетел валютасындағы банктік шоттарын ашпай жүргізілетін аударымдар бойынша ақпарат негізінде тұтастай банк жүйесі бойынша ұсынылады. Банктің клиенттеріне резидент және резидент емес жеке тұлғалар, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктерді қоса алғанда банктер болып табылмайтын резидент және резидент емес заңды тұлғалар жатады. Есеп беруге сондай-ақ бір банктің клиенттері арасындағы операциялар және бір клиенттің банктік шоттары бойынша ақша аударымдары жөніндегі мәліметтер де кіреді.
5. 1-нысан бойынша «Клиенттердің банктік шоттарымен және банктік шотын ашпай жүргізілетін аударымдар бойынша шетел валютасындағы ақша қозғалысы туралы жиынтық есепті» және 2-нысан бойынша «Банктердің және оның клиенттерінің шетел валютасын сатып алу/сатуы туралы есепті» банктер ай сайын жасайды. Есептерді ұсыну мерзімі – есептік кезеңнен кейінгі айдың жетінші күніне дейін.
3-нысан бойынша «Клиенттердің шетел валютасындағы банктік шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есепті» банктер он күндік сайын – айдың бірінен онына дейін, он бірінен жиырмасына дейін, жиырма бірінен күнтізбелік айдың соңғы күніне дейін жасайды. Есепті ұсыну мерзімдері - әрбір айдың төртінші, он төртінші, жиырма төртінші күндері.
6. Егер есеп беру мерзімінің соңғы күні жұмыс күні болмаса, онда есеп беру мерзімінің біткен күні келесі жұмыс күні болып есептеледі.
7. Банктің есеп беруі Ұлттық Банкке электрондық тасымалдағыштармен ұсынылады.
8. Банктің есебіне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда есепті берген күннен бастап үш күндік мерзімде Ұлттық Банкке электрондық тасымалдағышта өзгерістер және/немесе толықтыруларды ескере отырып есепті ұсынады.
9. Есеп беру есеп берудің әрбір нысаны үшін белгіленген бірліктерді жасалады. Ұлттық сол сияқты шетел валютасында мың бірлікпен жасалатын есеп беруде валютаның бес жүз бірлігінен кем сома нөлге дөңгелектенеді, валютаның бес жүзге тең және одан жоғары бірлігі валютаның мың бірлігіне дейін дөңгелектенеді.
10. Есепті толтыру кезінде операцияларды жіктеу осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес нақтылауды ескере отырып, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 болып бекітілген “Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту жөніндегі» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
11. Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкілдіктері бар резидент емес заңды тұлғалардың тізбесі 3-нысан бойынша есеп беруді жасау үшін Ұлттық Банкте қалыптасады және оның өзектілігіне қарай жазбаша түрде банктерге жіберіледі.
12. Банк осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген есепті ұсынбағаны немесе ұсыну мерзімдерін бұзғаны үшін, сондай-ақ толық емес немесе шынайы емес ақпаратты бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік атқарады.
13. Ұлттық Банк өзінің өкілеттігі шегінде клиенттер тізбесін өзекті ету үшін банктен қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
3-тарау. Қорытынды ережелер
14. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шешіледі.
|
Уәкілетті банктердің ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздері бойынша есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
|
1-нысан. Клиенттердің банктік шоттарымен және банктік шотын ашпай жүргізілетін аударымдары бойынша шетел валютасындағы ақша қозғалысы туралы жиынтық есеп
__________________________________________
(уәкілетті банктің атауы)
|
200__ жылғы _______________
(айы)
|